4 Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен оңалтудың верботональды әдісі
Верботональды әдіс педагогикалық жүйе ретінде өткен ғасырдың ортасынан бастап, сөйлеу коммуникациясы саласындағы практикалық жұмыс пен лингвистика саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесінде қалыптаса бастады. Оның негізін салушы Хорватиялық лингвист, қарым – қатынас жасауда қиындықтары бар адамдардың сөйлеу тілін қабылдауын зерттеумен айналысқан доктор Петар Губерина болған. Ол 1954ж. Загреб қаласында (Хорватия) «СУВАГ» верботональды орталығын ашты. Қазіргі таңда 70-тен асқан елде 600-ге жуық верботональды орталықтар бар, «СУВАГ» халықаралық орталықтар Ассоциациясының штаб – пәтері Парижде орналасқан.
Оңалту орталығында медициналық – диагностикалық тексеру бөлімі; күндізгі мектепке дейінгі және мектеп стационары бар оңалту бөлімі; естуді протездеу және аудиоаппаратуралар, есту апараттарын СУВАГ диагностикалау бойынша таңдау бөлімі; медтехникалар мен жеке есту аппараттарын жөндеу, қызмет – көрсету бөлімі бар.
Верботональды әдістің негізгі теориялық базасы тіл ауызша сөйлеу тілінен дамиды, ал сөйлеу тілі қоғамдық құбылыс болып табылады деген тұжырымнан тұрады. Сөйлеу кезінде сөйлеу тілінің ритмикалық – интонациялық құрылымына, эмоционалдығына және сөйлеушінің жестіне басты назар аударады.
Верботональды әдісті жүйе ретінде сипайтын негізгі түсініктері мен терминдері.
Естуді дамыту – «естіп қабылдау» терминінің синонимі «есту сөзі верботональды әдіс аясында тек физикалық мүмкіндікті емес, сонымен қатар әлеуметтік мағынасын ашады: «есту» - қарым – қатынас жағдайын түсіну, бейтаныс жағдайда өзін еркін ұстау, диалог құра білу және т.б. естуді дамытудың көпжақты қасиеттеріне дыбысты сезінуді қалыптастыру, ритмін ажырату, дыбыстық сигналдың ұзақтығын, оның қарқындылығын (қатты - ақырын) ажырату, дыбыстың бағытын және т.б. анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |