Естіп қабылдауын дамыту – есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу арқылы қарым–қатынас жасау дағдыларын жетілдіру үшін ағзаның есту резервін максимальды қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған түзету–педагогикалық әсер ету.
Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру– есту қабілеті зақымдалған балалардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін және еститін адамдармен толыққанды қарым–қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу тілінің анық және түсінікті болуын қамтамасыз етуга бағытталған түзету–педагогикалық көмек көрсету.
Сурдотехника– естудің зақымдалуын түзету және компенсациялау үшін арналған техникалық құралдар. Сурдотехникалық аппаратуралар сөздік және басқа да дыбыстық ақпараттарды қалдық есту арқылы, көру және сезу арқылы қабылданатын сигналдарға айналдырады.