Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт «Мұрын катетері арқылы балаға оттегін жіберу»



бет14/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз

4.14 Стандарт «Мұрын катетері арқылы балаға оттегін жіберу»
Мақсаты: ұлпалар гипоксиясын азайту, қанның оттегіне қанығуын жоғарылату
Көрсеткіштер: шала туылған нәресте, тыныс алу және қан айналым жүйесінің аурулары, критикалық жағдайлар
Керекті құрал-жабдықтар: стерильді: пинцет, дәкелі салфетка, лоток, мұрын катетері, перчатки, қайшылар, шпатель, дистильді су мен спирті бар Бобров аппараты, изотониялық ерітінді немесе дистильденген су, лейкопластырь, дез. Ертіндісі бар ыдыстар, шүберектер (ветошь), КБУ
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына жасалатын шараның мақсатын және жасалу ретін түсіндіріңіз

  2. Гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын жүргізіңіз, перчатки киіңіз

  3. Дез. Ертінідіге малынған шүберекпен жөргектеу үстелін сүртіңіз, жөргекті төсеңіз

  4. Баланы жөргектеу үстеліне бас жағын көтеріп жатқызыңыз

  5. Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз, оттегі көзіне жалғаңыз

  6. Баланың жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігін тексеріңіз, қажет жағдайда тыныс алу жолдарына тазалау жүргізіңіз

  7. Мұрын катетерінің жарамдылық мерзіміне, сыртқы қапшығының бүтіндігіне назар аударыңыз, қапшығын стерильді қайшымен ашып, катетерді стерильді пинцетпен алып стерильді лотокқа салыңыз

  8. Пинцетпен катетердің ұшын ұстап, құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін өлшеп алып, лейкоплатырьмен белгілеп алыңыз

  9. Катетерді енгізетін ұшынан 3-5 см аралықта «қаламсап» тәрізді ұстап, енгізілетін ұшын дистильді суға немесе изотониялық ерітіндіге малып алыңыз

  10. Катетерді белгіленген жерге шейін баланың бетіне перпендикулярлы түрде төменгі мұрын жолы арқылы жайлап енгізіңіз

  11. Катетердің орналасуына назар аударыңыз: шпательмен тілдің түбін басып қарағанда катетер тілшеден 1 см төмен көрініп тұруы қажет

  12. Катетердің сыртқы ұшын баланың бетіне лейкопластрь жолағымен жабыстырып қойыңыз

  13. Катетердің сыртқы ұшын Бобров аппаратының резеңке түтігі арқылы сұйықтық деңгейінен жоғары орналасқан түтікке жалғастырыңыз

  14. Оттегі беру жылдамдығын реттеңіз, оттегінің берілу уақытын бақылаңыз (дәрігер тағайыны бойынша)

  15. Тағайындалған уақыт аяқталғанда оттегі жіберуді тоқтатыңыз

  16. Катетерді салфеткамен ұстап шығарып алыңыз, мұрын қуысын қарап шығыңы. Мұрнына тамыр тарылтатын және дезинфекциялаушы әсері бар мұрын тамшысынан 1-2 тамшы тамызыңыз

  17. Пинцет, шпатель, қайшы және катетерді дез.ерітіндіге салыңыз

  18. Перчаткиді шешіп, КБУ-ға тастаңыз

  19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз



Ескерту: оттегі терапиясы ұзаққа созылған жағдайда әр 30-60 минут сайын оттегіні өшіріп, катетерді келесі мұрын жолына ауытырып салыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет