1.2. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни сөйлеу, оқу, талдау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс жеткізуді қамтиды. Ғылым мен техниканың кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын- бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығы да білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып негізгі пән, қосымша пән деп бөлінбей оқытылады. Барлық пәндер біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін практикалық іс-әрекет арқылы ашуды қалыптастырады. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық, шығармашылық рөлін мақсат етіп қойды.
Демек, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқу, жазу, математика, дүниетану, ән, еңбек, бейнелеу т.б. пәндерді оқытуда баланың шығармашылық дағдыларын, еңбек біліктерін қалыптастыру – негізгі жұмыс формасы. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Шығармашылық әрекет – білім беру мазмұнының негізгі элементтерінің бірі. Мұның өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа роблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға дайындайды. Балалардың шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамдардың табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерлік те баланың шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Бала өз бетінше ойланып әрекет етіп үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете, шығара алмайтын жағдайға жетеді.
Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам талабы.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуда мектепте пәндерді жүйелі оқыту мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс- әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, еңбек білік дағдыларын қалыптастыру қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау сабақты дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту деп, ең алдымен оған қатысты адам сапаларын қалыптастырамыз. Оған ойлау белсенділігі, тездете үйрену, ептілік пен тапқырлық, нақтылы практикалық жұмысты орындауға қажетті білімді игеруге талпыну, еңбексүйгіштік, әр түрлі құбылыстардағы өзгешелікті көре білу қабілеті және т.б. жатады. Дербес жасалатын шығармашылық өнім: үлгі, макет, өлең, ойыншық, т.б. шығармашылық, іскерлік қызметке қажетті сапалардың осыншалық ауқымды әрі тиімді дамуының нәтижесі болуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқу үрдісі барысында оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен қабілеті арасындағы айырмашылықтарды естен шығармау керек. Кіші мектеп жасындағы
балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері ьолса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қызметі басталуға дейін жұмысты орырдауға қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді оқыту барысында жан-жақты іске асады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни, оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса түседі. Оқу және шығармашылық қабілеттің арасындағы байланыстарды ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі М.Корненің пайымдауынша олар былайша тұжырымдалады:
Бағдарлама талабына сәйкес келмейтін оқу үрдісі;
Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген
салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;
Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары қызықтыра қоймайды;
Олар стандартты талаптарды қаьылдай білмейді.Өйткені, олар қызғылықсыз болып көрінеді;
Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға бейім тұру;
Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға берілушілік;
Өзара сенімсіздік;
Өзіне сын көзбен қарауды білмеушілік.
Қабілет, дағды, білім және икемділік арасындағы байланыс жай сөз еткенде осы байланыстың екі жағы туралы айтпасқа болмайды. Еңбек психологиясында білімдарлық – қабілеттілікті анықтаудың бірден – бір параметрі. Н.А.Менчинскаяның пайымдауынша білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып табылады. Білімділіктің қасиеттері ретінде біз мыналарды негізге аламыз:
ойлау қызметін жинақтап қорыту;
іс-әрекет пен ойлаудың ұғынықтылығы;
ойлак мен еңбектің икемділігі;
ойлау мен еңбектің тұраұтылығы;
ойлау мен еңбектің дербестігі.
Бұл білімдарлық оқушының мектепте оқу пәндерін барынша мол игеруге деген құлшынысы.
Бүгінде республикамыздың көрнекті ғалымдары Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан зор үлес деп білеміз.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері әсіресе ән, ойын, еңбек сабақтарында, жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді. Қазіргі таңда шығармашылық қабілеттің дамуы басты нысаны болып, ол оқушыда шығармашылықтың белгілерінің
болмауы үлкен мәселе болып көтеріліп отыр. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек.Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісі алғашқы сатыларының бірі болып саналады. Білім беру ісі дегенде мұғалім еңбегі айтылады. Педагогтардың айтуынша қабілетсіз ұстаз болғанмен, қабілетсіз шәкірт болмайды. Бұл пікірді орыстың заңғар жазушысы және ұлы ойшылы Лев Толстойдың: «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деген даналық сөзі де тереңдете түскендей. Демек, біз, ұстаздар сол ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде аша біуіміз, дұрыс жолға бағыт сілтеуіміз керек-ақ! Сайып келгенде, бұл бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім бару жүйесі қарекетінің мәні- сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуын, дамуына көмектесуі,ол ақпарат көзі емес ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Сонымен оқушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу үрдісін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол шін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген шығармащыл тұлға болуы тиіс. Бірақ әзірге мұғалімнің педаогикалық үрдістегі ойлау әрекетін кәсіби басқарушы ретіндегі әдістемелік те, психологиялық та дайындығы жеткіліксіз.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары, негізінен, фактілерді жинақтап есте сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте жақсы оқыған оқушылардыңкөпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған ьарынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл шығармашылық әрекетінде дем беріп отырса, мұндай қиыншылықтарды жоюға болады.
Шығармашыл тұлғалардың қасиеттерін зерттей келе, психологтар шығармашылық қабілеттердің табиғаты жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар үшін бірдей екенін анықтады.
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің ьарлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуынакөңіл бөлінбеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
ақпараттың дәстүрлі әдістері- ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда.
Кіші мектеп жасындағы баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек.
ІІ ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.
Президентіміздің 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру» жөнінде: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет» делінген.
Бұл маңызды да жауапты істің нәтижелі болуы үшін, білімнің іргетасы қаланатын бастауыш мектеп сатысында білім беруді иновацияландыруды жоғары деңгейге көтеріп, әлемдік және отандық жаңашыл педагогтардың әбден зерделеп, елеп-екшеп ұсынған жаңа технологияларын оқыту процесіне енгізу, соның негізінде жан-жақты дамыған, өзіндік жеке пікірі бар, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.
Педагогикалық технология педагогика және техника ұғымдарының негізінде пайда болған түсінік.
Педагогика – біріншіден ғылымның адаммен байланысты бір саласыболса, екіншіден белгілі бір мақсатқа бағытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекетін зерттейтін ғылым, үшіншіден алғанда педагогика белгілі бір мақсатқа яғни білім мен тәрбие алуға немесе беруге беғытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекет білімдерін, іскерлік пен дағдыларын үйренуді көздейтін оқу пәні болып табылады. Техника дегеніміз-біріншіден ғылымның бір саласы болса, екіншіден іс-әрекетті ұтымды түрде орындауға арналған құрал-сайман, мүмкіндік болып табылады. Ал технология дегеніміз- сол техникалық құрал арқылы адамның іс-әрекетті жүзеге асыратын қызметі. Технологиялық іс-әрекет дегеніміз- белгілі бір мақсат қойып техникалық құралды пайдаланып өнім алуға бағытталған іс-әрекет. Техникалық іс-әрекеттің нәтижесі қандай да бір болмасын өнім немесе материалдық құндылық. Сондықтан техника мен технология бір-бірімен мағынасы жағынан жақын ұғымдар. Педагогикалық технология- тәрбие мен оқыту технологиясы болып екіге бөлінеді. Оқыту технологиясы оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, құрастыру, талдау, оқыту мүмкіндіктерінің технологиясы.
Педагогикалық технология ұғымына ғалымдар мен педагогтар әрбір даму кезеңінде әр түрлі анықтамалар берген. Олардың берген анықтамалары әр түрлі болғанымен бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта толықтыра түседі.
Орыс ғалымдары И.П.Павлов, В.М.Вехтерев, А.А.Ухтомский, С.Т.Шацкий өзінің еңбектерінде мынадай анықтама береді: «Педагогикалық технология – бұл тәсілдердің, құралдарының, оқу сабақтарының ұтымдылығын арттыруға арналған мүмкіндіктер немесе көрнекті құралдарды пайдалана отырып оқу лабораториялық жабдықтарды ұтымды пайдалана білу»,-деп қорытынды жасайды.
60-70 жылдары педагогикалық технологияны тану барысында екі түрлі бағыт қалыптасты. Бұл кезеңнің педагогтары «Педагогикалық технология дегеніміз- технологиялық мүмкіндіктер мен программалық оқытуды қолдану»,-деп түсінді. Ал олардың кейбіреулері «Педагогикалық технология – технологиялық оқу немесе оқыту процесіндегі технология»,-деп түсінді. Бұл кезде Венгрияның ғалымы Л.Солой педагогикалық технологияның үш белгісін көрсетті, олар: техниканы меңгеру және ол туралы білу; аудиовизуалдық материалдар фондымен таныс ьолу; техникалық құралдарды ұтымды пайдаланудың әдістемесін меңгеру,-деп түсіндірді.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында Ресейдің ғалымы Ф.А.Фрадкин өзінің «Педагогикалық технология және тарихи перспектива» деген еңбегінде «педагогикалық технология дегеніміз- қандай да бір мақсатқа жетуді көздеген мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті айқындалған бірнеше варианттағы объективдендірілген, жүйеленген іс-әрекет»,-деп тұжырым жасайды.
Орыс ғалымы И.Я.Лернер өзінің «Оқыту технологиясына көңіл аудару» атты еңбегінде педагогикалық технология дегеніміз- ұйымдастыру тәсілдері адам-машина жүйесіндегі адамдар мен материалдар туралы образдық ойлар деген қорытындыға келеді.
Сонымен педагогикалық технология ұғымы ХХ ғасырдың соңында көптеген елдердің ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде қалыптаса бастады.
Педагогикалық технология ғылым мен практиканың арасын жалғастырушы звено, оқыту технологиясының методологиялық функциясы-оқыту проектісі, оны жүзеге асыру түріндегі стратегиялық модель болып табылады.
Оқушыларды дамыту, білім беру мақсатындағы қоылған мақсатқа сәйкес, педагогикалық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін оқу қызметі мен қажетті мүмкіндіктерді басқарудың теориялық проектісін біз оқыту технологиясы деп ұғынуымыз қажет.
Сонымен педагогикалық технологияны мұғалімнің міндеті тұрғысынан қарағанда мынадай блоктарға бөліп қарауды ұсынады:
1-блок--- диагностикалық міндет;
2-блок--- дайындық міндеті;
3-блок--- білім берушілік міндет;
4-блок--- жеке тұлғалық міндет;
5-блок--- аналитикалық міндет.
Қорыта айтқанда, педагогикалық технологияны танудың бес бағыты бар:
1. іс-әрекетті ұтымды ұйымдастыру және оны жабдықтау;
аз шығынмен нәтижеге жетуге жағдай туғызатын операциялардың бірізділігі;
педагогикалық проблемаларды әдістемелік деңгейде талдауға мүмкіндік туғызатын педагогикалық категория;
оқыту процесін тұтастай меңгеруге мүмкіндік тұғызатын ойлаудың жүйелік тәсілдерін педагогика тәжірибесіне енгізу;
педагогикалық идеялардың қомақты нәтижелеріне жеткізуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жүйесін ретке келтіру болып табылады.
жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы Жалпы бастауыш білімнің «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы жасалды. Мұнда еңбекке баулу пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанмен, елеулі өзгерістер жасалды. Еңбекке баулу пәнінің қызметі бойынша әлемдік педагогикалық тәжірибелер зерделенді. А.Энштейн «Адам естіп-білгені арқылы жетілмейді, еңбек пен іс - әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала саусағының бұлшық еттері жан-жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға, түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Сонымен бірге Еңбекке баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға,
отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, баланың жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:
Ойындық технология- мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.
Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.
Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.
Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б.
Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялықерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзін әр мұғалім әр түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. В.П.Беспальконың тұжырымы бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымымен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу-оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінбасқарудың негізгі бір буыны. Б.В.Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:
дидактикалық қағидаларды-ұстанымдарды, әдістерді, құрал, форма, амал-тәсілдерді т.б. таңдау технологиясы;
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
ЭВМ-ді пайдаланып оқыту технологиясы;
даралап оқыту технологиясы.
Б.В.Горячев еңбектерінде оқыту технологиясы туралы көптеген нақты пікірлер болғанмен,ол ұғымның мәнін толық аша алмады.
Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақтың жаңа түрінжетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады. Соның айғағы соңғы жылдарда мерзімдік баспасөз беттерінде оқытудың жаңа технологиясы туралы көптеген әдістемелік нұсқаулар жарияланып жүр.
Бүгінгі күнде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақ тиімділігіне, оқудың нәтижелігіне жетудің 80%-н қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20%-і ғана оқытушының жеке шеберлігіне байланысты болады.
Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осыған орай оқушыға берілетін тапсырмалардың үйренушілік,
алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлері қолданылады. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді. Бұл оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей. Бұдан баланың танымдық міндеттері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен білім, білік, дағдылары, қызығуы жетіледі, білімге құштарлығы оянады. Тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі қабілетті балалар көзге түседі. Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі, оның деңгеціне лайықтап беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген.
Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі – бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – кіші мектеп жасындағы оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашалық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзіне сенімділігі артады. Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізерде мұғалім жұмыстың өн бойынан шығармашалық тапсырмаларға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды шығармашылық арнаға бұрып алуға, өзгертуге болады.
Педагогикалық технология оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту бағытындағы ұстаз бен шәкірттің белгілі бір мақсатқа жету бағытындағы іс-әрекеттерінің нәтижесінің қандай болатындығын алдын-ала елестете білу қабілеті ретінде қабылданады. Ол дәстүрлі және жаңа педагогикалық технология болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі педагогикалық технологияға-проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, оқытуды проектілеу технологиялары кіреді; жаңа педагогикалық технологияға- модульдық оқыту технологиясы, кредиттік оқыту технологиясы, дистанциялық оқыту технологиясы жатады. Оқыту технологиясы оқытудың мақсатын, оқыту міндеттерін, оқыту процесін, оқыту кезеңдерін, әдістерін, принциптері мен шарттарын проектілеу болып табылады. Сонымен қатар шәкірттердің белгілі бір ғылым саласындағы меңгеретін білімдері мен дағдыларының жүйесін жасайды.
Шығармашылық тапсырмалардысынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастыруға болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді.
Кез- келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді. “Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі”,- деп түсіндіреді В.М.Монахов. Ал ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Ж.Аймауытов: “ Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер” деген екен.
Ғылыми пндагогикалық зерттеулерге жасалған талдау жаңа педагогикалық технологиялардыңбірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай технологияның бірі Ж.Қараевтың “ Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы.Қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп ьерілген. Бұл технология бойынша тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Оның тиімді жақтары: 1.Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;
2.Жеке дара қабілеттері айқындалады;
3.Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады;
4.Даму мониторингі айқын көрініп отырады;
5.Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нәтижелері, оқу-тәрбие және жеке тұлғаны дамыту мақсатын көздейтін іс-әрекеттер педагогикалық технология құрамымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |