Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. 1-4 сынып аралығында шама ұғымын оқушыларға жеткізу және оны бойына қалыптастыру



бет8/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#79728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану (1)

Оқыту әдістемесі
Ұзындықтың бірліктерін оқыту теріс емес бүтін сандар арифметикасын оқыту мен тығыз байланысты: сантиметр-бірліктің баламасы; дециметр-ондықтың баламасы; метр-жүздіктің баламасы; километр-мыңдықтың баламасы. Бұл ұзындықты өлшеу санды шығарып алудың бір тәсілі екендігін көрсетеді, демек, сан-ұзындықты сантиметрмен (дм, м, км, мм) өлшеудің нәтижесі.
Осыған сәйкес шамаларды құру, оқу және жазу сандар нумерациясымен қатар жүреді:
5 жүзд. 3 онд. 7 бірл. = 537 бірл.
5 м 3 дм 7 см = 537 см
шамаларды көрнекі түрде сандарға ұқсас салыстыру:
5 см > 4 см, өйткені 5 > 4
4 см < 5 см, өйткені 4 < 5
кесінділердің қосындысы мен айырмасын табу және оның алгоритмі (жоғарыда қарастырылған);
кесіндінің ұзындығын бірнеше бірлікке артыру және кеміту: берілген кесіндіден 3 см артық (кем) кесінді сыз;
3 см * 3 см -1 см
6 см * 6 см + 1 см түріндегі салыстыру.
2. Ұзындықтың бірліктерімен және олардың арақатынасымен таныстыру.
а) Дециметрмен таныстыру:
проблемалық жағдаят: парта, тақта, шкаф және т.б. бетінің ұзындықтарын сантиметрдің көмегімен қалай өлшеу керек - бұл қолайсыз, көп уақыт кетеді, демек, ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі-дециметр (дм) енгізілуі қажет-ұзындықтың екінші бірлігі.
Дециметр туралы қарапайым түсінік 10 санын енгізумен байланысты беріледі: бұл санды арифметикалық амалды орындау 9+1=10 арқылы шығарып алуға болады-9-дан кейінгі келесі сан, оны жазу үшін жаңа цифр қажет емес, өйткені санды белгілі цифрлар 1 және 0-дің көмегімен жазуға болады (осыған ұқсас 9 см + 1 см =10 см → 10 см = 1 дм және 1 дм = 10 см).
Ұзындықтың екі бірлігін салыстыру: 1 дм-де 10 см бар.
1 дм * 1 см 1 см * 1 дм
1 см * 10 см 10 см * 1 дм
ә) Жаңа санау бірлігі ретінде ондықпен санау кезінде дециметр ұғымына қайта ораламыз:
1 дециметрді сантиметр моделінің көмегімен шығару: жолақшаны 10 рет сала отырып, 10 см-ді аламыз.
40 см = 1 дм - ұзындық бірліктері арасында қатынас тағайындау: кесіндінің ұзындығын сантиметрмен және дециметрмен өлшеу; шамаларды салыстыру және білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру негізінде сандармен тығыз байланыста шамаларға амалдар қолдану.
2*3 8+1 9-1
20 * 30 8 онд. + 1 онд. 9 онд. - 1 онд.
2см*3см 80+ 10 90-10
2 дм * 3 дм 8 см + 1 см 9 см - 1 см
8 дм + 1 дм 9 дм - 1 дм
Сандарға ұқсас шамаларды түрлендіру:
1 онд. = 10 бірл. 1 дм =10 см
2 онд. = 20 бірл. 2 дм = 20 см
9 онд. 90 бірл. 9 дм = 90 см
10 онд. = 100 бірл. 10 дм = 100 см
б) Метрмен таныстыру (100 көлеміндегі сандарды оқыту барысында):
алғаш рет 1 м 1-сыныпта ұзындық бірліктерінің арақатынасын көрсететін кестеде кездеседі: 100 см = 1 м;
кесіндінің ұзындығын дециметрмен және сантиметрмен өлшеу: 10 см+ 1см = 11см, ал 10см = 1дм → 1дм + 1см= 1дм 1см- бұл кесіндінің ұзындығын екі өлшем бірлігімен өлшеу кезінде алынған ұзындықтың мәні;
ұзындықтың әлдеқайда ірірек бірлігін енгізу қажет болатын проблемалық жағдаят: сынып және дәліздің ұзындығын дециметрмен өлшеу-бұл қолайсыз, көп уақыт кетеді, ал 1 дм-лік өлшеуіш 10 рет салынса, онда ұзындықтың үшінші өлшем бірлігі 1 метр алынады: 1м=10дм және 10дм=1м;
1дм = 10см және 1м = 100см екендігін оқушылар біледі, мұның өзінде ұзындық бірліктерінің арақатынасы кестесі екі бағытта оқытылады, өйткені кейінірек ұзындықтың ірі бірліктерінен ұсақ бірліктеріне және керісінше айналдыруда қолданылады:
1 м = 100 см және 100 см = 1м
ұзындықты өлшеу кезінде сантиметр 100 рет, ал дециметр 10 рет салынса, ол ұзындық 1 метрге (м) тең, демек, ұзындықты метрмен де өлшейді;
сыныптың және дәліздің ұзындығы мен енін метрмен өлшеу;
ондықтар мен бірліктерден тұратын сандарды салыстыру негізінде шамаларды түрлендіру және салыстыру.
1 онд. 3 бірл. = 13 бірл. 37 бірл. = 3 онд. 7 бірл.
1 дм 3 см = 13 см 37 см = 3 дм 7 см
2 онд. * 3 онд. 5 бірл. 2 см * 3 дм 5 см
1 жүзд. = 100 бірл. 1 м = 100 см
1 жүзд. = 10 онд. 1м = 10дм
в) Километрмен таныстыру (1000 көлеміндегі сандарды оқыту барысында): ұзындықтың белгілі бірліктері мен олардың арақатынасын қайталау: 10 см = 1 дм; 100 см = 1м; 10 дм = 1м.
Проблема: ауыл, қала арасын метрмен өлшеген қолайсыз, оған көп уақыт кетеді, демек, ұзындықтың ірі бірлігі-километр (км) қажет:
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы кестесі беріледі: 1км = 1000м және 1000 м= 1 км;
Ұзындық бірліктерінің арақатынасы кестесі жатталады: 10см = 1дм; 100 см = 1м; 10 дм = 1 м; 1000 м = 1км;
Практикалық жұмыс: адымдап санай (екі адым - м) отырып, 1 км қашықтықты жүріп өту; қашықтықты «көз мөлшерімен» анықтау;
Шамаларды түрлендіру және салыстыру (1000 және көп таңбалы сандар оқытылғаннан кейін).
2 жүзд. 7 онд. 5 бірл. = 275 бірл. 159 * 160
2 м 7 дм 5 см = 275 см 1 м 5 дм 9 см * 1 м 6 дм 0 см
г) Миллиметрмен таныстыру: проблемалық жағдаят: жолақшаның ұзындығын өлшеумен байланысты практикалық жұмысты жүргізу барысында мынадай нәтижеге: 8 см және тағы қандай да бір жарты, яғни жолақшаның ұзындығын нақты сантиметрмен өлшеуге болмайды, демек, әлдеқайда ұзақ бірлік милиметр (мм) қажет;
сызғышты көрсету және милиметрлік бөліктермен таныстыру: оқушылардың өздері 1см = 10мм бар екенін санайды және арақатынас тағайындайды: 1см = 10 мм және 10 мм = 1 см;
1 см-де 10 мм бар екендігін тағайындау, демек, 1 мм 1см-дің оннан бір үлесі = 1 см = 10 мм;
милиметрге дейінгі дәлдікпен жолақшалардың ұзындықтарын өлшеу 8см 5 мм: 5 см 3 мм: 9 см 6 мм: милиметрге дейінгі дәлдікпен әр көпбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын анықтау және олардың периметрін табу;
ұзындығы 1 см 6 мм және 2 см 3 мм кесінділер сызу және олардың қосындысын және айырмасын табу.
Тапсырма: «Жазуды жалғастыр:.....метр 1 .... құрайды; ал......метр 1.....
дің жүзден бір үлесін құрайды;......дециметр.......құрайды; ал......дециметр 1.....дің оннан бір үлесін құрайды және тағы басқа».
3. Ұзындық бірліктерінің арақатынасының кестесі:
10 мм = 1 см 10 дм = 1 м 1000 м = 1 км
10см=1дм 100см=1м 100мм=1дм
1000 дм = 1 км
Осы кестенің көмегімен оқушылар шамаларды түрлендіреді, оларды салыстырады, сондай-ақ осы шамамен берілген есептерді шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет