Жесттік сөйлеу тілі – кинестикалық негізде қарым–қатынас жасау жүйесі, қолдың қозғалысы арқылы әр сөзге мағына беретін жесттерді қолданады. Жесттік сөйлеу тілі естімейтін тұлғалалардың өзара қарым –қатынас құралы болып табылады.
Естудің орталық зақымдалуы – кохлеарлы ядролардан бастап есту жүйесінің ми қыртысындағы орталықтарының зақымдалуы. Ол кезде акустикалық соның ішінде сөздік сигналдарды талдау: табу, ажырату, тану, білу, есте сақтау процестері бұзылады. ЕОЗ бар балалар нашар еститін балалар сияқты есту табалдырықтары қалыпты немесе шамалы жоғарылаған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |