Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, буклет, плакат, нақыл сөз, кеспе қағазы, венн диаграммасы, суреттер.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңаша білім беру.
Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, кеспе қағазбен жұмыс, кітаппен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Құлтума мен Асаубай, Сүйінбай мен Тәттіқыздың айтысын мәнерлеп жаттап келу екенін еске түсіреміз. Осы кезде сергіту сәтін айтамыз.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтгі күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй...!
Осыдан барып тақтаға жұп-жұптарымен шығып айтысты нақышына келтіріп мәнерлеп айтқыздым.
Үй тапсырмасын қортындылай отырып, айтыс туралы түсінік бердім. Сұрақ - жауап әдісі.
3. Жаңа сабақ.
Халық адамгершілік пен әділетті, ақылдықпен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгіме ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жамандық қатар көрсетіледі.
«Ғажайып бақ» ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен қарапайым еңбек адамдары.Мәтінді түсіндіру.
а) Қызығушылықты оята отырып ой қозғау. Мәтінді бөлімге бөлеміз.
1-бөлім. Қасеннің жұтқа ұшырауы.
2-бөлім. Асанның достық көмегі.
3-бөлім. Алтын салынған қара қазан.
4-бөлім. Кедейлердің қарияға жүгінуі.
5-бөлім. Қарияның шешімі.
6-бөлім. Жас жігіттің рақымдылығы.
7-бөлім. Халықтың рақатқа кенелуі.
Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор, достыққа берік деп, ал қарияға әділ шешім айта алатын шыншыл деп, ал қарияның үшінші шәкіртіне ақылды, қайырымды, елін сүйген -ер деп мінездеме беру арқылы түсіндіреміз. Ертегіде суреттелетін ғажайьш бақ көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жапырағы жайнаған үлкен ағаш, жұпар иісі, қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған өзен, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдырап, құстар бұлбұлша сайрайды деп түсінеді.
б) Кітаппен жұмыс жүргізу.
Мәтінді оқу арқылы сұрақтарға жауап беру.
в) Қиын сөздерге талдау жасау. Шегендеу-қалау, жинау. Кіріптарлық-жоқшылық, қиыншылық
Ширегіне келмеді-теңесе алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |