Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. 1-4 сынып аралығында шама ұғымын оқушыларға жеткізу және оны бойына қалыптастыру


Уақыт және оның өлшем бірліктері. Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру



бет10/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#79728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану (1)

2.2. Уақыт және оның өлшем бірліктері. Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру

Аудан ұғымы геометриялық ұғымдарға жатады. Осы ұғымның практикалық негізі фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу болып табылады.


Оқытудың міндеттері
1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигураның ауданын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
2. Аудан бірліктері: см2, дм2, м2, мм2, ар, гектармен таныстыру. «Палетканың» көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.
3. Аудан бірліктері арасындағы қатынасты игерту және шамаларды түрлендіруге, салыстыруға және аудан бірліктерімен амалдар орындауға үйрету.
4. Тік төртбұрыш, шаршы, сондай-ақ әлдеқайда күрделі фигуралардың аудандарын табуға үйрету.
5. Ауданды табуға берілген есептерді шығару, осы шамамен берілген өзара кері есептерді құрастыру және шығару біліктерін қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі
1. Фигураның ауданымен таныстыру.
а) Дайындық: бірінші сыныпта оқушылар геометриялық фигуралармен танысады:
Фигураны бөліктерге бөлу және фигураны бөліктерден құрастыру.
Дамытушылық сипаттағы тапсырмалар ұсынылады: неше фигура белгіленген?
Фигураларды түрлендіру:
Бір шаршы қалатындай бір таяқшаны ал. Тағы қандай фигуралар қалады? Екінші сыныпта жұмыс жалғастырылады.
ә) Үшінші сыныпта аудан ұғымы енгізіледі: әр түрлі фигуралар көрсетіледі де, оқушылар қай фигура көп орын алатынын анықтайды.
Ол үшін тақтаға әрбір фигураның контурын салып, қорытынды шығарту қажет: әр фигура тақта бетінің қандай да бөлігін алады, ол аудан делінеді.
б) Одан кейін фигуралардың аудандары салыстырылады: алдымен «көз мөлшерімен», содан соң салыстыру нәтижесі беттестіру арқылы тексеріледі.
Фигураларды беттестіргенде, олар толығымен бір-бірімен беттесе, онда олардың аудандары бірдей.
Егер бір фигура екіншісінің ішінде толығымен жататын болса, онда бірінші фигураның ауданы екіншісінен кіші болады.
Беттестіру арқылы салыстыру тәсілі әрқашан да орындала бермейтінін көрсету қажет.
Ешбір фигура толығымен екінші біреуінің ішінде ешқандай да жағдайда жатпайды.
Аудандары бірдей фигураларды табу мүмкін емес, өйткені оларды бір-бірімен беттестіруге болмайды.
Фигураның ауданын өлшеу арқылы салыстырудың жаңа тәсілін енгізу қажеттігі туындайды.
Фигураны бірдей шаршыларға, яғни шартты өлшеуіштерге бөлу.
Әр фигура неше шаршыдан құралғанын санау және олардың аудандарын салыстыру: шаршыларының саны артық фигураның ауданы артық.
Екі тік төртбұрыштың аудандарын «көз мөлшерімен» немесе беттестіру арқылы салыстыру өте қиын.
Оларды аударамыз: екінші жағы тең шаршыларға бөлінген; санау арқылы екі тік төртбұрыштың аудандары тең екендігін анықтаймыз. Осылайша оқушыларда жазық геометриялық фигуралардағы квадрат бірліктердің саны ретіндегі фигураның ауданы туралы түсінік қалыптаса бастайды.
Тағы екі фигураның аудандарын салыстыру: «көз мөлшерімен» бірінші фигураның ауданы екіншісінен артық сияқты көрінеді; бірақ мұғалім олардың аудандарының бірдей екендігін дәлелдейді, өйткені олардағы шаршылар саны тең І парадокс!
Бір фигураның ауданы әр түрлі болатындығын көрсету: бір жағында 8 шаршы, ал екіншісінде - 18 шаршы II парадокс!
Қорытынды: әр түрлі шартты өлшеуіштермен өлшедік, сондықтан ауданның ортақ бірлігі қажет.
в) Квадрат сантиметрмен таныстыру - модельді см2 көрсету: осы шаршының қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу - 1 см, осыдан мынадай анықтама жасауға болады: «Қабырғаларының ұзындығы 1 см-ге тең шаршы квадрат сантиметр деп аталады».
1 см2 жазуды көрсету - бұл аудан бірлігі.
Оқушылар шатыстырып алмас үшін сызықтық және квадраттық өлшеу бірліктерін салыстыру. 1 см - ұзындық бірлігі кесіндінің ұзындығы 6 см. 1 см2 - аудан бірлігі жолақшаның ауданы 6 см2'. 2. Ауданды өлшеу бірліктерін қалыптастыру.
а) 1 см2 моделін пайдаланып, оқушылар әр түрлі геометриялық фигуралар құрастырады және олардың аудандарын қайсысында квадрат сантиметрлер артық болса, сол фигураның ауданы артық болатынын атайды.
ә) Фигураның ауданы оны квадрат сантиметрлерге бөлу арқылы табылатындығын хабарлау. Әр фигураның ауданы неге тең? Аудандары бірдей фигура бар ма?
б) Квадрат сантиметрлерге бөлінбейтін - еркін пішіндегі дөңгелектер, сопақшалар сияқты фигуралар көрсетіледі; толық емес шаршылар шығады.
в) Еркін пішіндегі фигуралардың аудандарын өлшеуге арналған арнайы құрал көрсетіледі - ол палетка деп аталады -квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина. Ауданды өлшеу үшін ол фигураның үстіне салынады.
г) Палетканы қолдану тәсілі және ауданды есептеу үлгісі көрсетіледі: толық шаршылар санына толық емес шаршылардың жартысы қосылады - бұл фигураның ауданы, мысалы, 9 см +16 см :2=9 см +8 см =17 см
3. Тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын табу ережелерімен таныстыру.
а) Дайындық: әр түрлі тәсілмен есептеу қажет: тік төртбұрыш неше шаршыдан тұрады?
Қатар бойынша: 5 шаршыдан 4 қатар
Баған бойынша: 4 шаршыдан 5 баған
Тік төртбұрыштағы шаршылар санын оқушылар өз беттерімен әр түрлі тәсілмен санайды:
ә) Тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын табу.
Бір бағанда неше квадрат сантиметр бар? Осындай тағы неше баған бар? Тік төртбұрыштың қабырғалары 1 см-ден неше тең бөлікке бөлінген? Оның ауданын табу керек.
Әр фигураның қабырғалары неше сантиметрді құрайды?
Тік төртбұрыш: 2 см және 3 см.
Шаршы: 3 см және 3 см.
Фигураның қабырғаларын 1 см-ден неше тең бөліктерге бөлуге болады? Әр фигурада неше квадрат сантиметр баған бар? Әр фигураның ауданын тап.
2 см тік төртбұрышта екі қатар квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді;
3 см тік төртбұрышта үш баған квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді, демек, тік төртбұрыштың ауданы.
3 см шаршыда үш және үш баған квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді, демек, шаршының ауданы: 3 * 3 = 9
б) Шаршы мен тік төртбұрыштың периметрін және ауданын әр түрлі тәсілдермен табуды салыстыру:
в) Тік төртбұрыштың және шаршының ауданын табу ережелерімен таныстыру:
Тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың ауданы: 4-2 = 8 немесе 2-4 = 8
Ереже: Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек.
Оқушылар өз беттерімен шаршының ауданын табу ережесін түсіндіреді: шаршы қабырғасының ұзындығын өзін-өзіне көбейту қажет немесе шаршы қабырғаларының квадратын табу керек.
Тік төртбұрыштың ауданын өрнек түрінде жазу:
Көбейтудің терімділік қасиетін енгізу барысында: барлық тік төртбұрыштардың аудандарын әр түрлі табу.
г) Үшбұрыштың ауданы туралы түсінік. Осындай екі үшбұрыштан тік төртбұрыш құрастыр. Оның ауданын тап:
Осы үшбұрыштың ауданы туралы не айтуға болады?
ғ) Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша аудандарын табу арқылы табу.
4. Аудан бірліктерімен таныстыру: дм, м, мм, ар және гектар. Ауданның әрбір жаңа бірлігін енгізу схема бойынша енгізіледі.
а) Ұзындықтың өлшем бірліктерін және олардың арақатынасын, сондай - ақ ауданның белгілі бірліктерін және олардың арақатынасын қайталау.
ә) Ауданның жаңа бірлігін енгізудің практикалық қажеттілігін көрсету: үстел, тақта бетінің аудандарын квадрат сантиметрмен өлшеген тиімсіз, демек, одан ірірек аудан бірлігі квадрат дециметрмен;
сыныптың, дәліздің ауданын табу, арды енгізу - 1а;
футбол алаңының ауданын табу, гектарды енгізу - 1 га;
ұзындығы сантиметрден кем болатын заттың ауданын табуда квадрат сантиметр қолайсыз, демек, ауданның ұсағырақ өлшем бірлігі - квадрат миллиметр қажет болады.
б) Жаңа аудан бірлігінің моделін көрсету және оны ауданның басқа бірліктерімен салыстыру.
Мысалы: оқулықтағы тапсырмалар бойынша сантиметрлерге бөлінген дециметрдің моделін оқушылардың өздері жасайды және 1 дм2=100см2, өйткені 1 дм = 10 см.
в) Ауданның жаңа бірлігінің анықтамасы: «Квадрат дециметр -қабырғалары 1 дм шаршының ауданы».
«Ар - қабырғалары 10 м шаршының ауданы». Гектар - қабырғалары 100 м шаршының ауданы».
г) Жаңа бірлікпен ауданды табу бойынша практикалық жұмыс орындау.
ғ) Кестеге түсірілетін аудан бірліктері арасындағы қатынасты тағайындау:
д) аудан бірліктерін түрлендіру жаттығулары:
е) Ауданды табуға арналған есептерді шығару және оған екі кері есеп құрастыру: белгілі ауданы және бір қабырғасы бойынша басқа қабырғасын табу.
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет