Мазмұны Кіріспе 1


Зерттеу нысаны (объектісі)



бет8/11
Дата07.02.2022
өлшемі427 Kb.
#87381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 Үсен Рауан Қалиханұлы 12 жылдық оқыту кезеңінде Диплом 2012
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Зерттеу нысаны (объектісі). Жалпы орта білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі сабағының үдерісі.




1 12 жылдық оқыту кезеңінде дене тәрбиесі жұмыс ерекшеліктері
1. 1 Дене тәрбиесінде 12 жылдық білім беру мазмұны

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын. Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі туындап отырғандығы белгілі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. «Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтырудың» білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады.
Яғни, пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушыларды таныстыру;
қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;
дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;
бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі тек дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда. Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. Әртүрлі деңгейлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір теориялық және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда дене тәрбиесі мәселесі бойынша жүргізілген зерттеудің маңызы зор. Мамандардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды, зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы оқушылардың дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімнің оқушылардың белсенділігін дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі:
1. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағыттылығы.
2. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен толықтырылуы.
3. Дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.
4. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, балалардың жеке- психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту.
Болашақ мұғалімдердің сабақ беруге даярлық көрсеткіштері олардың білімдерінің нақты, терең, жүйелі болуы, сол білімдер арқылы оқушыларды жаттықтыру іскерліктерімен және дағдыларымен қарулануы деп түсіну керек. Дене тәрбиесі пәнін ұйымдастыруда тәжірибелік дене тәрбие сабақтарында әртүрлі жаттығуларды пайдаланып, қызықты сабақтар өткізуді және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың, үйірмелердің жұмыс формаларын анықтап, олардың тақырыптарын жоспарлары мен мазмұндарын жасайды. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады. Дене тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, дене тәрбиесі әдістемесін студенттерге үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына, оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді. Оқытушы нақты оқыту ақпаратын беруші, оны болашақ маманға меңгеруін ұйымдастырушы және соның нәтжесін бағалаушы позициясын ұстаушы адам ретінде болмауы керек, қайта көмектесетін, өзінің білім беру қызметінің субъектісі болу керек. Ол үшін оқытушы талдауға тиісті бағдарламаны меңгерудегі және бағдарламаны оқуда оқушылар өздері қабылдауына кеңесші, сарапшы болуы тиіс. Оқытушының жаңа ұстанымы үнемі оқуышымен бірге кішігірім зерттеулер орындау, топтармен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі формаларын бірге шығармашылық тұрғыда іздестіру жаңашылдық бағытта кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыру өзекті сипат береді деген тұжырым жасаймыз. 12 жылдық мектеп мұғалімін даярлаудағы білім мазмұныны жетілдіру жолдарының негізгі алғышарттары: дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік деңгейі басшылыққа алынады. Яғни, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеру сынды жұмыстарды ұйымдастыру шеберліктері арқылы білім мазмұнына сәйкес өзіндік ерекшеліктерімен даралана білуі арқылы педагогикалық рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы қарастрылады. Осы көрсеткіштерге сәйкес дене шынықтыру пәні бойынша болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың жоғары, орташа, төмен деңгейлерін толық анықтауға болады. Негізінен, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді; білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының, қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік, сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыда қабілетті маман жаярлау заман талабы. Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің ажырағысыз және құрамдас бөлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысына дайындау болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі болып табылады. Алайда, студенттердің көпшілігі дене тәрбиесін тек биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең түсінбейді, ал шындығында, оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор.Болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен дайындау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықтың болуымен де байланысты, өйткені дене тәрбиесі мұғалімі оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (10-12сағат) аптасындағы 2 сабақ ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды. Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта жетілдіру, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Заман талабына сай жоғарғы мектептің алдына қойған мақсаттың ең маңыздысы - қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау. ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана оның мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ дене мәдениеті саласындағы мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды. Қазіргі адам дамуының элементі болып табылатын дене мәдениеті білімінің маңыздылығымен анықталатын, оның оқу-тәрбие үрдісіндегі үлесін, онымен қоса, қалыптаса бастаған білім беру философиясының шеңберіндегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жаңа мақсаттарын және оны меңгеруде қалыптасқан жүйенің жоқтығын ескере отырып, болашақ мамандарды даярлауды жеке мәселе ретінде тек практикалық қана емес, теориялық тұрғыдан да айырып көрсету керек. Ќорыта келгенде, республикамыздағы дене мәдениет саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлауда, жоғары кәсіби білімін реформалауда ќаржыландырудың көпсалалы жүйесін ќалыптастыру, аймаќтыќ оқу-ғылыми-өндірістік кешенін ќұру, дүниежүзілік білім беру жүйесіне ену, оќытудың дәстүрлі технологиясын жетілдіре отырып, заманауи аќпаратты оќыту технологиясын енгізу жєне ғылыми жұмысты жүргізуге жағдай туғызу сияќты өзекті мәселелерді шешуді талап етеді. Білім берудің басты сипаттары - оның тұтастығы, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың бірегейлігі, икемдігі мен, мазмұнын жақсарту мен білім жүйесін басќаруды демократияландыру болуға тиіс.
Дене шынықтыру және спорт - ел азаматтарының денсаулығын нығайтудың, жастарды рухани тәрбиелеудің және дене тәрбиесінің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Сол себепті мемлекеттің осы саладағы бірінші кезектегі міндеті - ел халқының қалың жігінің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қол жеткізу. Тұрғындар арасында дене шынықтыруды дамыту ынталы тиісті құрылымды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет