Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет27/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Жекелей және топтап білім беру

  • Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру қағидалары

  • Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды арнайы білім беру саласында қолдаудың медициналы – психологиялық – педагогикалық негіздері

  • Түзете – дамыту, оңалту, білім беру үрдісін қамтамасыз ету құралдары

  • Сурдопедагогтың кәсіби іс - әрекеті және тұлғасы


    1. Жекелей және топтап білім беру

    Сурдопедагогиканың теориясы мен практикасында есту қабілеті зақымдалған тұлғалар арнайы жағдайда ерекше оқытуды қажет ететіні көрсетілген. Осыған байланысты, оқыту үрдісі есту қабілеті зақымдалған тұлғаның жеке ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеріп құрылады және қажетті деңгейдегі (бастауыш, негізгі, толық орта білім) жалпы білімді, кәсіби білімді (бастауыш, орта, жоғары) меңгеруді, дамуының кемшіліктерін түзетуді қарастырады.

    Осыған қатысты әртүрлі мекемелер аясында есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға ұйымдастырылған білім беру ортасының ерекшеліктері бар:


    • Сөйлеу тілінің әртүрлі формасын қолдану (ауызша, жазбаша, дактильді) арқылы оқу материалдарын толық және нақты қабылдау қамтамасыз етіліп, оқу іс - әрекеті субьектілері арасында сөйлеу арқылы өзара әрекет етуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    • Қарым – қатынас жасаудың екі жүйесінің – жест пен сөздің өзара әрекеті естімейтіндері оқытуда кеңінен қолданылады.

    Естіп қабылдауын дамыту нәтижесінде тілдік және тілдік емес дыбыстарды қабылдау мүмкіндігінің сапалы өзгеруіне әкеледі; дыбыстарды қарапайымнан күрделіге қарай ажырату нақтыланып кеңейеді; сөйлеу тіліне және қоршаған орта дыбыстарын тыңдап үйрену дағдылары пайда болады.

    Ақпаратты қабылдаудың сенсорлық тәсілдерін екі топқа бөледі: 1) бисенсорлы (есту – көру арқылы) және 2) моносенсорлы (есту арқылы).

    Сонымен қатар, бөлмелердегі жағымды акустикалық орта: дыбыс өткізбейтін жабынды, едендерге кілем төсеу, дыбыссыз желдеткіш ж/.б. маңызды болып табылады, қажет болған жағдайда арнайы құрылғылар қолданылады – мұғалімнің дауысын күшейтетін жеке радиокүшейткіштер.

    Ресейлік және отандық сурдапедагогика тарихында есту қабілеті зақымдалған балаларды бөліп оқыту тәжірибесі кеңінен қолданылады. Бөлек оқыту есту қабілетінің зақымдалуы әртүрлі деңгейдегі балалардың білімді меңгеру мүмкіндіктерін ескеріп білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. Р.М.Боскистің педагогикалық топтастыруына сәйкес, ажыратып (бөлектеп, дифференциациялап) оқыту білім беруді ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде қарастырылады, негізгі фактор ретінде есту мен сөйлеудің жағдайы, баланың жеке – психологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Оқытудың осы аталған үлгісі кең құрылымға ие, сыртқы ажырату (дифференциация) макро және мезо деңгейде және ішкі ажырату қарастырады.



    Макродеңгейдегі сыртқы бөліктеу. Есту қабілетінің зақымдалу деңгейлері әртүрлі балаларды: (естімейтін, нашар еститіндер және кейіннен естімей қалғандар) бір – бірінен ажыратып оқытуға арналған мекемелер жүйесін құру жатады.

    Мезодеңгейдегі сыртқы ажыратып оқыту. Арнайы білім беру мекемелерінде білімді меңгеру деңгейіне байланысты (отбасылық тәрбие жағдайы жеке тұлғалық ерекшеліктері, қосымша кемістерінің болуы) оқушыларды топқа бөлу формасы арқылы жүзеге асырылады.

    Кешенді психологиялық – медициналық – педагогикалық тексеру нәтижесінде балаға дәйекті білім беру түрі анықталады: негізгі (цензді), түзете – дамытушылық, толықтыру – бейімдеушілік.



    Ішкі ажыратып оқыту есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың ішкі ерекшеліктерін ескеріп, топ ішінде ерекше қолдау көрсетуді талап етеді. Ұйымдастырылған танымдық іс - әрекеттің ерекшеліктеріне: оқу мазмұнының көлемі, тапсырмалардың қиындық деңгейі, әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы, әртүрлі көмек түрлері жатады.

    Интеграциялық оқыту есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды қалыпты дамып жатқан құрдастарымен бірге қажетті білім беру ортасында оқыту. Интеграциялау білім берудің әртүрлі деңгейінде жүзеге асырылуы мүмкін – мектепке дейінгі, мектепте, кәсіби. Оқытудың осы үлгісін практикаға ендіру есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды еститіндермен тең құқылы білім алуын қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік бейімдеудің маңызды шарты болып табылады.

    Есту қабілеті зақымдалған балаларды еститін балалармен бірге оқытып тәрбиеледің бірқатар артықшылықтары бар: бұндай бала әрдайым еститін адамдар ортасында болады, оның ойлауы мен жүріс-тұрысы сөйлейтін ортада қалыптасады, отбасынан және күнделікті тұрмыстық жағдайынан ажырамайды.

    Ғылыми – практикалық зерттеулер барысында есту қабілеті зақымдалған балаларды жалпы білім беретін ортада тиімді оқуына қажетті бірқатар жағдайлар анықталған: естудің зақымдалғанын ерте жастан анықтау, осы балаларға медициналық – психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, интеграциялық оқытуға таңдау, оқу мекемесінде арнайы білім беру жағдайының болуы, ата – анасының дайындығы т.б.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   146




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет