Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар



бет11/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында 2022-2023 оқу жылында мектеп-лицейінде келесі жұмыстар атқарылды: Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жыл бойы мектептегі құқықбұзушылықтың алдын- алу шараларын жүзеге асыру мақсатында лицейдің әлеуметтік педагогы жоспарға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырды. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі» құрылды; Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға жедел көмек көрсету тобы» құрылды;Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ бірлесіп атқаратын 4 тоқсандық жұмыс жоспары құрылды; ПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторларымен кездесулер өтті: Тиісті тақырып бойынша сынып сағаттары мен әңгімелесулер өтті; Педагогтарға, ата-аналарға және оқушыларға құқықтық білім беру ұйымдастырылды; Жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша дәрістер өтті; Шылым шегудің, вейбтің, нашақорлық пен алкоголизмнің зияны туралы алдын алу әңгімелері, дәрістері, кездесулер, акциялары өтті; Ата-аналарға көмек көрсету, жанжалды жағдайларды шешу бойынша кеңес беру мақсатында мамандармен кездесулер, отырыстар ұйымдастырылды. Кестеге сәйкес педагогтер мен ата-аналармен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды; Ерекше педагогикалық назар аударуды қажет ететін отбасылармен әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жұмыстар, тренингтер, консультациялар өткізілді.
Мектеп-лицейімізде аз қамсыздандырылған және көп балалы оқушылар, жетім балалар, атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар анықталып, арнайы базасы жасалды.
2022-2023 оқу жылында қалалық ювеналды полиция есебіне ұрлық жасағаны үшін 7а сынып оқушысы Қайырбек Жасұлан тіркелген болатын. Мектепшілік есепке 2022-2023 оқу жылында 4 оқушы тіркелді: Қайырбек Жасұлан ұрлық жасағаны үшін 7А сынып оқушысы (01.09.2022ж), Қалиев Тимур 8Б сынып оқушысы ұрлық жасағаны үшін (01.09.2022ж) , Мұғаз Қуаныш 8А сынып оқушысы ақша бопсалағаны үшін (09.01.2023ж) және Мұғаз Әбдірахман 4Ә сынып оқушысы ақша бопсалағаны үшін (09.09.2022ж)
Құқық бұзушылық кеңесінің 26.04.2023 жылы №7 хаттамасының шешімімен Мұғаз Әбдірахман және Қалиев Тимур МЕ – ден шығарылды.
Құқық бұзушылық әрекеттер бойынша тіркеуге алынған оқушылар бойынша әр оқу жылының аяғына мониторинг

«Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ-нің
2022-2023 оқу жылының 4 тоқсанына сәйкес мектептің әлеуметтік паспорты



Әлеуметтік санаттар

саны

%




Барлық оқушылар

953




Отбасы түрі бойынша: 

1

Толық отбасылар

887

93%

2

Толық емес отбасылар

66

7%

3

Анасы жоқ балалар

6

1%

4

Әкесі жоқ балалар

60

6,3%

5

Көп балалы отбасы

159

17%

6

Аз қамтамасыз етілген отбасы

53

5,5%

7

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2

0.2%

8

Мүгедек балалар, мүмкіндіктер ішектеулі балалар

5

0.5%

9

Азаматтығы жоқ білім алушылар

0

0%

10

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар

0

0%

11

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар

1

0,1%

12

Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар

2

0,2%

Ата-аналарының білімі:

1

Жоғары, жоғарыбілімненкейінгі

637

37.4%

2

Техникалықжәнекәсіптік

528

31%

3

Орта

534

31.4%

Кәмелетке толмағандар арасында


қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі туралы ақпарат
МОНИТОРИНГІ



«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ




1

Қолайсыз отбасылардың саны

0




ондағы кәмелетке толмаған балалар саны

0

2

Қаңғыбастылыққа бейім оқушылардың саны

0

3

ПБ тіркеуінде тұрған оқушылардың саны

1

4

Мектеп-лицейшілік бақылауда тұрған оқушылардың саны

2

5

Аудан/қала әкімі анындағы КТІ және ОҚҚ комиссиясында қарастырылған материалдардың саны

0

6

Қылмыс жасаған оқушылардың саны

0

7

Құқық бұзушылық жасаған оқушылардың саны

4

8

Мұғалімдер қанша рейд өткізді, оның ішінде:
айына:
жылына:

18
2
18

9

ПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы қанша рейд өткізді, оның ішінде:
айына:
жылына:

10
1
10




рейдтерде анықталған кәмелетке толмағандардың саны:
айына:
жылына:

0




рейдтерде анықталған қолайсыз отбасылардың саны:
айына:
жылына:

0

10

Құқықтық білім бойынша барлығы қанша дәріс оқыды:
айына:
жылына:

15
2
15




Соның ішінде мұғалімдер өткізді:
айына:
жылына:

9
1
9




прокуратура қызметкерлері,
айына:
жылына:

2
0
2




құқық қорғау органдары,
айына:
жылына:

4
0
4

11

Құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша қанша Кеңес өткізілді
айына:
жылына:

7
0
7




қанша іс қаралды
айына:
жылына:

4
1
4




қаншасы қайта қаралды (бақылау)
айына:
жылына:

4
0
4

12

Қанша үйірме жұмыс жасайды

18




ондағы балалар саны

254




оның ішінде қиын балалар

4

13

Қанша спорт секциялары жұмыс жасайды

21




ондағы балалар саны

575




оның ішінде қиын балалар

4

14

Қамқорлықтағы балалардың саны

2



Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі

Оқу жылының басында қылмыстардың алдын алу, оқу орнында оқушылар арасында тәртіпті нығайту, әлеуметтік қауіпті отбасылармен жұмыс істеу, кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы әрекеттеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және талдау үшін құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құрылды. Кеңес құрамы бұйрықпен бекітілді. Кеңес төрағасы (мектеп директоры) және кеңес мүшелерінен (мектеп ұстаздары, ата-аналар комитетінің мүшелері) құралған. Жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 7 отырыс өткізілді. Өткізілген профилактикалық отырыстың хаттамалары дер кезінде жазылған. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңес отырысында 4 оқушының тәртібі талқыланды. Отырыстар барысында тәрбие профилактикалық жұмысын оңтайландыру мәселелері қаралды, білім алушылармен және олардың ата - аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді. Барлығы 7 хаттама тіркелді. Күн сайын алдын алу жұмыстарына жауаптылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру, қадағалаусыз қалудың, мектептегі және мектептен тыс құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қарастырумен айналысады.


Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметінің мақсаты:
- оқушылардың заңға бағынатын мінез-құлқы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- оқушылардың девианттық және бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу, "әлеуметтік қатер" тобындағы білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
- мүшелері арасындағы салауатты қарым-қатынастарды қалпына келтіру және отбасылық тәрбиедегі ауытқуларды түзету мақсатында "тәуекел тобындағы" отбасымен кешенді түзету жұмыстарын жүзеге асыру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі принциптері мен міндеттері:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметі төмендегі принциптерге негізделген :
- заңдылық, демократия және кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;
- кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына жеке қарым-қатынас;
- алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі - алқалы орган болып табылады, оның мақсаты жоспарлау, әлеуметтік қауіпті жағдаяттардың (баланың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтың, қоғамға жат iс-әрекеттер) алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және орындаласын бақылау болып табылады.
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуына, қылмыс жасауына, құқық бұзуына, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауына себеп болған жағдайларды анықтау және жою;
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- әлеуметтік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық және қоғамға қарсы істерге қатысуын анықтау және жолын кесу;
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жоспарына сәйкес келесі нысандармен жұмыс жүргізілді:
1. Оқушылармен жұмыс;
2. Педагогикалық ұжыммен жұмыс;
3. Отбасымен жұмыс;
4. Сынып жетекшілерімен жұмыс;
5. Алдын алу жүйесінің ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекеттесу.
2022-2023 оқу жылындағы жұмысты талдай отырып, жұмыс барысында туындайтын бірқатар мәселелерді анықтауға болады:
Мектеп бойынша Балқаш қалалық ювеналды полиция бөлімінің тіркеуінде 1 оқушы бар.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс нәтижелерінің көрсеткіштері:
1. Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытта жасайтын құқық бұзушылықтар санын азайту;
2. Мектеп ұжымында жанжал жағдайларының санын азайту;
3. Тиімді әлеуметтік-педагогикалық жұмыс есебінен білім алушылардың БҚ ЖПҚБ ЮПТ есебінде және мектепішілік есепке тіркелуінің алдын алу.
Кедергілер:
1. Отбасындағы әлеуметтік және материалдық әл - ауқаты;
2. Баланың бос уақытының тиімді пайдаланылмауы;
3. Білім алушылардың және олардың заңды қкілдерінің заң білмеуі;
4. Білім алушылардың мінез - құлқының ауытқушылығы;
5.Сынып жетекшілердің ата-аналармен байланысының аздығы.
Шешу жолдары:
1.Баланың бос уақытын тиімді пайдалануда мектептегі іс-шараларға қатыстыру;
2.Ата –аналар мен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілердің бірлескен отырыстарды өткізу;
3.Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс ұсыныстар:
1. Оқушылардың мектепішілік тәртіпті қатаң сақтауларын қамтамасыз ету.
2. Сабақты себепсіз жиі босататын оқушылармен жұмысты күшейту.
3. Психотропты заттардың зианы жайында оқушылардың түсініктерін кеңейту.

Келесі оқу жылына жоспарға енгізуге ұсыныстар:



  1. Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу.

  2. Оқушылардың «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында қалалық оқушылар, жастар ұйымдарымен бірлесе әрекет ету.

  3. Әр оқушының қабілет бағыттарын айқындау мақсатында психологиялық зерттеу жүргізу және нәтижесі бойынша оқушыларға, ата-аналарына кеңес беру.

  4. Мамандарды кәсіби біліктілікті арттыру курстарына жіберу, қала мектептері арасында тәжірибе алмасу сағаттарын ұйымдастыруға ұсыныс жасау.

  5. Жоба жетекшісі ретінде тәжірибелі, белсенді педагогтарды жауапты ретінде тағайындау.

  6. Ата - аналарды лицей өміріне белсенді тарту.

  7. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеуге бағытталған нәтижелі жұмыстар ұйымдастыру.

  8. Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет