Әдістемелік кеңес қызметінің анализі. Мектептегі мектепішілік басқару мүшесі, инновациялық және оқыту-әдістемелік жұмыстың координаторы ретінде әдістемелік кеңес болып табылады.
ӘК жұмысының мақсаты: мұғалімнің педагогикалық шеберлік деңгейін, біліктілігін, оқыту пәні және оны оқыту тәсілдері саласындағы құзіреттілігі; оқушының жан-жақты ашылу, жүзеге асырудың жаңа технологияларын меңгеру.
ӘК жұмысының міндеттері: мектепте әдістемелік жұмыстың және оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету диагностикасы;
мектептегі білім беру үрдісін ұйымдастыруда оқытудың жаңа технологияларын өңдеп жасау;
мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық шеберлігін дамыту үшін жағдай жасау.
ӘК-ке директор, оқыту-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ЖММ жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес қызметінің мазмұны мектептің жалпы әдістемелік тақырыбымен анықталды. Әдістемелік кеңес отырысында қарастырылған мәселелер тақырыбы келесі жұмыс бағыттар бойынша іске асырылады.
Аналитикалық қызметі 1.2014-2015 оқу жылындағы ӘК әдістемелік жұмыс қорытындысын шығару.
2.2015-2016 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары.
Жоспарлық-болжамдық және жобалау қызметі 1.2015-2016 оқу жылындағы мектептің оқу жоспарының ерекшеліктері.
2.Басшылық және педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы.
Бағыттау-ұйымдастыру қызметі 1.Оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау туралы.
2.ОЖСБ, ҰБТ дайындау туралы.
3.Кәсіби байқауларға мектеп педагогтарының қатысуы.
Диагностикалық қызмет 1.Оқушылардың білім, білік және дағды сапасын бақылау тиімділігін арттыру туралы.
2.Қазіргі заман мектебінің білім беру ортасында педагог пен оқушының өзн-өзі дамытуы.
3. 1,5, 10 сыныптардың оқытудың қазіргі замандағы жағдайына бейімделу деңгейі туралы.
4. Білім беру бағдарламаларының оқыту және практикалық бөлімін орындау туралы.
5. Оқушылардың оқыту, сабақтан тыс қызметі нәтижесінің мониторинг қорытындысы.
ӘК жұмысы оқыту-тәрбие үрдісі мен озық педагогикалық тәжірибелер анализіне негізделген.
ӘК отырысында мектеп дамытудың басты мәселелері, оқыту үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету қарастырылды.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру жұмысы ұйымдастырылған.