Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет4/7
Дата27.12.2016
өлшемі4,86 Mb.
#5703
1   2   3   4   5   6   7

Жоғары білім:

Ақерке ЖОЛМАХАНОВА, ҚМУ баспасөз хатшысы
УНИВЕРСИТЕТ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бәсекеге қабілетті, сауаттылығы жоғары елге айналу керектігін міндеттеді. «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуы қажет. Біз академиялық еркіндік берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс» дей отырып, оқу орындарын ғылыми ортаға айналуға бағыттады. Ал мұндай ғылыми-зерттеу университеті аясында ғылым мен білімнің тығыз бірігуі жоғары білікті кадрларын дайындау арқылы білім саласының әлеуетін арттыру, болашақта өзімізге қажетті мамандарды өзіміз даярлап шығару, индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда әлемдік ғылымға сай даму болып табылады.

Аймағымыздағы іргелі білім ордасы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Елбасы міндеттеген тапсырмаларға сай стратегиялық даму бағдарламасын жасап, халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Білікті кадрлар даярлауды алдыңғы қатарға қойған білім ордасы 200-ден астам ірі кәсіпорын, ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Сондай-ақ, университет шетелдік жетекші оқу орындары және ғылыми орталықтармен білім және ғылым саласында ынтымақтастық туралы 60-тан аса келісім-шарт пен меморандумға қол қойған. Бұл ынтымақтастық қос дипломды бағдарламасын жүзеге асыруға, оқытушылар біліктілігін арттыруға, заман талабына сай бакалавр-магистр-доктор мамандарын дайындауға мүмкіндік береді, халықаралық жобалар мен маңызды форумдарға қатысуға жол ашады.

Университеттің биылғы жылғы тағы бір ақжолтай жаңалығы институционалдық аккредиттеуден сәтті өтуі болды.

2012 жылдың 27 желтоқсанында Білімдегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінде (БСҚТҚА) «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 5 жыл мерзімге аккредиттеу» туралы шешім қабылданды.

Аккредиттеу – жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының өткізетін бағалау процесі. Институционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу. Университетте жұмыс жасап жатқан 5 институт, 1 факультет негізіндегі 35 кафедра, ғылыми-зерттеу орталықтары мен материалдық-техникалық база, профессор-оқытушылар құрамы,

31

университеттің республикалық, шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланысы, білім алушы бакалавр-магистр-докторлардың білім сапасына жоғары баға берілді.



Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның, мәдениеттің ордасы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қол жеткізген табыстары мұнымен шектелмейді. Болашағы баянды, келешегі кемел білім ошағының жетістіктері алдағы күндерде де еселене береді деген сенім мол.

//Сыр бойы.-2013.- 4 қаңтар.-2б.;//Халық.-2013.-10 қаңтар.-4б.;

//Сыр түлегі.-2013.-№1

32
Ақерке Болатқызы


Үздіктер шоғырланған білім ордасы


Еліміздегі 97 жоғары оку орнынан қатысқан 500-ден астам үміткердің ішінен үздіктердің үздігі атанған 200 ұстаз мемлекеттік грантқа ие больш, жылдьң «Үздік оқытушысы» атанды. Солардың ішінде іргелі білім ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагог-ғалымдары да бар. Бүған дейін оку орнында 34 оқытушы үздік атанса, олардың қатары тағы төртеумен толықты. 2012 жылдьщ «Үздік оқытушысы» деп Б.Кәрібозұлы, Ш.О.Еспенбетова, Б.Б.Абжалелов, Қ.Н.Бекетова танылды. Бүгінде университет үжымының мақтанышына айналған олар зор қуанышқа бөленіп отыр. Біз осы білім майталмандарының қуанышымен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайлы сұрап-білуді жөн көрдік.
Бағдат Кәрібозұлы, «Қорқыттану» ғылыми зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор:

- «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институты 3 бағыт бойынша біршама жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, «Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасы», «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы, «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» бағыттары. ҚР БҒМ Ғылым комитеті жариялаған грант бойынша «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларының әдеби, мәдени, тілдік, тарихи және танымдық сипаты» тақырыбында жазылған ғылыми жоба аясында 2 монография жазылу үстінде. «Сыр сүлейлері шығармаларындағы діни- ағартушылық ағым» атты бірінші кітаптың 70 пайызға жуығы, «Сыр сүлейлері әдеби мұраларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері» атты екінші кітаптың 40 пайыздан астамы жазылып бітті. Жұмыс әрі қарай жалғасуда. «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы бойынша Фолиант баспасына көлемі 35 баспа табақ болатын Қазалы ауданы туралы тарихи-ғылыми, танымдық «Қазалы» атты кітапты шығаруға тапсырыс бердік. Аталған кітапқа өзім редакторлық жасадым. «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» деген тақырыппен Қалжан ахунның 100 жылдығына байланысты Тереңөзек кентінде конференция, семинар-тренинг өткіздік. Осы шаралардан соң 1000 данамен көлемі 25 баспа табақ болатын кітапты жарыққа шығардық. 2012 жылы әдеби, ғылыми-танымдық «Базар жырау» журналының 4 саны жарыққа шықты. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында Лондонның «Ағылшын тілі және әдебиеті» халықаралық журналында «The ways of achieving spiritual depelopment are inscru'able» атты зерттеу жұмысым жарияланды. Осындай игі істердің нәтижесінде үстіміздегі жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған конкурс бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атандым.

33

Болашақта 20 баспа табақ көлеміндегі «Базар жырау» монографиясын жарыққа шығарсам деген жоспарды алға қойдым. Сондай-ақ, Лондон, Стамбул қалала рына іссапарға барып, Қорқыт ата туралы деректер іздесем деген мақсатым бар.



Шолпан Еспенбетова, аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты:

Оқытушылық қызмет барысында бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстық. Соның ішінде «Жас ғалымдар-ғылымның келешегі» атты республикалык ғылыми конференцияда (Алматы, 2004 ж), Е.А. Бөкетовтың 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция (Қарағанды, 2005 ж), «Ғылым мен білім—«Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі факторы» атты халықаралық конференциялар менің ұстаздық қызметімде мол тәжірибе жинақтауыма септігін тигізді. Материалдарым ғылыми еңбектер жинағына енгізілген.

Негізінен өзімнің педагогикалық жұмысымда орта мектепте химияны оқыту әдістемесіне және жоғарғы оқу орнында химия пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлемін. Осы бағытта бірнеше студенттерге жетекшілік жасап келемін.

Қазіргі кезде бүкіл әлем бойьшша экологиялық жағдай өзекті болып отыр, осыған орай «Қызылорда облысы жанар-жағармай сапасын зерттеу», «Қызылорда аймағының топырағының тұздылық мөлшерін зерттеу» тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудемін.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атануым осындай еңбектерімнің еленгені деп білемін. Алдағы жоспарым жоғарыда аталған ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстарды өз нәтижесіне жеткізсем деймін. Және «Үздік оқытушы» атанған әріптестерімді жетістіктерімен кұттықтай отырып, алда алар асулары молынан болсын деген тілектестігімді жеткіземін.

Бақытбек Абжалелов, аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты:

- Жылдын үздік оқытушысын анықтауда негізгі көрсеткіштер ретінде окытушылар кызметіне, санымен қатар сапасына да ерекше көңіл бөлінді. Онда оку-әдістемелік жұмыстар, ғылыми зерттеулер, халықаралық жөне республикалық конференциялар мен кеңестерге қатысу, ғылыми жарияланымдар, ғылым кадрларын даярлауға байланысты бірнеше талаптар болды.

Жалпы, өзім Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін экология мамандығы бойынша бітірген сон, Ресей Федерациясының Пущино қаласындағы Пущино мемлекеттік университетіне магистратураға түстім. 2000 жылы магистаратураны, 2003 жылы аспирантураны бітіріп, осы жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне жұмысқа орналастым. Университет қабырғасында жүріп 2009 жылы Қазақстан Республикасының «Болашақ» Халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанып, екі ай Жапония мемлекетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келдім. Сонымен катар, жарық көретін рейтингі нөлдік емес импакт-фактор, оның

34

ішінде: «Cellular Signaling», «Бюллетень экспериментальной медицины и биологии», «Биологические мембраны, Цитология», «Радиоционная биология и Радиоэкология» және т.б. халықаралық ғылыми басылымында жарияланды. Қазіргі танда 45-тен астам ғылыми еңбектерім жарық көрді.



Бүл мемлекеттік грант болашақ жұмысымның әлеуетін кеңейтіп, педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, жаңа шығармашылық кызығушылықтарды дамыту сияқты мамандықгын бірқатар мәселелерін шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын.

Қамар Бекетова, аға оқытушы, экономика ғылымдарының канди­даты:

Білім жолына түскен сайын онын кеңістігі ашыла бермек. Мамандықты игеріп қана қоймай, сол салада аянбай тер төгу керектігін сезіндім. Нәтижесі де жаман болған жоқ.

Оқытушы боп қызмет жасаған кезеңдердегі ең елеулі жетістігім деп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттері арасында өткізілген II Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2-орынды, (2010 ж), III Республикалық пәндік олимпиадада «Демеушілер сыйлығы» номинациясын жеңіп алған сәтімді айта аламын (2011 ж.). Сондай-ақ, «Business Education Teachers Academy» оқытушылар үшін халықаралық жазғы сессия бағдарламасына катысуым да ерекше әсерлі болды. Аталмыш бағдарлама кезінде он күн бойы шет ел оқытуышылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге, Thomson Reuters и Springer Link to ақпараттық базалар қорындағы Украинадан жарық көретін рейтингі нолдік емес импакт-фактор «Актуальные проблемы экономики» халықаралық ғылыми басылымында «Современные тенденции развития системы проектирования строительства объектов жилищной сферы» тақырыбындағы материалым жарияланды. Үстіміздегі жылы Түркия Республикасының Эрзинджан университетінде халықаралық тәжірибе алмасуға барған сапарым маған көп дүниелерді үйретті.

Бүгінде басылым беттерінде 25-ке жуық ғылыми мақалаларым жарық көрді. Осындай еңбектерімнің нәтижесінде, биыл «Жоғары оқу орнынын үздік оқытушысы» атандым. Ғылым, білім саласындағы атқарар еңбегім әлі де алда деп білемін.


//Сыр түлегі.-2013.-№1, қаңтар.-1,2б.

35

Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі



ғылыми зерттеу орталығының мәліметі
«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залы
Университетіміздегі «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы 2012 жылдың 27 қарашасында ашылды.

Оқу-көрме залында Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, еліміздің әлемдік қауымдастықтарда алар орны кеңінен көрініс тапқан.

Оқу-көрме залы екі бөлмеден түрады.

1) Көрме залынан еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдарды тамашалауға болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Гимнің қабылдануы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Жарлық, заң, қаулы сынды құнды құжаттар бар.

2)Оқу залында Елбасы Нурсултан Назарбаевтың балалық шағы және еңбек жолына қатысты деректер, Туңғыш Президенттің әр жылдардағы наградалары, Елбасының сүйіп оқитын әдебиеттері, Елбасы жазған еңбектер және Елбасы жайлы жазылған еңбектері бар. Оқу көрме залының мақсаты - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өткені мен қазіргі таңдағы тарихын Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен ұштастыру.

Міндеттері:



  1. Еліміздің тарихына қатысты маңызды тарихи материалдар мен құжаттарды жүйелеу (облыстық мұрағатттар, кітапханалар, мекемелер, кәсіпорындар, жеке тұлғалар қорлары мен үй мұрағатынан);

  2. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты аясында өткен маңызды оқиғалар тізбегін топтастыру, (республикалық, облыстық көлемдегі материалдары негізінде);

  3. Еліміздің Туңғыш Президентің саяси тұлға ретінде және тәуелсіз мемлекет құру жолындағы жүргізген түбегейлі өзгерістердің оң нәтижесін ашып көрсету;

  4. Мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орны мен қол жеткізген жетістіктерін құжаттар, фотосуреттер, кітаптар, кәдесыйлар, макеттер, қолжазбалар, газеттік басылымдар, аудио- бейне фильмдерді пайдалану арқылы республикалық, облыстық мекемелер т.б. қорлардан жинақталған материалдарымен ашып көрсету. Экспозициялық шешімнің түйіндемесі төмендегідей принциптер бойынша жүзеге асырылады: • хронологиялық - тәуелсіз егеменді мемлекет қалыптастырудағы аса маңызды оқиғалардың негізгі кезеңдері мен процестеріне сүйену; • тақырыптық - тақырыптық бөлімдер бойынша мүрағаттық, кітапханалық, музейлік қорларды пайда­лану, жүйелеу; • көркем-графикалық - экспози­циялық шешімге сәйкес, негізгі

36

фонды газеттік және өзге де басылымдар арқылы коллаждармен үйлестіру. • Экспозиция Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Бас оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан.

Көрме зал Экспозициялар мазмұны:

1-планшет

«Тәуелсіздік жолында» экспозициясы: Фотосурет:Н.Ә.Назарбаевтың КПСС-тың XXVII съезінде шығып сөйлеген сәті, Кітапша: Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекетінің Құжат көшірмесі: ТМД-ның құрылуы туралы Алматы декларациясы, Фотосурет: Елбасының БАҚ өкілдеріне сұхбат беру сәті. Фотосурет: Елбасының халықпен кездесуі, Құжат көшірмесі: Бүкілхалықтық тұңғыш президенттік сайлаудың қорытындысы, Қаулы: Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау туралы, Кітапша Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларациясы.

2-планшет

«Семей полигоны және Байқоңыр ғарыш айлағы» экспозициясы: Фотосурет: Астанада өткен «XXI ғасыр ядролық қарудан азат әлемге бет алу» халықаралық конференциясында шығып сөйлеген кезі, Жарлық: Қазақ Совет Республикасы Президентінінің Семей ядролық полигонын жабу туралы, Заң: Ядролық сынақтарға жан-жақты тиым салу туралы шартты бекіту туралы, Құжат көшірмесі: Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім, Фотосурет: Қазақ Совет социалистік республикасының Қазақтың тұңғыш ғарышкеры Тоқтар Әубәкіров, Фотосурет: қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев, Фотосурет: Невада Семей қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов, Фотосурет: Елбасы мен РФ Президенті В.ВЛутиннің «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің алғашқы тасын қалау сәтіндегі кездесуі, Құттықтау хат: Елбасының ғарышке- рлерді қарсы алу кезіндегі құттықтау сөзі, Сувенир: 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан үшқан «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің макеті.



3- планшет

«Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясы Жарлық: Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Жарлық: Қазақстан Республикасының Парламенті мен депутаттарының мәртебесі туралы, Фотосурет: Қазақстан Республикасы Президентінің Ант қабылдау сәті, Макет: «Тәуелсіздік» монументі, Жарлық: Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы Тірек-сызба. Мемлекеттік биліктің құрылымы.



  1. планшет

«Мемлекеттік нышандар» экспозициясы Президент штандарты. Кітап: Н.Ә.Назарбаев «Жүз жылға татитын он жыл», Гимн нұсқасы: өз қолтаңбасымен өзгертулер енгізілген, Сувенир: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған символ, Кітап: Көшбасшы және тәуелсіздік, Жарлық: ҚР Президентінің штандарты мен ерекшелік белгілерінің қолданылуы туралы. Мем­лекеттік рәміздер: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы,

37

Гимннің мәтіні мен музыкалық редакциясы, Заң: Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік нышандар туралы конституциялық күші бар заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.



5-планшет

«Ұлттық валюта – Теңге» экспозициясы Фото- сурет: Алғашқы миллион теңге, Заң: Қазақстан Республикасының дүниежүзілік банктерге мүшелігі туралы, Фотосурет: Қызылорда облысындағы шыны өндіруші зауыттың құрылысы туралы жобаның іске асырылу сәті, Диаграмма: Халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынас, Кітапша: ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы 2010 жыл, ҚР Үлттық Банкінің мерекелік күміс монеталары.



6-планшет

«Ұлттық әскер тәуелсіздік тірегі» экспозициясы Жарлық: ҚР Президентінің азаматтардың Қарулы күштерде қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы, Фотосурет: Әскери қызметкерлермен жүздесу сәті, Кітапша: ҚР-ның әскери Доктринасы, Елбасының құттықтау хаты: ҚР әскерінің орталық спорттық клубы, Фотосурет: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әскери кафедрасы мамандарының әскери дайындық сәті, Жадынама: Ресеймен шекаралас Каспий аймағының территориясын нақтылау туралы, Жарлық: ҚР Қауіпсіздің кеңесі туралы.



7-планшет

«Қазақстан және әлемдік қауымдастық» экспозициясы. Фотосурет: Елбасы БҰҰ ұйымының төрағасы Пан Ги Мунмен, Фотосурет: Елбасы Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинмен, Фотосурет: Елбасы АҚШ Президенті Б.Обамамен, Фотосурет: Елбасы Қытай Президенті Цзянь Цзе Миннмен, Фотосурет: Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары. Диаграмма: дүниежүзілік «Өркендеу 2012» рейтингісінің қорытындысы бойынша Қазақстан 144 елдің ішінен 46 орынды иемденді, Сувенир: Қазақстан- Еуразия жүрегінде символы, Құжат көшірмесі: Елбасының ЕҚЫҰ саммитінде сөйлеген сәті, Заң: Кедендік одақ пен біртұтас экономикалық одақ шартын бекіту.



8- планшет

«Астана мемлекет Елордасы және ХХІ ғасырдағы жаңа Еуразияның халықаралық орталығы» экспозициясы. Сувенир: «Бәйтерек» монументі. «Бәйтерек» монументінің сызбасы. Фотосурет: Астана қаласының бас сәулетшісінің қаланың даму жоспарын талқылау сәті. Қаулы: Ақмола қаласының атауын Астана етіп ауыстыру туралы.



  1. планшет

Ұлттық бірлік, этникааралық және конфессияаралық келісім» экспозициясы Фотосурет: ҚР Ассамблеясында сөйлеген сәті. Фотосурет: Елбасының діни бірлестіктер өкілдерімен кездесуі. Фотосурет: Әлемдік және дәстүрлік діндер лидерлерінің съезінде сөйз сөйлеуі, Сувенир: «Бейбітшілік

38

пен Келісім» символы. Кітапша: Ел бірлігі доктринасы Орыс православтық шіркеуінің І-ші дәрежелі даңқ пен ар-ождан ордені, Жарлық: Қазақстан халықтар Ассамблеясын құру туралы.



10-планшет

«Білім және ғылым: дәстурлерді сақтаудан жаңа белестерді бағындыруға дейін» экспози­циясы Заң: ҚР Білім туралы, Заң: ҚР Ғылым туралы, Қаулы: Шетелде кадрларды дайындау үшін Болашақ стипендиясын тағайындау туралы, Елба­сының ағылшын тілін үйренудегі қолжазбасы, Білім беруді дамытудың 2011-2020 мемлекеттік бағдарламасы, Фотосурет: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры ҚАБисенов Елбасыға университеттің даму жоспарымен таныстыруда, Фото­сурет: Елбасының Сыр еліне сапары кезіндегі орта мектеп оқушыларымен жуздесу сәті. Фотосурет: Елбасы және Білім және ғылым министрі Б.Т.Жумағұлов.



11-планшет

«Индустриализациялау көкжиегі» экспози­циясы Макет: Мунай бурғылау қондырғысы, Елбасының Батыс-Еуропа Батыс-Қытай тас жолы қурылысының жумысшыларымен кездесу сәті, Кітапша: «ҚР ның 2020 дейінгі стратегиялық даму жоспары. Үлгі Құмкөл мұнай кешенінен алынған мұнай үлгісі. ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалы-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, Фотосурет Елбасы полиэтиленді тұрба зауытының өнімдерімен танысуда.



12 –планшет

«Агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуы» экспозициясы. Фотосурет: Елбасы таза ауыз - су бағдарламасының іске асырылуына куә болу сәтінен көрініс. Үлгі: Қызылорда облысында өсірілетін күріш сұрыптары, Фотосурет: Елбасы балық шаруашылығының жұмысымен танысуда. Сувенир: Электр өткізгі құрылғысы. Қаулы: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.



  1. планшет

«Мәдениет» экспозициясы Заң: ҚР Мәдениет туралы, Кітап: ҚР-ның тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы, Кітап: Н.Ә .Назарбаев «Тарих толқынында», Кітап: «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жиналған археологиялық зерттеулердің есебі. Фотосурет: Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында табылған жәдігерлермен танысуы.

  1. планшет

«Спорт және салауатты өмір салты» экспози­циясы Фотосурет: Елбасы Лондон олимпиадасының жулдегерлерімен бірге. Фотосурет: Елбасының Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері Илья Ильинді марапаттау сәті, Фотосурет: Елбасы Қызылорда облысының спортшыларымен бірге, Құттықтау хат: Елбасының Бейжің олимпиадасының алтын медаль иегері Илья Ильинді құттықтауы. Құттықтау хат: Халықаралық олимпиадалық комитеттің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғыс білдіру

39

хаты. Сувенир: Бейжің-2008 жазғы олимпиадалық ойындарынан ескерткіш. Сувенир: Сыр елінде пайдаланылған Бейжің-2008 жазғы олимпиадалық ойындарының Алау эстафетасының факелі.



  1. планшет

«Партиялық жүйе» экспозициясы Заң: ҚР-ның Сайлау туралы заңы. Фотосурет: Қызылорда облысы «Нұр Отан» партиясы Тұран филиалының штаб өкілдері, Фотосурет: Облыстық «Нұр Отан» партиясының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты. Кітапша: Президенттікке үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламалары, Кітапша: «Жас Отан» жастар қанатының 2 съезінің бағдарламасы.

16-планшет

Әлеуметтік сала және денсаулық сақтау: қиындықтарды жеңу және сенімді даму экспозициясы Фотосурет: Елбасы Қызылорда облысында медициналық орталықтың ашылу сәтінде. ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы. ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Заң: Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның балаларды қорғау қорының ынтымақтастық келісімді бекіту туралы. Кітапша: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам. Жолдау: Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.

//Сыр түлегі.-2013.-№1,қаңтар.-4б.
40

ОБРАЗОВАНИЕ ВЫСШЕГО КАЧЕСТВА
В последние дни прошлого года КГУ имени Коркыта ата прошел институциональную аккредитацию в Казахстанском независимом аккредитационном совете по обеспечению качества образования. Аккредитация получена университетом на пять лет. А сам факт означает, что образовательные программы КГУ соот­ветствуют международным стандартам. Дана высокая оценка уровню образова­ния профессорско-преподавательского состава, а также тесным связям универси­тета с республиканскими и зарубежными учебными заведениями.

В университете сейчас разработана стратегическая прог рамма в соответствии с поручениями Президента, по­скольку в Стратегии развития Казахстана до 2050 года Глава государства Нурсул­тан Назарбаев уделил особое внимание всестороннему развитию высших учеб­ных заведений. Наряду с учебным про­цессом в них активно должна проводить­ся прикладная и научно-исследовательс­кая работа, вузы должны стать научными центрами.

Руководство КГУ проводит активную работу для интеграции в международное образовательное пространство. Для полго­товки квалифицированных специалистов университет наладил тесные связи с более чем 200 крупными предприятиями и орга­низациями, подписал более 60 меморанду­мов с различными зарубежными вузами и научными центрами для сотрудничества в сферах образования и науки. Содружес гво откроет пути к реализации программы по­лучения двух высших образований, повы­шению квалификации преподавателей, даст возможность готовить бакалавров, магистров и докторов наук в соответствии с тре­бованиями времени, участвовать в между­народных проектах и форумах.

//Кызылорда Таймс.-2013.-5 января.-С.2

41
ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ
Таяуда Астана қаласында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының нәтижелері жарияланды.

Бұл үздік марапатқа ие болғандардың арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Кәрібозұлы да бар.

Бұл тек Сыр өңірі ғана емес, елімізге танымал азаматтың бүкіл саналы ғұмырын ұстаздық жолға сарп етіп, жоғары мектеп қабырғасында өмірін өткізіп, ел ертеңі жастарды тәрбиелеп, оқытып жүрген еңбегінің жемісі.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын алған Бағдат Кәрібозұлының алдағы уақытта да тәуелсіз еліміздің білімі мен ғылымын өркендету жолында еңбек етіп, табыстан-табысқа жете беруіне Сыр елі тілектес.

//Сыр бойы.-2013.- 9 қаңтар.-2б.

42

//Егемен Қазақстан.-2013.-12 қаңтар.-7.б


43


Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет