ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. «Жанпида» романындағы табиғат пен адам болады
арасындағы күрделі қарым қатынас
Алайда, әралуан қоғамдық-әлеуметтік системалардың конфронтациясы нақты орын алып отырған кезде - адам, табиғат, бейбітшілік тәрізді жалпы адамзаттық проблемалардың әлемдік үйлесімін, арасалмағын сақтаудың қаншалықты ақыл-ой мен жүйке тоздыратын күш-жігерге, қайрат-күреске түсетіндігі, кейде ширыққан кульминацияға өршіп-көтеріліп отырғандығы қазіргі тіршілігіміз бен өмірімізден айқын сезіледі емес пе?
Міне, «Жанпида» романы оқырман көкірегінде небір андыздаған әралуан сауалдар мен проблемаларға өзінше әрі кесімді, әрі нақты жауап береді. Ол - тарих тәжірибесінен, сыннан өткен бірден-бір оптимистік дәл жауап. Жоғарыдағы үміт-күдігі ситуацияға сәйкес ауытқып, белең алып кететін мәңгілік сауалдардың қай-қайсысы болмасын, не ықылым заманнан бері адамзат баласының ой-пиғылына, іс-әрекетіне, әлеуметтік-рухани кемелдігіне, күрескерлік пафосының дәйектілігіне әрқашан тәуелді болып келгендігін суреткер көркемдік-философиялық тұрғыдан тағы бір тамаша дәлелдеген. Бұған үш бөлімді романның көркемдік-философиялық тініндегі сюжеттік линиялар, идеялар мен көзқарастар қақтығысы, образдар құрылымындағы трагедиялық, эпикалық сарындар әрі айғақ, әрі толық куә болады.
«Жан пида» романы туралы одақтың беделді сыншылары бағаларын беруде. Романға берілген бағалаудың ішінде В. Кожиновтың қатал пікірі де, Г. Гачевтің жаңа құбылыс ретінде қарау керектігін түсіндіретін ойлы пікірлері де болды, «Ш. Айтматов құдайды емес, әлеуметтік және адамгершілік әділдікті» іздейтіні дәлелденді, В. Вериннің пікірі дұрыс болды. Ш. Айтматов шығармасы әр адамды табиғат әлемін сақтауды бүгіннен бастап қолға алуға және жер бетіндегі барлық тіршілік үшін тек өзі ғана жауапты екендігін есінен шығармай, осы парызын орындауға міндеттейді.
Ш. Айтматов шығармаларында адам образдарымен егіз өрілетін көптеген жан-жануарлар (анималистикалық) бейнелері бар. Едіге мен Қаранар, Гүлсары мен Танабай, Ақбара мен Авдий бейнелері егіздеу тәсілінің аясында жазушының ең бір асыл ойларын тереңдете түсуде айрықша мәнді болып табылады. Ал шығармашылық лаборатория тұрғысынан сөз еткенде, анималистикалық образдар жазушының ірі психолог және табиғаттың тамаша білгірі екендігін көрсетеді. Жастайынан табиғатпен егіз өмір сүрген жазушы еңбектің, тұрмыстың, өмірдің жаңа жағдайында адамның өзінің табиғи және тамаша адамдық қасиеттерінен айырылып қалмауы, жан дүниесінің жарқын, ізгілікті болып қала беруі аса маңызды екендігін суреткерлік концепция деңгейіне көтеріп суреттейді.
Өтпелі, өліара кезеңде уақытша «мың арыған, мың семірген» құбылыстар қатарында жалпы шынайы әдебиеттің өзі де, оның жекелеген шынайы шығармалары да әрқашан рухани тұрғыда әрі жетекші, әрі шешуші роль атқарады дейтін өмірлік шындықтардың - ұжмақ үмітке, ал ұжмақ үміттердің - өмірлік шындыққа айналып кететіндігіне ұлы суреткер Шыңғыс Айтматовтың шынайы шығармашылық жолы - бақытты әдеби сапары айқын дәлел бола, алады екен.
Шыңғыс Айтматовтың ұлы суреткер ретіндегі тұлғасын «Боранды бекет», «Жанпида», «Өкінішсіз ажал» атты философиялық кемел романдары, сондай-ақ, «Шыңғыс ханның ақша бұлты» атты мифтік микророманы мейлінше өркештендіре, мейлінше асқақтата түсті. Едіге, Әбутәліп, Қазанғап, Зәрипа, Сәбитжан, Авдий Калистратов, Бостон Үркіншиев, Базарбай Нойғұтов, Обер Кандалов, Гришан, Иисус Назарянин, Андрей Крыльцов, Роберт Борк, Оливер Ордок, Энтони Юнгер, Джесси, Филофей, Шыңғыс хан, Иосиф Сталин, Эрдене, Догуланг, Таңсықбаев, Алтын, шарана Құнан, тағы басқалардың қоршаған әлеуметтік ортасы мен заманы, уақыты және олардың осылармен сабақтаса өтетін әралуан-әрқилы тағдыр-талайлары көркемдік әлеуметтік-философиялық кең ауқымда өткір суреттелінеді. Жаныңа, жүрегіңе үйіріліп, қонақтап, көкейкесті толғаныстарға, тебіреністерге жетелейді. Өмір мен тіршілік атты тұңғиық жұмбақтың тылсымдарын автормен бірге шешуге, бірге табуға ұмтыласың. Роман кейіпкерлері түскен небір ситуацияларға, небір күрестерге автормен бірге сапарлас, дәм-тұздас боласың. Олар сені сынап, сен оларды сынап, келе-келе өзара ұласып, өзара тонның ішкі бауындай етене жақын болып кетесің.
Ш.Айтматовтың «Жанпида» романының көркемдік-философиялық күретамырына - жалпыадамзаттық мәңгілік проблемалар нақты контексте, нақты ситуацияларда арқау болған. Оның ішінде адам өмірінің мәні мен мұраты, яғни тіршіліктің тірегі басты тұтқасы болып отырған адамдардың қоғам мен дінге деген көзқарастары, ойпиғылдары, іс-әрекеттері немесе пендешілік, тоғышарлық, эгоистік дерттері қаны сорғалаған шыншыл қалпында кесек бітім, айрықша көркемдік-философиялық ажар танытқан. Романды оқып отырып, жоғарыдағыдай мәңгілік проблемаларды дәуір талабына сай тұрғыда қайыспас қара нардай көтере алған ірі азаматтық суреткерлік позиция мен көркемдік ерліктің әрі ашық, әрі өткір, әрі батыл сипатын; реалистік биік сапаға ие болған тың жинақтаулардың; Авдий Калистратов пен Бостон Үркіншиев тәрізді жаңа нышандағы ұнамды қаһармандардың тұлғасы мен іс-әрекеттерінің куәсі боламыз.
Баспасөзде Ш. Айтматовқа «Жан пида» романындағы Понтий Пилат және Иисус Христос оқиғасы Булгаковты еске түсіретіні жайында сұрақтар беріліп отырған. Бұл туралы зерттеулер бүгінгі күндері де жарық көруде және Ш.Айтматовтың осы оқиғаны суреттеудегі прогрессивтік идеясын танып, ғылыми тұрғыда талдап түсіндіруде. Расында бұл мәселе өмірдің мәңгілік мәселелерінің қатарына жатады. Онымен өз заманында Ш. Айтматов та бетпе-бет келгені анық. Аталған сюжеттік ситуация екі жазушыда өзара үндес, бірдей. Сөйте тура Ш. Айтматов бұл ахуалға өз заманының шындыгы тұрғысынан жана, қосымша мән береді. Бұл ретте Ш. Айтматов М. Булғаков үлгісін дамытып, жалғастырады.
Жазушының үлкен эпостағы шеберлігі эпикалық кең құлашы мен лирикалық сыршылдығының терең ұштасып, келісті тұтасуында. Халық әдебиетіне тән эпикалық ойлау мен лирикалық толғану қаламгердің көркем шығарма жасау жолындағы шығармашылық еңбегінің барлық сатыларына тән.
"Бес кеспек "бір тұтас өзегі, желісі, көтерген мәселесі бар шығарма емес. Ол екі үлкен хикаяның олақ құрастырылған қосындысы ғана. Жаңадан құдай іздеп жүрген Авдий Каллистратов пен Бостон Үркінчиев туралы екі бөлік Ресей туындағы екі басты бүркітше екі жаққа қарап тұр. Осы екі араны қосатын екі қасқырдың желісі "МАЗ" бен КАМАЗ"-дың арасында байланған кендір арқан сықылды, сәл қоғалса бірден бытыр-бытыр етіп үзіле береді.
Осы романдағы екі бөлектің стилі, жазу мәнері, интонациясы екі бөлек, бір-бірінен мүлдем алшақ тұр. Алғашқы бөлімнен Ф.Достоевский мен М.Булгаковтың әсері қатты сезілсе, екінші бөлімнен Ш.Айтматовтың өзінің тұрмыс-тіршілік жөнінде егжей-тегжейлі, нақтылап жазатын машығы аңғарылады. Бірінші бөлімде публицистика, жалпылама түрде жазу басым. Екінші бөлім жазушының кәнігі жазу мәнерінен хабар береді. Міне, осындай стилі жағынан ала-құла екі бөлімді өзара қосам деп жазушы шығарманың алғашқы жағында қос қасқырың жайын баяндайтын тұста кейіпкердің еске алуын, экспрессиясын жүйесіз түрде әңгімелеп, жағдайды қолдан "күрделілендіріп", "қиындатып" жіберген. Алғашқы кезде оқушының шығарманың атмосферасына бірден еніп кете қоюы қиын. Дегенмен бұ жерде де хикаяның кілтін табуға болады. Бұл тағы да баяғы ескі тәсіл. Жүк мәшинесінің үстінде, өлген киіктердің арасында аяқ-қолы байлаулы жатқан "жаңа Христос" - Авдий Каллистратовтың Мойынқұмда келе жатып, өткен-кеткенді еске алуы, Инга Федоровнамен қалай танысқан жайы, сонау Мәскеуден қара сора конопля іздеп қалайша Шуға келгені т.б. тағы да баяғы ескі мәнермен баяндалады.
Шынтуайтында, «Жан пида» - кең ауқымды проблематикасымен де, қамтитын мерзім – мекенімен де, әртүрлі әуен шерттетін шытырман оқиғалармен де біздің әдебиетімізде әзірше теңдесі жоқ шығарма. Біздіңше, ол жанр жаратылыс жағынан роман-толғау, роман-өсиет. Алда күтіп тұрған қиямет-қайым қауіп-катерді ескертіп, адамзатпен жер, адам мен табиғатты сақтап қалу жолындағы асқаралы мақсат-мүдделерді межелетеді. Рас, қай заманда да зорлық-зомбылық пен катігездік, қиянат пен зауал, зұлымдық пен озбырлық ешкіемердей өң-түсін өзгертіп, тамыр жайып келген. Обал мен сауап, рақым мен имангершілік ескеріле бермеген. Романдағы қанішер мен құрбан, азамат пен пенде арасындағы қақтығыс, ой мен сөз таласы ауыл ішінде күнде болып тұратын абың-күбің әңгіме емес. Ол - өмір мен өлім, ұлы ұғым, өлмес рух үшін жүріп жататын мәңгі майдан, қиян-кескі күрес! Түптеп келгенде, ұшантеңіз қазақ даласының бір пішпағы Мойынқұм жынысында өткен сұмдық жантүршігерлік трагедия ғаламдық деңгейге көтеріліп жатқан жоқ па? Өйткені қасірет құрығы екі аяқты түгіл ұшқан құс, жүгірген аңды құтқармай, темір құрсауына алады. Жұмыр басты өзекті жандармен бірге «кіші бауырларымыз» Гүлсары, Қаранар, Сарала, Ақ мая. Тасшайнар мен Ақ Құртқалар да зардан шегеді. Әртүрлі себепсалдармен сүттей ұйып отырған ел-жүрттын берекетынышы кетіп, қара орман тұрмыс-тіршілігіне күбірткідей тиген әкімшілдік-әміршілдік басқару көп жылдар бойы еңбегін емген шаруаның қолын байлап кезді. Соның кесірінен жердің нағыз қожалары оған жанашырлық құқынан айырылып, өз-өзін азық – түлікпен қамтамасыз етуден қалды. Маңдайына тиіп, күйгендіктен қазақ «малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген болса керек.
Бұндайда Бостон сықылды шаруақор жандардың жарғақ құлағы жастыққа тимей, арқа еті арша, борбай еті борша болып жүрсе, қабырға қайыспағанда қайтеді? Ақыры ол Базарбайлардың шырмаған торына түсіп, тақсірет тартады. Қаһарлы қайратқа мініп, қысастыққа қысастықпен жауап береді. Адамды бәлежаладан құтқарудың жалғыз жолы сол болғаны ма? Понтий Пилат, Оразқұл, Обер – Кандалов. Сәбитжан мен Базарбайлардың жаны қандай сірі. Жоғарыдан мысықты қалай тастасаң да, тік түсетіні тәрізді олардың да талай сынақтардан аман-есен шыға беретіні неліктен? Әрине, бұндай ойды онға, сананы санға бөлетін сауалдарға бір күнде, бір шығармамен жауап беру қиын. Сол себепті қаламгер де кейіпкерлерінің көкірегіндегі махаббат отының сөнбеуін көздейді.
Жазушыны ең алдымен осы проблема қатты толғандыратын тәрізді. Сондықтан ол үнемі тізгіннің бір ұшын оқырманға ұстатып, ойлануға, сезінуге, беймазалыққа жетелейді.
Сөз жоқ, Ш.Айтматов – қайталанбайтын, ғажап құбылыс. Ол тірі классиктеріміздің бірі, дұрысы бірегейі. Біздің алмағайып дәуірімізде қырғыз жазушысының ұлттардың рухани өрлеуіне (театр, кино) зор ықпал етін отырғаны мақтаныш. Бұдан отыз жыл бұрып жарияланған Жәмиладан бастап ең соңғы «Жан пида» дейн ең алғашқылардың қатарында қазақ тіліне жақсы тәржімаланын (аудармашылар Қ.Нұрмаханов, Қ.Мұхаметжанов, Ш.Мұртазаев, С.Бердіқұлов, т.б.) халықтың рухани игілігіне, жан серігіне айналып келе жатқаны қандай ғанибет.
Бұрынғы-соңғы мәдениет майталмандарымен ұлылы кішілі кездесулерде (мысалы, соның бірі – «Ыстықкөл форумы») адамзаттық та, азаматтық та үлкен ойлар айтып, шыңдық шамшырағының мәңгі сөнбеуі үшін күресетін Шықанның қоғам қайраткерлері суреткерлік келбетін толықтырып, көру көкжиегін кеңейтіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |