SWOT талдау
Әлді
|
Әлсіз
|
1. Арнайы әдістемелік нұсқаулықтардың болуы.
2. Оқушылардың қоғамдық іс- шараларға қатысу белсенділіктерінің жоғарылауы
3. Мектеп асханасының сапалы жүмыс жасауы, бракеражды комиссияның белсенді әрекет етуі.
4. Тәрбие процесіндегі 8 бағыт бойынша жоспарланған іс-шаралардың жауапкершілікпен атқарылуы.
5. Мектепішілік, қалалық мерекелік іс-шараларға оқушылардың қатысуының белсенділігі.
6. «Сана» дебат клубының сапалы жұмыс атқаруы
7. «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мектептегі түрлі белсенді бағыттарды ұйымдастыруда, өткізуде үнемі белсенділік танытуы.
8. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйелі жүргізілуі.
9. «Сырлас» аналар мектебі мен «Бәйтерек» әкелер мектебінің ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған іс-шараларды сапалы ұйымдастыруы.
|
1. Мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылық әрекеттердің орын алуы.
2. Кейбір мектеп оқушыларының мектеп формасын талапқа сай сақтамауы.
3.Кейбір әлеуметтік жобалардың жүргізілу сапасының ойдағыдай болмауы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп
|
1.Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірлескен ауқымды іс- шаралар ұйымдастыру.
2. Бекітілген мектеп формасының үлгісімен ата-аналарды, оқушыларды оқу жылының басына дейін алдын – ала таныстыру.
3. Жоба жетекшісіне тәжірибелі, белсенді педагогтарды жауапты ретінде тағайындау.
|
Кейбір педагогтардың әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа алмауы.
Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуі.
Мемлекет есебінен тамақтанушы оқушылардың саны артылған жағдайда асханада сыйымдылығының қажетті санды қамтамасыз ете алмауы.
Келесі оқу жылында Білім бөлімдерінен жіберілетін тапсырмалардың өте көп болуынан, жоспарланған жұмыстарға уақыттың жетпеуі.
Мектепішілік, қалалық мерекелік іс-шараларға қатысатын оқушыларда бәсекелестіктің болмауы.
«Сана» дебат клубына қатысатын оқушылардың аз болуы салдарынан жобаның әсерінің төмендеу мүмкіндігі.
Парламент ұйымының жұмысының оқушыларға ауқымды салмақ салуы салдарынан эмоционалды, физикалық тұрғыда шаршауы.
8. Ата-аналардың баланың кәсіби өзін-өзі айқындауына жауапкершілік танытпауы салдарынан атқарылған іс-шаралардың нәтижесінің ойдағыдай болмауы.
9. Ата-аналардың жұмысбастылығын назарға алғанда, олардың мектеп өміріне араласуға деген құлшыныстарының төмен болу мүмкіндігі.
|
3. Мектептегі психологиялық, медициналық, әлеуметтік құрылымдарының, спорттық іс-шаралардың, өзін-өзі басқару ұйымының, кітапхананың жылдық жұмысының сараптамасы
3.1. 2022 - 2023 оқу жылындағы педагогикалық-психологиялық қызметтің жылдық есебі
Мектеп-лицейдің психологиялық қызметінің мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың моральдік-психологиялық ахуалының жоғарылауын қамтамасыз ету арқылы оқу-тәрбие желісін жақсарту.
1) Кәсіби бағдар берудегі психологиялық сүйемелдеу» бойынша:
- Әр оқушы муколледж онлайн парақшасы арқылы диагностикадан өтіп, болашақ мамандықтары және сол мамандыққа қатысты оқу орындары бойынша ақпараттармен қамтамасыз етілді (7-11 сынып оқушылары);
- «Мектеп-лицейдің виртуалды кәсіби бағдар беру кабинеті» арқылы оқушылармен онлайн форматта ағарту, зерттеу жұмыстары жүргізілді.
- Оқушылардың жеке дағдыларын қалыптастырып, дамытатын іс-шаралар ұйымдастырылды;
- «Жаңа мамандықтар атласы» жобасын пайдалану арқылы кәсіби бағдарлаушымен бірлескен семинарлар, тренингдер, консультация сағаттары ұйымдастырылды;
- 7-9 сынып оқушыларының портфолиосы, 11 сынып оқушыларының кәсіби бағдар картасы құрылды;
- Оқушыларды, ата-аналарын Қазақстандағы колледждер, ЖОО жайында ақпараттандырып, оқу орындарына түсу шарттарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді;
4-сынып оқушыларының «Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін анықтау» мамандық бағыттары анықталды;
2 сыныптар арасында «Олимпиала – болашаққа есік», 3 сыныптар арасында «Талабыңа нұр жаусын!» дарындылар сайыстары өткізілді;
3 сыныптар арасында «Менің арманым» тренинг өткізілді;
«ХХІ ғасырда сұранысқа ие болатын мамандықтар» 10-сыныптар, психологиялық кеңес;
«Оқушының бойындағы дағдыны айқындау, дамыту» 7-сыныптар, тренинг;
«Мен және менің өмірлік жоспарым» 8 сыныптар, тренинг;
Өңірдегі оқу орындары туралы, түсу шарттары бойынша ақпар беру, 9-сыныптар, ағарту жұмысы;
Кәсіби бағдар беру бойынша сынып сағаттар тізім құрылып сынып жетекшілерге ұсынылды.
Кәсіби бағдар беру нәтижесі бойынша 3 жылдық мониторинг
Оқу жылы
|
Оқушылар саны
|
10-сыныпқа көшті
|
Колледжге түсті
|
Грант
|
2020-2021
|
85
|
27
|
58
|
40
|
2021-2022
|
79
|
38
|
41
|
25
|
2022-2023 (болжам бойынша)
|
93
|
53
|
40
|
30
|
2023-2024 оқу жылының жоспарына ұсыныстар:
1) Кәсіби бағдар берушімен бірлесе отырып оқушылардың кәсіби сауаттылығын арттыру бойынша жаңартылған іс-шаралар құрастыру;
2) 9,11 сынып оқушыларымен психологтың жеке сұхбаттасуы жұмысын күшейту;
3) Оқушылардың болашақ мамандықты таңдау мәселесіне ата-аналарының қатысуын күшейту.
2) Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша 3 жылдық мониторинг
Оқу жылы
|
Өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекетінің орын алуы
|
Қауіп-қатер тобына жатқызылатын оқушылар саны
|
Психологтың бақылауындағы оқушылар саны
|
2020-2021
|
0
|
0
|
2
|
2021-2022
|
0
|
0
|
1
|
2022-2023
|
0
|
0
|
2
|
Атқарылған іс-шаралар:
«Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен ата-аналарды, педагогтер ұжымын және оқушыларды таныстыру жұмыстары атқарылды;
4 сыныптар арасында «Буллинг. Кибербуллинг», «Желідегі қауіпсіздік» тақырыптарында тренингтер өткізілді.
«Суицид превенциясы» бағдарламасы аясында вахтерларды оқыту, 8-сынып оқушыларына семинар өткізу жұмыстары атқарылды;
8-11 сыныптар оқушыларының психикалық күйін анықтау мақсатында сауалнамалар алынды;
«Аутодеструктивті мінез-құлықты байқау, алдын алу» бойынша жоғары сыныптар ата-аналарының жиналысында дәріс өткізілді;
Есірткі, улы психотропты заттардың зияны жайында жасөспірімдерге түсінік беру бойынша мектептің әлеуметтік педагогымен және инспектормен бірлескен кездесулер ұйымдастырылды (6-11 сыныптар арасында);
Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты төмендетуге, жеңуге бағытталған психологиялық тренинг (6-7 сыныптар).
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық, қараусыздық пен панасыздық жағдайын зерттеу мақсатында 5-11 сыныптар аралығында «Оқушылардың отбасымен қарым-қатынасын зерттеу», 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан, 5-11 сынып оқушыларынан «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық әрекеттер» сауалнамасы жылына 3 рет алынды. Нәтижесінде 2 жағдай анықталып, есепке тіркелді.
2023-2024 оқу жылына жоспар:
АСППМ программасының барлық мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарын күшейту;
8-11 сыныптар оқушыларының эмоционалды жағдайын қатаң бақылауға алу;
6-7 сыныптар оқушыларының девианттық мінез-құлықтарының алдын алу бойынша жұмыс процесін күшейту.
3)Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша психологтың сүйемелдеу жұмысы.
Жұмыс барысы 3 бөлімнен құралды.
І бөлім - психологиялық диагностика (анықтау жұмыстары) бойынша атқарылған жұмыстар:
11 сынып оқушыларының мамандықтарға қызығушылығын, бейімділігін анықтау, қажетті бағыт беру жұмыстары муколледж платформасы арқылы жүргізілді;
11 сынып оқушыларының эмоциялық көңіл-күйін анықтау мақсатында диагностика жүргізілді.
ІІ бөлім -психологиялық коррекция (түзету жұмыстары) бойынша атқарылған іс-шаралар:
оқушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту тренингі.
ІІІ бөлім -психологиялық профилактика бойынша атқарылған іс-шаралар:
Өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған тренинг;
«ҰБТ мен бітіру экзамендеріне дайындық қағидалары бойынша психолог ұсыныстары» психологпен кездесу сәті;
«Өз эмоцияңды қалай басқару керек?» тренинг;
«Атаулы күнге 1 апта қалғанда» эмоцияны басқару әдістері тақырыбында тренинг өткізілді.
11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық қарсаңындағы психологиялық ахуал көрсеткіштері
Стрестік көңіл-күйге жиі келіп отырған 2 оқушы психологтың бақылауында болды. Барлық 24 оқушы оқу жылын сәтті аяқтап, ҰБТ-ді психологиялық күйзелусіз тапсырды.
4) «Дарынды балалармен жұмыс» бағыты бойынша
Мақсаты: оқушылардың функционалды сауаттылығын ашуға көмектесу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйрету.
2022-2023 оқу жылында атқарылған іс-шаралар:
Баярлық тобының ойлау, білім дәрежелерін анықтау жұмыстары жүрізілді (Керн-Йерасек әдістемесі);
1-4 сынып оқушыларының қабілет бағыттары айқындалды;
2-8 сыныптар оқушының әлеуметтік-психологиялық деңгейлері анықталды;
2 сыныптар арасында білімге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Олимпиада – бола-шаққа есік» атты сайысы ұйымдастырылды;
5-6 сыныптар оқушыларының пәндер бойынша бейімділіктерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді;
Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеліп, сынып жетекшілеріне ұсынылды;
9 сыныптар оқушыларының (IQ) логикалық интеллект деңгейлерін диагностикалау жұмысы атқарылды;
3-сынып оқушылары арасында «Талабыңа нұр жаусын!» атты өзін-өзі бағалауын арттыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды;
Мектеп-лицейдің оқу үлгерімі төмен оқушыларының үлгерімінің төмен болуының түпкі себебі айқындап, дұрыс көмек беру мақсатында оқушылардың жеке педагогикалық-психологиялық картасы құрылды.
2023-2024 оқу жылына ұсыныстар:
Білім бағыты бойынша дарынды оқушылардың эмоционалды интелектісін дамыту жұмыстарын нығайту.
Қорытынды: 2022-2023 оқу жылында мектеп штатына кәсіби бағдарлаушы маманы қосылды. Кәсіби бағдарлаушы мен психологтың бірлескен жұмыстары атқарылды. Психологтың ерекше назарында болған оқушылар саны 2. Және 2 оқушы да эмоционалдық жағдайы қалыпты деген шешіммен ерекше назардағы оқушы тізімінен шығарылды.
2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызметті талдай отырып, 2023-2024 оқу жылында жоспарға енгізілуі тиіс шаралар белгіленді:
- буллинг, кибербуллинг оқиғаларының жиілеу жағдайына байланысты осы бағытта жұмыс барысын үдету;
- оқушылардың эмоционалды интелектісін жоғарылату;
- компьютерлік сауапттылықтарын (дұрыс ақпарат көздерін таба білу) арттыру;
- өзін кәсіби айқындауға деген жауапкершілік сезімдерін күшейту.
3.2. 2022-2023 оқу жылындағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілген жылдық жұмыс есебі
Мектеп-лицейдегі ерекше білім беру қажеттілігі бар (ары қарай ЕББҚ) оқушыларды психлогиялық-педагогикалық қолдау қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» № 6 бұйрығын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» № 4 бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2022 жылдың 1 қыркүйек күнімен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру туралы лицейішілік №123 бұйрығына негізделіп жүзеге асырылды.
2022-2023 оқу жылына педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің (ары қарай ППҚ) құрылған жұмыс жоспары аясында, мектеп-лицейдің барлық педагогтерімен семинар өткізіліп, педагогикалық кеңесте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс тәртібі талқыланды.
Мектеп-лицейдің сынып жетекшілері және педагог-психолог қыркүйек айынан бастап әрбір білім алушының әлеуметтік-эмоционалдық және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылады, нәтижесінде оқуында қиындығы бар балалар анықталды. Ерекше білім беруге қажеттіліктерді бағалау тәртібі бойынша оқу қиындықтарының себептеріне байланысты ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындады:
Бірінші топқа – 8 бала;
Екінші топ – 7 бала тіркелді.
Бірінші топқа жататын ЕББҚ бар оқушылары ПМПК қорытындысы негізінде әр пән мұғалімі оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын бейімдеді, педагог-психолог әр оқушымен диагностика жүргізді, оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлері өзгертілді, арнайы мамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (педагог-психолог, логопед, дефектолог) коррекциялық жұмыстары қамтамасыз етілді; кедергісіз орта құрылып, оқу орны бейімделді.
Екінші топтың оқушыларының педагог-психолог маманы мінез құлқын, өзін-өзі ұстауын, қызмет қарқынын, танымдық дамуын, сөйлеу тілінің дамуын, сыныптастарымен және ересек адамдармен қарым-қатынасы, эмоциялық ерекшеліктерін, моторлық дамуын, әлеуметтік-тұрмыстық дағдысы зерттеліп, нәтижесінде педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі екінші топ ЕББҚ бар оқушылардың оқудағы ерекше қажеттіліктерін, оқудағы қиындықтарын бағалау нәтижесінде шешім шығарылды. ППҚ қызметінің шешімі бойынша екінші топ оқушыларға арнайы орта құрылып, арнайы мамандарының жеке түзету-дамыту сабақтары өткізілді.
Логопед маманының бақылауында 11 бала, дефектолог бақылауына 6 бала тіркелді. Әр ЕББҚ бар оқушыға жеке дамыту бағдарламасына сәйкес, құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша түзету сабақтары уақытында өткізілді.
Логопед маманының түзете – дамыту жұмыстары төмендегідей кезеңдермен өтті:
1. Диагностикалық кезең:
1. оқушының психо-физиологиялық қалпын жан-жақты зерттеу.
2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.
3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
2. Коррекциялық дамыту кезеңі:
1. оқушының даму қалпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
2. түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. оқушының сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке дамыту бағдарламасын» құру.
Түзету сабағы аптасына 2 рет уақытылы жүргізілді. Оқушылардың барлығына сөйлеу картасы, логопедиялық тұжырымдама толтырылды. Ата-аналарымен келісім-шарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп отыр. Қазан айынан бастап мемлекеттік стандартқа байланысты картотекалар дайындалып, толықтырылды. Оқу жылының басында күн тәртібі мен ұйымдастырылған оқу қызметі дайындалып, бекітілуі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді.
Балалардың жалпы сөйлеу тілін зерттеп, сөйлеу тілі дамымауының ерекшелігін және деңгейін ескеріп, әр балаға сөйлеу картасы толтырылды. Соған сәйкес күнтізбелік, жылдық жоспар жасалды. Жоспарға сәйкес артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығулары,ұсақ қол моторикаға арналған жаттығулар, дыбысты қою, машықтандыру, сөздің буындық құрылымын қалыптастыру, фонематикалық естуін және қабылдауын дамытуға арналған жұмыстар жүргізілді. Көбіне жас ерекшелігіне байланысты ұсақ моториканы дамытуға байланысты жаттығулар мен түрлі ойындар пайдалана отырып, баланың сөздік қорын молайтуға септігін тигізу үшін кеспе қағаздары, суретпен жұмыс, интернет материалдары мен сергіту сәттерін пайдалана, қызықтыра оқу қызметін өткізіліп отырды. Балаларға диагностика жасалып, танымдық қабілеттері мен оқу іс-әрекетіне талдаулар жасалынды. Тіл бұзылыстарына байланысты өз ойын айту, қоршаған орта туралы түсінігі мен дыбыстарды тану, сөйлеу қабілетін жақсарту, көру, есте сақтау қабілеті артып, оқу іс-әрекетін дамыту мақсатында әртүрлі дидактикалық материалдар арқылы жұмыстар жүрді.
Қорыта келгенде, ППҚ қызметінің жұмыс процесін талдай отырып, алдағы оқу жылында ерекше назар аударатын бағыттар белгіленді:
ЕББҚ бар оқушылар тізіміндегі оқушылармен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін келесі оқу жылында жалғастыру.
Түзету дамыту жұмыстарына ата – аналарды тарту, тығыз байланыста болу.
ЕББҚ бар оқушыларының оқу жетістіктерінің мониторингісін жүргізу. Мерзімі аяқталған ПМПК қорытындыларын қайта ПМПК-ға жіберу.
ППҚ қызметі құрамындағы мамандарының семинар ұйымдастырып, жаңа әдістерімен педагогтарды таныстыру.
Әлді жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
-бірнеше дыбыстар түзетілді;
-оқушылардың енжар сөздік қоры белсенді сөздік қорларымен толтырылды, байланыстыра сөйлеулері біршама жақсарды.
|
- арнайы құрал-жабдықтардың болмауы
-ата-ананың берілген ұсыныстарды толыққанды және уақытылы орындамауы;
-белгілі себептерге байланысты баланың сабақты босатуы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіпті жақтары
|
-арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған кабинет ашу.
|
- үй тапсырмасына берілген артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындамау салдарынан әсердің төмендеуі;
- ЕББҚБ оқушылар тізімінде баласының болуын қаламайтын ата-аналардың әрекетінен баланың дұрыс дамымауы.
|
3.3. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру
«Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ-сіндегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі. Жыл бойы жалпыға міндетті оқу қорынан тегін тамақтануға құжаттар «Е-білімал» платформасы арқылы үнемі қабылданып отырды.
Оқу жылының басынан көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын 22 оқушы санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес тегін тамақтанды.
1-4 сыныптар бюджет тарапынан 1-4 сыныптарды оқитын 442 оқушы, яғни 100%-ы тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Мектеп асханасыдағы тамақтың ұйымдастырулуы және жұмысы арнайы комиссиямен тексеріліп бақыланды. Бұл комиссия құрамына мектептің қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кірді. Құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес 7 адам. Аталған бракераждық комиссия құрамы 2022 жылдың 01 қыркүйегіндегі №110 мектепішілік бұйрығымен бекітілген.
Бракераждық комиссия мүшелері асхананы аптасына бір рет, әр дүйсенбі күні тексеріп дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия күнделікті тексеріп, қадағалап отырады. Жүргізілген жұмыстар әдеттегідей интернеттегі «Лицейдегі тамақтандыру» сайтына жарияланып отырды.
Комиссияның міндеттері:
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
- тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
- оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
- комиссияның жұмыс жоспарын жасап, оны білім беру мекемесінің әкімшілігімен келісу.
3.4. 2022-2023 оқу жылы бойынша бракераждық комиссияның ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы
2022-2023 оқу жылының тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссиясы 4 тоқсан ішінде кестеге сәйкес 32 тексеріс жүргізді. Әр бақылаудан кейін арнайы берілген нұсқада АКТ толтырылып,тексеріс бойынша суретті- ақпар веб-сайтқа жарияланып отырды.
Оқу жылында жүргізілген тексеріс барысында төмендегідей жағдайлар анықталды:
Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс -аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Шикізаттар мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөніс, көк, ет, сүт өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері, аспаздық, ұннан жасалған аспаздық, кондитерлік өнімдер) бөлу үшін таңбаланған жеке бөлшектеу доскалары пайдаланылады.Жарықтары, сынығы бар, шеттері сынған, деформацияланған, эмалі зақымдалған ыдыстар анықталған жоқ.Қойма бөлмелері және тоңазыту камералары стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған. Тамақ өнімдерінің табандықтарда, тауар қоятын орындары бар. Нан сақтауға арналған шкаф ағаштан жасалған. Арнайы тесіктері бар. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймада температуралық-ылғалдық, жарық режимі, азық-түлік өнімдерінің әрбір түріне қойылатын қоймалау нормаларына сәйкес тауар көршілестігі сақталған. Тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың ішінде арнайы термометрлер бар.
Мектептегі ас мәзірі қалалық ББ-нен берілген екі апталық перспективалық ас мәзіріне сәйкес жүргізіліп отырады. Күн сайын асхана залында мектеп директоры бекіткен ас мәзірі ілінеді, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіліп отырады. Күнделікті осы ас мәзіріне сәйкес тағамдар даярланып отырады. Тексеріс барысында құрамында жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер және тәттілендіргіштер бар шұжық өнімдері, сосискалар және басқа да тыйым салынған өнімдер анықталған жоқ.
Комиссия қызметінің циклограммасына сәйкес күн сайын медицина қызметкері тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Күн сайын дайын өнімнің тәуліктік сынамалары нақты мәзірге сәйкес қалдырылып, сынамалар тоңазытқышта қақпағы бар шыны ыдыста, келесі күні дайындалған тағаммен ауыстырылғанға дейін кемінде 24 сағат сақталатыны анықталды.
Мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Асханада оқушылар 2 ауысымда тамақтанады. Әлеуметтік педагогтың күнделікті бақылауымен оқушылардың тамақтану кестесі құрылып, сол бойынша оқушылар үзілісте кезекпен тамақтанады. Мектептің 464 оқушысы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде 1-4 сыныптардан 442 оқушы бюджет тарапынан, аз қамтылған отбасыларынан шыққан 5-9 сынып арасында 22 оқушы, 2 қамқорлықтағы оқушы тегін тамақтанды. 10 оқушы арендатор тарапынан тегін тамақтанды. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалады.
Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілді және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрды. Асханада 5 адам жұмыс жасады. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген.
Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды.
Әр жексенбі күні жеткізілген өнімдердің, күнделікті дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілді. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. Лицей медбикесімен бракераж журнал жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады. Аталмыш комиссияның жұмысының міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастыру, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бұдан басқа аталмыш комиссия мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отыр. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізілді. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалады.
Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасады. Мұнда әр түрлі пісірілген буфеттік өнімдер мен әр алуан шырындар сатылды. Буфеттік өнімдердің бағасы арнайы стендте көрсетілген.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі.
Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.
Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар орған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Асханада пайдалануға жол берілмейтін, яғни тыйым салынған тағамдар қолданылмайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.
Асхана қызметкерлеріне ешқандай ескерту жоқ. Оқушылардың тамақтану сапасы жоғары деңгейде атқарылады.
3.5. Балалардың әлеуметтік қорғалуы
Мектеп-лицейде 2 қамқорлықтағы қалған оқушы бар - Жумабекова Аружан – 8 «В» сынып Савден Даниял 3 «А» оқушысы.
Балалар үнемі сынып жетекшілерінің, лицей педагог-психологының, әлеуметтік педагогтың бақылауында. Психлолгиялық құбылыстары бір қалыпты. Сабақ үлгерімдері жақсы. Психолог тарапынан ескертулер жоқ.
Жылына 2 рет қамқоршылары шақырылып «Қамқоршы есебі» алынады. 2022-2023 оқу жылында қамқоршылықтағы оқушыларға төмендегі кесте бойынша материалдық көмек көрсетілді, жыл бойы тегін тамақтандырылды.
Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрығына сәйкес «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында жалпыға міндетті оқу қорынан және қаламыздағы жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 53 білім алушыға көмек беру көзделіп төмендегі кестеге сәйкес жүзеге асырылды.
2022-2023 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 (жалпы оқу қоры туралы) қаулысына сәйкес жалпы оқумен қамту қорының есебінен аз қамтылған отбасы және қамқоршылықтағы 53 оқушыға мемлекет тарапынан 1 оқушыға 37 389 тг көлемінде көмек берілді. Жалпы 1,981 617 тг көлемінде қаражат жұмсалды. Және ыстық тамаққа 22 оқушыға 1 774 080 тг қаражат жұмсалды. Алыс жерде тұратын білім алушылардың мектепке келіп қайтуы үшін оқу жылының басынан 152 оқушыға 912840 тг жұмсалды.
Демеушілер көмегі арқылы 20 оқушы сөмке (рюкзак) және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Жалпы оқумен қамту қорының есебінен көмек алған оқушылар саны
3.6. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша іс – шаралар есебі
Оқушылардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы- сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар, спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. 2022-2023 оқу жылында спорттық іс-шаралар жүйелі түрде атқарылды.
Денсаулық күніне орай отбасылық сайыс, баскетбол, волейбол, тенис, шашки, тоғыз құмалақ, бес тас, старт гейм, қысқы ойындар, биатлон, ұлттық ойындар және «Жұлдызды сағат» Азия чемпионы: Ермек Ерасылмен кездесу өтті.
Қалалық жарыстан: «Бес тас» ойынынан Мақсут Ажар, Мекен Нұрай, Нұрғалиева, Әмина, Ынтықбекова Мөлдір, Айсұлу 1- орын;
Амангелді Қарақат, Ерболқызы Тұмар, Сайлаухан Аңсаған 3- орын, шашкиден үлкен топтан -Тиышбай Мирас 1- орын, Тлеуқұл Ерзат 2- орын, кіші топтан –Тлеуқұл Нұрхат 1- орын, Кынар Ерасыл 2- орын; қалалық эстафетадан ұлдар 3- орын, қыздар 4- орынды иеленді.
Мектеп оқушылары волейболдан ұлдар арасында қалалық жарысқа белсенді қатысып 3 орынды иеленді. Футболдан мектеп-лицей құрама командасы 3-орынға ие болды. Лицей оқушыларының 35 пайызы мектептен тыс спорттық секцияларға қатысады. Лицей ұжымымен серіктестік көрсетуде және ата –аналардың қолдауымен «Өнер мектебі» КМҚК, «Оқушылар сарайы» КМҚК, «ФОК» спорт клубының, «Барыс» спорт клубының оқушы дамуына, олардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдалануына үлесі ерекше.
Лицей оқушыларының спорттық сайыстарға, фестивальдарға қатысу нәтижесі
Түрі, деңгейі
|
2020-2021
|
2021-2022
|
2022-2023
|
қалалық
|
облыстық
|
республикалық
|
халықаралық
|
қалалық
|
облыстық
|
республикалық
|
халықаралық
|
қалалық
|
облыстық
|
республикалық
|
халықаралық
|
Фестиваль
|
17
|
-
|
-
|
-
|
45
|
0
|
0
|
0
|
50
|
0
|
0
|
0
|
Спорттық ойындар
|
20
|
-
|
-
|
-
|
30
|
24
|
3
|
0
|
35
|
21
|
1
|
0
|
Байқаулар
|
10
|
-
|
-
|
-
|
37
|
4
|
0
|
0
|
41
|
3
|
0
|
0
|
3. 7. Мектеп-лицейде көрсетілетін медициналық әдістемелік жұмысының талдауы
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын арнайы технологиялар арқылы қалыптастырудағы теориялық тұрғыда негіздеп әдістемелік ұсынымдар жасай отырып, жалпы оқу процесіне қатысушылардың денсаулық динамикасын қадағалау.
Жыл бойы балаларға жоспар бойынша тұмаудан қарсы екпе, 6 жастағы екпелер және 16 жастағы екпелер жасалды. Дәрігерлік тексерістің қорытындылары форма 26 балалардың денсаулық паспортына, яғни дәрігерлік құжатына жазылады, сынып журналына және білімалға денсаулық парағын толтырды.
Денсаулық динамикасын қадағалау мониторингі
Денсаулық динамикасын қадағалау мониторингісі бойынша биылғы оқу жылында диспансерлік есептегі оқушылар саны өткен оқу жылына қарағанда 2 балаға кеміді. Диспансерлік есепте тұратын, дене тәрбиесінен босатылған оқушылар саны 3 оқушыға артып отыр.
Денсаулығына байланысты сабақ босатқан оқушылар саны
|
2020-2021
|
2021-2022
|
2022-2023
|
І жарты жылдық
|
жыл соңы
|
жыл соңы
|
жыл соңы
|
Тұмаумен ауырған оқушылардың саны
|
100
|
100
|
0
|
0
|
Бронхитпен ауырған оқушылардың саны
|
10
|
10
|
5
|
1
|
ЖРВИ
|
90
|
90
|
74
|
117
|
Фарингит ауруымен ауырған оқушылардың саны
|
35
|
35
|
47
|
10
|
Сынықпен тіркелген оқушылардың саны
|
2
|
2
|
5
|
1
|
ДЖВП аурумен тіркелген оқушылардың саны
|
3
|
3
|
13
|
2
|
Дерматитпен ауырған оқушылардың саны
|
4
|
4
|
3
|
0
|
Анемиямен ауыраты оқушылардың саны
|
4
|
4
|
1
|
1
|
Құлак ауруымен ауыратын оқушылардың саны
|
3
|
3
|
1
|
1
|
Хр. пиелонефрит
|
3
|
3
|
3
|
1
|
Гаймарит
|
1
|
1
|
-
|
-
|
ВПС
|
4
|
4
|
-
|
3
|
Резанная рана
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Ушиб
|
2
|
2
|
13
|
1
|
Анигина
|
20
|
20
|
14
|
0
|
Қорытынды: соңғы 3 жылда коронавирустық инфекцияға байланысты балалардың сырқаттану динамикасы өсуді көрсетті. Коронавирустық инфекцияға шалдыққан оқушы және ол оқушы оқыған сынып толығымен 2 апталық мерзімге карантиндік режимге көшіп отырды. Мектеп-лицейдегі санитарлық-эпидемиологиялық талап күшейіп, күнделікті мектепке келген қызметкерлердің, оқушылардың температурасы өлшеніп, бақылаудан өткізіліп, журналға толтырылып отырды. Коронавирустық инфекциямен күресу барысында мектеп-лицейдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануы оң нәтиже берді.
Айқындалған мәселе: Көпшілік ата-аналар балаларды коронавирустық инфекциядан кейін, тұмау және кезекті жоспарланған 6 жастағы Абкдс- КПК,16 жастағы АДС-М қарсы вакцинациялаудан бас тартуы.
Шешу жолдары: Балаларды вакцинациямен басқарылатын инфекцияларға қарсы егу бойынша ата-аналар арасында санитарлық жұмыс жүргізу. Респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізу.
3.8. «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс есебі
Мектептегі Парламент Президентін сайлауын ұйымдастыру және Парламент құрылымын құру, фракция жетекшілерін тағайындау өткізілді. Әр фракцияда отырыстар өткізіліп, жылдық жоспары құрылды.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының ұйымдастыруымен:
«Ұстазыма мың алғыс» челленджін өткізді.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында сурет байқауын өткізді .
«Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылды. Қамқорлық фракциясы мен бірлесе отырып,фракция мүшелері мектебіміздің аз қамтылған оқушыларына азық-түлікпен қамтамасыз етті.
«Асханаға 1 күндік көмек» атты челленджін ұйымдастырды.
«Әдеп – ең қымбат мирас» сынып сағаттары өткізілді.
«Өзін-өзі тәрбиелеу-өзімен жұмыс жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Тұлғаның қалыптасуы» атты тақырыпта пікір-сайыс өтті.
«Ұстазыма мың алғыс» атты челендж өткізілді.
Экология және еңбек фракциясының ұйымдастыруымен:
«Қоқыссыз әлем» тақырыбында оқушылардан репортаж алынды.
Жас көшеттер отырғызу акциясы өткізілді.
Мектеп оқушыларына электронды сигареттің зиянын түсіндіру мақсатында үгіт насихат жүргізілді.
Қалалық «ProEco» экологиялық үгіт-насихат байқауына қатысты.
«Құстар ұяшықтары» байқауы өткізілді.
«Қалдықсыз пикник» акциясын ұйымдастырылды.
Экологиялық жәрмеңке өткізілді.
Спорт және салауатты өмір салты фракциясыныңұйымдастыруымен:
Денсаулық күніне арналған іс-шаралар (флешмоб, эстафета, ұлттық ойындар, фудболдар өткізілді. 7-11 сыныптар арасында жеңіл атлетикаға дайындық жүргізілді. 5-11 сыныптар арасында фудболдан мектеп-лицейі лигасы өтті.
Мектеп ішілік спорт апталықтары өткізілді.
Волейбол, баскетбол, үстел тенисі, ұлттық ойындарға дайындық өтті.
«Денсаулық күні» аясында 7-8 сыныптар арасында футбол жарысы ұйымдастырылды.
5-11 сыныптар арасында қысқы президенттік көп сайыс жарысы өткізілді.
7-11 сыныптар арасынан қалалық волейбол жарысына қатыстырылды.
3-11 сыныптар арасында ұлттық ойындар өткізілді.
«25қазан – Республика күні» мерекесіне орай 3-8 сыныптар «Бес асық», «тоғызқұмалақ», «асық ату» ойындары ұйымдастырылды.
Ақпарат фракциясыныңұйымдастыруымен:
«АбайNEWS» жаңалықтары түсірілді.
«Туған тілім-тұғырым» тақырыбында репортаж ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары арасында «Мекнің мектебім» тақырыбында сұхбаттар алынып, видеоролик жүргізілді.
«Ең үздік шығарма, ең үздік эссе, еркін тақырыпта шығармалар жарысы өткізілді».
«Жас тілші» байқауы өткізілді.
8-наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамын құттықтау түсірілді. 22-наурыз іс-шарасына мақала жазылды.
Халықаралық достық күніне арналған «Бірлік барда тірлік бар» атты дөңгелек үстел өтті.
Құқық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен:
«Конституция Мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында фракция отырысы өткізілді.
«Сен өз құқығыңды білесің бе?» (Бала құқығы туралы ҚР-ның заңы бала құқығы туралы Конвенция) атты тренинг өткізілді.
Не? Қайда? Қашан? атты интеллектуалды ойындар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа көз қарасың қандай? Бірге қалай төтеп береміз? тақырыбында презентация қорғалды.
7-9 сыныптар арасында «Біздің тәртібіміз» атты отырыс өтті.
«Ата-заң дегеніміз не? Оны қалай сақтап қала аламыз?» тақырыбында презентация қорғалды.
«Құқығым бар» атты интеллектуалдық ойын жүргізілді.
Мәдениет және өнер фракциясыныңұйымдастыруымен:
Ұстаздар күніне арналған мерекелік өткізілді. 8-10 сыныптар арасында «күз ханшайымы мен ханзадасы» сайысы өтті.
«Сыбдыры сұлу-Алтын күз!» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында байқау өткізілді.
«80-90 жылдар біздің көзімізбен» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында би жарысы өтті.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті.
«Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекелік кеш өткізілді.
7-11 сыныптар арасында «Мамандықтар әлемі» байқауы өтті.
«Ауғанның от жалыны» атты патриоттық ән байқауы өтті
Қамқорлық фракциясыныңұйымдастыруымен:
«Қарттарым - асыл қазынам» атты акциясы аясында ардагер ұстаздарды, ардагерлерді құттықтау ұйымдастырылды.
Оқулыққа қамқорлық акциясын ұйымдастырды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында байқау ұйымдастырылды. «Оқырман сыныптар» анықталды.
«Денсаулық және сұлулық» тақырыбында сурет байқауы өтті.
«Құстар ұясы» атты құстарға арналған ұяшықтар жасалды.
«Үлкен жүрек» атты қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды.
Фракция жұмысының қорытынды есептері әр апта сайын Мектеп Парламентінің отырысында талқыланып отырды.Оқу жылының соңында үздік фракция жетекшісі марапатталып, болашақ «Мектеп Парламенті Президенті» мен фракция жетекшілерінің сайлауы өтті.
2022-2023 оқу жылында «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының құрамына еніп белсенді іс-әрекет атқарған оқушылар саны
Айқындалған мәселе: Кейбір фракция жетекшілерінің көш басқарудағы тәжірибесінің аздығы.
Мәселені шешу жолдары:
Фракция жетекшілерін қайта сайлау (жүргізілді);
Мектеп Парламенті мүшелерінің лидерлік қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу.
Мектеп-лицейдің кітапхана қызметінің жылдық жұмыс есебі
Оқушылардың оқулықпен қамтылуы 2022-2023 оқу жылындағы жоспар бойынша 100 пайыз. 3-11 сынып оқушыларына оқулықтар толықтай таратылды. Кестедегі көрсеткіштер бойынша 2 сынып оқулықтары толықтай жаңартылды. Кітапхана қорына 105 комплект кітап келіп түсті. Өңделіп, сыныптарға таратылды. 1 сыныптарға жаңа оқулық бар. Барлығы 125 дана комплекті кітап төрт сыныпқа таратылды. 1 сыныпқа қосымша дәптерлері келді. Өңделіп, ол да таратылды. 7 сыныптың 50 пайыз оқулығы жаңартылды. 7 сынып ағылшын оқулығы қала бойынша жетпей келді. Қосымша тапсырыс беріліп, толықтырылды. Өңделіп, сыныптарға таратылды. Аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көп балалы отбасы санатындағы сынып оқушылары бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Сынып жетекшілеріне ескертіліп, айтылды.
Кітапхана құжаттары бойынша жалпы мәліметтер:
Атауы
|
Жалпы саны
|
Кітаптар саны (мектеп оқулықтарын, көркем әдебиетті, кітапшаларды, журналдарды қосқанда) (мың экз.) (Количество книг (включая школьные учебники, художественная литература, брошюры, журналы) (тыс.экз)
Мектеп оқулықтары - 34 946
Көркем әдебиеттер - 17 509
Кітапшалар, журналдар - 10 491
Барлығы - 62 946
|
62 946
|
Оның ішінде мектеп оқулықтары (В.т.ч. школьных учебников)
|
34 946
|
Қордың өсуі (Рост фонда)
|
3 743
|
Жаңа буын оқулықтар саны (Количество учебников нового поколения)
|
34 946
|
Оқырмандар саны (Количество читателей)
|
900
|
Кітапханаға оқырмандар бару саны (адам) (Количество посещений библиотеки (чел.)
|
9 000
|
Қазақ тіліндегі кітаптар саны (Количество книг на казахском языке)
|
28 000
|
Кітап беру саны (Количество книговыдачи)
|
17 000
|
Кітапханашылар саны (адам) (Количество библиотекарей (чел.)
|
2
|
Кітапханалық білімі бар кітапханашылар саны (Количество библиотекарей с библиотечным образованием)
|
1
|
Оқу залдарының саны (Количество читальных залов)
|
1
|
Оқу залдарындағы отыратын орын саны (Количество посадочных мест в читальных залах)
|
10
|
Кітапхана ауданы (шаршы метр) (Площадь библиотеки (кв.метров)
|
60,8 м2
|
2022-2023 оқу жылындағы мектеп-лицей кітапханасында өткізілген шаралар, қойылған көрмелер бойынша ақпараттар
Сыныптар
|
Жалпы оқушылар саны
|
Кітап саны
|
Қамтамасыз етілуі (%)
|
1-сынып
|
100
|
125
|
100
|
2-сынып
|
92
|
105
|
100
|
3-сынып
|
105
|
125
|
100
|
4-сынып
|
126
|
130
|
100
|
5-сынып
|
85
|
124
|
100
|
6-сынып
|
97
|
102
|
100
|
7-сынып
|
99
|
115/ 50
|
100
|
8-сынып
|
91
|
105
|
100
|
9-сынып
|
93
|
110
|
100
|
10-сынып
|
43
|
50
|
100
|
11-сынып
|
24
|
37
|
100
|
Барлығы:
|
955
|
|
|
2022-2023 оқу жылының І-ІІ жарты жылдығы бойынша лицей ұжымының мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары жүзеге асырылды.
І-жарты жылдыққа жеке жазылушылар Балқаш өңірі газетіне 51 дана, Ізденіс - 1 дана, Орталық Қазақстан газетіне - 1 дана, Северное Прибалхашье газетіне - 2 дана мерзімді басылымдарға жазылды. ІІ-жарты жылдық бойынша бюджеттен (республикалық, облыстық) мерзімді басылымдарға 24 басылым атауына жазылдық.
Мектеп-лицейі жаңалықтары Бұқаралақ ақпараттың бетіне 2022-2023 оқу жылы 7 мақала жарияланды.
Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп - лицейімізде 2021 жылдан жүзеге асырылуда. Жоба аясында мектеп-лицейіміздің ұстаздары мен кітапхана кеңесінің мүшелерімен бірлесе отырып кітап оқу үрдісіне үлес қосуда түрлі шаралар жүргізілді. 2022-2023 оқу жылының жоспары құрылып, соған орай мектеп - лицейімізде «Буккроссинг» кітап алмасу бұрышы, 20 минуттық кітап оқу жұмыстары, блиц сұрақтар, отбасылық кітап оқу, әдеби алаңдар жүзеге асырылды. Әр сынып бойынша 20 минуттық кітап оқу сағатының кестесі бекітіліп, 2-11 сынып білім алушыларымыз түрлі жанрдағы кітаптарды оқыды. «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ - де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясынде әр дүйсенбі, сәрсенбі «Кітап жарнамасы» өткізілді.
2022-2023 оқу жылында жоба аясында 45-тен астам іс-шара ұйымдастырылып, жылдық қорытынды жасалды. Жоба аясында белсенділік танытқан 6 А сыныбы (сын.жетекшісі: Сардарбекова Г.Р.) биылғы «Үздік оқырман сынып» кубогының иегері атанды. Сыныптар бойынша 20 минуттық кітап оқу сағатына қатысу мониторингісі:
О қуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген 20 минуттық кітап оқу сағатына сыныптардың кестесі бойынша бастауыш, орта буын оқушыларының қыркүйек, қазан, қараша айларында белсенділігін байқауға болады. Басқа айларда қатысу көрсеткіші төмен болып отыр. Үстіміздегі оқу жылы оқу сағатын жандандырып, «Кітап жарнамасын» қолға алу жоспарланып отыр.
2022-2023 оқу жылындағы жоспарға сәйкес кітапханада төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
Атаулы күндер бойынша әртүрлі іс-шаралар;
««BookBest» кітап алмасу акциясы;
Bookdating
Bookdiwing
Кітапханалық квилт
Буккроссинг
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы;
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
KITAPFEST» кітап фестивалі
Қаламыздағы кітапханалармен әріптестік байланыс
2022-2023 оқу жылында кітапхана тарапынан 59 іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 20 іс-шараға артық өткізілген. Оқырмандарымыздың танымдық үрдісіне баса назар аударылған шаралардың көп өткізілгенін байқауға болады. Сонымен қатар, балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт - отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқыту арқылы оқырман отбасын анықтау мақсатына да баса назар аударылып, тиісті жұмыстар, іс-шаралар өткізілді.
Кітапхана жұмысының әлді жақтары:
√ кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім және Ғылым Министрлігінің бұйрықтары мен өкімдерін, мектеп-лицей кітапханасының дамуын белгілейтін мектеп-лицей директорының бұйрықтары мен шешімдерін басшылыққа ала отырып жұмыс атқарды;
√ кітапхананың негізгі мақсаттары мен міндеттері толықтай жүзеге асырылды;
√ «Оқуға құштар мектеп» жобасы жан-жақты қолға алына бастады;
Достарыңызбен бөлісу: |