Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Оқу процесін мектепішілік бақылау



бет25/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Оқу процесін мектепішілік бақылау
Оқу процесін мектепішілік бақылау «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021.16.09 № 472 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
Бақылаудың мақсаты: әр оқушының жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім беру мүмкіндіктерін және денсаулық жағдайын ескере отырып, білім алушылардың даму динамикасын, олардың білім беру әлеуетін іске асыруды бақылау негізінде оқу процесін жетілдіру.
Міндеттері:
 барлық қатысушының заңды құқықтары мен мүдделерін барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашық білім беру ортасын құру;
 білім алушылардың функционалдық сауаттылығының барлық түрін дамытуда елеулі нәтиже беретін жаңартылған бағдарлама бойынша пәндерді оқытудың тиімді тәсілдерін анықтау және қорыту;
 білім беру процесіне мектептің әлеуметтік ортасының өкілдерін белсенді тарту негізінде бақылаудың жаңа, қазіргі заманғы нысандарын енгізу.
Мектеп- лицейдің 2022-2023 оқу жылына арналған МІБ жоспары жасалып бекітілді.Мектепішілік бақылау мына бағыттарды қамтыды:

  • Оқу процесінің сапасын бақылау;

  • Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау;

  • Оқу-зерттеу қызметі;

  • Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау;

Мақсаты: оқушының пәндер бойынша оқу сапасын бақылау, оқу бағдарламаларын орындау.
Тексеру нәтижесі бойынша анықтамалар жасалып, жиналыстар өткізілді.
Биыл сабаққа қатысу әрі талдау арқылы мына мәселелер бақылауға алынды:

  • сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалу тапсырмаларының қолданысы;

  • үй тапсырмасының нормаға сай берілуі;

  • сабақ үрдісінде инновациялық технологиялардың қолданысы, заманауй талапқа сай өтілуі;

  • оқушылардың сабақтағы белсенділігі;

  • сабақтың тәрбиелік бағыты;

Сабақты талдау барысында ұсыныстар мен ұсынымдар жасалды. Жалпы алғанда, оқытушылар сабақ өткізуге жауапкершілікпен қарайды, өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға тырысады, жаңа педагогикалық технологиялардың, соның ішінде АКТ элементтерін пайдалана отырып, оқушылармен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.
Ұсыныстар: Сабақ барысында құндылыққа негізделген білімді жетілдіру
Мұғалімдердің күнделікті сабақтағы қысқа мерзімді сабақ жоспарын тексеріліп отырылды. Мына бағыттар назарға алынды:

  • Қысқа мерзімді жоспардың «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына сәйкес болуы;

  • меңгерілмеген оқу мақсаттарының кіріктірілуі;

  • Өткенді қайталау,еске түсріу жұмыстары;

Тексеру қорытындысы әдістемелік отырыстарда қаралып, ұсыныстар берілді. Педагогтардың барлығы ҚМЖ дың қағаз нұсқасымен жұмыс жасайды.
2022-2023 оқу жылында білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау бағыты ерекше назарға алынды.
Мұғалімдердің оқушылардың дәптерімен жұмысын бақылау
Мақсаты: дәптерлердің болуын, бірыңғай орфографиялық режимнің сақталуын, сабақтардағы жұмыс көлемін тексеру.
Тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындалды. Дәптерлерді тексеру нормалары мен сабақтардағы жұмыс көлемі негізінен талаптарға сәйкес келеді, оқушылардың көпшілігі орфографиялық режимді сақтайды. Кері байланыс әрдайым сақталмайды.
Ұсынымдар:
 директордың ОТІ жөніндегі орынбасарына барлық мұғалімнің бірыңғай талаптардың орындалуына қол жеткізуі үшін дәптерлерді жүйелі түрде тексеру жүктелсін;
 ұстаздар оқушының дәптерлерімен жұмыс істеуде талап қоя білуі тиіс.
Барлық мұғалім пән бойынга білім берудің жаңартылған мазмұны курстарынан өтті.
Ұсынымдар:
 оқытушылардың өз қызметін өзіндік талдау дағдыларын арттыру;
 сабақ өткізу түрлерін әртараптандыру;
 жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін белсенді енгізу, сабақта АКТ-ны қолдану;
 ӘБ арқылы озық тәжірибені жинақтау және жалпылау бойынша жұмысты қадағалау.
Оқушының БДМ бақылау
Мақсаты:
 оқушының БДМ деңгейін, мұғалімдердің білім сапасын арттыру жұмысын бақылау;
 білім сапасын арттыруға кері әсер ететін факторларды анықтау.
Білім сапасын бақылау әрі мониторинг жүргізу мына бағыттар бойынша жүргізілді:
 әкімшілік;
 аралық;
 жылды қорытындылау;
 бақылау, практикалық, зертханалық жұмыстар кестесін орындау;
 қорытынды аттестаттау.
Бақылаудың әр түрінің қорытындысы бойынша анықтамалар дайындалды, жұмыс кеңестері мен педкеңестер өткізілді.
Тұжырымдар. Негізінен 2022/2023 оқу жылына қойылған міндеттер орындалды. Оқу үлгерімі –57%, сапасы – 100% (динамикасы өткен оқу жылымен салыстырғанда оң).
Ұсынымдар:
 үлгерімі нашар және оқуға ынтасы төмен оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жетілдіруге мұғалімдерді тарту;
 оқушыдағы білім олқылықтарын жою жөніндегі жұмысты күшейту;
 ӘБ жұмыс жоспарына пәндер бойынша білім сапасының мониторингі бойынша сұрақтар енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет