Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Арнайы мектептер жүйесінің құрылуы



бет24/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

3. Арнайы мектептер жүйесінің құрылуы

Тек, ХҮІІІ ғ.70 жылдарында естімейтіндерді оқыту және тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелердің дамуын ұйымдастыру әрекеттері пайда бола бастайды. Францияда 1770ж. әлемдегі ең бірінші жеке мектеп ашылды-естімейтіндерге арналған Париж институты, ұйымдастырушысы Шарль Мишель де Эппе болған (1712-1789). Ол мимикалық әдістің құрастырушысы болған, оның негізінде француз ағартушыларының Вольтердің, Д.Дидроның, Ж.Ж.Руссоның және т.б. идеялары жатқан.

Ш.М.де Эппенің идеяларын Р.А.Сикар ары қарай дамытты (1742-1822). Оның жүйесі естімейтін баланың жеке тұлғасының жан-жақты ақыл-ой және дене дамуына, қоғамда өмір сүре алуға және еңбекке дайындауға, жалпы білімді біліктіліктерін меңгеруге бағытталған. Бірақ, бұл міндеттерді шешуде оқытудың барлық кезеңінде, тек сөйлеу тілінің жест түрі қолданылған.

1778 ж. 14 сәуірде Лейпцигте Самуил Гейнике (1727-1790) Германияда ең бірінші естімейтін адамдарға арналған институтты ашты. Самуил Гейнике ол өзінің естімейтіндерді оқытудың жүйесін құрды, ол оқыту жүйесі кейіннен таза ауызша әдісі деген атқа ие болды. Балалар сонымен қатар оқуды, жазуды, арифметиканы меңгерді.

ХІХ ғ.Францияда Александр Бланше (1817-?) естімейтін балалармен еститін балалардың бірге оқытуын ұйымдастырды. Естімейтіндер жай мектептің ерекше сыныбына бөлінді, ал нашар еститіндер қалыпты балаларменен оқыды.

Сонымен қатар, Францияда Жан Жак Валад – Габелдің интуициялық (аналық) әдісі пайда болды (1801-1879), нормадағы кішкентай еститіндердің сөйлеу тілін дамыту осы әдістің негізіне салынған. Бұл әдіс жесттік сөйлеу тілін қолдануды болғызбады және ауызша сөйлеу (дыбыстылытын) тіліне қосымша көрнекі құралдарды қолданып, жазбаша сөйлеу тілін бірінші орынға қойды. Дактильді сөйлеу тіліне үлкен көңіл аударылды.

1779 ж. Венада (Австрия) естімейтіндер Институты ашылды, мимикалық әдіс И.Маймен (1754-1820) және Ф.Шторкпен (1746-1820) қайта құрылды. Дактильді әліппе кеңінен қолдана бастады, ал жесттік сөйлеу тілі тек көмекші құрал ретінде қолданды. Бұл жұмысты М.Менус (1774-1850) жалғастырды, бұл әдісті толықтырып, естімейтіндердің біліміне ауызша сөйлеу тілін енгізді.

АҚШ - Томас Галлоде 1817ж. естімейтіндердің бірінші Институтын (мектеп) ашты.

Көне Ресейде естімейтін адамдар шіркеулердің қарамағында болған. ХІ ғасырда монастырларда ерекше үйлер құрыла басталды. Осы үй туралы Киевтік-Печерскте, одан кейін осындай үйлер басқа қалаларда ашыла бастады (Мәскеу, Новгород, Смоленск және т.б.).

ХҮІ – ХҮІІ ғғ. Ресей заңды акттері естімейтіндерге, батыс еуропада шыққан заңды каттерге қарағанда көп құқықты көрсетті.

ХҮІІІ ғ. Ресейде сурдопедагогикалық ойлардың дамуына және құрылуына ықпал етті.

Орыс ғалымдары Батыс Европа елдерінің сурдопедагогикасын жақсы біліп, әдіс және тәсілдерді қолданып, осы ғылымды ары қарай дамытуға үлестерін қосты. Мысалы, Ресей ғылым академиясының профессоры, Г.В. Крафт 1742 ж. ел алдында баяндамасын оқыған кезде, есту қабілетін көру қабілеті арқылы алмастыруға болатынын айтты.

ХҮІІІ ғ. аяғында Ресейде «Экономический магазин» деген журнал

басылып, шыға бастады. Осы журналда сурдопедагогика бойынша білімдер және естімейтін балаларға көмек көрсетуге арналған медициналық және педагогикалық әдіс-тәсілдер жазылды. Бұл журналдың әрекеті естімейтін балаларға арналған арнайы оқу мекемелерінің ұйымдастыруын қажеті туралы қоғамдық ой-пікірлерді қалыптасыра бастады. Мәскеу және Петербургте тәрбие үйлері құрыла басталды, бұл үйлерде қалыпты дамыған балалармен қатар естімейтін балаларда тәрбиеленді. Мәскеулік тәрбие үйлерінде естімейтін балаларды оқыту және тәрбиелеуге арнайы талаптар қойылды. Сурдопедагогиканың теориялық дамуына А.Н.Радищев үлкен үлесін қосты. Ол материалистік позиция жағынан естімейтіндердің танымдық қабілеттерінің мүмкіншіліктерін қарастырды, ойлау қабілетін дамыту үшін барлық сөйлеу тілінің рөлін дұрыс бағалады, естімейтін балаларды оқуға және жазуға оқытудың қажеттілігін негіздеді.

ХІХ ғ. басында Ресейде естімейтіндерге арналған арнайы училищелер пайда болды (Петербургтік, Варшавалық, Рижалық, Вильнюстік), олар орыс сурдопедагогикалық ойдың ары қарай дамуына ықпал етті. ХХ ғ. басында орыс педагогтарының іс-әрекет қортындысында (В.И.Флери, Г.А. Гурцева, И.Я. Слезина, И.А. Васильева, Н.М.Лаговский және т.б.) барлық компенсаторлық мүмкіншіліктерді қолдануына негізделген, естімейтіндердің оқыту жүйесі құрылды.

Мектептерде оқушылар жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқыды. Сонымен қатар Совет өкіметі естімейтін балаларды әр түрлі жас деңгейінде оқытуды енгізді.

Ф.Ф.Рау және Н.Ф.Слезинамен ауызша сөйлеу тілінің қалыптастыруының ғылыми мотивировті концентрикалық жүйесі құрылды; тәжірибиеге заттық-тәжірибиелік оқыту енгізілді (С.А.Зыкова және оның қызметкерлерінің зерттеу негізінде); (Т.А. Власованың басқаруымен) акупедиялық сабақтар жүйесі орындалды. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті материалдық–техникалық база құрылды, сонымен қатар оқу орындарын жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыздандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет