Сабақ жоспары «Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен дене тәрбиесінің амалдары»



бет3/3
Дата11.09.2023
өлшемі19,23 Kb.
#180763
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ФК3Б 07.09

Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. Егер ол апта, айларға созылып жаттыға берсе барлық дене мүшелерінің қызметі жақсарады, денсаулық нығаяды, дене қуаты қасиеттерінің жұмысқа біліктілігі жоғарылайды, қимыл шеберлігі пайда болады. Адам жаттығу уақыты келгенде ширығып, белсенділеніп, жаттыққысы келіп тұрады.
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.
Қимыл - әрекетті тиімді жолмен орындау жаттығудың тәсілі, техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру).
Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ та олар бір – біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті–уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Уақыт сипаттамасы - уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Кеңістікті-уақыт сипаттамасы – жылдамдық және үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқыкүштердің біріге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді.
Дене тәрбиесі және спорт тәжрибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дене дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығуларт.б.); ә) ойын жаттығулар (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б жаттығулар); в) спорттық жаттығулар – спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т. б.). 2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау. 3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі, дайындық, жақындататын жаттығулар. 4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары). 6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар (20секундтан 5 минөтке дейін ); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек).

2.2. Жаттығулардың адам ағзасына әсер етуі әр түрлі себептерге байланысты:
1. Оқыту, үйрету үрдісі екі жақты – ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, білім деңгейіне, қимыл шеберлігіне, дене қуатына, сондай-ақ, оқытушы мен оқушының белсінділігі мен ынтасына байланысты.
2. Ғылыми себептер – адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын ғылыми деңгейде түсінуі, білуі.
3. Әдістемелік себептер – жаттығуларды орындау кезінде ескеретін көптеген әдістемелік талаптар.
Жаттығулардың күшті әсері осы әдістемелік талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына байланысты. Олар: жаттығуларды орындау уақыты, орындау қарқыны, жаттығуларды орындау саны, аралық тынығу уақыты, қайталау арасындағы тынығу уақыты, демалыс түрі.
4. Санитарлық-гигиеналық себептер. Дене тәрбиесі жаттығулары адам ағзасына тиімді әсер ету үшін тамақтану, демалу, жұмыс істеу тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залды санитарлық нормада ұстау.
5. Метеорологиялық себептер (ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б.).
6. Материалдық себептер. Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін спорт ғимараттары, жабдықтар, снарядтар, спорттық құрал-жабдықтар, спорт киімдері т.б.
Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Табиғи күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің қосымша амалдары болып есептеледі.
Дене тәрбиесі үрдісінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған ағзаны қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір қосымша амалы – гигиеналық факторлар. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
1. Дене тәрбиесі үрдісіне кірмейтін тәсілдер. Олар: еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режімдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
2. Дене тәрбиесі үрдісіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) ағзаны тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа – температура ортасы) жатады.
Ауа – температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша, сауна, термокамерлер жатады.
Ауаны аэронизациялау – спортшылар дем алып жатқан жердің ауасына қосымша оттегі жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл-күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет