1. Білімділік міндеттері, жалпы дидактикалық оқу іс-әрекеттерінің мазмұнын, процессін реттейтін міндеттер деп атауға болады. Оларға қалыпты дамудағы және есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың жалпы тәсілдері жатады.
Сурдопедагогиканың практикасында оның басты мақсатымен сәйкес келесі білімділік мақсаттар қойылады:
есту қабілеті зақымдалған балаларда білім алуға қызығушылығын, өз бетімен даму және өз бетімен білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа шараларды құру;
естімейтін және нашар еститін балалардың ойының оптимальді түрде дамуы, жаңа міндеттерді және проблемаларды шығармашылық түрде шешу икемділіктерімен қамтамасыздандыру;
оқу іс-әрекетінің икемділіктерін және дағдыларын қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы, бір мақсатпен бағытталған білім беру жағдайларында когнитивті процестерін белсендендіру;
кәсіби іс-әрекетке, елестерін, икемділік және дағдыларын дамытуға арналған, қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайларға дайындау;
есту қабілеті зақымдалған балаларды ғылыми дүниемен таныстыру кезінде жалпы қөзқарасын кеңейтуін қалыптастыру;