Естімейтін балалар – ерте жастан немесе туғаннан есту қабілетінің терең екі жақты зақымдалуы салдарынан арнайы педагогикалық әсер етусіз сөйлеу тілін меңгере алмайтын балалар.
Нашар еститін балалар– сөйлеу тілін меңгеруде және сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау қиындықтары бар есту қабілеті зақымдалған балалар. нашар еститін балалардың сөйлеу тілінің жағдайы есту қабілетінің жағдайына, оның пайда болған уақытына, естуінің жағдайын ескеріп тәрбиелеу жағдайына және баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Сенсоневральды кереңдік– есту жүйесінің қабылдаушы аппараты болып табылатын ұлу тітіркендіргіштері мен есту жүйкесінің зақымдалуы. Сенсоневральды кереңдік ең алдымен түкті клеткалардың зақымдалуы салдарынан болады.
Кейіннен естімей қалған балалар–3-4 жас және одан кейін сөйлеу тілі қалыптасқан соң есту қабілетін жоғалтқан балалар.сөйлеу тілінің сақталуы есту қабілетінің зақымдалуының пайда болу уақыты мен баланың даму жағдайына байланысты. Баланың қалыптасқан сөйлеу тілін сақтап қалу үшін жүйелі арнайы жұмыс жүргізілуі керек.
Аудиометрия– естудің жағдайын әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдау табалдырығын анықтау жолымен тексеру. Аудиометрия арнайы электроакустикалық құрылғының көмегімен жүргізіледі.