Мазмұны кіріспе 6 1 электрондық ОҚулықтарды пайдалану 8


“СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет3/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,27 Mb.
#36462
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language), FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және Delphi, Visual Basic, C++, JavaScript және т.с. сияқты программалау тілдері қолданылады.

Бұл дипломдық жұмыста электрондық оқулықты құру үшін Delphi программалау ортасы мен Microsoft Word және MS Paint программалары қолданылды. Электрондық оқулықтың негізіне Камардинов О. «TURBO C және TURBO C++ тілдерінде программалау» деген кітабі қойылды. Бұл кітаптың тиражы өте аз – тек қана 300 экземпляр.

Програмалау тілін үйрену үшін негізінде келесі тақырыптар оқып шығуы тиіс: 1) сызықтық алгоритмдер; 2) тармақталу алгоритмдер; 3) қайталау алгоритмдер; 4) массивтермен жұмыс істеу; 5) символдық шамалармен жұмыс істеу; 6) процедуралар мен функциялар; 7) файлдармен жұмыс істеу.

Бірақ, Си тілінің өзгешелігіне байланысты бұл тақырыптар тізімін былай өзгертіп шықтық:


  1. Кіріспе

  2. Алфавит. Кілттік сөздер

  3. Тұрақтылар

  4. Қарапайым программа

  5. Си тілінің операциялары

  6. Тармақталу алгоритмдер

  7. Қайталау алгоритмдер

  8. Массивтермен жұмыс істеу

  9. Символдық шамалармен жұмыс істеу

  10. Графикамен жұмыс істеу

  11. Блогтық функция мен # define нұсқауы

  12. Файлдармен жұмыс істеу

Электрондық оқулықта көрсетілетін мәтіндерді алдын ала MS Word программа арқылы дайындап, жеке шағын файлдарға бөліп қойямыз. Олардың кейбіреулерін *.rtf форматында сақтаймыз, себебі Delphi ортасында оларды көрсету үшін RichEdit компонентімен қолданамыз.

Бірақ, RichEdit компоненті мәтіндегі кестелер мен суреттерді шығара алмайды, сондықтан кейбір сондай шағын тақырыптарды алдымен экранға шығарып, клавиатурадағы PrintScreen клавишаны басып, одан кейін Ctrl+V клавишалар арқылы Paint программаның ішіне тастап *.bmp форматтағы сурет файлдарына сақтаймыз. Ал мәтіннің арасында кестелер мен формулалары бар файлдар үлкен болса, онда оларды WebBrowser компонент арқылы көрсету үшін *.doc файлдарға жазамыз .



Delphi 6 ортасында File-New-Application команда арқылы жаңа тіркеме ашамыз. Ашылған форма проекттің бас формасы болады (3 сурет). Форманың Caption қасиетінің ішіне «Электрондық оқулық "Си программалау тілі"» деп жазамыз –форманың жоғары жағында осы жазу пайда болады.

3 сурет. Электрондық оқулықтың бас терезесі.



Алдымен бас форманың үстіне екі Panel компоненттерін қоямыз. Panel компоненттердің тақырыптарын алып тастаймыз – ол үшін бұл компоненттердің Caption қасиеттерінің ішін босатып қоямыз. Әр панельге түс береміз - Object Inspector терезесінен олардың Color қасиеттер арқылы керек түсті таңдап қоямыз. Бірінші панельдің үстіне үш Label компоненттерін орнатып, олар арқылы электрондық оқулықтың атын, бағдарламаны құрастырған студенттің атын, оқу тобын, ғылыми жетекшінің аты-жөнін көрсетеміз. Бас форманы безендіру үшін Image компонентті панель үстіне орнатып, ішіне сурет салып қоямыз. Image компонентке сурет орнату үшін Object Inspector терезесінен осы компоненттің Picture қасиетін таңдап алып, оның жанындағы көпнүктелікті шертеміз. Сонда 4 суретте көрсетіліп тұрған сұхбат терезесі ашылады. Сол терезе арқылы “Load” батырмасын шертіп, ашылған терезенің ішінен керек суретті таңдап аламыз. Сурет алдын ала дайын болу керек. Сурет таңдап алынған соң, “OK” батырманы шертіп, терезені жабамыз.

4 сурет. Бұл терезе арқылы Image компонетке салатын суретті таңдап алады


Электрондық оқулықтың мазмұнын осы форманың үстіне шығарып қоямыз. Ол үшін екінші панельдің үстіне 15 button компоненттерін орнатамыз. Бұл компоненттер арқылы электрондық оқулықтың мазмұнын жасаймыз. Сонда сол компоненттер әрі мазмұнын құрады, әрі көрсетіліп тұрған тақырыпты шақыратын батырмалар болып келеді. Мазмұнды бас форма суретінен (3 сурет) көруге болады.

Button, Label, Panel компоненттер Delphi ортаның VCL кітапхананың Standart бетінде, Image компоненті – Additional бетінде орналасып тұрады. Button компонентін формаға алып келген соң, оның үстіне Caption қасиет арқылы мазмұн тақырыбын шығаруға болады.




5 сурет. Электрондық оқулықтың мазмұны

Батырманың үстінен шерткен кезде сәйкес тақырыбы бар терезе ашылатын болу үшін Код Редакторының ішіне мына командаларын жазылады:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin


Form2.Show;

Form3.Close;

Form8.Close;

Form6.Close;

Form7.Close;

Form9.Close;

Form10.Close;

Form5.Close;

Form16.Close;

Form17.Close;

Form18.Close;

Form20.Close;

end;

Бұл командалар бойынша Form2 терезе ашылады да, ал басқа терезелер жабылады. Жоғарыдағы аталған он екі тақырыптар мазмұнға кіргізілген (5 сурет), әр тақырыпқа сәйкес он екі жаңа терезелер ашылған. Жаңа терезені ашу үшін Delphi 6 ортасында File-New-Form командасын орындау керек. Әр терезені қалай дайындалғанын төменде көрсетеміз.



Бас форманың төменгі жағына жылжымалы қатар жүргізілген. Оны ұйымдастыру үшін алдымен 'Bitmap.bmp' сурет Paint графикалық редактормен дайындалды. Одан кейін осы Form1 формаға Timer1 компонентін қойып, оның Interval қасиетіне 50 мәнін береміз. Timer1 компоненттің onTimer оқиғасына мына процедураны жазамыз:

procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);

begin

Canvas.CopyRect(dRect, pic.Canvas, sRect); // суреттің бөліктерін



көрсету

inc(t);


if t = TP // роликтің ұзындығы

then t:=0;

sRect := Bounds(t,0,WB,pic.Height); // келесі кадр

end;
ал бас форманың (Form1) onCreate оқиғасына мынаны жазамыз:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin


pic := TBitMap.Create;

pic.LoadFromFile('Bitmap.bmp'); // суретті енгізу

dRect := Bounds(0,608,WB,pic.Height); // қатардың жүретін облысы

sRect := Rect(0,0,TP,pic.Height); // осы сәтте көрсетіліп жатқан

// суреттің бөлігі

t:=0;


end;
Енді “Кіріспе” жазуы бар бірінші батырманы шерткен кезде, сәйкес терезе ашылады. Оның түрін 6 суреттен көруге болады. Жаңадан ашылған форманың Caption қасиетінің ішіне “КІРІСПЕ” жазуын енгіземіз. Бұл терезені құру үшін форманың үстіне RichEdit, button, GroupBox және 3 RadioButton компоненттерін орнатып қоямыз.

6 сурет. Кіріспе терезесінде RichEdit компонентімен қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет