МЕКТЕПIШIЛIК БАҚЫЛАУ ЕСКЕРТУ:
Бақылау түрі: Т - тақырыптық, ЖС- жалпы-сыныптық, Ж - жаппай,
А- алдын ала, ЖД - жеке-дара (дербес).
1. Жалпыға міндетті оқудың орындалуын бақылау
Нормативтік құжаттар: ҚР «Білім туралы» Заңы, «Міндетті орта білімді іске асыратын білім беру бөлімі мен жалпы орта білім беру мектебі басшыларының жауапкершілігін арттыру туралы» №463 бұйрығы, ҚР Үкіметінің 1998 жылғы «Балалар мен жасөспірімдерді оқытумен қамту іс-шараларын ұйымдастыру туралы» №812 Қаулысы.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» №127 Қаулысы.
ҚР БжҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы бұйрығы (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ТУП (ПДТ, ауыр тіл мүкістігі бар балалар, үйде оқитын балалар сыныбы).
ҚР БжҒМ 2014 жылғы 10 маусымдағы «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы» №214 бұйрығы.
2.ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №500 бұйрығы (№1,4,7,8 қосымша).
ҚР БжҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығы (№500 бұйрығына өзгерістер енгізілді).
ҚР БжҒМ 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №471 бұйрығы (№500 бұйрығына қосымша мен өзгерістер енгізілді, №2,5,9,10 қосымша).
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №375 бұйрығы, ҚР БжҒМ «ҚР білім беру ұйымдары және жалпы орта білім беру мектептерінде ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты.
ҚР БжҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі» (ҚР БжҒМ №44, №506, 142, 241 бұйрықтарына өзгерістер енгізумен).
3. ОҚУШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ.
ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет министрі, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 1998 жылғы 14 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында өмір қауіпсіздігі негіздері және алғашқы әскери дайындықты оқытуды жетілдіру туралы» бірлескен №460, №166, №198 бұйрығы, («Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсы).
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысымен бекітілген, «Балалар мен жасөспірімдердің білім және тәрбие алу объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |