Жанар таулар атқылауы. Жер бетінде 80-ге жуық жанар таулар атқылауы адамдар психологиясына әсер етеді. Негізгі қойылған міндет адамдардың жүріс-тұрысының қалыптылығын және жанар таулар атқылайтын аудандарда адамның шаруашылық әрекетін сақтау. Жанар таулардың атқылауы адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Адамдардың тұратын жерінің алдымен геологиялық орнын ескеру керек. Осыдан кейін жанар таулардың физикалық сипатын және атмосфералық жағдайын атқылау кезін байқау ерек. Басты мәселе жанар таулардың атқылау белсенділігінің бастамасын анықтау. Аймаққа насихат жүргізуде дұрыс қарым-қатынас қолдану.
Тропикалық циклондар. Тропикалық циклондар адамға әсер етеді. Тропикалық циклондардың бірі қатты дауылдар, жаңбыр, толқындар. Тропикалық циклондарға тән атмосфералық қысымның 60-тан 100 мбар кенеттен өзгерісі, циклондардың болуы атмосфералық қысымның желмен бірге теңіз суындағы толқынды 14 м. биіктікке көтеруі мүмкін. Тропикалық циклондардың адамдардың өлімімен ғана емес, экономикалық шығын әкеледі. Жыл сайын мұхиттарда 80-нен 100-ге дейін тропикалық циклондар болады.
Цунами. Су асты жер сілкінулері, ұзақ мерзімді мұхит толқындары. Тынық мұхитттағы көптеген елдердің өмірі теңізбен байланысты. Солтүстік және Оңтүстік Америкада, солтүстік-батыс Еуропа жағалауында және сейсмикалық белсенді зона Кариб теңізінің шығыс бөлігінде көптеген адамдар өміріне қауіп әкелген табиғат апаттары болды. Тарихи және статистикалық мәліметтер бойынша әлеуметтік-экономикалық және психологиялық тұрғыдан емес қоғамға өз әсерін тигізді. Осындай құбылыстардың аймақтарға байланысты белгілі психологиялық ахуалды түсіндіруге әлі психологиялық мүмкіндік жоқ.
Өрттің ролі. Өрт жердегі маңызды экологиялық фактордың бірі. Адамның интенсивті әрекеті жоғарлайды, адамдардың денсаулығына, шаруашылық әрекетіне зиян келтіреді. Өрттің температурасы 700-900 градусқа дейін болса, 1500-2000 килокалорий денені шарпиды. Бұған қоса улы түтін, жарылыстардың жер бетінің геологиялық құрамында өсімдіктерге тигізетін зияндылығы көп. Ол адамның даму мен қоршаған ортаға әсері бар. Жер бетінің көптеген экосистемалы аудандарында өрт маңызды рол атқарады. Өрттің салдарынан жоғары температурада бір процестер бұзылып, кейбіреуі өзінің өмір сүруін тоқтатып, толық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Өрттің салдарынан адамдар зардап шегіп әртүрлі механикалық жарақаттар алуы мүмкін, сонымен қатар күйген тамақтармен улануда кедеседі. Мұның бәрі адамдарға жүйкесіне ауырлық түсіріп, организмнің жалпы қызметінің бұзылысына әкеледі. Адамның психологиялық күйіне әсері өте зор. 28
Адам түрлі географиялық ортада өзінің арнайы жағдайын жасай, табиғат апаттарын қай уақытта болатынын білмей қапы қалады. Адамның мінез-құлқы мен қабылдауы, эмоционалды ерік-жігеріне тәуелді. 56
Әртүрлі жағдайлар адамға жағымсыз психологиялық әсерлер мүмкіндігін қамтиды. Көп нәрселер адамның тұлғалық ерекшеліктеріне, қолайсыз факторларға қатынастың тұрақтылық дәрежесі, өзін-өзі басқарудың жеке мүмкіндіктеріне тәуелді. 35
Мүмкін болатын апаттарға әрекет пен мінез-құлықтың нашар дайындығы қолайсыз әсер туғызады. Мүмкін болатын апаттарға дайын әрекет пен мінез-құлықтың ұстамдылығы жағымды әсер туғызады. Сондықтан мүмкін болатын табиғи апаттарға субьективті-обьективті даралық-құбылыс пайда болады. Көптеген бұқаралық ақпараттарда мүмкін болатын табиғи апаттардың жағымсыз жағдайлары көп. Жағымды-жағымсыз алғышарттары жиіленіп, бірақ ол адамдардың өзінде аз дайындалады. Арменияда жер сілкінісінен кейін 86% азаматтар дәрігерлер мен психологтар зерттеуінше алғашқы 5-10 күнде бойкүйездік пайда болып, 36% есін жоғалтып алған. 54
Мүмкін болатын табиғи апаттар адамның денсаулығына ұзақ әсер етуі мүмкін. Адамдардың жарақат алуы мен бұзылысы жүйкелік-психикалық реакцияға реактивті психоздар тудыруы, психикалық әрекетке уақытша бұзылушылығы нәтижесінде психикалық жарақаттар пайда болады. Адамның әлеуметтік-психологиялық қысымы мен мінезінің айырмашылығына байланысты. Адамға табиғи апаттар құбылысының әсері психикалық қысым түсіреді. Жер сілкінісі немесе қатты жел адамның психикасына қатты әсер ете, әртүрлі қорқыныш пен мазасыздану туғызады. 12
Катастрофалық мазасыздану – кездейсоқ апаттардағы жоғары күштің әсерінің жиынтығы, адамдарда ұйымдаспаған қысымның түрі. Катастрофалық мазасызданудың даму жағдайы адамдардың әрекетінде болмаған процестердің әсері, олардың мінез-құлқына өзгеріс әкеледі. Адамның бейімделмеген жағдайында жүріс-тұрыс реакциясы қажетсіз болып табылады. Табиғи апаттағы болған әрекеттер, адамның жүріс тұрысындағы ерекшеліктердің айтылуы, экстремалды жағдайлардың әсерінен көңілде қорқыныш ұялайды. 26 Мұнда жас ерекшелігі, денсаулығы, білімі, жанұялық жағдайы, аналогиялық ситуациялардағы тәжірибесі мен басқа факторлар ерекше роль атқарады. Адамдардың жүйкесінің бұзылуынан организмнің қызметі өзгереді. Адам уақыт кеңістігінде тұрады. Қандай уақытта тұрмасын адамда өткені мен болашағынан өмір сүріп отырған уақыты қорқыныш пен мазасыздық тудырады. 17
2.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен механизмдері
Механизмдерге түсетін қысымның көп болуы, организмнің төзімділік бейімділігі бұзылып, өзгеріске әкелуі мүмкін. Психофизиологиялық саулықтың рамкасындағы өзгерулер оның психикалық деңгейіне тиісті. Сондықтан мұны психологиялық әдістер арқылы зерттейді. 18 Психикалық теңдіктің өзгерулерін алдымен фрустрациядан бастаған жөн. Психологиядағы қиын ситуациялардың әсерін фрустация зерттейді. Фрустация термині психологияда екі мағына береді:
Қолайсыз жағдайда, белгілі мақсатқа жету жолындағы кедергі немесе бас тартуы;
Туындайтын кедергілер күйі (Хилгард, 1962).Фрустациялық оқиғалар жүріс-тұрыстың нақты типін көрсетеді. Фрустация жағымды және жағымсыз реакциялар деп екіге бөлінеді.
Жағымды реакциялар конструктивті шешім, жетістікке жетудегі кедергіні бөлісу. Мәселені шешудегі бағытты күшейтуге ұмтылу. Көптеген техникалық дамытудағы ғылыми жаңалықтар, жетістіктер, мәдениет адамдарының өміріне фрустрация стимул болған.
Жағымсыз реакциялар фрустрациясы конструктивті емес жүріс-тұрыстың әртүрлі формаларын шақырады. 29
Фрустрацияны психологиялық тұрғыда анықтай, мұның бәрі психологиялық стресске әкеледі. Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда шетел және еліміздің ғалымдары адамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде қарастыруда.25 Стрестің физиологиялық негізі-американдық физиолог У.Кенноның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм қызметінің қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғану жөніндегі зерттеуі. 27 Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына күшті әсер етіп, сезімдік – эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері-қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады. 3
Жасыратыны жоқ қазіргі кезде адамдарға стресогенді факторлар әсер етуі өсу үстінде. Стресс сөзі көбіне адамның денсаулығына жағымсыз әсерде қабылданады. Стресс – организмнің бейімделу реакциясы, оның психикалық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда әсері өте күшті стрессогенді факторлар мен стресс-реакциясының жауабы организм жүйесі мен жүйелердің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әр адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігіне байланысты бірдей оқиғалар әртүрлі және әрқалай қабылданады. Дәрігерлердің бақылауының нәтижесінде аурудың шығуы психоэмоционалды стрестегі мазасызданумен өзара байланысты деп көрсетеді .41
Зерттеу барысында, өмірдегі оқиғаларға дәрігерлер балмен есептеу жүргізгенде, ауруға бейімі бар адамдар тобы анықталды. Басқа зерттеулердің нәтижесінде тәуекелге бел буған адамдарда белгілі бір әсерге жауап беруі байқалған. Мұндай жағдайда, тұлғаның стресс – коронарлық профилін айтуға болады. Адамның психологиялық реакциясы, оның иммундық жүйесі мен өмірдегі маңызды жүйе реакцияларымен тығыз байланысқан. Бұл, психоэмоционалды стресс эмоционалды мазасыздануға жауап береді. Стресті шығару стресс факторының аяқталуының бастапқы іс-әрекетіне әсер етуі. Адам организміндегі стрестің биохимиялық және физиологиялық өзгерулерін қарастырамыз. Канадалық ғалым Ганс Селье: стресс – организмнің кез-келген талабына тәуелді емес – деген. Организмде пайда болған арнайы емес белгілерге тойтарыс береді, оны Сельенің үштігі деп атады Олар мыналар:
Бүйрек үсті безінің ұлғаюы;
Тимус көлемінің кішіреюі (иммун жүйесі);
Асқазан мен ішек жарасының пайда болуы
Стресс дамуын Г.Селье 3-ке бөлген:
Үрейлену 2. Төзімділік (резистенттік) 3. Әлсіреу
Әр кезеңнің өзіне тән айырмашылығы бар. Стрестің дамуында үлкен роль гормондарға қатысты. Негізгі гормондары адреналин, кортизол және инсулин болып табылады. Үрейлену кезеңінде гипоталамус либеринді, гипофиз аденокортикотропт гормонын бөліп шығарады. Бүйрек үсті бездерінде кортизол синтезі ұлғайып, ал гипоталамуста – адреналин аденокортикотропт түзіледі.
Гипофиз әсерінен қанда вазопрессин гормонының бөлінуі ұлғаяды. Адреналин мен вазопрессин қан тамыры саңылауларын қысып, артерия қысымы жоғарлайды. Қан айналымының таралымы жүректе, тыныс жолдарында, мида ұлғаятын болса, құрсақ ішінде (көк ет, бауыр) мүшелерінде азаяды. Үрейлену кезінде энергия қоры бауыр гликогені, содан кейін энергия қоры липидтер және олардың ыдырау өнімдері – бос майқышқылдары болып табылады. Бұл бос май глюкозаға қарағанда алты есе энергияны көп бөлгендіктен дене температурасы жоғары болады. Липидтердің жетіспеуінен адреналин ақуызға айналып глюкоза түзіледі. Бірінші кезекте құрылымсыз ақуыз, оларға лимфоцит ақуызы – иммундық жүйенің жасушасы қолданылады.
Лимфоциттері жойылған генетикалық бөгде жасушалар (микробтар, вирустар, рак жасушалары) антигендер деп аталады. Антигендерге жауап ретінде антидене – ақуыз-иммуноглобулин бөлінеді. Антидене антигенмен байланысады, кейін бұл комплексті фагоцит-жебір жасушалары жояды. Негізгі жолы олар бос май қышқылдарына ыдырап, тотығады, ал екінші жолда липидтің қышқылдана тотығуы түзіледі Бірінші жолда – АТФ-энергияның басты қоры, екінші –жоғары химиялық белсенділігі бар бос радикалдар. Бос радикалдар фосфолипидті мембрана жасушаларына тойтарыс бере, нәтижесінде қышқылдар бірігіп, липидтердің қышқылдана тотығу процесі түзіледі.(24)
Үрейлену деңгейі әсерінен кортизолдың иммунды жасушалары бұзылып, иммунитет төмендейді, асқазанда, бауырда, жүрек бұлшық еті мүшелерінде қабыну процесі мен зақымдану жүреді. Бұл кезде организмнің өз ұлпасында ақуыздарға қарсы антидене өңделеді, оны аутоантидене деп аталады. Әсіресе аутоантидене саны липидтердің қышқылдана тотығу нәтижесінде жоғары деңгейде болады, бұл кезде аутоантидене ми және көздің торлы жасушаларына қарсы түзіледі. Резистенттік кезеңінде лимфоциттер саны көбейіп, қалыптасу процесі басталады. Егер резистенттік кезеңінде организмнің гомеостаздық күйі қалпына келмесе, әлсіреу кезеңіне өтіп, ұлпалардың жойылуы тән.
Адреналин мен кортизол максималды, инсулин минимальды бөлінгенде организм әлсіреп, өлімге соғуы мүмкін. 16 Адамдар стрессорлар әсерінен шешім таба алатынына қабілеті мен мүмкіндігінің бейімділігіне байланысты екені сезінеді. Ондай күйде эффективті жауап беру және когнитивті реакциялардағы жағымсыз эмоциялардан алыстату. Біз стрессорларды қарастырғанда негізгі кілті болып қорқыныш табылады. 32 Шынында қорқыныш физикалық, эмоциялық және когнитивті реакцияларға толық комплестің жауабы. Физикалық деңгейде біз терлейміз, тыныс алуы жиілеп, бұлшық еттері жиырылып және жүректің соғуы жиілейді. Өңі сұрланып, денесінде бірнәрсе жүргендей, еріндері дірілдеп, құсқысы келеді. Егер ситуация қауіпті болған жағдайда, біз мынандай эмоцияны сезінеміз, яғни адамның денесі мұздап, үрейленеді. Сонымен қатар, қорқыныш дүниені қабылдауға әсер етіп шоғырландыруға кедергі жасайды. 60
Нейрофизиологиялық деңгейде қорқыныш нейрондардың белсенділігіін тез жоғарлатады. Томкинс бойынша эмоцияның үш түрі интенсивтілікке байланысты: таңдану-шошу; қорқыныш-қауіп; қызығу-қозу. Туғаннан және жүре қабылдаған бұл үш эмоцияның айырмашылығында адамды күтпеген стимуляцияның жоғары мәнділігіне әкеледі. Күтпеген және кенеттен болған оқиғалар таңдану мен шошудың белсенділігін арттырып, нейронды стимуляцияның интенсивтілігін жоғарлатады. Одан да жоғарлау қорқынышқа әкеліп, ең жоғарғы сатысы қозуға әкеледі. 38
Боулби және Грэй қорқынышты детерминанттар немесе ‘’табиғи стимулдар кілті’’ қауіптілікті көрсеткендей, қорқыныш белгілі роль стимуляция деңгейінде емес, селективті белсенді рецепторлы органдарда белсенділігі артады деп көрсеткен. Шошу, қорқыныш және қызығу-қозу жекеленген компоненттерде пайда болады. Олардың арасындағы тұрақсыз теңсіздік, теориялық тұрғыда маңызды мағына болып, мазасыздықты зерттеуге жол табады. Қорқыныштың себептері әртүрлі оқиғалар, қауіптер.
Боулби бойынша қорқыныштың себебі, қауіптің болуы және алдын-ала қамтамасыз ету.
Грэй қорқыныш деп оқиға күткен уақытта немесе сол орында болмайды деп көрсеткен. Алдын-ала туындайтын қорқыныш контекстке тәуелді, темпераменттегі индивидуалды айырмашылыққа және орналасуына, тәжірибеге, тұлға жасына байланысты деп қарастырған. 33
Қорқынышта кез-келген адам немесе обьект өзінің заты болып көрінеді. Кейде қорқыныштар нақтылықпен байланысты емес болып, мұндай қорқыныштар түсініксіз күйде қалады. Қорқыныш кейде уайым, балалық шақта қалыптасқан сезімдердің байланысы. Жиі болған уайымның арқасында қорқынышпен байланысты мазасыздық туындайды. Қорқыныштың себептері төрт класқа бөлінеді:
сыртқы оқиғалар және процестер;
2) еліктеу және қажеттіліктер;
3) эмоциялар;
4) субьектінің когнитивті процестері.
Сыртқы оқиғалар мен процестер. Бұл бөлім оқиғаның бастысы, қорқыныш шақыра және нейрон процестерін қоса эмоцияның белсенділігін арттырады. Қорқыныш өзінің интенсивтілііне тәуелді бола алдын-ала сезіну, сенімсіздік, толық түрде өзін қорғай алмайды. Үміттің көрінбеу сезімі, қауіптілік сезімі және бақытсыздық болып көрінеді. Адам өзінің психологиялық ‘’Меніне’’ қауіптің келуін сезінеді.
2. Еліктеу және қажеттіліктер. Адамның уақыт бірлігіне байланысты туындаған қорқыныштар. Қорқыныштың себебі ретінде еліктеу және гомеостатикалық процестердегі эмоциялық пен когнитивті процестерді салыстыра гомеостазиске еліктеу және сақтау қорқыныштың маңызын арттырады. Еліктеу соншалықты маңызды, ол өсу дәрежесіне түскен кезде, эмоция тудырады. Кейде қажеттілік ауада сондай күшті, еліктеу белсенділігін туғызады, қорқыныш глобалды реакция бола, ашу тудырып, ауырсынуды күшейтіп, реакцияны белсендіреді.
Эмоциялар. Эмоциялық күйлер. Қорқыныш эмоциялық үлкен күшті, индивидтің мінез-құлқына, ойына, қабылдауына, байқамай әсер етеді. Басқа эмоцияларға қарағанда адамға ұстамды әсер етеді. Қорқынышта қабылдау шектеліп, адамның перцептивті өрістегі үлкен қабылдау мүмкіндігінің қызметі тоқтайды. Ойды баяулатып, көлемін ригидтейді. Бұлшық еттер қысымға келіп, индивид мелшиіп қатып қалып, қозғалмай тұрып қалады. Қорқыныш мінез-құлықтағы еркіндік дәрежесін тоқтатады.
Субьектінің когнитивті процестері. Таным процестерінде қорқыныш болған жағдайдағы күйі. Когнитивті процестер қорқыныштың себептерін қарастыра, еске түсіру мен елестер қорқыныш тудыруға жетеді. Егер адам қателікті қауіптің негізі деп санаса, ол қорқыныш. Кез келген оқиға болжам қалыптастыру және антисипация, тікелей кездесу арқылы қорқыныш негізін тудырады. 47
Томкинс бойынша қорқыныш ’’кенеттен тыс бостандық күшті және ұзақ болса қорқыныш, толық болса қуаныш, ал толық емес түрде мазасыздық әкеледі’’. 38
Қорқыныштың детерминанттары:
Туа пайда болған детерминанттар. Грэй қорқыныштың барлық себептерін төрт категорияға бөлген:
интенсивті;
жаңашыл;
эмоционалды өңделген синалдар себептері;
әлеуметтік өзара әрекетте туындаған.
Ауруды сезіну немесе қатты дыбыс, интенсивті стимулдар, бей таныс адамдар, жаңа нәрселер адамдарда қорқыныш шақырады. Грэй стимуляцияның аздығы, белгілі уақытта стимулдың жоқ болуы қорқыныштың анықталған сипаты деп көрсеткен. Кез-келген ситуация немесе жағдайлар, жаңа стимулдың ұзақ уақыттағы түрлердің мүшелердің белгілі бөліміне қауіп төндіруі қауіптіліктің эмоциясы-өңделген сигналдар болып табылады. Мұның негізгі себебі, жоғары қызмет ету мүмкіндігі, яғни ашу мен қиянаттың айқындығы стимулды иллюстрациялайды.
Боулби туа туа пайда болған детерминанттарды жіктей ‘’табиғи стимулдар’’ деп өңдеді. Ырықты стимулдар, табиғи стимулдарға қарағанда тәжірибелік түрлердің өзгертілуіне орай, психоаналитикалық көзқарасқа қарсы, қорқыныш қайғыру кезеңінде қауіптілікті бастан кешіреді. Табиғи қорқыныштар: жалғыздық, таныс емес, кенеттен жақындық, стимулдың өзгеруі, биіктік пен ауруды сезіну. Барлық ситуацияларда қорқынышты сезіну тенденциялары, патология немесе инфантилді табиғи түрде қарастырылу керек. Бұл адамның туғаннан бастап кәрілік шаққа дейін тән. Қорқыныштың пайда болуы түрлері ситуациялармен байланысты шын мәнінде қауіптіліктің жоғары ықтималдығына ие болады. Бұл мәдени немесе жинақталған қажетті белгілер болып табылмайды.
Қорқыныш стимулдары табиғаттан туындаған қараңғы, бөтен, жануарлар және т.б. таныс емес нәрселерден қорқу.
Қорқыныштың табиғи стимулдары жас ерекшелігімен байланысты, дамуы мен жетілу процестеріне тәуелді.
Қорқыныштың мәдени детерминанттары.
Кейбір қорқыныштың себептері, алдыңғы бөлігінде қарастырғандай мәдени жағдайлар мен тәсілдердің әсеріне бейімделген, мағыналық ұғымы пайда болып, мазасыздану білінеді. Қатты емес сигналдағы бос үрей қорқыныш тудырады. Көптеген мәдени детрминанттағы қорқыныштар табиғи детерминанттармен бірге рационализация және проекция арқылы, әртүрлі формаларын бейнелейді. Жай түскеннен қорқыныш, найзағайдан болған қорқыныштар рационализациядағы қорқыныштар.
Қорқыныштың дифференциясы. Экспрессивті және моторлы актілерді қарастыра, қорқыныштың индикаторлары: қозғалыстың бәсең болуы, айқын қорыққан бейне, дірілдеп немесе үрпие қарау, қарым-қатынасқа түсуден бас тарту.
Чарлсворт қорқыныштың индикаторларын қысқа уақытта немесе ұзақ мерзімдегі мініез-құлықтың тоқтауы, бәсеңдеуі, жоғары ұстамсыздық, салмақты, қорыққан бейне, тіпті жақсылап үңілсе, күлкі мен жымиюды көре аламыз деген.
Қорқыныш сенімсіздік сезімімен байланысты бола біріншіден, қауіптіліктің қарым-қатынасын, нағыз табиғи тұрғыдан, бұл қауіптіліктің қалай әсер етуінде көрінеді. Ситуациядағы жоғарыда импульсивті бейімделген реакция ретінде әрекетке дайын болуы тиіс. Екіншіден, импульсивтік бейімделмеген мінез-құлық осы ситуациядағы реакциядағы шақыратын ашу эффективті емес форма. Белсенділігі жоғары ситуациядағы айқындалған қорқыныш күшті болып келеді. Қорқыныштың күштілігі мінез-құлықтың типіне, оған көмеккке келу формасын тауып алады. Қорқыныштың әлеуметтік гуманизациялау, әлеуметтік тәсілі, аффективті, когнитивті бағдарға әсері, адамгершілік тану идеологиясына түйсіну дәрежесіне әкеледі.
Қорқыныштың себептері мен салдары: Қорқыныш пен бастан кешіру арасындағы өзара байланыс индивидтің даму процесінде ата-аналарынан, достарынан, жақын адамдарынан, бөліну уайым әкеледі. Бұл уайымнан қосымша барлық даму процесінде қауіптіліктің болуы, мазасыздықтың туындау тәсілінің бірнәрсеге байланысы, тыныш айлақ тәрізді жалғыздықтан және басқалардан құтқару. 47
Қорқыныштың елестермен және жеккөрінішті заттармен өзара қатынасы: Мұнда өзін кінәләйтін ‘’Мен’’ жексұрын көрініп, мұндай жағдайда кінәлі ‘’Мен’’ кінәлаған ‘’Меннен’’ қауіпеніп дұрыс деп таниды. Адам өзінен қорқады.
Қорқыныш пен ар-ұят арасындағы байланыс: Егер әлеуметтену қорқынышы, ар-ұяттың көмегімен жетсе индивид әруақытта қауіпті сезінгенде ұятқа ұшырайды. Қорқыныш пен ар-ұят арсындағы өзара байланыс жоғары дәрежеде психологиялық энтропияға әкеледі. Балл зерттеу жүргізе, гипноздық ұйқыда өзінің зерттелінушілеріне ’’таза’’ сүйсіну әдісін қолданады. Зерттелінушілер өздерінің қорқыныш сезімдерін айта келіп, гипноз күйінен шыға алмай эмоциялық интенсивтілігі төмен түскен. Мазасыздықтың жалпы белгісі дененің сууы мен қысымы көтерілген. Осыдан кейін зерттелінушілерде қорқыныштан жасыру тілегі пайда болған. Зертеу қорытындысын да негізігі белгілер конфликтісі бұл адам өзінің сезімін қарапайым формадағы екі жақты мінез көрсете, өзінің табиғи қорғану қызметін атқара, инстинктімен өзін-өзі сақтайды. Бұл екі қарама-қарсы тенденция қорқыныштың алғашқы сәттегі таңданыс пен мінез-құлықтың арнайы бейімділігінен көрінеді.
Опара Бальзак: Қорқыныш - организмге өте күшті және ауыр әсер ететін құбылыс, адамның барлық қабілетінің артуы немесе толық құлдырауы. Сонымен бірге қорқыныш организмнің қауіптілікке қалыпты реакциясы. Сыртқы ортаға дайындықсыз адамда тұрақты түрде қорқыныш болады.
Фобия- гректің (phobos) қорқыныш –нақты мазмұны бар, субьектіні белгілі бір фобиялық жағдайда ұстайтын және вегатативті дисфункцияларымен (жүрек қағысы, қара терге түсу) жанасатын қорқыныштарды бейімделмеген түрде үздіксіз сезіну. 49
2.2. Адамда қорқыныш пен мазасыздықтың туындау себептері
Адамға қауіпті ситуацияларда жағымсыз сезім мазасыздық туындайды. Адам мазасыздықты сезіне тынышсызданып, бір орында тұра алмайды. Адамға эмоционалды қолдау беріп, психологиялық шынайы көмек жасау керек. Шектен тыс мазасыздық адамның психикалық іс-әрекетіне әсер етіп, өзінің мінез-құлқыны бақылау жоғалтып, дүниені тек ‘’қара көзілдірікпен’’ көреді. Жиі мазасыздану мен қорқыныштар адамның тұлғалық сапасына әсер етіп, бұзады. Адамның жиі бойкүйездігі, депрессия қажытып, комулятивті эффект береді.
Қорқыныш басқа жағымсыз мазасыздану тәрізді адам үшін зиянды. Қоршаған орта мен әлеуметтік ортада кез-келген эмоция белгілі функцияны орындайды. Қорқыныш адамды артық қауіптен, әрекетті, жүріс-тұрысты реттеп, жарақат алу мүмкіндігінен сақтайды. Қорқыныштың ,,қорғаныш,, қызметі инстинктивті жүріс-тұрысты сақтай, өзін-өзі сақтауды қамтамасыз етеді. 2
Қорқыныш жүріс-тұрысты қалыптастыруға көмектессе, мазасыздану психиканың мынандай қалыпты қызметтеріне қажет:
Адам ресустары –әртүрлі мәселелерді шешудегі оның жалпы мүмкіндігі.
Нақты мәселені шешу үшін жеке энергетикалық мүмкіндігі.
Мәселенің кенеттен туындауы оның өту барысы.
Таңдап алуы - қорғану. 33
Қорқыныш сезімінде реакцияның заңдылық құбылысы толық орындалмаса, адамның барлық ойлары мен қылықтарын өзіне тәуелді етеді. Қорқыныш кез-келген қарапайым мәселені күрделіге айналдырып, күрделіні шешілмейтіндей көреді. Қорқыныш күйінде адам өзінің іс-әрекетін бақылау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін жоғалтады. Қорқыныш күйі ауруды, суық пен ыстықтың әсерін, аштық пен құрбандыққа сезінуді күшейтеді. Сол уақытта қорқыныш адамның әрекетін басқара алатын стимулятор бола, оны тез және белсенді қимылдауы мен тез ұғынуы мүмкін. Қорқыныш сезім органдарының қабылдауына күш бере, шешімді нақтылауға көмектеседі. Қорқыныш құтқару сәттерін азайтып қоймай, оған күш түсіреді.
Қоршаған ортаға үйренуге көмектесетін және табиғатпен дұрыс қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік беретін түрлі эмоциялармен қатар қорқыныш бабаларымыздың мұрасы. Биология ғылымының кандидаты В.Б.Сапуновтың болжамы бойынша, ежелгі жабайы адам эволюциялық іріктеу кезінде тек сол қорыққанының арқасында аман қалып өз ұрпағын жалғастыра алған дейді.
Адамның кейде сезінетін, қиялдайтын, ойлайтын толғаныстары сияқты қорқынышта оның ішкі өмірінде көп көрініс табатын феномендердің бірі болып табылады. Қорқыныш адамның қауіптілікті сезінуі қауіптіліктің көзі, өмірге және денсаулыққа қауіп төнуі. Мүмкін болатын табиғи апаттарда қорқыныштың туындауын стимулдайды. Адам үшін қоршаған дүние-бұл әлеуметтік дүние, көптеген әлеуметтік қорқыныштар адам үшін жауапты және мәнді оқиғалар, өзіндік шешім қабылдау, күтпеген қиыншылықтарға кездесу. Үрей-қорқыныштың дамуына жеткен кезеңі, ауыр психологиялық жарақат. Бұл кездейсоқ апаттарда (жер сілкінісінде, ірі катастрофаларда) болады. Табиғи және заңдылықты өлім қаупіне реакция деп қабылдау. Адамда абсолютті тұрғыда қорқыныштың болмауы мүмкін емес. Патология-қорқынышты жекелегенде емес қорқыныштың болмау жағдайындағы өлім қаупі. Адамдардың тұлғалық қасиеттерінің жеткілікті дайындығы, қауіпті ортада өзін ұстау қабілеті, психикадағы басқа ойларға жол бере, сезім, түрткілерге нұсқау береді. Француз саяхатшысы Э. Бишоп өмірде қорқынышпен шыныққан атлеттен, өзінің моралдық тұрақтылығын сақтаған әлсіз артық деген.
Адамдар арасында мазасыздық бұзылыстарда көптеген дәлелсіз қорқулар. Миллиондаған адамдар әр күн сайын бақытсыздық болғанына мазасызданады. Оқиғалардың көпшілігі біз қорқатын ықтималды заңдылықтармен өмір сүруге үйренеміз.Қорқынышпен азаптанған адамдар оларды өздерінің қауіптенетін ситуацияларын сезінеді, бірақ, өздеріне ондай ой келгенше өздерін керемет сезінеді. Біздің әрқайсымызды ерекше сендіретін қорқыныш бар.
Қорқыныш бұл абыржу қатаң туындайтын жауап.
К.Г. Юнг бойынша қорқыныш – бұл түсініксіз сансыз құбылыс, күтпеген қауіптер мен өлшемге толы деген. 19
,, Бірақ кім өмірдің барлық сынақтарынан бас тартса, оның өмір сүруін тұншықтырған жөн,, .
Қорқыныштар
Табиғи қорқыныштар
Әлеуметтік қорқыныштар
Өзіміз жасайтын қорқыныштар
Өлім мен кәріліктен қорқу15
Қорқыныш қашанда адамның қара көлеңкесі сияқтанып, өне бойы оның серігі болып келді. З.Фрейд өзіне тән үлкен сеніммен : ,,Қорқынышты адамның туылу актісі кезінде басталады, ,,-дейді, яғни туылу процесінде жағымсыз сезімдер бірігіп, соматикалық түйсіктерден бастауын алған өлім қаупі мен қорқыныш біздің өмірімізде өне бойы қайталанып отырады екен. 57
Табиғи қорқыныштар адам тарихымен құрдас. Адамзат демі таусылғанша қорқыныштың бұл түрлері жұмбақ болып, өз бейнесін сақтап жалғасын таба бермек.
Табиғи қорқыныштар-атмосфералық, астрономиялық, ауа-райы құбылыстары, жанар таулар және жер сілкінісі, сел, найзағай, тасқын, өрт, жыртқыш жануарлардан қорқу. 4
Қорқыныш-индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік тіршілік етуіне қауіп төнген ситуацияда пайда болатын, ақиқат немесе қияли қауіп-қатерге бағытталған эмоция. 39 Өмірдегі ситуациялардағы сынақ сәттерде кездейсоқ жағдайларда эмоцияналды мазасыздық туындап, күрделі психологиялық мәселерді, қиындықтарды, өзінің нақты шешімінді немесе шешпеуді қабылдау көрінісін елестетуге болады. Күнделікті өмірде әртүрлі қиыншылықтардағы мазасыздық, сонымен қатар адамдарда туындайтын уайым бұл қорқыныш пен үрейдің пайда болуына әкеледі. 42 Психологияда қорқыныш пен үрейде психикалық қысым, адамды қолайсыз жағдайға қалдырады. 43
Адамның қоршаған ортаны қабылдауы мен сезінуі оның ес, ойлау және қиял процестері әбден қаруланған және қоғамдық тәжірибеге толы нақты-тарихи белгілер жүйесімен шектеледі. 27
Қорқыныш субьектінің қауіптен құтылу үшін жұмылдырады. Үрей дүниесіне жеткенше қорқыныш, ол адамды іске жарамсыз қылады. Қорқынышты қалай бағалауға болады? Ол жау тәрізді, онымен күресу үмітсіз, бірақ одан қашып құтылуға болады. Іс - әрекеті ретінде қарастыра, белгілі бір обьектіні не істеу керектігін сипаттайды. Әр жағдайда қорқыныштың әрекетінің тоқтатылуы болады. Қорқыныш обьект алдында шарасыз белгілі реакцияға итермелей, обьектіні алып тастауға ұмтылып, оны бұзғысы келеді. Болатын әрекеттен, өзіміздің мүшелеріміздің қозғалысынан құтылуға бола ма? Бізге солай сияқты, дегенмен бірішіден, біз физикалық құтыла аламыз, сол әрекеттің болмауына адамдармен сөйлесуден бас тартып, сол кезді еске алмауға тырысамыз. Барлық мүмкіндіктегі жағдайлар осылай туындап, адамның өз жанұясынан алыстауы, өз үйінен құтылу бағыты ештеңенің мәнділігін түсінбей, басқа орында болған маңыздырақ тәрізді болып көрінеді. Ситуациядан қашатын адам барлық абсурдты мінез-құлық түрлерін дұрыстай ала ма? Қорқынышты тек кері реакция ғана қайтарады, әрекеттің орындалмауына байланысты ол реакция әрекеттің тоқтағанын білдіреді. Бұл қайғыру кезеңі деп аталады. Қорқыныштың туындау әрекетін және мінездің инверсиясының пайда болуын салыстырмалы түрде әрекеттің ұзақтығын эксперимент арқылы дәлелдеуге болады. 36
Қорқынышты ерте ме кешпе, барлық адамдар бастан кешіреді. Тіпті ол саналы түрде болса да түсте жаңғыртылуы мүмкін. қорқыныш барлық эмоциялардың ішіндегі қауіпті, интенсивті қорқыныш өлімге әкелуі мүмкін. Адам кейде өмірінің соңына дейін қорқынышпен өтуі таңғаларлық емес. Қорқыныш тек қана қатал ғана емес, ой мен мінез-құлықты өзгертетін бағыт немесе сигнал болуы. Эволюциялық-биологиялық көзқарас бойынша қорқыныш әлеуметтік байланыстарды күшейтетін, ұжымдық қорғаныс болып табылады. Қазіргі өркениетте обьектілердің, оқиғалардың, жағдайлар мен ситуациялардың өсуі қорқыныш ұялтады. Табиғаттың басты жұмбағы мидың жұмысының қызметі негізінде субьективті мазасызданулар туындайды. 43
Адамның әлеуметтік ортасы белгілі түрде ұйымдасқан адамдардың жанұямен, этностан, мемлекет, қоғамға дейінгі жиынтығы, психологиялық, мәдени, адамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру және қалыптастыру.7 Адам біруақытта өз ортасының жасаушысы және өнімі, өмір үшін физикалық күш бере, интеллектуалды, адамгершілік, қоғамдық, және рухани дамуды қамтамасыз етеді, сондықтан адамның қолайлы күйі үшін негізгі құқықтарды пайдалана, өмір сүру құқығына ие бола, адам екі аспектіні табиғи ортаны құрайды. Жаңа фактілердің жиынтығы жаңа мәселелерді көруге, ой туындатып, алға қарай ұмтылысқа әкеледі. 6
Мінез-құлыққа қолайсыз адам алдындағы міндеттер:
Ситуациядағы адамда туындаған реалды қиындық пен қауіптіліктің бағаланбауы, ықтималдық дәрежесінің жетіспеуі, сақтықсыз, қиындықтармен кездескенде дайын болмау. 24
Жағымсыз эмоциялар адамның жетістігіне әсер етеді, олар мыналар:
Бозару, өзін жоғалтып алу. Күтпеген жағдайлара 50-70% азаматтарда бірінші уақытта белсенділігі төмен болады;
Шешімге келе алмау, тербеліске ұшырау, қорқақтық, өз бетінше шешім қабылдауға немесе әрекет етуге қабілеттің жоқ болуы;
Апаттардың болуына қадағалауды, өзінің жетістігіне, үмітіне, сенімін жоғалту;
өз мүмкіндіктерін, қиындықтарды, қиянаттарды, қарсылық күші мен мүмкіндігін бағалай алмау;
әрекетте мақсат қоюда ерік-жігер белсенділігінің төмендеуі;
табандылық пен бірбеткейліктің әлсіздігі;
өзіндік шешім қабылдаудағы қабілеттілік пен бастаманы жою;
сақтық пен байқампаздықты жоғалту;
өзін қолға ала алмау;
өзін-өзі қадағалауды, өзін-өзі меңгеруді, ұстамдылықты жоғалту;
батылдық пен күштілікті жоғалту;
абыржу, өзін ұйымдастыра алмау, енжарлықтың пайда болуы;
авантюрге өту, әрекеттің дайындықсыз және есепсіз болуы;
рефлексивті мінез-құлықтың пайда болуы, оқиғаның барысына пассивтілік, тәуелділік, бағдарына көну, қарсыласының бастамасына жол беру;
өмірге және тіршілік етуге ерік-жігердің төмендігі;
табиғи апаттардың адам өміріне толық түрде әсер етуі. 13
Фрейд бойынша тәрбиелеу процесінде әр адам бөгде үрейді сезінеді. Оның тұжырымдауынша, реалистикалық үрей нақты қауіптілікті сезінгенде болады. 49 Қауіп тудыратын ситацияларда адамда жағымсыз сезім туындайды, бұл-үрей. Адам үрейді сезіне, қысымды түйсініп, өзін қолайсыз сезініп, тынышсызданып, жаны жаралы болады. Мұның бәрі адамға эмоцияны шоғырландыру әдісіне, табиғатынан қорғану әдістеріне әкеледі. Адам үрейден қашуға тырысады. Адам әлеуметтік ортада өмір сүре, ұйымдасқан бейненің жиынтығы, адамдардың жанұямен этносқа дейінгі және мемлекеттік қоғаммен байланысы, қалыптасатын, психологиялық мәдениеттік және әлеуметтік әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Адам бір уақытта өзінің ортасында өмір үшін өнім, жасаушы, интеллектуалдылық, адамгершілік, қоғамдық, рухани дамуды қамтиды. Адам өзінің басты қажеттілігі үшін құқықтарын пайдалана, мол тұрмыста өмір сүруге құқылы, табиғи орта мен адамның байланысының маңыздылық аспектісін қарастырған. Экологиялық аспектіде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы мен табиғатқа қарым-қатынасында қолайсыз факторларды табиғи шартқа сәйкестендіру әлсіздікке әкеліп, индивидуалды бейімділік, адамның жағымсыз экологиялық әсерін көбейтеді. 50
Боулби мазасыздықты қорқынышпен дәстүрлі байланыстырады. қорқыныш пен мазасыздықтың өзара айырмашылығы олардың жақын көріністерінде. Мазасыздықты қорқыныш пен ашу арасындағы байланыс деп түсіндіреді. Мазасыздық депрессия тәрізді, қажеттіліктер күйі мен биохимиялық факторларды қосады. Мазасыздық - эмоциялық басымдылығы күшті, бірнеше эмоциялардың өзара әсері, қайғы, ашу, кінә, ар-ұят-қызығу. Мазасыздық кез-келген комбинацияға қорқынышты әсер ете және басқа аффектілердің белгілі өзара когнитивті бағдар ретінде қолданылады. Қорқыныштың нейрофизилогиялық жағдайы мазасыздықтың нейрофизиологиялық талдауына тәуелсіз. Мұны үш жағдайда көре аламыз:
Қорқыныш пен мазасыздықты бір-біріне бейімделмеген теңестірілген бейне;
Қорқынышты зерттеу өзінен-өзі қажет себебі, мазасыздықтың басты компоненті болып табылады;
Қорқынышты сезінудің өзгеруі күштіден әлсіздікке төмендеп, нейрохимиялық және биохимиялық белсенділікке әкеледі. 45
Стресс идеясы 1955 жылы Г. Селье америкада психологтардың ассоциясында өз зерттеулерін көрсетенннен кейін өрістей бастады.
M. Applay және K. Trumbull бұл концепцияның негізі қорқыныш пен мазасыздық деп көрсетті. Мазасыздық пен қорқыныш туралы ілімде жаңа концепциялар, теориялар мен моделдер, жалпы биологиялық, физиологиялық, психологиялық көзқарастар, даму себептері, реттеу механизмдерінің пайда болу ерекшеліктерін зерттей бастады.
Генетикалық-конститутционалды теория, организм қабілеттілігі мазасыздыққа қарсы тұра алдын-ала аралық жағдайлардан тәуелсіз, қорғану механизмдерінің стратегияларының қызметіне тәуелді. Бұл зерттеу генотиптер арасында байланысты кейбір физикалық мінездерді нақтылай, жалпы индивидуалды қабілеттің мазасыздыққа қарсы тұруын төмендетеді.
Қорқыныш ұрпақтан-ұрпаққа және сыртқы факторлар ортасындағы өзара әсерінің эффектісіне негізделген. Күтпеген факторлардың, күшті әсерлердің реакция қысымында дамуына жібереді.
Психодинамикалық модел Зигмунд Фрейдтің теорияларына сүйенген. Ол өз теориясында мазасызданудың екі типін көрсетті: біріншіден, сигналды мазасыздану нақты сыртқы қауіптілік реакциясының жоғарлауы ретінде, екіншіден жаны жаралы мазасыздану санадан тыс, ішкі дүниеде дамиды. Мұндай нақты себептердің туындауы берілген типтің мазасыздануы қозу мен агрессивті инстинктердің аяқ астынан болуы. Мұндай күйді, З. Фрейд ,, күнделікті өмірдегі психология,, деп атады.
H. G. Wolft моделі, физиологиялық реакцияларды әлеуметтік-психологиялық стимулдар ретінде, бұл реакциялардың табиғат атитюдтары (позициялары, қарым-қатынастары) индивидтің мінез-құлқының түрткілері, нақты ситуациялардағы қарым-қатынасқа тәуелді.
Аралық моделі.Basowіtz H, Persky H, Korchіn Sh,
Grіnker R. Авторлардың пікірінше көптеген индивидтердің мазасыздануын туғызатын стимул физиологиялық, психологиялық және жүріс-тұрыс реакцияларының бұзылыс жағдайда реттеу мүмкіндігінің жаңа және жоғары қызмет деңгейіне үйренген.
Конфликт теориясы мазасыздық пен қорқынышты бірнеше моделдерінің субьектінің жалпы-жүріс-тұрысының өзара байланысы, қарым-қатынастағы қысым күйі, топтық процестерді орындайды. Қысымның негізгі себептері қоғам мүшелері әлеуметтік нормативтеріне бағынады. Конфликт теориясы бойынша қоғам мүшелері алдын-алу қолайлы жағдайдың дамуы өмірдегі позиция мен нұсқауларды таңдау еркіндігі жоғары болуға негізделген. Мазасыздық пен қорқыныштың себептерінің факторлары әлеуметтік қарым-қатынастың тұрақтылығы, экономикалық тарату, қоғамдағы қызмет, билік құрылымындағы өзара тұлғалық қарым-қатынас әсері.
D. Mechanіk қорқыныш пен мазасыздықтың негізгі элементі ұғым мен бейімделу механизмдері, автор бойынша, индивид ситуациямен, өзінің сезімдерімен күресудің екі типін көрсетті:
а) бөлісу-ситуациямен күрес
ә) ситуациядағы пайда болған қорғаныш сезімдермен күрес. Бөлісу ситуацияны меңгерудегі жүріс-тұрыстың мақсатқа бағытталған, Ситуациядағы пайда болған қорғаныш сезімдермен күресте, тұлға өз өміріндегі тапсырмалар мен талаптарды кездестіргенде бейімделген шешімдерді қабылдауға қабілетті.
8. B.P.Dohrenwend бойынша, әлеуметтік-психологиялық стимулдарға жүріс-тұрыс реакциялары ретінде мазасыздық пен қорқынышты, организм күйі – адаптивті және адаптивті емес реакциялар.
Жүйелі мазасыздық пен қорқынышты моделі. Басқару процестері (жүріс-тұрыс бейнесі) өзін-өзі реттеу жүйесінің деңгейі.
Интегративті моделі.
Адамнан шешім қабылдауды талап етеді. Адамның шешімді шешу қабілеттері бірнеше факторларға бөлінеді. 8
Біріншіден мазасыздық пен қорқынышты, биологиялық концепциясында қарастыра, адамның жұмыс істеу қабілеті мен функционалды әрекетіне экстремалды факторларды әсері бойынша мәселенің негізгі және шолу жұмыстары пайда болды.
Екіншіден, “адам факторын” үзіліссіз зерттеу, психикалық процестердің ерекшелігі, кәсіби тапсырмалардың мазмұны мен қауіптілік кәсібіне байланысты техниканың күрделігіне зиянды, жауапты мамандықтардың тұлғалық күйі мен қасиеті, еңбек процесінің жағдайы мен ұйымдасуы және эффективтің төмендігінің салыстырмалы ролдің психологиялық себебі және еңбек қауіпсіздігі кәсіби жұмыстың ұзақтығын қысқарту және психосоматикалық ауруларды болдырмау.
Үшіншіден, жалпы мазасыздықтың, табиғат апаттарындағы (жер сілкінісі, су тасқыны) адамдардың алаңдаушылығы, техногенді катастрофалар саллдарынан болатын мазасыздық пен қорқынышты қарастырады. 27
1944 жылы қауіп-қатер ұғымын психологияға енгізуге Лазаруста өз үлесін қосты. Психофизиологиялық өзгерістер физикалық жарақаттармен байланысты емес, әлеуметтік-психологиялық факторлармен байланысты деп тұжырымдады. Grіnker Spіgel психологиялық факторлардың талдауын көрсеткенде адам бойындағы қорқыныш пен мазасыздықты зерттейтін бұл концепция өз ерекшелігін танытты.
Қазіргі замандағы психологияда психологиялық мазасыздық пен қорқынышты нақтылықтарын табу қиын. Кейбір авторлар “ экстремалды ситуациялар ” немесе “ конфликті ситуация ” терминдерін қолданады.
Fraczek, Kofta мазасыздық пен қорқыныш ситуацияларын фактор ретінде психологиялық өзін-өзі реттеуге қиындық туғызатын және эмоционалды қысым күйіне келуін қарастырған. Авторлар мазасыздық пен қорқыныш күйін эмоционалды қозу немесе басқа психологиялық сфераны өзгерту деп көрсеткен. Мазасыздық пен қорқыныш шығуын Fraczek және Kofta адамның жүріс-тұрысының уақытша немесе тұрақты өзгеруі деп түсіндіреді. 8
Психологиялық мазасыздық тудыратын ситуациялар кенеттен әртүрлі мінезді білдіреді. Бұған жекелей алғанда, физикалық табиғаттың қауіптілігі, катострофалар, жер сілкінісі, дауылдар, су тасқыны кіреді. Ұзақ және жиі қайталанатын қорқыныштар күйзеліс күйіне келуі мүмкін. Стрессогенді мінез адамның психологиялық ерекшелігіне байланысты. Адамның әртүрлі әсерлерге, кенеттен туындаған тітіркендіргіштің өмірге қауіп тудыратын құбылыстарға қарсы тұруы бірдей емес. Сол уақытша жай тітіркендіргіштер белгілі жағдайда күйзеліс тудырады. 52 Мұнда тітіркендіргіштің күші емес, нақты адам үшін рөлі маңызды, яғни өткен тәжірибе, әдеттер, бұрынғы жанды жаралаған ситуациялар, балалық кездің тәрбиесі, түрткілер жиынтығының ерекшеліктері, өмірдің құндылық жүйесінің тұтастылығының мәнділігінде екені көрсетіледі. Стрессогенді мінез ситуациялары бір жақты емес, ситуация мен обьектінің, түрткілер, мәдениет, құндылық жүйесінің нақты адамға тән қарым-қатынасынан туындайды. 44 Брунер мазасыздық пен қорқыныш бір жағынан бейімделген қабылдауға кедергі тудыратын уақытша болжам десе, екінші жағынан жағымсыз іс-әрекеттің жұмыс механизмінің сигналының дәл келуі немесе дәл келмеуі деді. 8 Эмоционалды жағымсыз ситуацияларды адам әртүрлі қабылдайды. Эмоция ұғымының төркіні латынның емовера, француздың эмоцион деген сөзінен шыққан. Қазақша тітіркену деген ұғымды білдіреді. Айналадағы заттар мен құбылыстарға не жағымсыз қатынастың сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар дүниедегі шындықтың жүйкеде сәулеленуінің айрықша бір түрі. Адам эмоциясы негізінен тіршілік ортасы мен әлеуметік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі, дауыс арқылы айқын көрінеді. Сезім жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл күйдің белгілі бір жағдайға әсерленуін білдіреді. Әрине адамдардың эмоциялары бірдей болмайды, себебі олардың айналасындағы зат, құбылыстарға қатысы бірдей емес. Әр адамның темпераментіне, мінезіне, олардың басынан кешкен тәжірибесіне қарай сыртқы дүниенің әсеріне жауап қайтаруы түрліше болады. Адам эмоцияларының бір-бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп, көрініп отырады. 40
Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жоғалтып, көрік бері отырады.
Академик П.К. Анохин эмоцияның шығу тегін және оның организмнің тіршілік қызметіндегі ролін түсіндіру үшін биологиялық теория ұғымын ұсынды. Ол адамның өмір сүруі және тұқымды жалғастыру үшін эволюция процесінде пайда болған әртүрлі икемделу реакциясын дарвиндік тұрғыдан түсінуді басшылыққа алды. 29 Эмоциялар өзін қоршаған жағдайда организмнің неғұрлым толық икемделуіне арналған реакциялар тақылеттес нәрсе. Егер олар осы ролді атқармаса, онда, табиғи сұрыптауға төтеп бере алмай, жойылып кетер еді. Эмоциялар организмнің аса қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана қызмет етіп қоймайды. Олар сан алуан ситуациялар мен табиғи құбылыстарды, оның ішінде адамның әлеуметтік мінез-құлқының өзін де ұйымдастырады. 32 Постман және Брунер тітіркендіргішке қарсы екі типтің жүріс-тұрысын бөліп көрсетті. Бір жағдайда тану табалдырығы мұндай тітіркендіргіште жоғарлайды (қорғаныш формасы), екінші (асу формасында) төмендейді. 25 Лазарус адамда рационализация орны немесе эмоциналды жағымсыз тітіркендіргішті шығару орнын, психологиялық стресс ситуацияларын кумуляция арқылы көрсеткен. Gowen мәнсіз эмоционалды қозу белсенділік деп санаған. Автор байқауында жоғарғы деңгейдегі эмоционалды қозу деңгейі мен тапсырманы орындау деңгейі арасындағы қарапайым тәуелділікті байқаған. Kocowskі болжамында, қатты көрінген мазасызданушылық жеңіл тапсырмалардың нәтижесін аз төмендетеді, жеңіл үрей, қорқыныш іс-әрекетінің эффективтілігін көбейтуі мүмкін, үрейді күшейтіп, соңында индивидуум деңгейін белсенді көтеріп қолайсыз әсер етеді. Daffі бойынша жоғары белсенділік моторлы реакциялардың тежелу қабілетін шектен тыс асығыстан бұза, импульсивті қозғалыс реакцияларына әкеледі. Эмоционалды қысым, психогенді факторларды іске қоса, бұлшық ет қысымы көбейіп, жоғары белсенділікті көрсете, сол уақытта ойлау операцияларының орындау дәлдігі бұзылады. Easterbroot жалпы қозу күші зейін өрісіне қысым түсіре, біртіндеп ішкі сигналдарға жете диапазон азаяды, жеткілікті информацияны алу және дұрыс іс-әрекет істеу үшін қажет деген. Зейіннің шоғырлануы алғашқыда күшейеді, қаншалықты орныққанымен зейін сигналдары көңілді бұрады. Сигналдар беріліп, тапсырманы орындау үшін маңызды іс-әрекеттің ұйымдасуы төмендейді. 6
Мазасыздық бұл үрей күші, нақты емес қауіпті сезінуден туындайды. Біз бәріміз өзімізше қорқыныш пен мазасыздықты бастан кешеміз. Кейбір адамдар бұл күйде босаңсыған күйде, ал кейбіреуі қауіп-қатер төнбеседе қысымды сезінеді. Мазасыздықтың индивидуалды деңгейін әрқайсымыздың ерекшеліктерімізге қарай, басымыздан кешірген оқиғаларға байланысты көрсетеді.27 Психологтардың байқауынша, индивидуалды айырмашылық мазасыздану деңгейі кейде туғаннан кейін де білінеді.
Адамдарды әртүрлі табиғат апаттары мазасыздандырады.:
Жағдайдың даму мүмкіндігінің нақты еместігі;
Жағдайдағы нашар ақпараттар
3. Сенімсіздік
Ұзақ күтілетін ситуация адамға қолайсыз әсер ете, жүріс-тұрысы, конфликт, әлеуметтік девиация бұзылады. 33
Tomaszewskі ұзақ стресс ситуациясындағы қолайсыз бірнеше факторларды қорқыныш пен мазасыздықты анықтаған. Оған тиісті: стрестің жоғарғы қысымы, индивидуумның негізгі жүйе құндылығына бағытталған, қорқынышқа байланысты ситуацияны шеше алмау психологиялық стреске қарсы даралықтың төмендігі. Қорқыныш ситуацияларын бастан өткеру даралық айырмашылыққа байланысты. 18
Мазасыздыққа қарсы тұру дезорганизациялық жүріс-тұрыстың қиын ситуацияларды өткеру қабілеттілігімен тоқталады. Қарсы тұруда немесе толеранттықта стресс жағдайындағы эмоционалды қозуға көңіл аудармау, сонымен бірге қиын және жайсыз ситуацияларда жағымсыз эмоция, қорқыныш, ашу, мазасыздықты көрсетпеу танылады. 15
Сол уақытша қарсы тұру стресс жағдайындағы жүріс-тұрыстың ұйымдасуын сақтау қабілеттілігі болып танылады. Эмоционалды қысымда стрестің әсері жүріс-тұрыстың ұйымдаспауынан емес, негізгі мақсат сақталып, мысалы катастрофада рационалды ойлау, өмірге қажетті сызба жүргізіліп, түрткілер сақталады. 14
Ч.Д. Спилбергерің тұжырымдауы бойынша, мазасыздану күйі тітіркену мен ситуацияда өзіне қауіп төнгенде қабылдайтын мүмкіндігі. Мазасыздануды уақытқа және интенсивтілігіне байланысты функциясын бірнеше деңгейде анықтайды. 12
әртүрлі интенсивті эмоционалды реакцияға сәйкес туындайды. Мұндай эмоционалды реакцияда тұлғаның мазасыздығы қарастырылады. Мазасыздануды анықтағанда мазасызданудың шығуына көңіл аудару.
,, Мазасыздану күйі,, эмоционалдық күйдің бейнесі немесе индивидтегі реакцияның белгілі жиынтығы, осы ситуацияда обьективті қауіптіліктің болуы немесе болмауы. 45
Мазасыздықтың уақытша болуы, организмде ешқандай өзгеріс тудырмайды. Мазасыздықтың интенсивтілігі шектен тыс болған жағдайда, функционалдық жүйесі қолайсыз жағдайларға бейімделіп үлгермейтін болса, организмде жеткілікті ресурс мүмкіндігі туындау себебінен шығады.
Мазасыздықтың ұзақ әсерінен оның бірінші сатысын бейімделудің
үш кезеңіне бөледі. Бірінші кезеңде, мобилизация резервтердің
,,үстірт,, бейімделу процесіндегі әрекет. Бұл кезең үшін, негізі жұмыс қабілетінің жоғарлауы және физиологиялық жүйенің жоғары деңгейдегі төзімділігінің жеткілікті болуы және эмоциялық реакциялардың тиістілігі байқалады.
Берілген адаптационды механизмдердің белсенділігі әсер ететін стрессорды қолданбағанда, функционалды жүйенің бағдарламасын қайта құру күнделікті жағдайда босаңсиды
Организмнің жұмысын қамтамасыз ететін, жаңа режим субьектінің стрессогенді әрекетін жалғастырумен байланысты .
Екінші кезеңде өзін-өзі сезіну төмендеп, функционалды бұзылулар жұмыс қабілетін төмендетеді. Біркелкі түркілер жиынтығының жоғарғы деңгейі гипофиз-адреналин физиологиялық резервтер
,,уақытша жоғары мобилизация,, эффектісі есебінен жағымсыз жақтарды ысырып тастауға қабілетті. Жоғарғы мобилизация эффектісі толық қанды, ешқандай ақаусыз, сау адамдарда білінеді. Жекелей алғанда, қайғыға бату немесе ішқұса болу, көрінбеген паталогиясы гипер-компенсаторлы ,,жоғары мобилизация,, аурудың шығуына себепші. Бірінші және екінші кезеңнің созылу ұзақтығы 11 тәулік.
Мазасызданудың үшінші кезеңінде стреске тұрақсыз бейімділік, организм жүйесі бейімділікті қамтамасыз ете, жаңа функционалды деңгейге өтті, бірақ бұл нақты тұрақтылыққа, төзімділік кезеңіне көшкен жоқ. Бұл кезеңнің ұзақтығы екі айға жетеді.
Г.Н. Кассильдің зерттеуі бойынша кез-келген мазасыздық физикалық, эмоционалды, ауырсыну реакциялары арқылы, мидың иірімдерінен бастап, субклеткаларда аяқтай, молекула түзеді. 49
Тұлғалық және ситуативті мазасызданушылық арасында айырмашылықтар бар. Тұлғалық мазасызданушылық салыстырмалы тұрақты. 55 Жоғары мазасызданушылығы бар адамдар интенсивті сезімдегі үрейлерін ситуацияға тәуелсіз көрсете береді. Мазасыздығы жоғары адамдарда стресс реакцияларын шақырып, стресс деңгейі төмен талап етіледі. Мазасыздығы төмен адамдар әрқашанда салмақты. Стрестік реакцияларын шақыру үшін, жоғары стресс деңгейі талап етіледі. 63
Өмірге қабілеттілік адамның жалпы еңбек қабілетінің шығу компоненттері, оның нақты ерекшеліктернің жұмыс қабілетіне, интеллект белсенділігіне, ерік-жігер деңгейі, эмоционалды төзімділігі, нұсқаудың тұрақтылығын жалпылаймыз. Эмоционалды қолдауға не тиісті экстремалды ситуацияға түскен адамға өз уақытында психологиялық нақты іс-әрекет болуы тиіс. 56
Қарсылық күйінің күші қолайсыз жағдайларда ең бастысы өмірде кедергі жасайтын ситуациялардың мәнін тауып, өмірдегі мақсаттарды адам таңданатындай қоя білу. Түрткілерді адамдардың барлық өмірдегі ісіне, жетістігі мен нәтижесіне сәйкес қолдана білу. 50
Тұлғаның мазасыздыққа дайындау белгілері:
Әр адамның индивидуалды мүмкіндігін білу және бағалау;
Табиғи апаттарға адамның жеке дайындық негізінде үйрету;
Адамға көмек бере, қиындықтарды бөлісе, экстремалды қабілеттерді дамыту;
Адамның жеке мүмкіндіктерін бағалау. 29
В.Васильева әр әрекет үшін тұлғалық мазасыздық қажет. Тұлғалық мазасыздық кез-келген экстремалды әрекеттің мазасыздану деңгейін анықтайды. Мазасыздануды реттеу күйінде басқа қасиеттерде жекелегенде, экстроверттер интроверттерге қарағанда шаршаңқы болады.
Үрей тек ғана тұлғалық мазасыздығы ғана емес, мәселелік ситуацияға тән. Ситуациялы-тұлғалық мазасызданушылық стресті зерттеуде маңызы зор, стрестік реакциялардың шығу тегінде, әсіресе стресте асқынған тұлғалық ерекшеліктерге байланысты болады. Тұлғалық мазасыздану аурудың шығуын анықтайтын болса, ситуациялы мазасыздық адамның дайындығын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |