Мектеп -лицейдің әдістемелік тақырыбы
«Білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында оқыту мен оқуға жаңа тәсілдерді, құндылыққа негізделген білім беруді енгізу; педагогтердің кәсіби дамуы, зерттеушілік мәдениеті, іскерлігін, педагогикалық біліктілігін дамыту»
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мақсаты.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды оқу мен тәрбиеде кіріктіре отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, зерттеушілік мәдениетін жетілдіру, педагогикалық шеберліктерін дамыту, білім сапасын арттыру,
Педагогтерді кәсіби оқыту және дамыту үшін қолайлы орта құру.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.
Инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Оқытуды электронды оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы бағдарламалар құру, ғылыми әдеби оқулықты пайдалану, сандық ресурстық материалдар оқу әдістемелік кешен құру;
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру, күрделі тақырыптарды меңгерту бағытындағы семинар, тренингтер, шебер сыныптар ұйымдастыру;
Оқушының функционалды сауаттылықтылығын дамытуда педагогтарды шығармашылық жұмыстарға тарту;
Педагогикалық практикаға PIRLS, PISA халықаралық салғастырмалы зерттеу құралдарына ұқсас функционалдық сауаттылық пен біліктілікті қалыптастыруға бағытталған білім берудің әртүрлі сатысында алатын оқушылардың негізгі дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру, оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
Білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру;
Педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттары, мазмұны мен нысандары мына нормативтік құжаттармен регламенттелді:
«Білім туралы» ҚР Заңымен;
Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларымен;
Мектептің жарғысымен;
Білім басқармасы органдарының нормативтік құжаттарымен;
2022/2023 оқу жылындағы мектептің оқу жұмыс жоспарымен;
2022/2023 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатпен.
Достарыңызбен бөлісу: |