Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт «Емшек жасындағы балалардың тыныс алу жиілігін санау алгоритмі »



бет15/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз

4.15. Стандарт «Емшек жасындағы балалардың тыныс алу жиілігін санау алгоритмі »


Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: бақылау жүргізу
Керекті құрал-жабдықтар:секундомері бар сағат, температура парағы, қалам


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына жасалатын шараның мақсатын және жасалу ретін түсіндіру;

  2. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолыңызды жылытыңыз;

  3. Баланы арқасына жатқызыңыз, кеуде бөлігін және іш аймағын киімнен босатыңыз (емшек жасындағы балаларда ұйықтап жатқанда анықтаған тиімді);

  4. Бір минуттың ішіндегі кеуде клеткасы мен іш пердесінің қозғалысына назар аударыңыз;

  5. Егер көзбен қарап отырып санау қиындық туғызса, тыныс алудың түріне байланысты қолыңызды кеуде клеткасына не болмаса іш пердесіне қойып бір минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз;

  • 1 жасқа дейінгі балаларда – «іштік» дем алу типі;

  • 1-2 жас аралығында балалрда – аралас дем алу типі:

  • 3-4 жас аралығындағы ұл балаларда – «кеуделік» дем алу типі;

  • 3-4 жас аралығындағы қыз балаларда – «іштік дем алу типі»;

  1. Алынған мәліметтерді температура парағына жазыңыз;

  2. Қолыңызды ждуып құрғатыңыз.



Ескерту: Емшек жасындағы балалардың тыныс алу жиілігін анықтағанда фонендоскопты қолдануға болады. Тыныс алу жиіліктері:

  • Жаңа туған нәрестеде – 40-60 рет\мин;

  • Шала туған нәрестеде -60-80 рет\мин;

  • 1-2 жас аралығыныдағы балаларда – 30-35 рет\мин;

  • 5 жасқа дейінгі балаларда – 20-25 рет\мин;

  • 10 жасқа дейінгі балаларда – 18-20 рет\мин;

  • 15 жасқа дейінгі балаларда – 16-18 рет\мин.

4.16 Стандарт «Емшек жасындағы балаларда жүректің жиырылу жиіліктерін (пульс) санау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет