Жұмыс нысандары:
педагогикалық кеңес;
әдістемелік кеңес;
мектеп-лицейдің және облыстық жобаларын іске асыру бойынша мұғалімдердің шығармашылық топтары;
дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;
біліктілік тестілеуге дайындықты ұйымдастыру және бақылау;
электрондық портфолионы толтыру бойынша консультациялар; толтыруды бақылау;
ашық сабақтар,форумдар,марафондар:
химия, физика, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту;
Функционалды сауаттылықты дамыту бағытындағы пәндік апталықтар;
жас мамандармен жұмыс;
авторлық бағдарламаларды әзірлеу, заманға сай сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша консультациялар және т. б.
Мектеп- лицейміздің тәрбие жұмысының мақсаты:
Құндылыққа негізделген оқу мен тәрбие арқылы жаңа Қазақстанның патриот азаматын тәрбиелей отырып, тұлғаның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын игерген, толерантты, «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді тұлғаға қолайлы жағдай туғызу.
Міндеттері:
1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.
3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту.
4) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру.
5) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру.
6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.
7) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту.
8) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.
9) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.
10) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
12) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.
13) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылды, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктірді.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |