Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы


М.АҚЫНҰЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ



бет5/7
Дата27.12.2016
өлшемі4,86 Mb.
#5703
1   2   3   4   5   6   7

М.АҚЫНҰЛЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатымен өңірімізде жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Исимбаева, Гүлнәр Сейітмағамбетова, Құттықожа Ыдырысовтар Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессорлық-оқытушы құрамымен кездесті. Ғалымдармен жүздесуде депутат Гүлмира Исимбаева білім саласындағы бастамалар жайлы баян етті. Елбасы Жолдауындағы салаға онлайн оқыту жүйесін енгізу тапсырмасына орай, ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен салалық министрлік бірқатар жобалар әзірлеу үстінде. Сонымен қатар, осы саладағы қызметкерлердің кәсіби стандартын қалыптастыру бағытында да жұмыстар жасалып жатыр.

Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлнәр Сейітмағамбетова әлеуметтік стандарт принциптерін жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Мысалы, кейде халық саны мен экономикалық көрсеткіші деңгейлес аймақтарға қаржы бөлуде алалаушылық байқалып қалып жатады. Елбасы Жолдауында айтылған осындай олқылықтардың алдын алу үшін әлеуметтік стандарт жайлы заң жобасын дайындау қолға алынды.

Халық қалаулыларымен кездесуде ғалымдар тарапынан өңірдің әлеуметтік жағдайын жақсарту турасындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.

//Сырбойы.- 2013.- 15қаңтар.-2б.


44

Айнұр БАТТАЛОВА
КӨШБАСШЫ КӨҢІЛІНДЕГІ СЕРПІН
«Сыр үміті» сыйлығының төртінші лек иегері Еркебұлан Меңлібаев мек­теп қабырға­сын­да жүрген­де-ақ қоғамдық жұмыстарға бел­­сене ара­­ласып келді. 11 жыл­дық орта мектепті ойда­ғыдай бітірген соң Ерке­бұлан облыс орталығында ор­налас­қан Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік универ­ситеті жанын­дағы колледжге оқуға түсіп, онда «Ақпараттық жүйе­лер» маман­дығы бойынша білім алды. 2010 жы­лы колледж­ді үздік диплом­мен бітіріп, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің физика-математика факуль­теті­не мем­лекеттік грант негізінде оқуға қабылданады.

Еркебұлан университет қабырғасында сабақ оқумен қатар өзінің бала кезгі дағдысы бойынша қоғамдық жұмыстарға да белсенді түрде араласып келеді. Атап айтсақ, ол көңілді тапқырлар клубының белді ойыншысы бола жүріп, көптеген қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатысқан. 2010 жылы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, былтырдан бастап «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқаруда. «Жас Отан» жастар қанаты жастардың басын біріктіруде айтарлықтай маңызға ие ұйымның бірі. Бұл ұйым елімізде жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік ықпал етуде. Өзім хатшылық қызметте жүргендіктен білемін, мұндағы жастар арқылы жастарға қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың көбісі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, бүгінде бұқаралық спортты дамыту бағытында, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге байланысты аула клубтары көптеп құры­лып, олардың жұмысы жолға қойылды. Сонымен қатар, жастар денсаулығын қорғау, ауылдан оқуға келген жастардың дәрігерлік көмек алу мәселесі де біраз уақыттан бері айтылып келе жатқан болатын, осы мәселе де өткен жылы шеші­мін тауып, қала емханаларынан жастар денсаулық орталықтары құрылды»,– дейді жас көшбасшы.

Табиғатынан еңбекқор, ізденімпаз Еркебұланның қатар-құрбыларымен, айналасымен тез тіл табысып кететін ақжарқындығы да бар. Осы қасиетінің арқасында өзіне жүктелген жұмысты дер шағында жүзеге асырып, ұйымшылдық, көшбасшылық қырымен көптің назарына ілігіп жүр. Соның нәтижесінде өзінің лайықты бағасын алып келеді. Мәселен, 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы атқарушы хатшылығының алғыс хатымен марапатталса, 2011 жылы Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыс әкімінің арнайы алғыс хатына ие болды және сол жылы «Үздік Жастар ұйымының көшбасшысы» номинациясын жеңіп алды, сонымен бірге 2011 жылы ҚР Президентінің алғыс хаты­мен марапатталды.
45

– Бұл жетістіктердің барлығы маған үлкен күш береді. Барлығының өзіндік орны бар, алайда мен үшін ең үлкен жетістік бұл өткен жылы облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығына ие болуым,– дейді Еркебұлан бізбен әңгімесінде. Сондай-ақ, белсенді жас соңғы кезде аймақ бас­шысының қолдауымен, ол кісінің баста­ма­сымен жастарға қамқорлық жасау бағытында атқарылып жатқан істердің өзі секілді жеткіншектерге үлкен күш береті­нін, сондықтан оларды аса ризашылықпен қабылдайтынын айтты.

– Біздің өңірімізде жастарды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Бұған облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың өзі мұрындық болуда. Мәселен, өткен жылдың өзінде облыс орталығынан жетім және ата-анасыз қалған жастарға арналып «Жастар үйі» пайдалануға берілді, жастар мәселелерін көтеріп, оларды шешуге өз ықпалын тигізетін арнайы басқарма құрылды. Мұның бәрі біздің облысымызда жастар мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар деп білеміз. Осы жетістіктердің барлы­ғында облыс әкімінің қолтаңбасы, қолдауы бар. Осы орайда Сыр жастары ол кісіні қол­дайды деп айтқым келеді. Өзім ие болған «Сыр үміті» сыйлығы да аймақ басшы­сы­ның бастамасымен өмірге келген болатын. Бұл сыйлықтың өзі қаншама жасты жігер­лендіріп отыр. Ал өзім осы марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Алдағы уақыт­та да қоғамдық жұмыстарға белсенді қаты­сып, еліміздің өркендеуіне бар күшімді саламын деп сендіремін,– дейді ол ағынан жарылып.

Иә, Еркебұланның қуанышында шек жоқ. Бұл барлық «Сыр үміті» иегерлеріне ортақ көңіл күй деп ойлаймын. Ендеше, алдағы күндерде де сәттілік серік болғай!




//Сыр бойы.-2013.-15 қаңтар.-4б.


46

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің профессоры
Сыр елін ұлықтаған Елбасы
Жаны жарқын, көңілі көңілі дархан Сыр елі Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Тарихымыздың талай қатпарларын қойына басып жатқан Сырдария сырлары кімді болса да елең еткізетіні белгілі. Содан болар бәлкім, «Алаштың анасы» деп бағалаған Елбасымыздың ат басын Сырға бұруы жігерімізді жанып, бәрімізді жаңа белестерге жетелейді.

Осы елдің байырғы тұрғыны ретінде мен бірнеше рет ұлт көшбасшысы - Н.Назарбаевпен кездесу сәтіне ие болғанымды мақтанышпен еске аламын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында партия ұйымын басқардым. Алматыда бастауыш партия ұйымдар хатшыларының республикалық семинарына катыстым.

Біздің облыстан барған делегациясының атынан целлюлоза-картон комбинатының партия ұйымы хатшысы Берік Тойжанов сөйледі. Семинар жұмысын басынан аяғына дейін республикалық орталық партия ұйымының 1-ші хатшысы Н.Назарбаев басқарып, жүргізіп отырды. Үзіліс кезінде біздің облыстан семинарға қатысқан азаматтарға өзі келіп, елдің жағдайын, халықтың көңіл-күйін сұрастырды. Әліміз келгенше жауап беріп жаттық. Ол кезде бізде ешқандай ой болған жоқ. Ал қазіргі уақыт деңгейінен қарасақ, Н.Назарбаевтың қызылордалықтарға ерекше мән беруінің мынадай себептері болған сыңайлы. Біріншіден, Қызылорда облысы республикадан қазақтардың ең көп қоныстанған жері. Сондықтан қоғамда болатын тарихи өзгерістерге ұлттық тұрғыдан бет түзейтін, алдыңғы сапта болатын, ұйысқан географиялық орта ретінде қабылданады. Екіншіден, Кеңес Одағының тарайтын уақытын елден бұрын сезінгендіктен болар. Халықтың жалпы көңіл күйіне, саяси тұрақтылығына ерекше мән бергені де кездейсоқтық емес. Иә, көп ұзамай Одақ тарап,тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл менің Елбасымен бірініші кездесуім.

1991 жылы Алматыда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ант қабылдап, ел билігін қолына алу рәсіміне қатыстым. Біздің облыстан 20-дан аса әртүрлі сала қызметкері болды. Есімде қалғаны сол кездегі облыстың орыс газетінің редакторы Евгений Харитонович Хан, облыс мешітінің бас имамы Ыдырыс Ақмырзаев, Тасбөгеттен Жұмаділдаева қарындасымыз т.б. қызылордалықтар бұл тарихи шараға бір күн ерте барып, Республика Сарайы жанындағы 27 қабатта қонақ үйге орналастық. Ертеңіне сағат үште ант қабылдау рәсімі басталды. Іс-шараны Серікболсын Әбілдин жүргізіп отырды. Н.Назарбаев ҚР Ата Заңына қолын қойып, антын бере бастағанда, арт жақта тұрған сахнаға ілінген республика туы құлап бара жатты. Көзге ілінбейтін шапшаңдықпен туды жерге жеткізбей, Н.Назарбаев ұстап қалды. Мен Алматы облысынан келген делегация мүшелерімен

47

отырғанмын. Бұл оқыс оқиғаға әркім әртүрлі пікірлер айтып жатты.



Айналып келгенде, еліміздің туының Н.Назарбаев сынды тарихи тұлға тапсырылғанына, алдағы тұрған қиындықтардан елді алып шығатынына толық сенетінімізге еш күмән болған жоқ. Уакыт көрсеткендей еліміз көптеген киындықтардан аман өтіп, барлык жағынан алғанда әлем картасынан өзінің тарихи орнын ойып алды. Бұл менің Елбасын екінші рет көруім. Қай жылы екені есімде жок. Облыс әкімі — Серікбай Нұрғисаев болатын. Әкімнің орынбасары — Нұрлан Ерімбетов идеология саласын басқаратын. Жаз айы Елбасының кезекті сапарын Сыр елі асыға күтуде. Тереңөзек ауданына барып, қай- тарда Әйтек каналына салынған гидро кұрылыска соғады екеи. Біздерді сол жерге жинады. Президент келісімен іс-шараның басталуына дейін маған сөйлейсіз деген тапсырма берілді. Не айтатынымды іштей қайталап, дайындалудамын. Сағат үштер шамасында Елбасымыз да келді. Аралдан келген бір үлкен кісі менің алдымды орап кетті. Нұрлан Ерімбетов «сөйлей бер» деп жанымды алып барады. Мен де «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы...»-деп бастай бергенімде, «трибунаға шығып айтыңыз, ел естісін» деді – Елбасымыз. Трибунаға шығып ойымды айтып шықтым-ау. Әрі қарай гидроқұрылыс жайлы сол кездегі су ресурстары комитетін басқарған Н.Юзбуев жалғастырды. Бұл менің Елбасымен үшінші кездесуім.

Соңғы сапарында Президентіміз қазіргі Ә.Тәжібаев кітапханасын ашу рәсіміне қатысты. Мұрат Мұхамедов -әкімнің орынбасары шақырып, «Ел басы алдында сөйлейсіз» деп тапсырма берді. Сағат күндізгі ондар шамасында облыс әкімі Б.Қуандыков, М.Мүхамедов т.б ел Президентін кітапханаға ертіп келді. М.Мұхамедов Елбасын арнайы жасалынған стендтермен таныстырды. А.Алматовтың жетекшілігімен баспадан шыкхан Т. Ізтілеуовтың өз колымен жазған «Шахнаманың» аудармасын Түрмағанбетовтың немересі Елбасына сыйлады. Бір кезде «ал, не айтасындар?» деп бізге бұрылған Елбасына дайындап қойған ойымды ағытуға мүмкіндік гуды.

Менен кейін Елена Рыбина қазақша сөйлеп, кұттыктады. «Қазақшаны жаксы меңгерген екенсін, кайда оқисың, айна- лайын?» деп Еленаны бір көтеріп тастады. Бәріміздің ойымызда бірге есксрткішке суретке түсу болатын. Соны білгендей өзі- «Ал кане бір суретке түсіп жіберейік» деп курткасын шешті де, ортамызға түра салды. Суретке түсер алдында фотографтарға «бәрін түгел алатын болындар» деп есксртті. Н.Назарбаевтың карапайымдылығына, ыждағатшылығына, кішіпейілділігіне таң калысып, риза болып, сәт- сапар тілеп, шын жүректен кол бүлғап кала бердік. Бүл менің Елбасымен төртінші кездесуім.

Осы жаркын жүздесулер жүрегімде терең із калдырып, келер күндеріме сәулелі шуағын шашып жүргеніне өзімді бақытты сезінемін. Қыран қанатты Қазакстанның болашағы біздің үлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімімен ғасырдан- ғасырға жасай берстіні сөзсіз.

//Ақмешіт апталығы.-2013.- 5 қаңтар.-3б.

48

Арыстанбек Қонысұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ф.-м.ғ.кандидаты


Ақырзаманның беті әрі болсын...
Афина:«... Бассыздықтан аулақ болсын адамдар жене дара биліктен. Тағы кеңес қосамын қасиетті қорқынышты қумаса екен қаладан: әділдікті сақтай ал ар қорқынышсыз қай пенде?»

Эсхил
Біз жоғарьда келтірген сөзінде гректін трагик ұлы ақыны Эсхил өзінің «Эвменида» атты шығармасында грек халқының мифтік танымындағы соғыс қүдайы, әрі ақылдың иесі, білімнің қамқоры, қыз қүдай Афинаға Құдай жаратқан пенделер үшін қорқыныш сезімінің аса қасиетті кажеттілік екендігін айткызып тұр. Сәл ойланған адамға ақиқаттың айтылғаны аян болады. Шынында да, «Адамды адам еткен - еңбек» деп адамзаттың бір ғүламасы айтса, басқалары кейініректе «Адамды адам еткен қорқыныш сезімі» дегенге тоқталғаны белгілі. Қалай дегенде адам бойындағы қорқыныш сезімі өте қуатты қозғаушы күш бола алатындығы анык. Оның үстіне Афина адамға қатысты қорқыныш сезімінің рухани тазаруға жол ашатын әділдіктің ұстыны болатыньның да «көзімізге шұқып» көрсетіп отырған жоқ па?!

Ислами танымда да қоркынышты адамгершіліктің қажетгі шарты, атрибуты ретінде әспеттейді: «Қүдайдан қорықпағаннан қорық» деп.

Міне, күні кеше әрқайсымыз және бүкіл адамзат қауымы болып үлкен бір қауіптен қорқыныш сезімін басымыздан еткердік. Өз ойымша, адамдар рухани тазару рәсімінен өткендей. Бүл аса қажетті оқиға болды. Себебі адамзаттың басым бөлігі бүгінгі күнгі өмірінде (фәни) ертеңгі күнін (бақи) ойламайтын зердесіздік жольна түсіп, адами моральдық ұстанымдардан безініп, түпсіз тұтынушылық жолына түсіп, қанағатты мүлдем ұмьгга бастады. Нәтижесінде адамзат баласьшың жел бесігі — Жер планетасы өзінің ішкі-сыртқы мүмкіндіктерін сарқа жүмсап, бүгінде адамдар жасаған қиянатқа қарсы тұра алмауда. Адамзат баласының қанағатсыздығынан барынша зардап шеккен жер биосферасын сауықтыру, экологиялық қауіп-қатерлердің бетін қайтару, сөйтіп Жер планетасында ноосфералық өркениттің даму жолына кауырт түрде жүмыла түсу шаралары зерделенген ғылыми-зерттеу еңбектер баршылық. Бірақ ең бастысы, бүгінгі күнгі адамзат баласының басына түскен ақырзаманға пара-пар қатерді көпшілік қауым толық түсінбей, мүлдем мойындамай да отыр. Адамзат баласының басына ақырзаман орнатар әлемдік деңгейде ондаған қатерлер бар, оларды санамалап жатудың еш қажеті болмас. Ең бастысы, солардың көбісіне адамдардың өзі себепкер болып отыр.

Адамзат баласы ендігі жерде біздерді өмірге әкелген ұлы табиғаттың заңдарына бой ұсынуы тиіс, өйткені табиғаттың заңдары адамдар жасаған,

49

парламенттер қабылдаған заңдардан әлдеқайда жоғары тұрған, ақиқаттар санатындағы дүниелер. Бұл туралы, осыдан2000 жылдай бұрын грек тарихшысы Диодор Сицилийский (90-21ж.ж) сол заманғы ерекше үздік жеті ғұламаның бірі саналған скиф патшасы Анахарсистің сөздерін хатка түсіріп кеткен: «Крезге скиф Анахарсис, Биант, Солон және Питтак келеді. Крез өз патшалығынын сән-салтанатын, қаншама халықты бағындырғанын айтып, ғұламалардың үлкені ретінде Анахарсистен тірі жан иелерінің ішінде ол кімді ең әділі деп санайтынын сұрайды. «Ең тағы (жабайы) жануарларды, — депті Анахарсис, — себебі тек солар ғана заң бойынша емес, табиғаттың ырқымен тіршілік етеді, габиғат болса, қүдайдың жаратқан жаратылысы, ал занды адамдар жасаған. Сондықтан адамның емес, күдайдың ашқан заңын пайдаланған әділетті болмақ». Данышпан «табиғаттың ақиқатын заңның ақикатынан жоғары кою даналықтың белгісі екенін» де атаған.



XXI ғасырда адамзат баласының, Анахарсис бабамыз айтып кеткендей, өз дамуында даналық кезеңіне аяқ басуы керек-ақ. Сонда барып біздер Ақырзаманды 4-5 млрд. жыл кейінге жылжытатын боламыз.

Ал жер тарихында ірі табиғи апаттар көп болған. Катастрофалар теориясының белгілі өкілдері А.Д.Орбиньи мұндай 27, ал Э. де Бимон 32 өте ірі табиғи апаттар болғанын есептеген.

Әрине бір жағынан «Әлемді сүлулық құтқарады» деген Ф.М.Достоевскийдің сөздерінде де адами ақиқат жатыр. Бүл жердегі «сұлулық» кемелденген адамзаттың әрбір өкілінің бойында калыптасуы тиіс рухани жан сұлулығы болса керек. Екінші жағынан, осыдан 2,5 мың жылдай бұрын атақты Пифагордың айтып кеткен «Болмыс дегенің сан» (Всё есть число) деген қанатты сөздеріне де назар аударатын кез келген сыңайлы. Олай дейтініміз, алдағы уакытта әлемдік қауымдастық жаханданған нарықтық қатынастар жағдайында қанағатпен және катаң есеппен (математика!) өмір сүруге көшуі тиіс.

//Таным мен тағылым.-2013.-11 қаңтар.-1б.

50

Кәсіптік білім

Айсәуле ҚАРАПАЕВА
КОЛЛЕДЖ АТАНЫП, КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ
Озық индустриалды елдерде, атап айтсақ, Германия, Англия, Оңтүстік Кореяда жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесі жақсы нәтиже берді. Осы жүйе негізінде кәсіптік мектептердегі оқушылар бір мезгілде өндірісте де тағылымгер болып табылады. Өз Жолдауында даярлаудың бұл жүйесін елімізде енгізу қажеттігін Мемлекет басшысы атап өткен болатын. Бұл өз дәрежесінде заманға сай қажетті мамандарды даярлап шығаруға мүмкіндік береді.

Жаңа үрдіс Сыр елінде де соны серпіліске ие болып отыр. Облысымыздағы кәсіптік лицейлерді колледж мәртебесіне көшіруді күн тәртібіне шығарған аймақ басшысы таяуда журналистермен еркін пікіралысу сәтінде аталмыш білім беру орындарының оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсетуге қаржы қарастырылатынын айтып, қуантқан болатын. Атап айтқанда, төрт жарым мың білім алушының шәкіртақысы мен мың жарымнан астам оқушының жол шығындарын төлеуге 912,9 млн. теңге қарастырылып отыр.

Жыл жаңа басталды десек те, жылдам қимылдап, колледжге айналып үлгірген кәсіптік лицей бізде бар. Ол – бұрынғы №7 кәсіптік лицей. Күні кеше Қызылорда индустриалды-техникалық колледж деген жаңа атауға ие болған аталмыш білім беру мекемесінің ұжымы мен оқушыларының алдында енді үлкен жауапкершілік жүгі тұр. Осындай айтулы жаңалығы бар колледждің алдағы жұмыс жоспары жайында оқу ордасының директоры Тәшім Оразбекұлын аз-кем әңгімеге тартқан едік. Оның айтуынша, кәсіптік лицейлерді колледж деңгейіне көтеру алдағы уақытта өзінің жемісін береді.

– Біздегі барлық оқу бағдарламасы енді түбегейлі өзгеріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлай аламыз. Яғни, шетелде қолданылған бұл жүйе теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, сапалы маман даярлауға септігін тигізеді. Демек, оқушы өзінің уақытының көп бөлігін өндіріс орындарында өткізетін болады. Сөйтіп, жұмыс берушіге қажет маманды сол мекеме өзі дайындап шығарады. Бүгінде облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың қолдауымен және облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен біз қаламыздағы ірі компаниялармен ынтымақтастықта жұмыс жасауға қол қойып, олармен тығыз байланыс орнаттық. Енді біздің оқу орнының атауы ғана өзгеріп қоймай, бүкіл оқу-өндірістік базасы да жетілдіріледі. Мәселен, оқушыларды ынталандыру мақсатында шәкіртақы тағайындалады. Оның көлемі ең төменгі еңбекақының көлеміне теңестірілген. Ұжымда еңбек ететін мұғалімдер мен өндіріс шеберлері өндірістегі жаңа технологиялық құрылғыларды игеру мақсатында білім деңгейін арттыру курстарынан өтуде, – дейді оқу орнының басшысы.

51

Соңғы қырық жыл ішінде 11 мыңға жуық жұмысшы кадрларды даярлап келе жатқан аталмыш оқу орны бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлеріне қажетті мамандарды өндіріске бейімдеуде.



Дуальді оқыту жүйесі арқылы кәсіптік-техникалық оқу орындары жұмыс беруші өндіріс, шаруашылық мекеме­лерімен бірлесе отырып, нарық бәсекелесіне төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарын даярлауға қол жеткізуде. Бүгінгі еңбек нарығы қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекеме­лердің де жауаптылығын талап етеді. Осы орайда айта кетуіміз керек, жуырда аталмыш оқу орнының үш өндірістік оқыту шебері мен 11 оқушысы Түркия және Беларусь республикаларына барып, екі апталық тә­жірибеден өтіп келді. Атап айтқанда, «ҚазМұнай Газ Барлау Өндіру» АҚ-ның демеушілігінің арқасында 8 млн. теңге көмек көрсетіліп, 4 оқушы мен екі өндірістік оқыту шебері «электр газбен пісіруші» және «газ құ­бырларын жөндеу және пайдалану слесары» мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіріп келді. Беларусь республикасына барып келген өндірістік оқыту шебері Мейірман Оспанов мұндай қолдаудың арқасында мол тәжірибе жинақтағанын тілге тиек етті. Сонымен қатар кәсіптік-техникалық оқу орындары оқушыларының ал­ғаш шетелге шығуы үлкен жаңалық болғанын қуанышпен жеткізді.

– Тәжірибе кезінде оқушыларымыз жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды көріп, оның өндірісте пайдалануын меңгеруге деген қызығушылықтары оянды. Алдағы уақытта бұл жас мамандар еліміздің индустриялық дамуына өз үлесін қосады, – дейді сеніммен.

Меморандум аясында жасалған жұмыстар тізбегінде «Бест-сервис» ЛТД ЖШС әлеуметтік серіктестік арқылы оқу ордасы ауласының шарбақтарын ауыстырып, асфальт төсеп, ішкі асхана залын, тамақ дайындау залы мен оқу-өндіріс зертханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта 3 қабатты оқу-өндірістік зертханасын салуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде заман сұранысына сай қажетті мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Аталмыш компанияның қолдауымен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» маман­дығы бойынша төрт оқушы және бір өндірістік оқыту шебері Стамбул қаласына барып білімдерін жетілдіріп қайтты. Міне, Елбасының еліміздегі барлық жұмысшы кадрларды даярлайтын оқу орындарын дуальді оқыту жүйесіне көшіру идеясы біздің облысымызда осылайша нәтижелі жүзеге асуда.

//Сыр бойы.-2013.- 9 қаңтар.-1-2б


52

Миуа Байназарова

Қабілетті маман дайындайтын кәсіптік лицей
Еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың 2011-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әдістемелік оқу жүйесін жаңа үлгіде оқыту мазмұны мен әдістерді меңгеру, бәсекеге қабілетті сапалы маман дайындау, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосатын білікті де білімді жастарымызға бағыт-бағдар беру жолында кәсіптік лицейлердің алатын орны ерекше. Міне, осы орайда біз Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей директоры Темірбек Исмайловты әңгімеге тартқан едік:

Қазір кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін индустриалы-инновациялық даму бағдарламасы талаптарына сай жетілдіру үрдісі жүріп жатыр. Ел экономикасына серпіліс әкелген бағдарламаның бір басында білікті маман кадрлар тұр десек, оны даярлау үшін №8 кәсіптік лицей өз үлесін қосып келеді. Кәсіптік білім саласында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар ел экономикасына өзіндік үлес қосуға қабілетті, өз ісінің маманы, білікті кадрлар дайындау міндеттері алға қойылған. Бұл бағытта лицейдің инженер-педагогтары аянбай еңбек етуде.

Кәсіптік лицейде 397 оқушы 8 мамандық бойынша білім алады. Олар: «Ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету және жөндеу», «Ферма шаруашылығы (түрлері бойынша)», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Үйлер мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Пісіру ісі (түрлері бойынша)», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринарлық санитар». Барлық мамандықтар бойынша жалпыға бірдей білім стандарттары мен мемлекеттік лицензиялар алын­ған. Үстіміздегі жылы «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» мамандығы ашылып, осы мамандықты оқытуға лицензия алынды.

Биылғы жылғы түлектер республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау тестіне 100 пайыз қатысып, олардың орташа балы 92 балл болды. Бұл кәсіптік лицейдің бәсекеге барынша қабілетті мамандар дайындап отырғандығының басты көрсеткіші деп санаймыз.

Кәсіптік-техникалық білім берудің алдына қойған мақсаты - мамандарды аталмыш бағытта кәсіби стандарттарға негіздеп дайындау және қатаң түрде экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру болса, кәсіптік лицей бұл тұрғыда өзіндік әлеуметтік әріптестерін тауып, арада бір мақсатқа жұмылдырылған келісімшарт байланыстар орната бастады. Олар - «РЗА» АҚ, «РЗА-АГРО», «Жылу-ХХІ», «Мерей», «Қазалы-Сәулет», «Сыр маржаны», «Қазалы-құрылыс», «Асыл-Ғани», «Намыс-Құрылыс», «Қазалы-Жолшы», «Агро-Өркен» жеке шаруашылық серіктестіктері.

«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық ІІ Еңбек форумында кәсіптік лицейді бітіруші №71 «Газэлектрмен дәнекерлеуші» тобының оқушысы М.Тоғайбаевқа «Жылу - ХХІ» ЖШС-на жолдама салтанатты түрде тапсырылды.

53

Оқу орны облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кәсіби білікті мамандар даярлаудағы үлгілі әдістемелік жұмыстары және «Кәсіптік лицейлердің үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталған.



Аймақтағы кәсіби білікті мамандар даярлау ісіне қосқан оң үлесі және «Үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны - 2010» облыстық байқауының қорытындысы бойынша №8 кәсіптік лицей ІІІ дәрежелі, облыста кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан үлесі және «Ауыл­шаруашылық саласы үшін мамандарды даярлау бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін үздік оқу орны» тақырыбында өткізілген облыстық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында өткен облыстық «Кәсіптік лицейдің үздік арнаулы пән оқытушысы - 2010» байқауына қатысқан арнаулы пән оқытушысы Е.Жұмағали, «Облыстық кәсіптік лицей директорының оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары - 2010» байқауына қатысқан лицей ди­ректорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мұсаев «Кәсіптік лицейдің жаңашыл оқутәрбие жөніндегі орынбасары», облыстық «Кәсіптік лицейдің үздік өндірістік оқу шебері - 2010» байқауына қатысқан өндірістік оқу шебері Б.Ибайдаева «Шығармашыл өндірістік оқу шебері» номинацияларымен марапатталған. «Үздік жалпы пән оқытушысы - 2011» облыстық байқауында математика пәнінің оқытушысы Г.Жаңылова жүлделі ІІІ орын иеленген.

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мұсаев пен оқытушы Ш.Баекеева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының акаде­мигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру - Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Кәсіптік лицейде Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыруды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасаған. Үздік баяндама жасағаны үшін баяндамашы А.Мұсаев пен Ш.Баекеева конференцияны ұйымдастырған Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті ректоратының Ал­ғысхатымен марапатталып, материалдары жинаққа енгізілген.

Информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» байқауында жоғары кәсіби біліктілігі және жаңашылдығымен Ш.Баекеева «Әдіскер оқытушы» номинациясымен марапатталған.

Кәсіптік лицей оқушылары арасында «Жас информатик» бағдарламалау негіздері бойынша облыстық олимпиадада лицей оқушысы Н.Бауыржан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Арнаулы пән оқытушысы Қ.Арзақынов Халықаралық «Садықов оқулары» мен «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграциясы: проблемалары мен болашағы» атты республикалық ғылыми-

54

практикалық конференциясына және арнаулы пән оқытушысы Ұ.Елеке «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграциясы: проблемалары мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, материалдары жинаққа енген. Лицейдің 9 оқытушысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген «Техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру: нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық педагогикалық оқуға қатысып, ұсынған баяндамалары педагогикалық оқудың жинағына енгізілген. Олар: Г.Жаңылова, Ш.Баекеева, Ж.Ысмағұл, Ж.Алмаева, Е.Жұмағали, Ш.Жұмахан, Ж.Кибекбаева, Қ.Арзақынов.



Оқытушы Ш.Баекеева Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және С.Торайғыров атындағы Павло-дар Мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Пав­лодар облысындағы тіл саясаты: аймақтық жүзеге асыру» атты республикалық ғылыми практикалық конференциясына қатысып, мемлекеттік тілді оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялар мен инновациялар: озық әдістеме мен тәжірибе атты 2-секцияда «Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілде пайдалану (№8 кәсіптік лицей тәжірибесіне талдау)» тақырыбында баяндама жасап, материалы конференцияның жинағына енген.

«Кәсіптік білім беру сапасының өзекті мәселелері және шешу жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференциясында директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мұсаев «Кәсіптік лицейдің тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны дамытудың өзекті мәселелері», оқытушылар Ш.Баекеева Кәсіптік лицейде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру», Ж.Ысмағұл «Арнаулы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» тақырыбында баяндама жасап, материалдары конференция жинағына енген.

Математика пәнінің оқытушысы Г.Жаңылова «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технология тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, ««Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» математика сабағында» атты баяндамасы конференция жинағына енген. «Жаратылыстану саласын жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конферен­циясына қатысқан ІІ курс №90 топ оқушысы Д.Ілекеров «Индустриалық-инновациялық даму кезеңіндегі математика пәнінің кәсіптік білім беру саласындағы басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, материалы конференция жинағында жарық көрді.

Алматы қаласында Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Халықаралық түркі тілдес КТК (КВН) лигасының «Маусымашар - 2012» фестиваліне лицейдің «Жыми» командасы қатысып, ақтық сайысқа жолдама алған. Халықаралық түркі тілдес КТК (КВН)

55

лигасының ұйымдастыруымен Ыстықкөл жағалауында өткен «Жазғы кубок - 2012» ойынына «Маусымашар - 2012» фестивалінің жеңімпазы «Жыми» командасы да қатысқан. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің ойыншылары қатысқан дүбірлі додада «Жыми» командасы жазғы кубокты, Халықаралық түркі тілдес КТК (КВН) лигасының 2012 жылғы чемпионатында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, лига үздігі ретінде танылған «Жыми» командасы ақтық ойынға жолдама иеленген.



Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жаңғырту мақсатында өткізілген «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» атты облыстық байқауына қатысқан лицей оқушысы Н.Темірбай ІІ орынға ие болған. Лицей оқушыларынан құралған «Тұмарханым» бишілер тобы бар. Қала, аудан көлемінде өткізілген «Бозторғай», «Жас қанат» байқауларына лицей оқушылары Ә.Қуанышбай, А.Жақанова, А.Мәмбетов, Н.Кенесарыұлы қатысып, диплом және алғысхаттармен марапатталған.

№8 кәсіптік лицейде жүргізілген оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен білім саласындағы жаңалықтарды БАҚ-та насихаттау бойынша атқарылатын жұмыстардың медиа-жоспарына сәйкес Оқытушылардың іс-тәжірибелері облыстық, республикалық баспасөз құралдары мен интернеттің білім сайттарында жарық көрген. Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аталған міндеттерді басшылыққа алған №8 кәсіптік лицей ұжымы алдағы уақытта да егеменді еліміздің жарқын болашағы кәсіптік маман дайындауда оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізе береді.

//Айқын.-2013.-№2(2157), қаңтар.-10б.


56



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет