Кохлеарлыимплантация – естуді протездеудің бір түрі болып табылады. Кохлеарлы имплантация дегеніміз есту жүйкесін тікелей электрлік стимуляциялау жолымен естуін қалпына келтіру мақсатында электродтар жүйесін ішкі құлаққа ендіру.
Верботональды әдіс– естімейтін және нашар еститіндердің сөйлеуі мен естуін диагностикалау және оңалту үшін қолданылады. Оның негізін салушы Хорватиялық лингвист, қарым – қатынас жасауда қиындықтары бар адамдардың сөйлеу тілін қабылдауын зерттеумен айналысқан доктор Петар Губерина болған. Ол 1954ж. Загреб қаласында (Хорватия) «СУВАГ» верботональды орталығын ашты. Қазіргі таңда 70-тен асқан елде 600-ге жуық верботональды орталықтар бар, «СУВАГ» халықаралық орталықтар Ассоциациясының штаб – пәтері Парижде орналасқан.