Ата – аналарға/педагогтарға арналған сауалнама
«Ауызша сөйлеу тілін қолдану шкаласы» (АСҚШ)
Авторлары: Robbins A.M., Osberger M.J: Meaning Use of Speech Scale, Indiana University School of Medicine, 1991.
Орысша нұсқасын дайындағандар: Королева И.В., Дмитриева И.В. Санкт – Петербург, Ресей, 1999.
Баланың аты –жөні: Туылған күні Жасы КИ сөйлеу процессорын 1-ші түзеткен күні оң/сол құлағы
КИ жасы________________ Сауалнама жүргізілген күні________________
Белгілейтін санды дөңгелектеу керек.
0=ешқашан, 1=сирек (<50%), 2=кейде (>50%), 3=жиі (>75%), 4=әрқашан
4-10 сұрақтар 2 жастан асқан балаларға арналған.
Басқа адамдардың назарын өзіне аудару үшін баланың өз дауысын қолдануы. 0 1 2 3 4
Ата –аналарға/педагогтарға сұрақ:
Балаңыз үйде/бала-бақшада/мектепте сізді өзіне қалай қарататыны жөнінде айтып беріңізші. Сіз басқа бөлмеде болғанда сізді шақыру үшін балаңыз нені қолдануы мүмкін:
а) жесттер/аяғымен еденді тепкілеу/қолымен бұлғап шақыру, ә) жест+дауыс, б) тек дауыс.
Бағалау кезінде тек дауыстың қатысы барын ескеру керек. Мысалы, егер а) нұсқасын таңдасаңыз, онда 0-ді белгілейсіз. Өйткені балаңыз дауысын мүлде қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |