Жағымды жақтары: Әр түрлі деңгейдегі тәжірибелермен бөлісетін мұғалімдер қатарын арттыру.
Сертификатталған мұғалімдер ішінен шығармашылық топ құруды ұйымдастыру.
Жағымсыз жақтары: Қалалық, облыстық шығармашылық топтардың жұмысы көп болғандықтан, мектептің барлық шығармашылық тобы толық мөлшерде жұмыс атқара алмады.
Ұсыныстар: Мектептің шығармашылық топ қызметін жақсы ұйымдастыру, алдағы оқу жылына мектептің шығармашылық топ тақырыбын және бағытын ұйымдастыру.
ПЕДКЕҢЕС Ұжымның әдістемелік жұмысының жоғары дәрежедегі жұмысы педкеңес болып табылады.
2015-2016 оқу жылында мынадай педкеңестер өтті:
№
Тақырыбы
Мерзімі
Жауаптылар
1
Мектептің білім беру жүйесіндгі перспективалар.
тамыз
Әкімшілік
2
Бастауыш және жалпы орта буындағы оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру.
қазан
Копнышева М.В.
3
Сабақ тиімділігі – мұғалім мен оқушы жетістігінің табыстылығы.
желтоқсан
Сарсикеева С.К.
4
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
наурыз
Шакенова Б.М.
Копнышева М. В.
5
Оқу жылын аяқтау бойынша педкеңестер өткізу
Сәуір, мамыр, маусым
Әкімшілік
Оқу жылы ағымында педкеңестердің проблемалық мәселелері, теориялық-практикалық сипатта болды, сондықтан ол барлық педагогикалық ұжыммен шешім тапты.