Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет1/7
Дата27.12.2016
өлшемі4,86 Mb.
#5703
  1   2   3   4   5   6   7
Мазмұны:


ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН- 2050 СТРАТЕГИЯСЫ





1.

Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты: Жаңа саяси бағыттар өркендеу мен өрлеудің кепілі. //Сыр бойы.-2013.-4 қаңтар.-1-2б.

3

2.

Қылышбай БИСЕНОВ,Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.//Егемен Қазақстан.-2013.- 4 қаңтар.-2б.

7

3.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор: «Мәңгілік Ел» болу стратегиясы. //Егемен Қазақстан.-2013.-5 қаңтар.-2б.

11

4.

Еркін КӨБЕЕВ,Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің ректоры: Алда асқаралы міндеттер тұр.//Егемен Қазақстан.- 2013.-5 қаңтар.-2б.

15


5

Әбдімүтәліп ӘБЖАППАРОВ,Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры, профессор.//Егемен Қазақстан.-2013.- 15 қазан.-2б.

17

Қазақстандағы жоғары білім


6

Сүлеймен МӘМЕТ, «Болашақ» бағдарламасы кемел келешекке жол ашты//Егемен Қазақстан.- 2013.-4 қаңтар.-11б.

21

7

Наталия ЕРШОВА: Ключи в безопасному будущему: С начала нынешнего года свои краткосрочные программы в университете отработали свыше 15 ученых из США, Германии, Италии, Южной Кореи//Казахстанская правда.-2013.-5 января.-С.2

25

8

Аскар БАЗАРБАЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК: Образование как фактор социальной модернизации.//Казахстанская правда.-2013.-5 қаңтар.-С.4

27

9

Руслан ОСПАНОВ,«Ғылым қоры» АҚ менеджер. Ғылым – Қазақстан

жастарының таңдауы!//Егемен Қазақстан.-2013.-10қаңтар



30


Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті
Жоғары білім:

10


Ақерке ЖОЛМАХАНОВА ҚМУ баспасөз хатшысы: Университет аккредиттеуден сәтті өтті.//Сыр бойы.-2013.- 4 қаңтар.-2б.;//Халық.-2013.-10 қаңтар.-4б.;//Сыр түлегі.-2013.-№1, қаңтар.-1б.

31

11

Ақерке БОЛАТҚЫЗЫ: Үздіктер шоғырланған білім ордасы.//Сыр түлегі.-2013.-№1, қаңтар.-1,2б.

33

12

Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі ғылыми зерттеу орталығының мәліметі. //Сыр түлегі.-2013.-№1,қаңтар.-4б

36

13

Образование высшего качества..//Кызылорда Таймс.-2013.-5 января.-С.2

41

14

Үздік оқытушы. //Сыр бойы.-2013.- 9 қаңтар.-2б.

42

15

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кафедра меңгерушілерінің қызметтік орындарына конкурс жариялайды//Егемен Қазақстан.-2013.-12 қаңтар.-7б.

43

16

М.АҚЫНҰЛЫ: Әлеуметтік дамудың негізі.//Сырбойы.-2013.- 15 қаңтар.-2б.

44

17

Айнұр БАТТАЛОВА: Көшбасшы көңіліндегі серпін.//Сырбойы.-2013.-15 қаңтар.-4б.

45


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде









20


Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің профессоры: Сыр елін ұлықтаған Елбасы: Осы елдің байырғы тұрғыны ретінде бірнеше рет ұлт көшбасшысы - Н.Назарбаевпен кездесу сәтіне ие болғанын мақтанышпен есіне алады.//Ақмешіт апталығы.-2013.- 5 қаңтар.-3б

47

21

Арыстанбек ҚОНЫСҰЛЫ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң профессоры,ф.-м.ғ.кандидаты:Ақырзаманның беті әрі болсын: Адамзат баласының басына ақырзаман орнатар әлемдік деңгейде ондаған қатерлер бар. Ең бастысы, солардың көбісіне адамдардың өзі себепкер болып отыр. //Таным мен тағылым.-2013.-11 қаңтар.-1б.

49


Кәсіптік білім:


18

Айсәуле ҚАРАПАЕВА.Колледж атанып, көкжиегі кеңейді: Қызылорда индустриалды-техникалық колледж директоры Тәшім Оразбекұлымен сұхбат. //Сыр бойы.-2013.- 9 қаңтар.-1-2б.

51

19

Миуа БАЙНАЗАРОВА: Қабілетті маман дайындайтын кәсіптік лицей: Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей директоры Темірбек Исмайловпен сұхбат//Айқын.-2013.-№2(2157), қаңтар.-10б.

53


ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО- 2017


22

Еркеғали ӘБДІРАХМАНОВ,Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы:Болашақтың энергиясы //Сыр бойы.-2013.- 4 қаңтар.-3б.

56

23

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Баламалы қуат көздерін табу - өміршең міндет //Егемен Қазақстан.- 2013.-5 қаңтар.-2б.

59

24

Мағжан САДЫХАНҰЛЫ: Астанада күн батареясынн шығаратын зауыт іске қосылды//Дала мен Қала.-2013.-7 қаңтар.-2б.

65

25

Тимур КАСЫМОВ, Игорь ТИТЕНОК: Умственные инвестиции: Открывая научно-технический совет с газетчиками, ректор сказал, что проведение ЭКСПО-2017 в Астане ученые восприняли как возможность сделать гигантский скачок казахстанской науки://Кызылординские вести.-2013.- 12 января.- С.5

67

26

Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ: ЭКСПО дайындығының екпіні қатты//Сыр бойы.-2013.-15 қаңтар .-1б.

71


Қалыптасқан Қазақстан - 2050 стратегиясы
Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдар кандидаты
ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТТАР ӨРКЕНДЕУ МЕН ӨРЛЕУДІҢ КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихында «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ел дамуы мен жаңғыртудағы маңыздылығы жоғары. Елбасы 1997 жылғы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан – 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырып, аталмыш басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады. Сондықтан өркендеу мен өрлеу стратегиялары саналатын бұл құжаттардың құндылығы тарихи сыннан өтіп жатқандығы анық. Ал Елбасы сарабдал саясатындағы тұрақтылық, бейбітшілік және келісім Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерінің кепілі болып қала бермек.

Еліміздің әлеуметтік-саяси өмірі мен жағдайын сипаттайтын әр Жолдаудың өзіндік салмақты жүгі бар. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауынан бастау алған құжаттарда еліміздің стратегиялық дамуындағы міндеттер көрсетіледі. Ал міндеттердің орындалуы өз кезегінде Ұлт көшбасшысының жыл сайынғы Жолдауларымен айқындалады. Бүгінде Елбасы Қазақстан халқына 17 Жолдау арнаған екен.

«Қазақстан-2030» Стратегиясына негізгі қорытындылар жасалған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда негізгі міндеттердің орындалуы және қалғандарының орындалу үстінде екендігі тұжырымдалды. 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру басты мақсатын орындаудағы жаңа саяси бағыттардың міндеттері айқындала түсті. Елбасы өз сөзінде: «1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге

3

ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды», – деген болатын. Қалыптасқан Қазақстанның қуатты да табысты мемлекет құрудағы тарихи жолы, демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процестері, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, ұлттық экономикадағы ерекшеліктер мен халықаралық еңбек бөлінісіндегі еліміздің рөлі, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат, әлемдік қауымдастық таныған мемлекет және ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі еліміздің белсенді рөлі негізделді.



Елбасы тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, Үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, жаңа әлемдік қауіпсіздік секілді ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатеріне тоқталып қана қоймай, халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болуы үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдау қажеттілігіне баса назар аударды. Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ел тұрғындарының шешуге тиісті міндеттер парадигмасының сапалық тұрғыдан өзгерісі баяндалды. Жоспарлау көкжиегін кеңейтуі қажет қазақстандықтар кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау қажеттілігі анықталып, Елбасы өз сөзін: «Біріншіден, Қазақстан – қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше. Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-2050 жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда. Екіншіден, «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды. Үшіншіден, біз жаңа шындық тудырған сынақтар мен қауіп-қатерлерге кезігіп отырмыз. Олар жалпылық сипат алып, барлық елдер мен өңірлерге әсерін тигізуде», – деп түйіндеді.

Қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығын анықтайтын әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілікті қажет етеді. Сол себепті Елбасы әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын ұсынды: кедейшіліктің өсуіне жол бермеудің тежегіші ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін мемлекеттің жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі; мемлекеттің әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарға ғана көмек көрсетуі; өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аудару. Осы себептерге байланысты Ұлт көшбасшысы Үкіметке төмендегідей тапсырмалар жүктеді:

4

ана мен баланы қорғау, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарау; ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, осы саладағы ең ұсақ деген заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейту; туу мен көпбалалы болуды ынталандыру жүйесін реформалау, жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру, материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеу; елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажеттілігі негізделе түсіп, ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екендігі айқындалды.



Жалпы кез келген қоғамдағы саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің негізі тұрғындардың өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатында жатыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап мемлекет саясатының негізгі басымдығы ретінде азаматтар әл-ауқатын жақсартуды көздеді.

Заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары саналатын білім және кәсіби машық бағыттары да Елбасы назарынан тыс қалмады. Еліміздің білім беру саласындағы басымдықтары төмендегідей болып белгіленді: бүкіл әлемдегі секілді Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажеттілігі; халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету; жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігінің білім беру саласында айрықша көрінуі; оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту қажеттілігі. Бұл тұста «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту, инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын қалыптастыру, ғылым мен бизнестің кооперациясы мен перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы мәселелеріне мән берілгенін айта кеткен жөн. Аталмыш мәселе төңірегінде Елбасы жастарға өз сөзін арнады: «Бүгін мен жа­риялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым».

Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамытудағы негізгі мақсат мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың жаңа міндеттері қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтуға сай болу қажеттілігі нақтыланды. Бұл үшін мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу, басқаруды орталықсыздандыруды сауатты

5

жүргізу, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құру, мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану, мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін күштің болуы, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру міндеттері қойылды.



Стратегиялық Жолдауда көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі саналатын жаңа қазақстандық патриотизм бағытындағы басты мақсаттарымыз – қоғамдық келісімді сақтау және нығайту қоғам, ұлт ретінде өмір сүрудің айнымас шартты басымдықтары сөз болды. Жаңа қазақстандық патриотизм бағыты бойынша мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беру тәсілі арқылы патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі барлық қоғамды біріктіретіндігі анық. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы жауапкершілікті тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі екендігі айтылды. Жаңа патриотизмді қалыптастырудағы мәдениет пен дәстүрлер іргетасын бекіту заңдылықтары, ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін төңірегіндегі тұжырымдары айқындалды. Жолдау аясында Мемлекет басшысы болашақтың Қазақстаны төмендегідей болатынына сенімді: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары».

Мемлекет басшысының Жолдауда ұсынылған тапсырмаларын жүйелі және өз мерзімінде орындау Қазақстандағы жаңа саяси бағыттардың іргетасы саналады. Сондықтан «Қазақстан-2050» Стратегиясы Отанымыздың жаңа ұлы жетістіктері мен табыстарын жалғастырудағы тиімді өркендеудің тура әрі берік бағыттаушысы болмақ.


//Сыр бойы.-2013.-4 қаңтар.-1-2б.

6

Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Мәңгілік ел» болу – мерейлі мұрат

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда. Өзінің жарқын болашағын ойлаған мемлекеттің, оны басқарып отырған лидердің бүгінгі қол жеткізген табыстармен ғана шектелмей, ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдап, алдағы күн міндеттерін саралауы кемел ойдан туған кемеңгер шешім.

1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму бағдарламасын халыққа жариялау кезінде Мемлекет басшысы: «Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты жолдардан, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз», – деген болатын. Бүгінгі күні шынында айқын мақсат, көреген бағдар-бағамның нәтижесінде уақыттың да, күш-қуаттың да зая кетпегеніне көзіміз жетті.

Президенттің Қазақстан халқына арнаған әр жылғы жолдауларының жүзеге асырылуы нәтижесінде еліміз әлемдік өркениеттегі өзінің лайықты орнын айқындады. Осыдан он бес жыл бұрын қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанды егемен мемлекет ретінде дамыту мен өркендетудің негізгі локомотиві болды. Осы бағдарлама негізінде халқымызды өркениет шыңына жеткізер, ел тәуелсіздігін баянды етер бірнеше жаңашыл реформалар жүзеге асты. Еліміздің қазіргі кезде 120-дан астам елмен саяси, әріптестік қарым-қатынас орнатуы, экономикамыздың тұрақты даму жолына түсуі – жүргізілген реформалардың жарқын жемісі, бедерлі белесі.

Тарихта тұңғыш рет біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған 14 мың шақырымдық нақты шекарасын белгіледі. Әлемдегі алпауыт мемлекеттерді алаңдатқан қаржылық дағдарыстан қиналмай өтіп, қазақстандық модель өз мүмкіндігін дүние жүзіне мойындатты. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, әсіресе, денсаулық сақтау мен білім беру саласында аз ғана уақыттың ішінде ғасырға татырлық биіктерді бағындырды. «Қазақстан – 2030» Стратегиясында белгіленген міндеттер тарихи тұрғыдан алғанда, аса қысқа мерзімде шешімін тауып, белгіленген межеге қол жеткіздік.

Әрбір Жолдауында өткенді саралап, болашаққа бағдар жасай отырып, Үкімет алдына жаңа міндеттер жүктейтін Елбасы әлемдегі бәсекеге қабілетті

7

50 елдің қатарына ену міндетін қойса, 2012 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша Қазақстан 51-орынды иеленіп, қарқынды дамып келе жатқан елдердің бестігіне енді.



Президенттің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы бұдан да биік, бұдан да асқаралы мұраттарға жетелейтіндігіне, бүкіл қазақстандықтардың өз болашағына деген сенімін арттыра түсетіндігіне сенім мол. Арада белгілі бір уақыттың өтуі қоғамның, халықтың, тіпті жеке адамның өміріндегі өзгерістердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Осы орайда Мемлекет басшысының қол жеткізген жетістіктерімізді саралай көрсетуі, кеше қандай едік, бүгін қандаймыз деген халық көкейіндегі сұрақтың жауабын нақты мәліметтермен беруі – бүкіл қазақстандықтардың кемел келешегінің кепіліне айналуда.

Жолдауда: «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. Біріккен Ұлттар Ұйымында 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды», – деп ұзақ мерзімді жоспарлаудың халықаралық тәжірибесіне тоқтала келе: «Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылданғанда, біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты. Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда. Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды. Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойлағанның маңызы зор», -деп атап көрсетті. Бұл шын мәнінде ел болашағына жасалған қамқорлық екендігі анық.

Білім мен ғылым – еліміздің ең басты байлығы. Жолдауда білім беру жүйесі мен ғылым саласын дамытудың жаңа міндеттері алға қойылып отыр. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деп талап қойған Елбасы сауаттылық мәселесінің қазіргі заманда әлдеқайда тереңдей, күрделене түскендігін айта келе, білім, ғылым саласындағы негізгі басымдықтарды саралап берді.

Қай мемлекет болмасын оның жан-жақты дамуы заман талабына сай еңбек етіп, қызмет атқара алатын мамандардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы ХХІ ғасыр мамандарын даярлау мәселесіне, соның ішінде, инженерлік білім беру мен техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды басты бағыт ету қажеттігін алға тартты. Кәсіби-техникалық және жоғары білімді мамандардың ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру арқылы халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуді ұсынды. Бұл инженерлік-техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары үшін жаңа міндеттерді айқындап отыр.

8

Кәсіби біліктілігі жоғары, заман талабына сай мамандар даярлауда теория мен тәжірибені ұштастырудың, болашақ мамандардың өндіріспен байланысын нығайтудың алар орны ерекше екені белгілі. Техника мен ақпараттық технология күн өткен сайын жаңарып отырған қазіргі кезде болашақ маманның өз саласын жетік меңгеруі өндіріспен тікелей байланысты. Сондықтан болашақ маман үшін ондағы жаңалықтарды тез арада игеріп отыру күнделікті қажырлы жүйелі еңбек етуді қажет етеді. Осы ретте Жолдауда айтылған жоғары оқу орындарында екінші курстан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыдан бекітудің өзектілігі жоғары екендігін айта кетуіміз керек.



Елімізді әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отырған Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеушілік қызметін дамытуға баса назар аударып келеді. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағыт алған мемлекетімізде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінуде. «Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз», – деген Елбасы сөзі ең алдымен ғалымдарды ойландыруы тиіс.

Жолдауда айтылған күрделі мәселенің бірі ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару, сол арқылы жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу, ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясын қалыптастыру. Осы ретте қазіргі қолданыстағы «Ғылым туралы» Заң экономиканың дамуына серпін беретін ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа тетіктерін өмірге енгізіп келеді.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұраты – ел тәуелсіздігін баянды ету әрбір қазақстандықтың перзенттік, азаматтық парызы. Ол үшін ең басты қажеттілік өз еліміз бен туған халқымызға деген сүйіспеншілік, отаншылдық, сынды киелі қасиетіміз екені анық. Осы ретте Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы жаңа қазақстандық патриотизм мәселесінің алар орны ерекше. «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Бірақ, бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз», – деген Елбасымыздың сарабдал ойы патриоттық тәрбиеге деген жаңаша ұстанымды қалыптастыру мәселесін алға тартады. Ендеше, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл, тың идеялар енгізіп жұмыс жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Қазіргі заман талабы тәуелсіз қазақ елін әлемдік қауымдастыққа танытып, мойындата алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ұлтжанды,

9

отансүйгіш, парасаты биік, кәсіби біліктілігі жоғары, жан-жақты дамыған тұлғалы азамат тәрбиелеу. Өз ұлты мен Отанына, туған жері мен туған халқына деген сүйіспеншілігі жоғары, жан-жүрегіне иман ұялаған білікті маман еліміз үшін келер келешектің кепілі.



Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы бүкіл қазақстандықтардың болашағына деген сенімін арттырып, ол сенім өмірлік ұстанымға айналып отыр. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туған еңбектер мен әр жылғы Жолдауы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуының тарихи шежіресі ғана емес, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқан, өмірге деген сенімін арттырған аса құнды рухани дүниелер. Осы тұрғыдан көз жіберер болсақ, Президент еңбектерін оқу орындарында оқытудың тәрбиелік мәні ерекше.

Өз Отанын қалтқысыз сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында ХХІ ғасырды «Қазақстанның алтын ғасыры» деп атады. Біз қазірдің өзінде сол жүзжылдыққа қарай батыл қадам бастық. Ендеше, «алтын ғасырға» апарар жол – Елбасы жолы.

//Егемен Қазақстан.-2013.- 4 қаңтар.-2б.

10



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет