Мазмұны жыл тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 3


-2016 оқу жылында психологиялық



бет46/76
Дата25.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#145018
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
2015-2016 оқу жылында психологиялық
қызметтің атқарған жұмысы жөніндегі есебі

Мектептегі психологиялық қызмет дәстүрі бойынша И.С.Якиманскийдің тұлғалық бағыт тәсілі арқылы жүзеге асады. Ол екі бағыттан тұрады:



  1. тұлғаның дамуына психологиялық тұрғыдан қарау;

  2. педагогтың баланы дамыту, тәрбиелеу, оның мінез-құлығы жөніндегі көрқарасы.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысы негізгі 3 бағыт бойынша қызмет етеді: диагностика, профилактикалық кеңес беру, психологиялық тану. Психологиялық көмек балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып беріледі.
Диагностикалық бағыт. Осы бағыттағы жұмыс орта және жоғары буындағы оқушылардың интеллектуалдық деңгейін, мектепке бару кезінде оқуға даярлық көрсеткіштерімен танысу, саламатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру үшін эмоциялық жағдайын анықтаудан тұрады. Бірінші сыныпқа баратын балалардың барлығы бейімделу кезеңінен өткен соң, МЭДИС әдістемесі бойынша мектепте оқуға дайындығы және интеллектуалдық деңгейді анықтау үрдісіне қатысады. Осы әдістеме бойынша баланың жеке интеллекті жөнінде жалпы мәліметті анықтауға әбден мүмкін. Алуан түрлі тапсырмалар арқылы баланы жан-жақты қырынан тануға болады. МЭДИС әдістемесі арқылы сөйлеу құрамын, сандық және сапалық қатынасты, логика және математикалық қабілеттерін байқауға болады. МЭДИС тапсырмалары суреттер ретінде берілген, сол себепті олардың оқи алмайтынына қарамастан балаларды тестілеуден өткізуге болады. Диагностика нәтижесі 1,2,3,4 суреттерде көрсетілген.



Сурет -1

Сурет - 2

Сурет - 3

Сурет - 4

Көрсетілген диагностика бойынша түзету-дамыту тобы құрылмақ. Осы топқа түскен оқушылар интеллектуалдық қабілеттер мен танымдық үрдісті дамытуға бағытталған, түзету сабақтарына қатысады. МЭДИС әдістемесінің нәтижесі бойынша: 2015-2016 оқу жылында 27 бірінші сыныпқа баратын балада мектепте оқуға деген даярлығы төмен екендігі анықталды. Интеллектуалдық қабілеттері төмен немесе өте төмен деңгейдегі балалар түзету сабақтарына қатысып жүрді. Түзету сабақтары аптасына бір рет 30 минуттан өткізіліп тұрды.


Әсіресе, балалардың сандық және сапалық қатынастағы құбылыстарды айыру түсінігін атап өту қажет, бірінші сыныптағы балалардың көбінде төмен дейгей байқалады. Мектеп ұжымы осы бағытқа басты көңіл аудару қажет.
Сонымен қатар 1-сыныптарда диагностиканың келесі түрлері өткізілді: «Тест простых поручений» - өзін-өзі басқару деңгейін анықтау; "Проставь значки" әдістемесі – бір нәрседен екінші нәрсеге ауысу қабілетін анықтау және тыңдай білу; көріп есте сақтауды анықтау әдістемесі, тыңдап есте сақтауды анықтау әдістемесі, «Лесенка» өз-өзінің деңгейін анықтау әдістемесі.
Бастауыш буындағы 2 сыныпты интеллектуалдық бағытта тексеру үшін, Замбицявичене Э.Ф. сөздік-логикалық ойлау қабілетін анықтау әдістемесі қолданылды. Осы әдістеме арқылы сөздік қор, интеллектуалды жалпылау операциясы, абстрактау, жалпы белгілер мен құбылыстарды анықтау, логика т.б. қалыптастыруда баланың даму деңгейін анықтауда септігін тигізеді. 3-4 жұп-сыныптары арасында интеллектуалдық деңгейді анықтау үшін «ГИТ» тестілеуі (балалар нұсқасы) жүргізілді.
Бастауыш буындағы оқушылардың эмоциялық жағдайын тексеру үшін қобалжу және агрессиялық диагностика жағынан қаралды.
5-11 сыныптарда жыл сайын әлеуметтік жағдай әдістемесі жүргізіліп тұрады, демек көздеген мақсаты - мектеп ұжымында бейімделу деңгейі төмен, сондай-ақ сыныптағы оқушылар арасында мінез жағынан зерек, әрі алғыр балаларды анықтау болып табылады. Оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтау үшін қобалжу, агрессия, өзін-өзі бағалауды анықтауға арналған тестілеу жүргізіледі. Диагностика нәтижелері №2,3,4 кестеде көрсетілген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет