2-бөлім. Шамалардың өлшем бірліктері және оны практикада қолдану әдістері
2.1. Масса және оның өлшем бірліктері
Оқытудың міндеттері
1. Масса ұғымының мән-мағынасын ашу, «масса» терминімен таныстыру, заттың массасын әр түрлі тәсілмен салыстыруға үйрету.
2. Массаның өлшем бірліктерімен: килограмм, грамм, центнер, тонна және олардың арақатынасымен таныстыру.
3. Массаны таразының, кір тастардың көмегімен өлшеу біліктерін қалыптастыру.
4. Өлшеу нәтижелерін әр түрлі өлшем бірліктерінде жазуға, әлдеқайда ірі бірліктен ұсақ бірлікке және керісінше айналдыруға үйрету.
5. Салыстыруға және шамалармен арифметикалық амалдар орындауға үйрету.
6. Осы шамамен берілген есептерді шығаруға үйрету.
Оқыту әдістемесі
Ұзындық сияқты масса да шама болып табылады. Шама - бұл заттың өзіндік қасиеті. Заттың массасы - осы затқа әсер ететін күш пен оның зат жылдамдығын хабарлауы арасындағы арақатынасты анықтайтын физикалық қасиет. Массаны өлшеуге болады және оны өлшеу нәтижесі сан болып табылады, демек, масса және оны өлшеу бірлігі мен сандар нумерациясы және сандарға амалдар қолдану тығыз байланыста оқытылады.
1. Масса ұғымының мән-мағынасын ашу:
а) Дайындық мектепке дейінгі жаста басталады да, бірінші сыныпта жалғасады:
заттың массасы - бұл оның қасиеті екендігі туралы түсінік, оқушылар әр түрлі заттарды қолдарына ұстау арқылы, олардың әсер етуін сезінеді - мұны заттарды массасы бойынша салыстыру «қолмен сезіну» дейді;
ілгеріде массалары әр түрлі, бірақ басқа қасиеттері ұқсас заттар осындай тәсілмен салыстырылады, мысалы, пластмасса және металл текшелер. Металл текшенің массасы артық, яғни пластмасса текшенің массасына қарағанда металл текшенің массасы артық екендігіне оқушылардың көздері жетеді.
ә) Заттардың массаларын салыстыру:
заттың массасын қалай анықтауға болады?
қайсысының массасы артық: тастың ба немесе мақтаның ба?
тастың немесе мақтаның массасын анықтауға болама?
Тастың массасы мақтаның массасынан нешеуі артық?
б) бұл тәсіл тиімді емес, сондықтан заттардың массасын салыстыру мен ортақ шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеудің жаңа тәсілі қажет;
бұл үшін заттың массасын салыстыру мен өлшеуге арналған арнайы құрал - таразы бар;
дүкенге топсеруен жасау кезінде таразының табақты, механикалық, электронды түрлерін, сондай-ақ кір тастардың жинақтарын көрсету;
өлшеу принципін көрсету: таразының екі басындағы жүктерді теңестіру.
2. Масса бірліктерімен таныстыру.
а) Заттың нақты массасын білу үшін массаның арнайы ортақ өлшеуіші -массаның бірлігі - мысалы, килограмм қолданылатыны туралы түсінік.
1 кг, 2 кг, 5 кг-дық кір тастарды көрсетіп, 1 кг-дық кір тасты ұстатып көрсету;
таразыда 1 кг қантты өлшеу: сонымен бірге, қолдарына ұстатып, 1 кг-дық кір тас пен қантты салыстыруга болады;
1 кг және басқа жүктерді өлшеу нәтижелерін 2 кг, 5 кг, 7 кг мен 6 кг жазып көрсету;
өлшеу алдында «қолмен сезіну» арқылы заттың массасын анықтауды жалғастыру және оны нәтижемен салыстыру.
ә) Оқулықпен жұмыс:
оқушылар сурет бойынша сұраққа жауап береді: таразы табақтарындағы жағдайларында қай қарбыздың массасы артық; қарбыздардың массаларын анықтауға бола ма?
Осы шамамен берілген есепті шығару және құру.
б) Грамм, центнер және тоннамен таныстыру.
Заттың массасын килограммен ғана өлшеу нақты еместігін оқушыларға түсіндіру: 1 кг-нан жеңіл және 1 кг-нан ауыр, бірақ 2 кг-нан жеңіл заттарды килограмдық кір таспен өлшеу жеткіліксіз, ол үшін 1 кг-нан аз массаның тағы бір бірлігі қажет - бұл 1 грамм;
1 г-дық және 20 г, 10 г, 100 г, 500 г, 200 г-дық кір тастарды көрсету;
1 кг және 1 г салыстыру, ол үшін сол кір тастарды ұстап көру;
таразыда 1кг = 1000г арақатынасын тағайындау, өйткені 1кг=100г+200г+500г+200г;
грамға дейінгі дәлдікпен өлшеуге жаттығу: 490 г, 900 г, 1 кг 200 г және т.б;
жаңа проблема қою: килограммен өте үлкен заттардың массасын, мысалы, аюды - 200 кг, пілді - 500 кг, корабльді -750000 кг, машинаны - 2300 кг өлшеу қолайлы ма? Қолайлы емес, демек, массаның әлдеқайда ірі бірлігі қажет 1ц = 100кг және 1т = 1000кг; оқушылар өз беттерімен 1т = 10ц екендігін анықтайды;
массаның жаңа бірліктерімен өрнектеу: 200 кг = 2ц; 500 кг = 5ц; 750000 кг = 750 т = 7500 ц; 2300 кг = 23 ц = 2 т 3 ц;
оқулықпен жұмыс есте сақтау үшін масса бірліктері арақатынасының кестесі беріледі:
1000г=1кг 10ц=1т
100 кг= 1 ц 1000 кг = 1 т
- оқушылар сәйкес масса бірліктерін іріктеуге үйренеді:
Қияр тұқымының массасы - 10 ... (г)
Дәрілік шөптердің массасы - 150 ... (г)
Жеңіл машинаның массасы - 23 ... (ц)
Жүк машинасының массасы - 5 ... (т)
Бір қап сәбіздің массасы - 50 ... (кг)
3. Басқа математикалық ұғымдармен таныстыру үшін өлшеу процесін қолдану:
а) текшенің көлемі, сыйымдылық және масса арасындығы өзара байланысты тағайындау: егер 1 л суды ұзындығы 10 см, ені 10 см және биіктігі 10 см текше тәріздес ыдысқа құйсақ, ол толады.
Демек, 1 л = 1000 см3. Көлемі 1000 см3 судың массасы 1 кг-ға тең.
Дәлелдеу: алдымен бос ыдысты таразыда өлшеп, одан соң оған 1 л су құйып, оның массасын өлшеу. Соңғы нәтижеден алдыңғыны азайтып, сонда 1 кг шығатынын тексеру.
ә) Көбейту мен бөлу амалдары бар теңдеумен және оны шешумен таныстыру.
Теңдеу құру:
X- 5 = 2 • 5
X - 5 = 10
X • 5 - сол жақ табақтағы жүктің массасы, яғни х кг-нан 5 рет.
10 кг - оң жақ табақтағы жүктің массасы, яғни 2 кг-нан 5 рет. Теңдеудің екі бөлігін де 5-ке бөлеміз.
Х= 10:5
Х = 2
Тексеру: 2 • 5 = 10
10=10
4. Массаның барлық бірліктерін қолдана отырып, есептерді шығару.
а) Жазуды жалғастыр:
... килограмм 1 ... құрайды;
... килограмм 1 ... мыңнан бір бөлігін құрайды;
... центнер 1 ... құрайды;
... центнер 1 ... оннан бір бөлігін құрайды және т.б.
ә) Центнермен өрнекте: 2т, 5т, 2000 кг, 400 кг; килограммен: 2т, 5т, 2000 кг, 40000 кг; граммен: 2 кг, 6 кг, 10 кг, 2 кг 100 г және т.б.
б) Есеп: «Бір қап қанттың массасы 50 кг. Осындай 4 қапта неше килограмм қант бар? Неше центнер? 6 қапта ше? 10 қапта ше? 20 қапта ше?»
Уақыт ұғымы белгілі ретпен өтетін құбылыс немесе процеспен байланысты.
«Уақыт» шамасы қүбылыстың қасиетін білдіреді.
Оқытудың міндеттері:
1. Уақыт, уақыт аралығы, уақыттың циклі және оның шексіздігі мен үздіксіздігі туралы түсінік қалыптастыру.
2. Уақыт бірліктері: сағат, минут, жыл, ғасыр, апта, ай, секунд және олардың арақатынасымен таныстыру.
3. Сағат бойынша уақытты анықтатуға үйрету, уақытты жиырма төрт сағаттық өлшеммен, сағаттың көрсетілуін оқудың әр түрімен, мұғалімнің көрсеткен уақытын белгілеумен таныстыру.
4. Уақыттың бірліктерін салыстыру және түрлендіруге, осы шама бойынша арифметикалық амалдар орындауға үйрету.
5. Оқиғаның ұзақтығын табуға арналған есептерін шығара алу білігін қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі
Адамның барлық өмірі уақытпен, уақытты өлшеу, бөлу және бағалаумен тығыз байланысты. Уақыт үздіксіз, оны тоқтатуға, қайтаруға болмайды, сондықтан уақыт аралығын қабылдау, уақытты ұзақтығына қарай салыстыру өте қиын. Біздің уақытты қабылдауымыз нақты емес: белгілі бір уақыт аралығын немен толтыруға байланысты уақыт бірде тез, бірде баяу өтеді. Сондықтан уақыт - оқытуға арналған шамалардың ішіндегі ең бір қиыны. Оқушыларда уақыттық түсінік ақырын, ұзақ бақылаулар арқасында, өмірлік тәжірибе жинақтау барысында дамиды.
1. Уақыт туралы түсінік қалыптастыру.
а) Дайындық: уақыт жөніндегі алғашқы түсінікті балалар мектепке дейінгі кезеңде бақылау негізінде алады.
Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы, режимдік мезеттің қайталамалығы, балалар жиі шатастыратын оқиғалардың ретін анықтау.
ә) Бірінші сынып оқушыларында уақыт жайлы түсінік практикалық оқу әрекеті барысында қалыптасады: Күн режимін сақтау, табиғат күнделігін жүргізу, дәптерге жұмыс күнін күнделікті жазу.
б) «Қарапайым түсініктер» тақырыбында уақыт жайында қарапайым түсініктер қалыптасады: бұрын, кейін, алдымен, содан соң, осыдан кейін, оның алдында, басында, аяғында, таңертең, түсте, кешке, түнде және т.б. қайсысы ұзақ болғанын анықтайды: сабақ не үзіліс; тоқсан не каникулдар, яғни таныс уақыт аралығын, сондай-ақ адамдардың жастарын: жасы үлкен, жасы кіші, т.б. салыстырылады.
Бірінші сыныпта апта күндерінің атаулары мен олардың ретімен таныстыру жүзеге асырылады.
Мұнда апта күндері жайлы өлеңді қолдануға болады.
- Бүгін қай күн? - Бүгін қай күн?
- Дүйсенбі. - Жұма ғой.
- Ертең қай күн? - Ертең қай күн?
- Сейсенбі. - Сенбі ғой.
- Оят онда Дүйсенді. - Тұрсын онда Жұмажан.
- Оят онда Сейсенді - Тұрсын онда Сенбіжан.
сабағынан қалмасын.
- Бүгін қай күн? - Бүгін қай күн?
- Сәрсенбі. - Жексенбі.
- Ертең қай күн?
- Бейсенбі. - Демалыс та тез келді!
- Оят онда Сәрсенді. - Оят онда Жексенді, Дүйсен, Сейсен,
- Оят онда Бейсенді Сәрсенді, асыр салып ойнасын.
сабағынан қалмасын.
10 көлеміндегі сандармен таныстыру барысында балалар уақытты бір сағатқа дейінгі дәлдікпен анықтауға үйренеді.
Уақыт бірліктерін енгізуге дайындық ретінде қоршаған ортада өтетін қандай да бір процесті иллюстрациялау арқылы уақыт аралығы жайында ұғым беріледі.
Оқушылар уақыттың үздіксіздігі және шексіздігін сезінеді: өмір түнде де, күндіз де тоқтамайды.
2. Уақыт бірліктері мен олардың арақатынасымен таныстыру.
а) Уақыттың циклін қандай да бір қайталанатын құбылысты сипаттайтын шама ретінде енгізу.
ә) Уақытты өлшейтін құрал сағатпен таныстыру; сағаттық және минуттық тілдерімен; сағаттық тіл бір үлкен бөліктен екіншісіне дейін 1 сағатта өтеді, ал минуттық тіл - бір кіші бөліктен екіншісіне дейін 1 минутта өтеді: қысқа тілі бір айналым жасағанша, ұзын тілі бір үлкен бөліктен екіншісіне дейін өтеді екі үлкен бөліктің арасында 5 кіші бөлік бар, яғни 5 мин., ал айналым - осындай 12 бөлік, ендеше, ұзын тілі бір айналымды 60 минутта жасайды, демек, 1 сағатта 60 минут бар. 60 минут 1 сағатты құрайды.
б) «Сағат қанша болды?» сағаттың моделі бойынша уақытты анықтау: Алдымен бір сағатқа дейінгі дәлдікпен.
Содан соң 4-тен асып тұрады, ал ұзын тілі минутты көрсетеді: 4 сағ 5 мин; 4 сағ 10 мин; 4 сағ 30 мин және жазу үлгісі беріледі.
в) Сәйкес уақыт аралығы жайындағы нақты түсінік практикалық әрекет, бақылау арқылы қалыптасады:
1 сағ - бір сабақ пен үлкен үзілістің ұзақтығы.
1 мин - 1 минутта не істеуге болады: адымдар саны, оқу жылдамдығын тексерудегі оқылған сөз, мысалдар саны, нешеге дейін санауға болады, осылайша оқушылар 1 минуттағы уақыттың ұзақтығын сезінеді.
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша сағаттың моделінен уақытты көрсету: 5 сағат, 2 сағ 15 мин; 8 сағ 30 мин; 11 сағ 45 мин. Уақыттың көрсетілуін әр түрлі оқуға үйрету:
2 сағ 15 мин - екіден 15 мин кетті;
8 сағ 30 мин - тоғызға жарты сағат қалды.
11 сағ 45 мин - он бірден 45 мин кетті, 15 минутсыз 12.
г) Тәрбиелік мәні: уақыт, уақытты анықтауға арналған мақалдардың мәнін түсіндіру.
ғ) Уақытты жиырма төрт сағаттық санаумен және тәулікпен таныстыру.
Тәулік туралы ұғым тәуліктің бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, түн білу арқылы қалыптастырылады.
Мақалдарды қолдануға болады, олардың мәндерін түсіндіру.
Уақыттың реті: алдыңғы күні, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні, т.б. туралы түсінікті тереңдету қажет.
Уақыт аралыгы ретіндегі тәулік туралы нақты түсінік сағат моделі бойынша қалыптастырылады: күннің атуы мен батуына және түн батқаннан таң атқанға дейінгі уақыт - бұл тәулік; таңертеңнен келесі таңертеңге және бір кештен келесі кешке дейінгі уақыт та – тәулік.
Тәуліктің басы - түнгі 12 сағаттан күндізгі 12 сағатқа дейін, содан соң түнгі сағат 12-ге дейін, демек, 12+12 = 24 сағат.
Осыған орай уақытты тәулік бөліктеріне байланысты әлдеқайда нақты анықтаудың жаңа тәсілін енгізудің қажеттігі туындайды: уақытты санау түннен түске дейін жүргізіледі: 1 сағат, 2 сағат,11 сағат, 12 сағат, ал түстен түнге дейін 13 сағат, 14 сағат, ...,23 сағат, 24 сағат.
Енді уақытты әлдеқайда нақты анықтауға болады:
8 сағат 30 минут - егер таңертең болса;
20 сағат 30 минут - егер кешке болса;
д) Өмірлік қажеттілік болатын уақыт аралығы туралы түсінікті кеңейту жүзеге асырылады.
Басқа да уақыт бірліктерімен таныстыру.
7 күн бір аптаны құрайды.
30 күн немесе 31 күн 1 айды құрайды.
12 ай 1 жылды құрайды. 100 жыл 1 ғасырды құрайды.
1 апта - бұл 7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі.
Күнтізбені пайдаланып, сұрақтарға жауап беру: Бір жылда неше ай бар? Оларды атау: қаңтар - 31 күн, ақпан - 28 күн, наурыз - 31 күн, сәуір - 30 күн, мамыр - 31 күн, маусым - 30 күн, шілде - 31 күн, тамыз - 31 күн, қыркүйек -30 күн, қазан - 31 күн, қараша - 30 күн, желтоқсан - 31 күн. Әр айда неше күн бар? Сенің туған күнің қай айда? Аптада неше күн бар? Бір жылда неше күн бар? Жаңа жылды біз қашан тойлаймыз? Наурызды ше? Әйелдер күнін ше? Мұғалімдер күнін ше? Білім күнін ше? Конституция күнін ше? Жеңіс күнін ше? Республика күнін ше? және т.б. Көктем айларын ата. Жаз айларын ата. Күз айларын ата. Қыс айларын ата.
Сағаттың әр түрлерімен: механикалық, кварцты, электронды, сондай-ақ олардың пайда болу тарихымен таныстыру; су, күн, құм сағаты.
Бірліктер жүйесі жөніндегі білімді кеңейту: уақыттың негізгі бірліктері: тәулік - бұл Жер өз осін бір рет айналып өтетін уақыт; жыл - Жер күнді бір рет айналып өтетін уақыт.
Уақыттың қосымша бірлігі - мүшел - шығыс жұлдызнамасы бойынша 12 жылдық цикл.
Ғасыр - уақыттың ең үлкен бірлігі - ол 100 жылға тең.
е) Секундпен және секундтық тілмен таныстыру.
Уақыттың жаңа минуттан кіші бірлігін енгізу қажеттігін көрсету: ғылыми - техникалық прогрестің нәтижесінде минуттан да аз уақытта көптеген процестер өтіп жатады.
Үш тілі бар сағатты демонстрациялап көрсету; үшіншісі - бұл - секундтық тіл, ол циферблатта секундты санап өте тез жылжиды.
Бір кіші бөліктен екінші кіші бөлікке дейін ол 1 секундта өтеді, ал 60 осындай бөліктен тұратын бір айналымды 1 минутта жүріп өтеді, демек, 60 сек 1 мин немесе 1 мин 60 сек.
1 секундтағы уақыт ұзақтығын сезіну үшін оқушылар 1 секундта не істеуге болатынын анықтайды: неше қадам, тыныс алу, сөз айту, нешеге дейін санау және т.б. ол үшін жүгіру, жүру, жаттығулар орындау және т.б. уақытын анықтау үшін спортшылар қолданатын арнайы құрал - секундомерді қолдануға болады.
ж) Уақыт бірліктерін салыстыру, түрлендіру және оларға амалдар қолдану: уақыт бірліктерінің арақатынасының кестесін құру:
60 с = 1 мин 24 сағ = 1 тәул.
60 мин = 1 сағ 100 жыл = 1 ғасыр
сағат және минутпен өрнектеу:
90 мин = ? сағ ? мин
100 мин = ? сағ ? мин минутпен өрнектеу:
1 сағ 20 мин = ? мин 1 сағ 10 мин = ? мин салыстыр:
1 сағ 10 мин * 65 мин 60 мин + 30 мин * 1 сағ
1 сағ 9 мин * 69 мин
1 сағ 5 мин * 70 мин
амалдар орындау:
3+7 10-3 30+70
3 сағ + 7 сағ 10 сағ - 3 сағ
100 мин - 30 мин.
90 мин - 20 мин * 1 сағ 24 сағ - 20 сағ * 4 сағ
100-30
30 мин + 70 мин
Достарыңызбен бөлісу: |