Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы



бет3/5
Дата04.11.2016
өлшемі0,94 Mb.
#315
1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы
А.Б.Сәрінжіпов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасы президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда,2013 жылғы 2 қыркүйек. №633


Білім және ғылым министрі:

Аслан Бәкенұлы СӘРІНЖІПОВ
Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол осыған дейін білім саласында мол тәжірибе жинақтаған. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

А. Б. Сәрінжіпов 1974 жылы 17 сәуірде туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ).

Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен бірге, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен.

1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон).

2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің Орта Азия бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық нарық және білім мәселелері жөніндегі жоба үйлестірушісі болды. Сондай-ақ, елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.

2007-2009 жылдары ҚР Үкіметінің және Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады.

2009-2013 жылдары - «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры.

«Назарбаев университеті» Дербес Білім Беру Ұйымының құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жалпы, А. Б. Сәрінжіпов «Назарбаев Университетін» құрушылардың бірі болып саналады. Ал жақында ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұқбатында мына жайды баса атап өтті: «Мен бұл қызметке жаңадан тағайындалғандықтан, мекеменің жұмысына енді ғана араласа бастадым. Таяу арада бағдарлама әзірлеп, халыққа таныстырамын. Маған дейін атқарылған жұмыстар бар, оларды да басшылыққа ала отырып әрекет жасаймын. Үлкен істер атқарылды, дұрыс жолға қойылған көптеген мәселелер де баршылық. Мемлекет басшысы тағы бірқатар міндеттер жүктеді. Белсенді жұмыс істеуге тырысамыз және таяу арада атқарылған жұмыстармен алдарыңызға қайта шығамыз».
Әмірхан Алмағанбетов, //Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 1 б.

ҚазАТУ-дағы салтанатты мереке
Үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Білім күніне» арналған «ҚазАТУ – БОЛАШАҚ БАСТАУЫ!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамбыл Ахметбеков және Бақытбек Смағұлов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Зайрулла Дүйсенбеков, сахна майталманы Бауыржан Ибрагимов, Қазақстан КТК Одағының Президенті Есен Елеукен, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Марина Вольнова және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, таэквондошы Арман Чилманов, «Қазспорт» телеарнасының Бас директоры, танымал спорт журналисті Диас Ахметшәріп, продюссер Евгений Жагалтаев және басқа арнайы шақыртылған меймандар қатысты.

Өз сөзінде университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев «Биылғы жылы біздің университетіміз аграрлық саладағы бар­лық оқу орындарының ішінде алдыңғы лектен орын алды. 2013-2014 оқу жылы университеттің бірінші курсына 2 804 студент қабылданса, олардың 1 343-і мемлекеттік грантқа ие болғандар. Бұл студенттердің 47,9% мемлекеттік грантпен оқиды деген сөз. Бұл көрсеткіш – біздің университетіміздің жастар қалауына ие болған беделді оқу орны екенін дәлелдейді», деп атап өтті.

Шара барысында студенттердің www.univerlife.kz әлеуметтік желісінде жүргізілген ЖОО-лар арасындағы республикалық сауал­наманың қорытындысы да жария етілді. Жалпы саны 105 жоғары оқу орыны қатысқан сауалнама студенттер арасында жүргізіліп, нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ең үздік университет» атағын жеңіп алды. Бұл ақжолтай хабар туралы сертификатты университет ректоры Ақылбек Күрішбаевқа Парламент мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков тапсырды.

Биотехнология саласы бойынша жас та болса ғылыми ізденісте жоғары табыстарға қол жеткізіп, арнайы ғылыми гранттарға ие болған агрономия факультетінің студенті Әсем Жанғұлованы университет ректоры А.Күрішбаевтың арнайы мадақтау хатымен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Зайрулла Дүйсенбеков марапаттады.

56 жылдық тарихы бар ҚазАТУ қашанда еліміздің бас қаласы Астанада өтетін мерекелік іс-шаралардың бел ортасында жүреді, университеттің өнерпаз жастары қалалық, республикалық, халықаралық өнер додаларында жеңімпаз атануда. «Дән еккен және білім берген адамдар ең бақытты жандар» деп сөзін бастаған сахна саңлағы Бауыржан Ибрагимов университеттің «Қызғалдақ» би ансамблі мен «Шабыт» ұлт-аспаптар ансамбліне Астана қалалық Мәдениет басқармасының атынан арнайы мақтау қағаздарын табыс етті.

Сонымен қатар, университет қабырғасында бірқатар спорт саңлақтары білім алуда. Олардың қатарында боксшылар Данияр Елеусінов, Мерей Ақшалов, Ілияс Сүлейменов, Қазанда өткен халықаралық универсиаданың күміс жүлдегері Эскархан Осканов т.б. бар. Астана қалалық спорт және дене тәрбиесі Басқармасының арнайы сыйлығын салтанатты түрде тапсырған Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова студенттерді спортты серік етуге және саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Білім күніне арналған мерекелік салтанатты кеш барысында университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің ұжымы дайындаған концерт ұйымдастырылып, мереке көрігін «Аграрка сарбаздары» КТК командасының жұлдыздары толықтырды.
//Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 9 б.

Дастан КЕНЖАЛИН,



Ортақ күнге орайластырылды
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Оған аталған оқу орнының ректоры Е.Сыдықов қатысып, оқытушы-профессорлар құрамымен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім күніне арналған жиынға 80-жылдардағы ардагер, Қазақ КСР-інің Білім министрі, «Парасат» орденінің иегері Қожахмет Балахметов, осы білім ордасының түлегі, Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин және білім-ғылым саласына қызмет етіп жүрген басқа да қонақтар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» халықтық аспаптар оркестрінің домбырашылар ансамблі және «Біз – біргеміз!» атты студенттер флеш мобы жүріп, университеттің басқа да таланттары өнер көрсетіп, «Дос Мұқасан» тобының ізін жалғаушы университеттің жаңа құрылған вокалды-аспапты ансамблінің алғашқы мере­келік тұсаукесері болып өтті.

Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 66 мамандық бойынша білім алуға 4 мыңға жуық студент түсіпті. Олардың 3067-сі грант иегерлері болса, 344-і «Алтын белгі» алғандар, 251-і халықаралық және республикалық ғылыми және түрлі пәндер олимпиадаларының, 12-сі халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары екен. Сондай-ақ, биыл студенттер қатарына жеңілдікпен қабылданған 6 мүгедектің, 9 жетім баланың, 49 оралман бауырларымыздың бар екенін айта кеткен жөн.


//Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 4 б.

Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы

Ауқымды жобалар арнасы

Таяуда өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісі «Елбасы тапсырмалары мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру аясында қазақстандық ғылымның алдында тұрған міндеттер» деген тақырыпқа арналды.

Біріншіден, Елбасы инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынғанын жақсы білеміз.

«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

ТарМУ халықаралық білім беру кеңістігінде интеграцияны тереңдету, оқытушылардың ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің (ШЫҰУ) желісіне өткен жылдың 12 желтоқсанында ресми түрде қабылданды. Яғни университет студенттерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламасы бойынша 3 мамандықтан «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» және «Гидротехникалық құрылыс және ғимараттар» ШЫҰУ шеңберінде оқытуды ұсынатын болады.

Сонымен қатар, университет Беларусь – Қазақстан ғылыми-білім консорциумына мүше. Консорциум аясында Беларусь жоғары оқу орындарымен бірге 8 жоба әзірленіп, оларды 2014 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер ресімделді. Ұсынылған жобалардың ішінде Жамбыл аймағы үшін «Дәнді дақылдарды қайта өңдеу негізінде жаңа тұрпаттағы өнімдер алу үшін техникалар мен технологиялар әзірлеу» жобасының маңызы ерекше. Бұл жобада дәнді дақылдарды сұрыптау коэффициентін 93-96%-ға жеткізетін әмбебап технологиялық нобайы бойынша дәнді дақылдарды өңдеудің ресурс үнемдеу технологиясын және жаңа техникасын енгізу қарастырылған. Жоба Жамбыл облысында дәнді дақылдарды өңдейтін және ұн өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың қатысуын және қолдауын қажет етеді.

Тағы да басқа ауқымды ғылыми жобалардың бірі – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ және Беларусь ұлттық техникалық университетінің ғалымдары қатысатын «Ғимараттардың қадалық іргетастарын қалау үшін ресурс үнемді ұңғымалы темір-бетон қадаларды тәжірибелік сараптау және әзірлеу» жобасы. Соққыға шыдамды және экономикалық тиімді, ТМД-да және алыс шетелдерде теңдесі жоқ берік қадалар отандық құрылыс саласының инновациялық дамуының жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған ресурс үнемді қадаларды шығарудың алғашқы кезеңін жұмыс тәжірибесіне және кадрларға бай «Бином Строй-Деталь» ЖШС-де жүзеге асыру ұсынылады.

Жолдауда ел Президенті 2013 жылдан бастап ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясын іске асыру қажеттігін айтты. Соңғы жылдары Жамбыл облысында өнеркәсіп пен бизнестің қарқынды дамуы, сонымен қатар, аймақ мамандарының ғылыми-кадрлық және зияткерлік әлеуеті Жамбыл облысында Тараз мемлекеттік университетінің базасында шоғырлануы – заманауи аймақтық «Тараз» технопаркін құруға мүмкіндік береді. Технопарктің негізгі мақсаты кәсіпорындар мен мекемелердің қатысуында олардың ұсынысы негізінде ғылыми және конструкторлық инновациялық әзірлемелерді, жобаларды қаржыландыру болуы керек. Технопарктің құрылтайшылары және серіктестері құрамына Жамбыл облысының әкімдігімен бірге облыстың «Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және т.б. кәсіпорындар мен ұйымдар енуі қажет. Орта және шағын бизнес өкілдері де шет қалмауы тиіс. ТарМУ-де аймақтық «Тараз» технопаркін құру жөніндегі тұжырымдамасы әзірленіп, оның құрылымы мен қаржылық шығын­дары нақтыланды. Қазіргі кезде университет технопарк құрылтайшыларының бірі болуға және технопарк нысандарын орналастыру үшін 8 гектар жер телімін бөлуге, сонымен қатар кадрлар мен зияткерлік меншіктерін ұсынуға дайын.

Елбасының Жолдауында айтылған маңызды тапсырмалардың тағы бірі – елдегі патенттер мен авторлық куәліктердің нақты жүзеге асырылуына (коммерциялануына) талдау жүргізу болатын. Ал ТарМУ – Жамбыл өңірінде ірі патент иеленуші болып табылады. Жыл сайын университет ғалымдары ТМД-да және алыс шет мемлекеттерде теңдесі жоқ жаңа құрылғылар мен жабдықтарға, механизмдерге, құрылыс материалдарына орта есеппен 30-дан астам ҚР инновациялық патентін алады.

Жамбыл облысында патент иеленушілер қатарында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ден басқа, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Жамбыл жобалау институты, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті және бірқатар ұйымдар бар. Облыстағы жоғары оқу орындары мен ұйымдарында көптеген патенттер мен авторлық куәліктердің шоғырланғанын ескере отырып, оларға коммерциялау бойынша іріктеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің аясында арнайы аймақтық талдау орталығын (АСО) құру қажет.

Аталған аймақтық талдау орталығының жұмысына ғалымдар, экономистер, бизнес, кәсіпорын өкілдері және мүдделі тұлғалар қатысуы тиіс. ТарМУ өзінің мамандарының қызметін ұсынуға және аталмыш орталықтың тиімді жұмысы үшін университет базасында қолайлы жағдай жасауға дайын.

Министрліктің алқа мәжілісінің шешімдерінің негізінде біздің университет нақты іс-шараларды жоспарлап отыр. Біріншіден, инновациялық жобаларды орындау үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын технологиялық жаңарту. Мысалы, 2013 жылы біздің университетте 200 млн. теңгеден астам қаражатқа су ресурстары, электрэнергетикасы, физика, химия зертханаларына жаңа заманауи құрал-жабдықтар алынды.

Екіншіден, мектеп оқушыларының ғылым мен инновацияға қызығушылығын дамыту. Осы мақсатпен университетте ғылыми-техникалық және инновациялық бағыттағы үйірмелер құрылды.

Үшіншіден, университет ғалымдарының халықаралық рейтингті журналдарда жариялану белсенділігін арттыру. Осы мақсатпен университет оқытушыларының жариялану белсенділігін материалдық тұрғыдан көтермелеу механизмі іске асуда: әр мақала авторына журналдың импакт-факторына сәйкес 50 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді.

Төртіншіден, инновация мен ғылымды дамытуда мемлекет-жекеменшік серіктестігінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану. Осы тұрғыда университет Жамбыл облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен меморандумға қол қойды. Бұл келісім-шарт инвесторлардың әлеуетін белсенді пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, ғылымның бизнеспен серіктесуіне, зерттеулердің коммерцияландырылу құрылымын жетілдіруге жол ашады.

Бесіншіден, жастар ғылыми жобалар орталығын құру.

Соңғы жылдары жастарға арналған мына жобалар дамып келеді: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауыл­ға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға». Бүгін жастардың барлық категорияларын қамтып, оларды біріктіретін жаңа жобалар қажет.

Әлеуметтік жаңару бағдарламалары іске асуда. Бұл – «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Қол жетімді баспана-2020», «Аймақтардың даму бағдарламалары». Жаңа мемлекеттік жастар саясатын осы әлеуметтік бағдарламалармен дұрыс ұштастыру қажет.

Бүгін жастардың әр категориясына (мысалы, қалалық және ауылдық жастарына, жастардың этникалық топтарына, формалдық емес көшбасшыларына) нақты атаулы тәсілдер пайдалану қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде жастар саясатында өте өзекті бірнеше мәселелер бар. Мысалы, Елбасы жастарға арналған «әлеуметтік лифтілерді» құруды тапсырды. Оның мысалы ретінде қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке тартуды және жастардың волонтерлік орталықтарын құруды көрсетті. Ендігі кезде әр аймақта «әлеуметтік лифтілерді» қалай құрамыз және оның нақты механизмі қандай болады деген мәселені шешу қажет. Немесе жастарға арналған «Еңбек биржасы» қалай жұмыс істеу керек – бұл да көкейкесті мәселелердің бірі.

Кез келген мемлекеттің негізі отбасынан басталады. Сондықтан жас отбасыларының әлеуметтік әлеуетін дамыту, отбасылық құндылықтарды жастар арасында насихаттау – жастар саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы айтылған және тағы да басқа жастар мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін облысымызда арнайы ғылыми-зерттеу орталығы Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаевтың қолдауымен университет базасында құрылды.

Жаңа оқу жылы барлық бірінші курс студенттері үшін «М.Х.Дулати: өмірі – өнеге, тарихи танымы –тағылым» тақырыптағы университет ректорының лекциясынан басталады. Халықтың нақыл сөзі бар: егер адам өз тарихын білмесе, ол бүгінгі күннің мән-жайын толық түсіне алмайды, ал оның болашағы бар ма, әлде жоқ па, бұл екіталай. Сондықтан да М.Х. Дулати сияқты тұлғаның образы арқылы жастардың бойында отансүйгіштік сана-сезімді, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – біздің ұстаздық парызымыз.

//Егемен Қазақстан.- 2013.- 5 қыркүйек.- 8 б.

Мажит Шайдаров, Астана медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру процесіндегі медициналық білім берудің рөлі

(МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналады)

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке деген жаңа көзқарас осыдан отыз бес жыл бұрын халықтың мұқтаж топтарының денсаулығын жақсартуға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған құндылықтар, принциптер, тәсілдер кешені ретінде ұсынылған болатын. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тұжырымдамасы алғаш рет 1978 жылдың қыркүйегінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер Алматы декларациясына қол қойғаннан кейін, ресми түрде жарияланған болатын.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деген ұғым алғашында медициналық жәрдем моделінің шеңберінен тыс халық денсаулығын қорғау мәселелеріне көзқарастың тұтастығы деген түсінік болатын. Денсаулықтың нашарлау себептері және аурудың туындау себептері денсаулық сақтау секторы тарапынан бақылауға көнбейді, сондықтан аурудың алдын алу үшін және оларды жою үшін қоғамды тұтас қатыстыра отырып, күрделі, ауқымды тәсілдер әзірлеу қажет.

Бұл бірнеше міндеттерді шешуге – денсаулықты жақсартуға, аурушаңдықты азайтуға, денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін барынша жоғарылатуға, әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әр елдің қолда бар ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берер еді.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бұл міндеттердің басым бөлігін денсаулық сақтау саласының қазіргі жүйесі іс жүзінде шешті деуге болады. Халықтың денсаулығын жақсарту, аурумен күрес, адамдардың өмір жасын ұзарту бойынша жетістікке қол жеткізгенмен, дүние жүзінде адамдардың денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі моделіне көңілдері толмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі таңда бұл мәселені қайта көтеріп отыр. Әлемдегі денсаулық сақтау жүйесінің ахуалы туралы ДДҰ-ның 2008 жылғы «Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі» деген баяндамасында: «Денсаулық сақтау жүйелері проблемаларды болжап және дәрігерлер әрекетінің потенциалын арттырудың орнына, бірінші кезектегі қысқамерзімді бір міндеттен екінші міндетке ауысады, фрагментті түрде және қозғалыс бағытын анық білместен әрекет етеді», – деп жазылған.

Біздің елімізде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлық деңгейде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде медициналық-санитариялық және әлеуметтік іс-шараларды жүргізу бірінші кезекке қойылған. Бұл ретте «Астана медицина университеті» АҚ өзінің негізгі қызметтерін Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті реформалау шеңберіндегі жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастырады.

Бүгінгі күні Астана медицина университеті білім беру қызметінің форматын қазіргі уақыт талабына сай қайта құрды. Университеттің білім беру процесін ұйымдастыру шараларының негізгі түпкі мақсаты – қазіргі пациент талабына жауап бере алатын маманды дайындау, барлық іс-шаралар осыған бағытталып өткізіледі.

Аталған міндетті орындау үшін талапкерлерді іріктеу сапасын арттыру жұмысы белсенді түрде жүргізіледі. Медициналық ЖОО-ларға студенттерді қабылдаудың жаңа тәсілдерін енгізу аясында 2005 жылдан бастап, Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен, медициналық мамандықтар бойынша ақылы түрде оқуға түсетіндер үшін оқуға түсу балының ең төменгі деңгейі жоғарылатылды.

Болашақ студенттердің контингентін қалыптастыру жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Бұл мақсатта университетімізде кәсіптік бағдар беру және студенттердің дамуын мониторингілеу бөлімі құрылған. Кәсіптік бағдар беру және кәсіптік іріктеу бойынша жұмыстар белсенді түрде ұйымдастырылады. Талапкерлердің кәсіптік бағдарын анықтау үшін психологиялық тестілеу бағдарламасы толық автоматтандырылған, мектеп түлектерінің бастапқы білімдері бағаланады, сондай-ақ бірінші курс студенттерінің үлгеріміне мониторинг жүргізіледі.
Талапкерлер құрамының сапасы жылдан жылға артып келеді. 2009 жылы оқуға қабылданған студенттердің ішінде Олимпиада жеңімпаздары мен «Алтын белгі» иегерлері 42 адам болса, 2010 жылы – 107, ал 2013 жылы – 218.

Университетте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (PhD докторантура, магистратура, резидентура) мамандықтарға оқуға қабылдау ұйымдастырылған. «Астана медицина университеті» Қазақстанда бірінші болып мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде «Ауруханалық басқару саласындағы іскерлік әкімшілік магистрлерін» (МВА) даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қолға алды.

Университет кадрларды өзара келісім негізінде Республиканың және алыс-жақын шетелдердің жетекші ғылыми мекемелерінде даярлайды. МВА білім беру бағдарламасын енгізу үшін, ынтымақтастық шеңберінде академиялық серіктестер таңдалды: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Parkway College (Сингапур), Danube University (Австрия), Колумбия университеті (Нью-Йорк, АҚШ), Кельн университеті (Германия).

Колумбия университетімен жасалған шарт бойынша магистранттар Нью-Йорктің Пресвитериан емдеу орталығында, Саут­гэмптон клиникасында, Даунстэит медициналық орталығында кәсіптік практикадан өтеді. МВА магистранттарына экономикалық пәндерді оқыту үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

Халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, шетелдік жетекші ЖОО-лармен және клиникалармен жұмыс бір жолға қойылған. Мысалы, Аджибадем университетінің (Түркия) клиникасында МВА бағдарламасы бойынша оқитын барлық магистранттар өндірістік практикадан өтті. Сонымен қатар, магистранттар Дьюк университетінде, Parkway College (Сингапур) колледжінде тағылымдамадан өтті. PhD докторанттардың ғылыми консультанттары болып Германияның, Англияның, Бельгияның, Израильдің, АҚШ-тың, Жапонияның, Австрияның, Түркияның жетекші ғалымдары тағайындалды.

Болон процесі принциптерін белсенді түрде енгізу шаралары аясында семестр ішінде студенттеріміз Новосибирск мем­лекеттік медицина университетінде (Ресей), Вильнюс университетінде (Литва) оқыды. Қазірдің өзінде студент, магистр, PhD докторант уақыт талабымен байланысты ғылыми, практикалық және әлеуметтік тұрғыдан қолайлы әдістер мен технологияларға негізделген білімді және машықтарды меңгереді. Білікті мамандарды даярлау – Қазақстанның бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі.

Денсаулық сақтау жүйесі дамуының дәл осы кезеңінде ғылыми әзірленімдердің және медициналық практиканың коннекторы елдің медициналық жоғары оқу орындары болып табылады. Бұл процесс екі бағыттан тұрады. Медициналық ЖОО-лар, біріншіден, медициналық бейіндегі ғылыми ұйымдарды болашағы зор мамандармен қамтамасыз етеді және екіншіден, медициналық практикаға бірлесіп істеген ғылыми жобалау әдісі арқылы алынған ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізеді. Сонымен қатар, медициналық ЖОО-лар – биомедициналық зерттеулердің донаторлары және осы зерттеулерді практикаға енгізу жөніндегі ассимиляторлар.

Денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – сапаны қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін университетте 2007 жылдан бастап сапа менеджменті жүйесі енгізілді. 2010 жылғы мамыр айында университет Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО-лары арасында бірінші болып Ұлттық институционалдық аккредитациядан өтті. 2011 жылдың қараша айында Еуропалық сапа менеджменті қорының Кемелдік Моделіне (EFQM) (Committed to Excellence) сәйкес «Кемелдікке ұмтылу» деңгейі бойынша валидациядан өтті.

Университеттің стратегиясын және медициналық білім беру саласындағы саясатын дұрыс таңдағандығын Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитация орталығы және Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік мойындады. Олар жариялаған рейтингіде «Астана медицина университеті» АҚ соңғы үш жылда Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО-лары арасында бірінші орынды иеленіп отыр.

ЖОО-ның және жұмыс берушілердің өзара тығыз қарым-қатынасы – оның қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, жоғары оқу орнының білім беру саласындағы және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің маңызды критерийлерінің бірі. Осы көрсеткіш Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның қызметін, оның қаржыландырылуын және дамуын бағалаған кезде басымдық ретінде қарастырылады.

Қазіргі таңда білім сапасы білім беру бағдарламаларын игеру деңгейімен ғана емес, сонымен қатар мамандарға сұраныстың, кәсіптік білім мен машықтардың практика жүзінде іске асырылуымен бағаланады. Білім сапасын білім беру қызметінің және оның нәтижелерінің интеграцияланған сипаттамасы ретінде түсіну керек. Егер ЖОО өз өнімі – түлектерді оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға көңіл бөлмеген жағдайда нәтижеге жету оңайға соқпайды.

Университеттің қызметінде маңызды бағыт – жас мамандарды жұмысқа орналастыру. Былтыр 90%-дан астам түлектеріміз жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 17 %-дан астамы – ауыл жастары.

Университетте білім, ғылым және практиканы интеграциялау мақсатында 2002 жылы медициналық қызметкерлердің білік­тілігін арттыру факультеті ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті деп аталады. Осы мерзім ішінде оның базасында 18 мың дәрігер және орта медициналық білімі бар 3 мыңнан аса қызметкер біліктілігін арттырды және қайта даярлаудан өтті.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттар – медициналық көмектің қолжетімді және шығыны аз этаптарының бірі денсаулық сақтаудың алғашқы буыны – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті реформалау мәселелері. Осы мәселенің шешімімен аурудың алдын алудың, ерте диагностикалаудың тиімділігі, емдеу әдістері, тіпті халық денсаулығының жағдайы тығыз байланысты.

Осыған орай факультетте медициналық алғашқы көмекті көрсететін медициналық қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру циклдері қайтадан ұйымдастырылды. Мамандарды оқыту үшін денсаулық сақтаудың басым бағыттары: жүкті әйелдердің экстрагениталилік патологиясы; акушериядағы шұғыл жағдайлар; репродуктивтік денсаулық; жүрек-қантамыр ауруларымен науқастанған кезде шұғыл көмек көрсету; инсульт орталықтарының қызметін ұйымдастыру; химиотерапия және онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы; сот экспертизасы секілді бағыттар бойынша оқытушылар арасынан тренерлер даярланды.

Жыл сайын факультет қызметінің географиялық диапазоны кеңейіп келеді. Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының сұранысына шұғыл түрде жауап қайтару үшін соңғы жылдары тыңдаушыларға арналған кәсіптік қайта даярлау циклдері және тақырып саны біршама көбейтілді. Аймақтарда практикалық денсаулық сақтаудың осы циклдерге сұранысы жоғары болғандықтан, Қазақстанның түрлі аймақтарында дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін көшпелі циклдер үнемі өткізіледі. Осылайша, 2010 жылы 2334 маман қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарынан өтті. 2011 жылы 3316 адам, 2012 жылы 3144 адам оқытылды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университетте медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселе­лері, денсаулық сақтау саласының басым бағдарламалары бойынша курстар өткізіледі. Курстардың тақырыптары: «Кардиологиядағы өзекті мәселелер», «Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар», «Инсульт орталықтары қызметін ұйымдастыру», «Ми қанайналымының жіті бұзылуымен науқастанған пациенттерді емдеудің халықаралық технологиялары», «Амбулаториялық химиотерапия», «Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау», «Акушериядағы шұғыл жағдайлар», «Репродуктивтік денсаулық».

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар атқарылды және денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлау сапасын арттыру бойынша айқын нәтижеге қол жеткізілді. 2012 жылы шетел мамандары шақырылып, 24 оқытушы Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында инновациялық білім беру технологиялары бойынша оқытылды. Қосымша медициналық білім берудің отандық және халықаралық бағдарламаларын интеграциялау үшін шетелден мамандар шақырылып, мастер-кластар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар құрамы денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізеді, халық арасында тиімді тамақтануды насихаттауға жәрдемдеседі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Университетте Профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы ашылған.

Алматы декларациясында консультациялық көмектің интеграцияланған, функциялық және өзара байланысқан жүйелерін қалыптастыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінген. Соған сәйкес университет қызметкерлері осы мәселені шешуге белсенді түрде қатысады. Жұмыс процесіне телемедицина жүйесі енгізілді. Елдің түрлі аймақтарындағы дәрігерлерге және пациенттерге қашықтықтан консультация беріледі. Біздің мамандарымыз Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз сарапшылары ретінде қызмет атқарады және оларды сараптаманың алуан түрлері бойынша жұмыс комиссиялары құрамына қосады.

Астана медицина университеті өз қызметінің барлық бағыттары бойынша медициналық-санитариялық барлық мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді орындайды. Елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі сауықтыру, профилактика, емдеу және реабилитация қызметін жоғары дәрежелі мамандармен қамтамасыз етеді.

Қазіргі ғылыми клиникалық база, шетелдік серіктестермен ынтымақтасу, университет қызметінің барлық түрлерін үнемі жетілдіру халықаралық деңгейдегі білім беру, ғылыми, медициналық қызметтер нарығының талаптарына сәйкес келетін жоғары оқу орнының зор мүмкіншіліктері туралы айтуға болады.

Алматы декларациясының қазіргі уақытқа дейін өз өзектілігін жоғалтпағандығын ерекше атап өту керек. Денсаулық сақтау саласындағы ауқымды міндеттерді шешу үшін білімді тереңдетіп, медициналық технологияны жетілдіру қажет, соған сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарға да соншалықты мол қаражат бөлінуі керек. Адам денсаулығын сақтауға қатысты қауіп-қатерлер және қолайлы жағдайлар барлық халық үшін ортақ мәселе. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге, ең алдымен медициналық-санитариялық алғашқы көмекті одан әрі жетілдіруге қажетті барлық мүмкіндіктер бар.
//Егемен Қазақстан .-2013.- 6 қыркүйек.-8 б.

Вадим Макаров,

Блестящий рывок КазНУ
В топ-300 лучших вузов мира вошел Казахский национальный университет им. Аль-Фараби.

По итогам исследования рейтингового агентства QS (Великобритания), признанного авторитета в области оценки качественных показателей развития вузов, КазНУ занял 299-е место среди 800 самых успешных, всемирно признанных высших учебных заведений. Следует отметить, что в топ-300 вошли всего три вуза из стран СНГ, в тройке лидеров также МГУ им. Ломоносова и Санкт-Петербургский университет.

Ведущий вуз страны активно демонстрирует динамику стремительного продвижения в мировом рейтинге, за три последних года университет поднялся на 350 позиций вверх. Добиться такого значительного успеха коллектив КазНУ смог благодаря проведению комплексной структурной модернизации, формированию факультетов на основе кластерного подхода, укрупнению кафедр, внедрению системы управления, ориентированного на результат.

По мнению ведущих международных экспертов, КазНУ значительно улучшил качественные показатели по всем направлениям деятельности. Университет полностью перешел на образовательные программы, соответствующие международным стандартам. Учеными вуза активно ведутся научные исследования, на международном уровне реализуются инновационные проекты, создаются новые технологии.

С каждым годом растет число научных публикаций ученых в изданиях с высоким импакт-фактором, их цитируемость. Положительную динамику университет демонстрирует и в сфере расширения международного сотрудничества, академической мобильности, развития социального партнерства. Растет популярность вуза среди работодателей. Кроме того, при проведении рейтинга агентством QS была высоко оценена деятельность КазНУ по такому показателю, как репутация в академической среде.

Коллектив Казахского национального университета им. Аль-Фараби последовательно работает над решением задачи, поставленной Главой государства, – войти в рейтинг лучших вузов мира, стать активным субъектом экономики, основанной на знаниях.


//Казахстанская правда.-2013.-12 сентября.-С.3

Жанна САЛИМОВА,

Вуз поднялся в рейтинге


Евразийский национальный университет им. Л. Гумилева занял 303-ю позицию в списке широко признанных университетов мира, поднявшись на 66 позиций в сравнении с показателями прошлого года.

Десятого сентября стали известны результаты популярного международного рейтинга университетов QS World University Rankings 2013/2014. ЕНУ им. Л. Гумилева участвует в рейтинге лучших университетов мира с 2009 года, и очередной факт международного признания стал еще одним доказательством непрерывного повышения качества образования в университете, его соответствия высоким стандартам мирового образовательного пространства.

Нынешнее, десятое издание рейтинга вузов QS World University Rankings – крупнейший в своей области инструмент оценки качества. В процессе его подготовки была выполнена работа по оценке более 3 000 мировых университетов, проведены опросы QS Global Academic Survey и QS Global Employer Survey, в которых приняло участие более 90 000 респондентов.

Рейтинг QS World University Rankings оценивает университеты по следующим показателям: активность и качество научно-исследовательской деятельности, мнение работодателей и карьерный потенциал, преподавание и интернационализация. В нынешнем году в первую тройку лидеров рейтинга вошли Массачусетский технологический институт (США), Гарвардский университет (США), Кембриджский университет (Великобритания).

Сегодня ЕНУ им. Л. Гумилева готовит кадры высокой квалификации, специализирующиеся в области бизнеса и права, техники и технологий, строительства, естественных и гуманитарных наук, ведущие научные исследования по приоритетным направлениям развития республики. По версии рейтинга Независимого казахстанского агентства по обеспечению качества образования, ЕНУ им. Л. Гумилева второй год подряд удерживает первое место в Генеральном рейтинге высших учебных заведений Казахстана как лучший многопрофильный вуз страны (IQAA-НКАОКО), занял первое место в рейтинге образовательных программ вузов Казахстана, составленных Национальным агентством аккредитации и рейтинга Министерства образования и науки РК. Также ЕНУ им. Л. Гумилева стал первым казахстанским вузом, получившим международную аккредитацию после вхождения ACQUIN в национальный реестр, победителем в номинации «Лучшее предприятие, оказывающее услуги» премии Президента РК «Алтын Сапа».

Коллектив вуза гордится тем, что Евразийский национальный университет им. Л. Гумилева – признанный образовательный, научный и социально-культурный центр, вуз-лидер, который, поддерживая политику Президента Нурсултана Назарбаева, уверенно смотрит в завтрашний день.


//Казахстанская правда.-2013.-12 сентября.- С.5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет