//Кызылординские вести.-2013.- 12 января.- С.5
70
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ
ЭКСПО ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЕКПІНІ ҚАТТЫ
Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев БАҚ өкілдерін апта ішінде орын алатын маңызды іс-шаралар барысымен таныстырды.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, қаңтардың 18-іне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдіктері жетекшілерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі жоспарлануда.
Брифинг барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудегі дайындықты қарастыратын Үкімет отырысын өткізетіндігі мәлім болды. Қаңтардың 15-17 күндері Астанаға Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес келеді деп күтілуде. Бас хатшыны Елордада Мемлекет басшысы қабылдайды. Сонымен қатар, елімізге жасаған сапары барысында құрметті мейман Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездеседі.
Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, Үкімет басшысының қатысуымен тағы бірқатар отырыстар болады. Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен ғарыш саласындағы даму мәселелері талқыланады. Тағы бір маңызды отырыс еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналады. Сондай-ақ, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылып, қызмет көрсету мәселелеріне қатысты арнайы отырыс өткізілетінін жеткізді. Мемлекетіміздің мамандандырылған ХҚКО жүйесін кеңейту және әрі қарай жетілдіріп, дамытудың маңызы зор.
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Аталған байқау оқытушылардың кәсіби тұрғыда білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Сонымен бірге, ресми өкілдің мәлімдеуінше, мемлекеттік мекемелердің өзара бәсекелестік қызметін қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық өңірінде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы сайты өз жұмысын бастайды. Ол маңызды іс-шаралар барысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлігі, апта ішінде өтетін маңызды шараларға байланысты ұсыныс-пікірлерді электронды пошта арқылы жолдауға болады. Жалпы, бұл апта ішінде 25-тен астам әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени шара өткізіледі деп жоспарлануда.
//Сыр бойы.-2013.-15 қаңтар .-1б.
71
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
АНЫҚТАМА - БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ
және ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
БАСПАСӨЗ ТІЗІМДЕРІ
(газет-журналдар)
Қызылорда 2013
Анықтамалық-библиографиялық және әдістемелік бөлім
Құрастырған: Доспаева Р.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |