Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет78/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Тесттің жүру барысы: Сұрақ қойылатынын түсіндіру қажет. Балаға тапсырманы түсіндіру үшін мынадай екі сұрақты алуға болады: «Ойыншық қайда?, Сенің күшігің бар ма?». Сонымен қатар, тесттегі берілген кез келген сұрақты алуға болады. Қажет болса, көптеген мысалдар келтіруге болады, бірақ олар тесттегі сұрақтар болмағаны дұрыс.

–Бала жауап ретінде сұрақты қайталауы мүмкін немесе сұраққа жауап беруі мүмкін. «Білмеймін» деген жауап есепке алынбайды.

–Тест тек есту арқылы қабылдауға беріледі (еріннен оқуға мүмкіндік болмау керек).

–Әр сұрақ тек бір рет айтылады, сол сұраққа бала міндетті түрде жауап беру керек, дұрыс емес жауап болса да.



Бағалау: Егер бала жауап беруге тырысса және жауабы дұрыс болмаса, онда 0 деп бағалау керек.

Тексеруші сұрақты бала түсінсін деген мақсатпен қосымша сұрақтар қоймау керек, себебі бала сұрақтың мағынасын түсініп қояды да, бұл дұрыс емес нәтиже алуға әкеледі (бала сұрақты бір естігеннен түсініп, жауап беруге тырысу керек).

Егер бала барлық сұрақтарды дұрыс қайталаса немесе дұрыс жауап берсе, онда дұрыс жауап берді деп есептеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет