Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


√ оқушылардың кітапханаға келу көрсеткіші өсті



бет13/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67

√ оқушылардың кітапханаға келу көрсеткіші өсті.


Әлсіз жақтары:


√ оқушыларымыздың көркем әдебиетке қызығушылығының төмендігі;
√ оқушыларымыздың кітапхана тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысу белсенділігінің төмендігі;
√ сынып жетекшілерінің ақпаратты толық білім алушыларға жеткізбеуі;
√ ақпараттық насихат шараларының аз болуы.

Шешу жолдары:


- «Оқуға құштар мектеп» жобасын әліде болса жандандыру;
- кітап оқуға қызығушылықтарын арттыратын шараларды көбейту;
- үгіт-насихат жұмыстарын көбейту;
- «Кітап жарнамасы» іс-шарасы арқылы кітап оқуға қызықтыру;
- 20 минуттық кітап оқу сағатын аптасына үш рет өткізуді қолға алу;
- оқушылардың іс-шараларға қатысу белсенділігін арттыратын тетік жолдарын ұйымдастыру;
- ата-ана - мектеп - кітапхана байланысы арқылы жастарымызды кітап оқуға тарту, баулу.

Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру


Оқу жылының басында оқытушылардың тарификациясы жүргізілді, мектеп курсы бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында оқушылардың жеке істері талданды, сабақтардың, факультативтік және үйірме сабақтарының кестесі жасалды.
Осы бағыттағы жұмыстың тиімді нысандарының бірі – мұғалімдермен әдістемелік кеңестер және педагогикалық кеңестер өткізу.
Мектеп лицейдің даму бағдарламасын және «Білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында оқыту мен оқуға жаңа тәсілдерді, құндылыққа негізделген білім беруді енгізу; педагогтердің кәсіби дамуы, зерттеушілік мәдениеті, іскерлігін,педагогикалық біліктілігін дамыту», тақырыбында жұмыс жасау үшін пән бірлестіктерінің әдістемелік жұмыстарын құру, бақылау мен басқару және оқыту мен оқу қызметінің сапасын көтеру мақсатында әдістемелік кеңес құрылды. Педагогтардың кәсіби әлеуетін шыңдау және 2022-2023 оқу жылының басты міндеттерін жүзеге асыру мақсатында шығармашылық топтар құрылды.
Әдістемелік кеңес отырыстарында білім беру процесінің сапалық көрсеткіштеріне байланысты қажетті және маңызды мәселелер қарастырылды.
2022-2023 оқу жылында жүргізілген әдістемелік кеңестерде қаралған тақырыптар:
•«Заманауи білім берудің әдістемесі мазмұны және сапасы.»
•«Құндылыққа негізделген білім беру: Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік,отаншылдық»
•«LS cабақты зерттеу тәсілі- теориядан практикалық іске асыруға дейін»
•«Білім сапасын көтерудегі ізденістер,тәжірибелер»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет