Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс



бет26/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
 білімдегі олқылықтарды жою бойынша жеке жұмысты бақылау;
 кеңес беру арқылы үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты, оқытушылардың жұмысын, оларға қатысуды тексеру;
 бір жыл ішінде үлгерімі нашар оқушыларды анықтау, үлгермеушілік себептерін талдау;
Мұғалімдердің білімалушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстары бойынша жеке жоспарлары құрылды. Әр мұғалімнің резервтегі оқушымен жұмысы,үлгерімі төмен оқушымен жұмысы, қосымша сабақтардың жүру барысы бойынша жұмыстары бақыланды, сараптама жасалып, әдістемелік отырыста қаралды. Ұсыныстар берілді, жалпы мұғалімдер сапалы,жүйелі жұмыс жасады. Тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындалды
Үлгерімі нашар оқушылар бастапқы бақылаудан (мектеп курсындағы бақылау срездері) кейін анықталады, жиналыстарда және педкеңестерде келесі мәселелер талқыланады: сабақтардағы жеке жұмыс арқылы олқылықтарды жою, оқушылардың ата-аналарымен байланыс, танымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыру.
Үлгермеудің себептері: ақыл-ойдың нашар дамуы, есте сақтау қабілетінің әлсіздігі, баланың психикалық және эмоциялық дамуының ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтың болмауы және оқуға деген ынтаның төмендігі, білімдегі олқылықтар, оқу жұмысының дағдылары дамымаған, мектептен тыс ортаның (отбасы, құрдастар) кері әсері.
Пән мұғалімдері үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жоспар бойынша жұмыс істейді, сабақтарда оқытудың сараланған тәсілі жүзеге асырылады.
Тұжырымдар. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, мұғалімдер үлгермеушіліктің алдын алу үшін жұмыс істейді, оның себебін анықтайды және тиісінше білім алушыларға сәтсіздіктерді жоюға көмектеседі.
Ұсыныстар: сәтсіз оқушының мінездемесін жасау, себептерін анықтау, осы оқушылар үшін сәттілікке жету жолдарын белгілеу, оқушы, мұғалім, ата-аналармен байланыста жұмыс істеу қажет.


«school.bilimal.kz» электрондық журналымен жұмысты талдау
«school.bilimal.kz» электрондық журналдарын жүргізу талаптарға толық жауап береді. ЭЖ жүргізу туралы ережеге сәйкес пән мұғалімдері сабаққа қатыспағандарды белгілеуі, оқушыларға баға қоюы, оқушыларға ұсыныстар мен түсініктемелер жазуы, сабақ жоспары мен үй тапсырмасының жазбаларын жүргізді.
Журналдарды тексеру мұғалімдердің жұмысындағы келесі кемшіліктерді анықтады: кейбір пән бойынша оқушыларға қалыптастырушы бағалау уақытында қойылмайды, топқа бөлінген сыныптардың ҚТЖ тақырыптарының және БЖБ ТЖБ күндерінің сәйкессіздігі; үй тапсырмаларының уақытылы жазылмауы және т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет