Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт « Шала туылған баланы асқазан зонды арқылы тамақтандыру»



бет10/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз

4.10. Стандарт « Шала туылған баланы асқазан зонды арқылы тамақтандыру»


Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру
Көрсеткіші: балада сору және жұту рефлекстері болмаған жағдайда, кейбір ауруларда
( асфексия, бассүйек ішілік туылу кезіндегі жарақат, гемолитикалық ауруларда)
Дайындаңыз: стерильді: полиэтиленді асқазан зонды, 20 мл шприц, резеңкелі баллон, пинцет, перчатки, маска, ана сүті бар ыдыс, 40-60 0 С сумен ыдыс, лейкопластырь, ҚКЖҚ, дез. ерітіндімен ыдыс, орамал.
Шала туылған баланы тамақтандыру алдында , тамақтандырғаннан кейін оксигенотерапия жүргізу керек апноэ ұстамасының алдын-алу мақсатында.
Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Баланың анасына өткізілетін процедураның мақсатын, абарынысн түсіндіріңіз

  2. Маска киіңіз

  3. 40-60 0С лотоктағы сумен ана сүтін 37-380 С температураға дейін жылытыңыз

  4. Дезинфекциялық ерітіндіге малынған орамалмен жөргектеу столының бетін өңдеңіз, үстіне жаялық жайыңыз

  5. Баланың басын жоғары етіп жөргектеу столына жатықызыңыз, валикпен бекітіңіз

  6. Гигиеналық деңгейде қолға деконтаминация өткізу, перчатка кию

  7. Мұрын қуысын қараңыз, қажеттілігі болса тазалаңыз

  8. Пинцет көмегімен қаптамадан зонды алыңыз

  9. Зондтың енгізілу тереңдігін өлшеңіз құлақ қалақанынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тірізді өсіндіге дейін. Лейкопластыр көмегімен белгілеңіз, зондтың конюласын жабыңыз

  10. Зондты тұйық жағынан 7-8 см аралықты құстың қауырсынан ұстағандай етіп алып мұрын қуысы арқылы белгіленген жерге дейін енгізіңіз. ( Зонды енгізу кезінде балада жөтел, көгеру пайда болса зондтың тыныс алу жолдарына кеткенін көрсетеді, бұндай жағдайды зондты тез арада қайта шығарып алып, балаға ылғалдандырылған оттегін беру керек , процедураны қайта қайталау)

  11. Шприцке жылытылған ана сүтін сорып алыңыз

  12. Зондтың конюласын ашып, шприцті зондқа жалғастырыңыз, зондты көтеріп сүтті баяу баланың асқазанына жіберіңіз

  13. Шприцті зондтан ажыратып, конюланы жабыңыз

  14. Тамақтандырып болғаннан кейін зондты жіңішке лейкопластырмен баланың ұртына бекітіңіз. Қажеттілігі бойынша 24-48 сағатқа қалдыруға болады

  15. Оң қолдың І,ІІ саусағымен зандты ауыз қуысынан 2-3 см аралықта ұстап салфетка көмегімен тез арада шығарып алыңыз

  16. Баланы оң жақ қырына бас жағын жоғары көтеріп жатқызыңыз

  17. Пайдаланылған салфетканы , шприцті ҚКЖҚ-ға тастаңыз, қолданылған пинцетті, дез. ерітіндіге салыңыз

  18. Перчатканы шешіп ҚКЖҚ-ға тастаңыз

  19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз

Ескерту: зондтың диаметрі баланың массасына байланысты болады:
1000гр дейін- №4, 1000-2000-№6, 2000-2500-№8.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет