СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Сабақ жоспары
«Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен дене тәрбиесінің амалдары» (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы:«Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» Дайындаған педагог: Сағымғалиев Нәзира Қуанғанқызы
"07" наурыз 2023 жыл
1. Жалпы мәліметтер (курс, топ): ФК3Б (9), 3 курс
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
2. Сабақтың мақсаты: 1. Оқытушылық қызметті атқаруға байланысты қажетті білім, біліктермен қамтамасыз ету, білім алушылардың кәсіби құндылықтарын қалыптастырып, дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі негіздерінің тұтас сипатын білім жүйесі ретінде беру және оны саналы түрде практикада қолдануға үйрету.
2.1 Сабақтың міндеттері:
қимыл-қозғалыс, мәдени - гигиеналық дағдылар мен икемділіктерін қалыптастыру;
- мамандық бойынша кәсіби дағды беру.
4. Қажетті ресурстар:сабақтың дәріс жоспары, презентация, бейнеролик, кітап, ғаламтор сілтемесі.
5. Сабақ барысы
Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен дене тәрбиесінің амалдары Жоспары: 1. Дене жаттығулары.
2. Дене жаттығуларының ерекше белгілері.
3. Дене жаттығуларының мазмұны мен құрылыс негіздері.
4. Табиғаттың табиғи күші мен гигиеналық тазалық факторлары.
№ 2.1.Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша тәсілдері – бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.