Мазмұны жыл тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 3



бет31/76
Дата25.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#145018
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
Сабақты бақылау парағы, СЛАЙД - ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЫҚТИМАЛДЫҚ, Анализ работы со слабоуспевающимися нна конец уч года, Серикова Аяулым менеджмент срсп4, Серикова Аяулым менеджмент срсп3
Арнайы курстар:

  • қызығушылық бойынша үйірме, ақылы білім беру қызметтері;

  • жұп-сыныптарда мықты оқушылармен топтық жұмыс жасау.

Оқу жылы ағымында дарынды балалармен жұмыс жасау аспектілері бойынша материалдар мен ақпараттар жиналады, содан соң мектептің әдістемелік кабинетінде әр оқушының электронды банкі (Портфолио) толықтырылады. Мектеп сайттында, фойеде әр оқушының және жалпы балалар ұжымының жетістіктері туралы ақпараттар жүйелі түрде орналастырылып отырады. Оқушылар жалпы мектеп линейкасында Құрмет грамоталарымен салтанатты түрде марапатталады.
Дарынды және қабілетті балалармен түрлі салада жұмыс жасау, оларды іздеу, дарындылығын анықтау және дамыту мәселесі мектеп қызметінің негізгі аспектісі болып табылады.
Жыл сайын дарындылығы бойынша пән үйірмелеріне, қосымша сабақтарға қатысатын оқушылар саны өсіп келеді. Барлық арнайы курстар, пән үйірмелері бағдарламалар бойынша, графикке сәйкес кестесімен жұмыс істейді.
Көптілділік
Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кіруге тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Қазіргі заман мектебінде шетел тілдерін оқыту мақсаты оқушылар бойында мәдениетаралық қарым-қатынастарға дайындау және осы оқып жатқан тілді өзара қарым-қатынас ету құралы ретінде пайдалану болып табылады. Мектептің білім беру ұйымындағы түлегі өзін-өзі жан-жақты іске асырғысы келсе, және қазіргі қоғамда өзін талап қажетті тұлға ретінде сезінгісі келсе, онда оның бойында мынадай қасиеттер болуға тиіс:

  • өзінің бойында (азаматтық, этникалық-мәдениеттілік, жалпы адамгершілік) сәйкестендіруді сезіну;

  • түрлі өмірлік жағдайларға оңай бейімделе алу;

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • ақпаратты еркін меңгеру;

  • тез тіл табысып кету;

  • танымдық тәсілдерді жан-жақты меңгеру;

  • «Шетел тілі» пәні мазмұнын табысты меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет