Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет7/7
Дата04.11.2016
өлшемі1,21 Mb.
#319
1   2   3   4   5   6   7

А.Ж.ОРАЗБАҚОВ -тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әріптес інісі; У.С.ИБРАЕВ - тарих ғылымаарының кандидаты,шәкірті; Б.Б.ЕНСЕПОВ - тарих ғылымдарының кандидаты,Тарих-және қоғамдык ғылымдар академиясының академигі, шәкірті

Ғұмыры ғибратты ғалым

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздін тәуелсіздік алған алғашкы күндерінен бастап тарихшылар қауымы алдына жана міндеттер қойьш, отандық тарихтың «ақтаңдақ беттерін» қайта карауды, ұлт тарихының шьшайы бетгерін қалыптастыруды тапсырған болатын. Ұлт көшбасшысының тапсырмалар үдесінен шығу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих және археолоғия-этнология саласының ғалым-ұстаздары да ерен еңбек етуде. Тарих ғылымында «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз тіркестері бар. Ал осы жасалған тарихты зерттеп, зерделеп шынайы пайымдар негізінде қоғамдық дамудың үдерістерін түсіндіріп, ұрпак тәрбиесіне елеулі үлес косатын да осы тарихшы тұлғалар. Осындай шоғыры биік, қаламы карымды, ойы озық, ұлтжанды азамат-тұлғаның бірегейі тарих ғылымдарьгаың докторы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінін «Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының профессоры Өтеубай Қожакұлы 60 жасқа толып отыр.

Өтеубай Қожақұлы 1954 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Балалық шағының ой-киялын алған «тарихшы» болу мақсаты арман қуған бозбаланы 1976 жылы Атырау (Гурьев) қаласына алып келді. Сол жылы Гурьев /Атырау/ педагогикалык институтынын тарих факультетіне окуға кабылданып, 1980 жылы «тарих және коғамтану» мамандығы бойынша оны үздік бітіреді. Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Сыр өңіріне кайта келген Өтеубай ағамыз, алғашкы кызмет кадамын Кызылорда облыстык тарихи-өлкетану мұражайынан бастап, бөлім меңгерушісі атанады. Жас жігіт болмысындағы білім мен ғылымға деген кызығушылығы, ұстаздық қызмет арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісіне өзіндік үлес қосу арманы оны жоғары оқу орнына жетелейді. Міне, 1985 жылдан бүгінгі күнге дейін Өтеубай Қожакұлының бар саналы ғұмыры Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекетгік университетінің «тарих» кафедрасымен тығыз байланыста болып келеді.

Жоғары оку орнына ұстаздық кызметке келген Өтеубай Қожақұлы ғылыми-педагогикалық жұмыстармен қатар, ұйымдастырушылық-басшылык қызметтерге араласып кетеді. Жас жігіттің іскерлігі мен алымдығын, ұйымдастырушылық қабілеттерін бағамдай алған институт басшылығы оны 1989 жылдың оку жылының басында «Қазақ филологиясы және тарих» факультеті деканының орынбасары және факультеттің кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. Бұл жас ұстаздың әріптестер тарапынан зор бедел мен сенімге ие болғандығын көрсетсе керек. Өтеубай Қожакұлының бұл кызмет жылдарындағы іскерлігі мен мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастырушылық қасиеттері әлі күнге дейін әріптестер тарапынан жылы бағаланып, жастарға өнеге ретінде айтылып отырады.

«Ғылым-инемен құдық қазғандай» деп дана халкымыз айтқандай Өтеубай ағамыз ғылыми ізденістерінің нәтижесіңде 1994 жылы Абай атындағы Қазак ұлттық педагогикалық университетіңде көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың жетекшілігімен «Сырдария облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы (1867-1914 жж.)» атты такырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды. Бұл кырықтың қырқасына жаңа ғана шыққан азаматтың ғылым жолындағы алғашқы қамалын бағындыруы еді. Ғылыми ізденістері мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялау, ұстаздық қызметтің жанданған уакытында, ағамызға 1997 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Аттестациялық Комитеттінің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

Көп жылдық зертгеу жұмыстарынын нәтижесінде, яғни 2006 жылы ұстазымыз Өтеубай Қожақұлы «Қазақ-қоқан карым-катынастары (ХҮІІІ-ХІХ ғғ.)» атты монографиясын жариялайды. ХҮПІ-ХІХ ғғ. Отан тарихының ең бір күрделі мәселелеріне арналған көлемді еңбегінде, автор Мәскеу, Санкт-Петербор, Орынбор, Омбы, Ташкент, Алматы калаларындағы Орталық мемлекеттік мұрағаттарында сақталған мол тарихи деректерді терді алғашкы рет ғылыми айналымға енгізіп, өзіндік

46

пайымдаулар жасайды. Қазіргі танда еліміздің әрбір тарихшысы Оңтүстік өңірдің ХҮІП-ХІХ ғғ. тарихына қалам тартпас бұрын міндетті түрде осы еңбекпен танысып, тарихнамалық шолу жасайтыны белгілі. Ұстаздық қызметімен катар ғьшыми жұмысын катар алып жүрген әріптес-ұстазымыз 100-ден астам ғылыми еңбектің, онын ішінде 5 оку-әдістемелік кұралдын авторы. Өтеубай Қожакұлы елімізбен қатар Түркия, Ресей секілді мемлекетгерде өткен халыкаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға катысып, баяндамалар жасап, мақалалары жарык көрді.



Ғылым жолында бар күш жігерін сарп етуге даяр ағамыз, ұзақ жылдар бойғы ізденістерін қорытып, докторлық диссертациясын қорғауға бел буады. Осы жолдың қуанышы мен машақаты бірге келіп, сәтсіз өткен күндердің бірінде салы суға кетіп, бәрінен шаршап, қолды бірақ сілтеуге даяр тұрған ағамыз ұйықтап кетіпті. Ұйқыда жатқан ұстаз-әріптесіміздің түсіне ғылымдағы ұстазы, белгілі ғалым Ж.Қасымбаев (2004 ж. өмірден өткен) еніп: «тұрсаңшы Өтеубай, неғып жатырсың, сенің әлі аякталмаған ісің бар. Тұр, бастаған ісінді аяқта», - деп аян берген екен. Ұйқысынан шалт оянып, бұл түстің бекер еместігін сезінген Өтеубай ағамыз бар күш-жігерімен, ынта-ыкыласымен ғылымға қайта бой ұрады.

2010 жылы ұзак жылдарғы ізденістердің нәтижесінде, көзмайын тауысып жазған «ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен — XIX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі Қазак-Қоқан қарым-қатынастары (саяси және шаруашылық мәселелері бойынша)» атты докторлық диссертациясьш ойдағыдай қорғап шықты. Бұл Өтеубай ағамыздын отандык тарих ғылымына қосқан елеулі, өлшеусіз еңбек екені тарихшылар кауымы үшін аян. Ағамыз жеңілдің астымен жүруге ұмтылмай, ғылымдағы шынайы жетістікке жету үшін тер төккеніне әріптестері, шәкірттері ризамыз. Өтеубай ағамыздың үлкен ғалым болып қалыптасуына тарих ғылымында шоқтығы биік ағалардың ықпал еткені ақиқат. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері Манаш Қозыбаев, Кеңес Нұрпейіс, Мәлік Асылбеков, Болат Көмеков, тікелей ұстазы, жетекшісі профессор Жанұзақ Қасымбаев, Мәмбет Қойгедді, Талас Омарбеков, Хангелді Әбжанов, Зиябек Қабулдинов, Бүркіт Аяған, Тұяқбай Рысбеков және т.б. ғалымдарды ерекше атап өткен жөн.

«Тай құлындай тебіскен» замандастары да Өтеубай ағамызбен әрбір ғылыми ізденіс нәтижелерінің қорытындылары мен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алысып, шығармашылық байланыс қалыптастырған. Олардың қатарында елімізге белігілі ғалымдар т.ғ.д., профессорлар Н.Мұқаметханұлы, А. Абдуалы, Җ.Мұктар, Дастан Сәтбай және т.б. бар.

Профессор Ө.Қожақұлының ғылыми ізденіс бағытының негізгі обьектісі Қокан хандығының тарихы, ал бұл тақырыбы көршілес Өзбекстан және Қырғыз Республикасының тарихшыларының құрамдас бөлігі екенін ескерсек шетелдік әріптестерімен байланысын да атап өтпеске болмас. 2012 жылдың жазында біз шәкірттері Б.Еңсепов және У.Ибраев Ташкент каласына іс сапарға барған болатынбыз. Жергілікті тарихшы әріптес ғалымдар Х.Бабабеков, Ш.Оразымбетов, Қ.Раджабовпен сұхбат барысында олардың біздің ұстазымыз Өтеубай Қожакұлы туралы жоғары пікірде екені айтылған болатын. Әсіресе ғылыми зерттеу жұмыстары жіті кадағаланып отыратындығы, Қоқан хандығы тақырыбына қалам тартқан әрбір зерттеушінің міндетті түрде ол кісінің еңбектеріне сілтеме жасайтындығы баяндалды. Бұл ұстазымен мақтанатын біздей шәкірттері үшін үлкен абырой болған еді.

Өтеубай Қожақұлының ғылыми ізденіс жұмыстарының бағыты өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Әсіресе «Отан тарихы-өлке тарихынан бастау алады» деген қағиданы берік ұстанған ағамыз ХҮІІІ- XX ғ. бас кезіндегі Оңтүстік Қазақстан аймағы тарихының білгірі деп айтсак артық айткандық болмас деп ойлаймыз. Әсіресе Қазақ-Қоқан байланыстары, Патшалык Ресейдін жаулап алуымен отаршылдық саясатының кыр-сырын жан-жақты зерттеп жүрген бірегей ғалым. Профессор Ө.Қожакұлының өңір тарихына катысты мерзімді басылым беттерінде жарияланып тұратын әрбір макаласы оқырмандар тарапынан кызу колдау тауып, талқыланады. Қазіргі танда ғалымның тұрақты оқырмандары бар десекте кателеспейміз.

47

Олардың бірі Жаңақорған ауданынын өкілі, көнекөз қария, жастайынан жокшылык пен қиыншылықты катар көріп, еңбекке ерте араласып, мандай терін шелектеп төккен, аузы дуалы Баймұрат ақсақал.



Ақсақал Өтеубай Қожакұлының Сыр өңірі тарихына катысты жарияланып тұратын әрбір макаласын көзден таса қылмай оқитындығын және де автормен пікірлесіп тұратындығын айтады. Бірде Баймұрат ақсақал: «Өтеу- бай Қожақұлымен тікелей жүздеспесемде, қатты сыйласатын інім. Өтеубай ішкі жан дүниесі таза, ойы ұшқыр, қаламы қарымды зерттеуші. Әрбір макаласын көзден таса қылмай іздеп жүріп оқимын. Мақаласымен танысқаннан кейін, өзімен телефон аркылы сұқбаттасып, пікірлесемін», - деген болатын.

Өтеубай ағайды жаксы білетіндер оның іскерлігін, белсенділігін, қандай да бір іске құлшына кірісетіндігін, кімнің де болса тілін таба білетін, қарапайым студенттермен етене араласып, коғамдык, әлеуметтік, мәдени-көпшілік шаралардың ешбірінен қалыс қалмайтынын жоққа шығара алмас. Иә ағамыздың жүрегі таза, ниеті ақ. Кір шалдырмаған азаматтық ары, өзіндік ұстанымы, оны осыңдай тынымсыз істерге жетелейді. Ағамыздың бойындағы асыл қасиеггері терең білімімен, ғылыми толыскан тәжірибесімен, азаматтык ұстанымымен ұштасып кез-келген мәселеде әріптестеріне, шәкірттеріне кол ұшын беруге даяр тұрады. «Өмір күрес» деп бекер айтылмаған ғой. Алла тағаланың берген ғұмырын мынау адалдық пен арамдық арбасқан заманда кір шалдырмай өту, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін әрдайым биік ұстаным мен алланың ақ жолында жүруің керек. Өтеубай Қожақұлы, міне, осындай биік ұстанымы арқылы қақ жолға түсіп, бар өмірін ұлт болашағы - жастарды ізгілік пен білімге баулып, ғылым шыңына көтерілген Сыр өңірінің асыл перзентгерінің бірі.

Ағамыз 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігінің шешімімен «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Бұл ұстаздың көп жылдық еңбегінің жемісі деп білеміз. Бүгінгі танда профессор Өтеубай Қожакұлы Қоркыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Қазакстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының белді ұстазы, жастардың жанашыры.

Бүгінде Өтеубай Қожақұлы XXI ғасыр ұрпағына жаңаша білім мен тәрбие беруде өз үлесін қосып келе жаткан үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым, өнегелі отбасы иесі. Қазіргі танда ұстаз, ғалым Өтеубай Қожақұлыньщ шәкірттері облысымызда ғана емес, сонымен катар еліміздің әрбір түкпірінде кызмет етуде. Олар сөз жок, ары таза, болмысы бөлек азамат, ғалым Өтеубай ағайға карап ой түзейтіні жасырын емес.

60-жаска енді ғана толған ұстазымыз, ұлт жанашыры, көрнекті ғалым Өтеубай Қожакұлын торқалы тойымен құттықтай отыра, зор денсаулык, отбасына амандық, шығармашылық қызметіне табыс тілейміз. Сіздін ғылымға бергеніңізден береріңіз көп болғай деп тілейміз.

//Ақмешіт Ақшамы.-2014.-30 сәуір.-10 б.



Қожақұлы Өтеубай
Қожақұлы Өтеубай 1954 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектегіті 1972 жылы бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін XXII партсъезд атындағы кеңшарда(қазіргі Ақтан батыр) қызмет атқарды.

1976 жылы Гурьев /Атырау/ педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, 1980 жылы осы оқу орнын «тарих және қоғамтану» мамандығы бойынша оны үздік бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрліпнің жолдамасымен Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайында бөлім меңгерушісі болды. 1985 жылдан Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында /қазіргі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ/ оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор (2010ж) қызметін атқарады.

Ө. Қожақұлы 1985 жылдан бері кафедрада жемісті жұмыстар жүргізіп келеді. Ол өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 1989-1990 жылдары қазақ филологиясы және тарих факультетінің деканының орынбасары, факультеттің кәсіподақ төрағасы болып еңбек етті.

1994 жылы тарих ғылымдарының докторы. профессор Ж.Қасымбаевтың ғылыми жетекшілігімен «Сырдария облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы /1867-1914жж/» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1997жылы ҚР Жоғарғы Аттестациялық Комитеті доцент ғылыми атағы берілді.

Педагогикалық қызметін үзбей ғылыммен ұштастырып, 2006 жылы болашақ қорғалатын докторлық диссертациясы негізі болатын «Қазақ-Қоқан қарым-қатынастары /ХҮІІІ-ХІХ ғғ./» монографиясын жариялады. Москва, Петербург, Орынбор. Омбы, Өзбекстан, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаттарында сақталған тарихи деректерді алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты: - ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Қазақстанның оңтүстік өлкесінің Ресейге қосылуы ұлт азаттық қозғалысты, Қазақстанның Азия халықтары мен халықаралық, саяси сауда байланыстары ХҮШ-ХХ ғасырдағы көшпелі және отырықшы халықтардың өзара әрекеттесуі. Қазақ халқының өмірі мен қызметі.

Ғалым 100-ден астам ғылыми еңбектердің оның ішінде 5 оқу әдістемелік құралдарының Стамбул, Орынбор, Омбы, Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, (Тараз және т.б. қалаларда өткен ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, мақалары шықты.

2010жылы 3-шілде де М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Б.Д. 14.61.261 диссертациялық кеңестің мәжілісінде ХҮІІІғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі Қазақ-Қоқан қарым-қатынастары (саяси және шаруашылық мәселелері бойынша)» атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Сөйтіп, Қызылорда облысында түңғыш рет тарих ғылымдарының докторы атанды. Осыны ескере отырып (2011ж) Білім және ғылым министірлігінің шешімімен «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Өтеубай Қожақұлы өнегелі отбасы иесі, жұбайы Тұрмаханова Гүлден үй шаруасында, балалары Рүстем, Дастан отбасылы, келіндері Айжанат, Бота жоғары білімді мамандар қызмет атқарады. Қызы Ақбота медициналық колежінің студенті, Әлішер мен Данияр мектеп оқушылары, немерелері Абай, Ескендір балабақшада.

Бүгінде Өтеубай Қожақұлы XXI ғасыр ұрпағына жаңаша білім мен тәрбие беруде өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым.


//Ақмешіт Ақшамы.-2014.-30 сәуір.-10 б.


49

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет