Мазмұны балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің


Ата-аналармен жұмысты талдау



бет27/67
Дата26.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#193585
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Ата-аналармен жұмысты талдау
Мектептегі ата-аналармен жұмыс істеудің негізгі нысандары – ата-аналар жиналыстары (сыныптық және жалпымектептік); сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігінің ата-аналарымен жеке әңгімелесулер.
2022-2023 оқу жылында 5 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді:
тамызда «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері». 2022-2023 оқу жылының басталуы, қазанда - I тоқсанның қорытындысы, қауіпсіздік шаралары, желтоқсанда – «Жаңа жыл-2023» мерекесін өткізу туралы, II тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, кәсіптік білім беру, наурызда – III тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, қорытынды аттестаттау және аралық аттестаттау ережесімен, 10- сыныпқа құжаттарды қабылдау ережелерімен таныстыру, мамырда - 2022-2023 оқу жылының оқу –тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы, жазғы демалыста оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру, лицей оқушыларының формасына қойылатын талаптармен таныстыру, қауіпсіздік шаралары.
Сыныптық ата- аналар жиналысын сынып жетекшілер жоспар бойынша жылына 5 рет өткізді. Ата-аналар жиналысы сынып жетекшісінің оқушылардың ата-анасымен жақсы жұмыс істегенін көрсетті. Мектепте үлгерімі нашар оқушылар мен бағдарламаны орындай алмайтын оқушылардың ата-аналарымен үнемі жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс сынып жетекшілерімен және мектеп әкімшілігімен әңгімелесу түрінде де жүзеге асырылады.
9, 11 сынып оқушыларының ата-аналарының жиналыстары маңызды және қажет, онда мектеп әкімшілігі ата-аналарды балаларының одан әрі білім алуына бағыттайды. Сонымен қатар, ата-аналарды 2023 жылы ҰБТ өткізу рәсімімен таныстырды, оларға негізгі және жалпы орта білім туралы аттестат алу талаптары түсіндірілді.


2022-2023 оқу жылындағы міндеттер
Мектептің педагогикалық ұжымының нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, мәселелерді педагогикалық талдау негізінде мектептің педагогикалық ұжымы жаңа оқу жылына арналған міндеттерді анықтады:
инновациялық технологияларды әзірлеу мен игеруді қамтамасыз ету, Мектептің даму бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдай жасауды жалғастыру (ұйымдастырушылық, кадрлық, материалдық-техникалық, уәждемелік, нормативтік құқықтық);
әрбір оқушыны табысты оқытуға қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты жетілдіру;
барлық пән бойынша білім деңгейін және 100 % үлгерімін сақтау;
білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;
мектептегі сапалы білімнің мазмұны бойынша жұмысты жалғастыру;
мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру;
сабақтарда жаңа білімді меңгеру бойынша жұмыста құзыреттілік және жүйелік-әрекеттік тәсілдерді жүзеге асыру;
оқыту технологияларын белсенді енгізу және сабақ және сабақтан тыс уақытта әртүрлі жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы ынталы балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет