Мазмұны Кіріспе 1


жылдық оқытуда дене тәрбиесі және спорт мәселелері



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі427 Kb.
#87381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 Үсен Рауан Қалиханұлы 12 жылдық оқыту кезеңінде Диплом 2012
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1.2 12 жылдық оқытуда дене тәрбиесі және спорт мәселелері

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың дене мәдениетін мектепте оқыған кезендерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз дағдыландыру:


1. Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру.
2. Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әртүрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету.
3. Жігер-күш, дене қуаты қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әржақты және мектептің басқа оқу тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылдануға үйретеді [13].
Осы барлық міңдеттерді дұрыс бағдарлау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
12 жылдық оқу үрдісіне көшу кезеңіне, оған дайындыққа Қазақстанның ғылым және білім министрлігі басшылығымен көптеген ғылыми экпериментальдық жұмыстар жүргізілді. Ол жұмыстар жалғасуда, әлі де ғалымдарға, мамандарға, мұғалімдерге көптеген іздену жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Осы көп жұмыстардың ішіндегі маңызды, өте жауапкершілікті керек ететін бір саласы дене мәдениеті. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға ізденістерге, өзін-өзі дайындауға үйреткен кезде, соған сай денсаулығын, дене қуаты қасиеттерін, қозғалыс шеберлігін дамытпасақ, жетілдірмесек болмайды. 12 жылдық оқу үрдісінің кейінгі екі жылғы, бағытталған кәсіптік дайындық кезеңінде, сол кәсіпке қажет қозғалыс шеберлігін, дағдысын қалыптастыратын дене мәдениетіне үлкен маңыз берген дұрыс.
Ерте кездің өзінде адамдар балаларын жас кездерінен арнайы дене жаттығулары, ойын түрлері арқылы қоғамдық, тұрмыс және әскери әрекеттерге дайындаған. Адам күнделікті еңбек, соғыс құралдарын қолдану кезінде өнеркәсіптік, еңбектік, жекпе-жек әрекеттерге әзір болу үшін, алдын ала соған ұқсас қимыл-қозғалыстарды орындау арқылы дайындалуға болатынын сезген, түсінген. Қазіргі кезде де дене жат­тығулары тікелей өнеркәсіпке әсер етпесе де, жұмысшылардың қимыл ептілігін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру арқылы еңбек әрекеттеріне жағымды әсер етеді [6].
Қолданбалы дене мәдениеті (КДМ) дегеніміз - дене тәрбиесінін түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Қолданба­лы дене мәдениеті әскери және кәсіптік деп екіге бөлінеді.
Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек түрі қызметіне дайындап, ағзасының функциональдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді, Осындай дене қуаты дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімдірлендіріп, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.
Біз дене тәрбиесі мамандары спортшылар дайындау жүйесі кезінде, жалпы дене қуаты дайындығы негізінде спорт түрлеріне бағытталған арнайы дайындық, ол дайындықтар негізінде сол спорт түрлерінің техникасы жетілдірілетінін білеміз. Мысалы, гимнастарға қол, иық бұлшық еттері, тепе-теңдік ұстай білу, кеңістікте өз денесін дұрыс басқара білу және ептілік, икемділік, күш секілді дене қуаты қасиеттері керек болады. Ал жүгіріп келіп жоғарыға секіру спортшысына бұл қасиеттер негізгі емес, оларға күш-жылдамдығы, қимыл үйлесімдігі, аяқтың секіргіш күші қажет. Осындай жағдайды кәсіптік қолданбалы дайындық кезінде де қолданамыз. Мысалы, құрылыста жоғарыда құрастыру жұмыстарын істейтін жұмысшыларға қол күші, тепе-теңдік ұстай білу, батылдық қасиеттерін дамыту қажет. Кен қазушыға (шахтерге) иық және арқа бұлшық еттерінің төзімділігі, ептілік, икемділік, әртүрлі дене қалпында (төртаяқтап, екі бүктеліп, етпеттеп т.с.с.) қозғала білу қасиеттерін дамыту қажет. Меңгергішті (пультті) басқару маманының жұмысы алдынғы екі мамандық иелерінен тілті басқаша болып келеді. Бұл кәсіптің мамандары өздерінін қозғалыстарын дәл, тез, нақты орындауы, қолдарымен үйлесімді қимылдауы, әр қозғалысына зор ықылас сала жұмыс істеуі қажет болады. Осы жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша әрбір кәсіптік мамандық иелеріне әр түрлі жаттығулар тандалып, осы мамандықтарға қажет дене қуаты қасиеттері мен қимыл ептіліктері, шеберліктері дамытылуы, дағды жағдайына дейін жетілдірілуі керек болады. Кейбір жұмысшылар, мамандар арасында кәсіптік қолданбалы дайындықты жалпы дене тәрбиесі арқылы орындауға болады деген пікір қалыптасқан. Ол дұрыс емес, қате пікір. Дене мәдениеті оның кәсібіне байланысты қолданылуы керек, аяқ киім тігушіге - бір түрлі жаттығулар, ұстаға - екінші түрлі жаттығулар, техник маманына - үшінші, нан пысырушыға төртінші түрлі жаттығулар керек.
Кәсіптік қолданбалы дайындық екі түрде орындалады. Бірінші - жұмыс үрдісі кезінде, екінші - жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту кездерінде. Жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту кездеріндегі түрі, қазіргі кезде мемлекетімізде кәсіптік техникалық училищелерде, техникалық колледждерде, ЖОО-да кең қолданылады. Қазіргі 12 жылдық оқыту түрі кіргізілетін 2009-2010 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің соңғы екі жылы, 11-12-ші сыныптарында, осы кәсіптік қолданбалы дене мәдениетіне көп көңіл бөлінеді [3].
Қолданбалы дене мәдениетінің әскери қолданба­лы дайындығы да осындай түрлерде орындалады. Әртүрлі әскер бөлімдерінде әскери өызмет кезінде және әскери кәсіпке жастарды дайындайтын әскери училищелер, жоғарғы әскери академияларда да, осы әскери қолданбалы дене тәрбиесі дайындығына өте үлкен көңіл бөледі.
Кәсіптік қолданбалы дене мәдениетін ұйымдастыру әдістемесі. Кәсіптік қолданбалы дене мәдениетін ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйрету кезінде біз бір ғана кәсіптік мамандық иелерін дайындау әдістемесін мысал ретінде алуды ұйғардық. Ол мамандық - темір жону мамандығы. Темір жону, темірден әртүрлі нәрселер жасау, үстел үстінде орнатылған әртүрлі токарлық, фрезерлік, темір тесетін, кесетін, жонатын станоктарда орындалады. Осы мамандықтардың негізгі ортақ белгілері: дене қалыптары мен тұрыстары және адам ағзасына қойылатын ортақ талаптарының ұқсастықтары. Темірмен жұмыс істейтін жұмысшы темірден жонып, күрделі, әртүрлі формалы зат шығару үшін қолмен дәл және үйлесімді әрекет істеуі керек. Сапалы бөлшек шығару үшін өз ықыласын бір жерге шоғырландыруы қажет. Осы мамандық иелерінің дене қуаты нашар дамығандарында мынандай кәсіптік ауырулар көп кездеседі. Олар: тұлға, мүсін қисаюлары, табан жалпақтығы, қан айналу жүйесінің бұзылуы.
Келешек темір жону мамандығы жұмысшыларын даярлау кезінде біз мынандай міндеттерді орындауымыз керек:
1. Иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту.
2. Тік түзу түра білу, қолдармен үйлесімді жұмыс істей білу және қолдар төзімділігін дамыту.
3. Ықылас салу және ықыласты шоғырландыра білу қасиеттерін дамыту.
4. Кәсіптік ауруларды болдырмайтын әдеттерге тәрбиелеу.
Жалпы төзімділікті жаттығуларды көп рет қайталау арқылы дамытамыз. Ол үшін әртүрлі спорт түрлерінін жаттығуларын қолданамыз. Ол спорт түрлерінің жаттығулары: 500, 1000, 1500, 2000 метрлерге жутірулер; кедергі қойылған жолдармен жүгіру; спорт ойындары (регби, баскетбол, футбол, хоккей); шаңғы спорты; суға жүзу; эстафеталар; туризм; конькимен жүгіру.
Тік түзу тұра білу, статикалық төзімділік, иық деңгейі, дене, арқа бұлшық еттері күшін дамыту мы­нандай жаттығулар арқылы орындалады: көп peт секірулер, әртүрлі қалыпта секірулер (оң, сол аяқ, отырып, тұрып, бақа түрінде, салмақты оң жақ, сол жақ аяқтарға ауыстыра секірулер т.с.с); серіктесінді арқанға көтеріп жүру; арқан тарту; қозғалмалы ойындар (әтештер айқасы, чехарда); конькимен жүгіру; арқанға өрмелеу; таудан төмен сырғанау; жіңішке скамейка үстінде жүру т.с.с.
Ықылас салу және ықыласты шоғырландыра білу, нерв үрдістері жьыжымалылығын дамыту үшін дыбыс және көру белгілері бойынша басталатын мынандай жаттығулар орындалады: ысқырық белгісімен еденнен тіреле жатып итерілу; 20 метрге үдей жүгіру; ту сермеген кезде тез-тез отырып, тұру; 10 метрге үдей жүгіру; 3 метр қашықтықтан теннис добын бір-біріне лақтыру (лақтырылған доптан оңға, солға, еңкейе, отыра қалып, шегіне жалтарулар); допты тез алып жүру жаттығуларымен берілетін эстафеталар; қозғалмалы ойын "доп өз адамыңа"; екі доппен баскетбол ойынын ойнау.
Қозғалыстың дәлдігі мен үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлау, бұлшық ет күшін бағыттай білуді дамыту үшін мынандай жаттығулар беріледі: қабырғаға лақтыруылған теннис добын біресе оң, біресе сол қолдармен қағып алу; қарама қарсы тұрып баскетбол до­бын әртүрлі қалыптарда лақтырып, қағып алу (екі қол­мен желкеден, жерге соғып, екі қолмен кеудеден, оң және сол қолмен); баскетбол добын шығыршыққа, нысанаға көздеп лақтыру; әртүрлі көлемдегі доптармен жаттығулар орындау; допты көзбен қарамай алып жүру; алдыға аунап түсіп допты қағып алу; екі допты алма-кезек жоғары лақтырып, қағып алу; эспандерлармен жаттығулар; қозғалмалы ойындар ("өз туыңа", "өз затыңа" жүгір); шантымен таяқтарға күш сала тіреніп, итеріліп жүру.
Денені кеңістікге басқаруды және ерік күшін тәрбиелейтін жаттығулар: қолдарды желкеге ұстап, аяқтың үшімен, өкшемен, оң жақ, сол жақ қырымен жүру; етпеттел жатып, басты жоғары көтеріп шалқаю; ағаш аттың үстінен ауада аунап түсе секіру; бір арқаннан екінші арқанға ауыса өрмелеу; биік жерде тұрып, төмен секіру; 30-40 сантиметр биіктіктегі кедергіден ұзындыққа секіре аунап түсу; жекпе-жек жаттығулары; теннис добын бір-біріне лақтырулар [9].
Мақсат бір ғана мамандық иелеріне арналған кәсіптік қолданбалы дене жаттығулары және ол мамандыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру, кәсіптік қолданбалы дене мәдениеті әдістемесін ұйымдастыру туралы сөз қозғадық 12 жылдық оқыту үрдісі кезіндегі аяққы екі жылда әр мектеп өз мүлікіншіліктері бойынша таңдап алған кесіп түрлеріне оқушыларды даярлайды. Сол кезде кәсіптік қолданбалы дене мәдениетін дұрыс ұйымдастыру, негізгі керек қозғалыс әрекеттерді, дене қуаты қасиеттерін дәл анықтау, соларды дамытуға қажет дене жаттығуларын тиянақты, сауатты іріктеу, ұйымдастыру әдістемесін жақсы білудің маңызы зор [15].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет