Мазмұны Кіріспе І ибн Синаның қоғамдық саяси өмірі


Ибн Синаның философиялық көзқарастары



бет4/8
Дата27.02.2022
өлшемі255,5 Kb.
#133594
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ибн Сина

Ибн Синаның философиялық көзқарастары


XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың бас кезінде шығыс әлемінде көрінген жарық жұлдыздардың бірі, ортағасырлық ғылымың барлық саласында бірдей еңбек атқарып, бар өмірін жан-жанқты зерттеулерге арнап өткен Орта Азия ғалымдарының бірі-Әбуғали әл-Хусайын ибн Абдаллах ибн әл-Хасан ибн Әли ибн Сина. Ол 980 жылы Бұхар Маңындағы Афшана шаһарында тәжік отбасында дүниеге келген. Әкесі өз заманының зерделі, озық ойлы азаматтарының бірі болған. Жас кезінен зеректігімен, тапқырлығымен, көзге түскен бала өсе келе ғылымға бет бұрады.
Әбуғали Ибн-Сина өз земендастары сияқты ғылымның барлық саласын зерттеген шығыс халықтарының үлкен ойшылы. Оның медицина, философия, биология, физика, математика, астрономия, поэзиясаласындағы еңбектерінің саны 450-ден асады.
Ибн-Cина шығармаларының бір саласы-музыка, оның теориялық мәселелеріне қатысты ой  -пікірлері мен зерттеулері.Бүгінде Ибн-Синаның музыка іліміне қатысты бірнеше еңбектері ғылыми орлымға еніп келеді. Олар: «Айығу кітабына» енген «Музыка туралы ғылымдар тізбегі», «Білім кітабы» мен «Арылу кітабының» музыка туралы тараулары.
«Музыка туралы ғылымдар тізбегінің» кіріспесінде ғалым өзіне дейінгі Пифагор ізіндегі зерттеушілердің музыка ілімі, оның тегі мен теориясына қатысты кейбір пікірлерін сынға алып, өзінің ғылыми тұжырымдарын баянайды. Трактаттың негізгі бөлімі көлемі жағынан әр түрлі алты тараудан тұрады. Бұл бөлімдерінде музыка теориясы мен тәжірибесі және эстетикасына қатысты сан алуан мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ өзіне дейінгі авторлардың музыкалық дыбыс, әуен, интервал, лад, ырғақ туралы теориялық ілімдеріне терең барлау жасап, бұл саланы одан әрі зерттей түседі. Ибн-Сина әл-Фарабидің музыка теориясы туралы ілімін тікелей жалғастырған. Жалпы, орта ғасырлардағы музыка теориясының өзі осы негізде дамып, жетіліп, кемелденіп отырған.
Ибн Синаның басты ерекшелігі, музыка теориясына нақты тәжірибені арқау етіп, теория мен тәжірибені ұштастыратын өзіндік зерттеу тәсілін қалыптастырады [7].
Ғалым ның музыкалық ой-тұжырымдары анық та, түсінікті. Музыкалық дыбыс құрылысына келгенде, ол ұзақтығы белгілі дыбысты музыкалық торн ретінде келтіреді. Дыбыстардың шығуын көбіне физикалық заңдылықтармен түсіндіреді.
Музыкалық дыбыс немесе тонды анықтап алған соң, Ибн-Сина композиция мәселелеріне тоқталады. Оның ойынша, «белгілі бір музыкалық әуенді шығару үшін пайдаланылатын дыбыстар міндетті түрде бірінен соң бірі келуі шарт». Әрине. Ибн-Сина музыкалық дыбыстардың ауысып, скірмелі түрінде келуін де жоққа шығармайды.
Ғалымның интервалдар турады пікірі де осы негізде туған. Интервал деп ол бір музыкалық әуенішінде бірінен соң бірі қайталанып келіп отыратын екі дыбыстың өзара байланысын айтады. Интервалды ол адам сезімі қабылдайтын ауқымда ғана алып, классификациялайды.
Үндес немесе үндес емес музыкалық дыбыстар табиғатын түсіндіргенде  Мнб-Сина олардың адам сезіміне жақсы және кері әсер етуіне байланысты тұжырым жасайды. Үндес дыбыстарды екіге бөле отырып, олардың заңдылықтарын ғылыми-физикалық жолмен дәлелдеп шығады.
Ибн-Синаның музыкалық ладтар туралы теориялық пікірлері өзіне дейінгі ғалымдар еңбектеріне сүйені жасалған. Ол да әл-Фараби сияқты ладтарды үш түрге бөлген: толық аяқталған, аяқталған және аяқталмаған. 
Ибн-Синаның «Білім кітабының» математикалық тараунда музыка ілімі туралы бөлімі тоғыз тараудан тұрады.
Бұл трактаттың алғашқы бөлімі музыкалық дыбыс, интервалдар құрылысын зерттеуге арналған [8].
Интервалдарды ғалым консонанс және диссонанс деп дәстүрлі түрде әңгімелейді. Ежелгі Грек ойшылдары үндес интервалдардың қатарына оқтава, квинта, кварталарды жатқызса, Ибн-Сина әл-Фараби сияқты бұл интервалдарға терцияны да қосады. Осы ұлы жаңалықтың арқасында үндес интервалдардың саны артады.
Еңбектің екінші тарауында музыкалқы дыбыстардың өзара байланысы мен ерекшеліктері қарастырылады. Бүтін ішектен шығатын дыбыс оның жыртысынан шығатын дыбыс күшінен екі есе басым, ал биіктігі жағынан екі есе төмен деген жерде, Ибн-Сина дыбыстардың пропорционалдығы мен диспропорционалдығын таза физикалықзаңдылықтан негізінде анықтайды.
Интервалдардың үндестігіне арналған үшінші бөлімінде ол консонансқа тән құрылыс 2:1 екенін анықтап: «Осы байланысқа негізделген кез келген екі дыбыс жоғары дәрежедегі үндестікке ие болады»-дейді. Себебі мұндай интервалдардың бір дыбысы оның екіншісіне тең болмақ (бірі екіншісінің қосарланған биіктігіне тең болады /прима-октава/).
Үндес интервалдардың тек қана өзара тең дыбыстар арқылы емес, басқа да байланыстар арқылы жасалатынын айтып, Ибн-Сина оларды бес түрге бөледі:
1)екі еселенген, 2)бір үлесі артық, 3)үлестері артық, 4)екі еселенген байланыстан бір үлесі артық, 5)үлестері артық дыбыстар байланысы.
Ибн-Синаның анықтауынша,  екі еселенген және бір үлесі артық байланыстағы дыбыстар үндес келеді. Ал қалған үшеуі тек қана басқышты өзгерту, ауыстыру арқылы ғана үндес интервал бола алады.
Трактаттың тетрахорд туралы бөлімі де қызықты. Ең ауқымды музыкалық әуен шығаруға болатын аралық (диапазон) ретінде екі октавалық көлемді атап, ғалым соның дәл ортасына бір дыбыс қосу арқылы оны октаваға бөледі. Сөйтіп бір интервалдар екі интервал жасайды.
Одан әрі осындай әрбір октаваға тағы бір дыбыс қосу арқылы оны квинтаға (төмені) және квартаға (жоғарысы) бөледі. Осы негізде квинтадан кварта интервалын алып тастап, қалған интервалды тон ретінде айтады.
Сонда Ибн-Сина октава, квинта, кварта интервалдарын дамыта түскен болады. Алайда, мұндай алшақ орналасқан дыбыстар байланысы арқылы музыкалық әуен шығару қиын екенін түсінген ғалым, ең кіші интервалквартаны үш түрлі жолмен толықтыру қажет дейді. Сонымен, Ибн-Сина өзара байланыста орналасқан  тетрахорд (до-ре-ми-фа) құрылысын жасайды. Тек сонда ғана әуезді музыкалық әуен шығаруға болатынын дәлелдейді. Төрт дыбыс, үш интервал құралған соң ол кварта деп аталады дейді. Мұнысы тетрахорд, оған бір дыбыс қоссақ квинта пайда болады.
Ибн-Синаның ойынша, тетрахордтың үш түрі болады: диатоникалқы, хроматикалық және энгармониялық. Оның алғашқысына ғалым тетрахорд құрамындағыинтервалдардың бірде-бірі ондағы екі интервалдың қосындысынан асып түспейтін басқыштар қатарын, екіншісіне бір интервалдың құрамы ондағы екі интервалдың қосындысынан асып түсетін тетрахордты, ал соңғысына құрамындағы бір интервалдың басқа екі интервалдың қосындысынан үлкен және басқа екі интервалдыңқосарлы жиынтығынан кем емес тетрахордты жатқызып, оны нақты мысалдармен дәлелдейді.
Еңбектің келесі бөлімінде ладтуралы анықтамары келтірілген. «Белгілі бір интервалдар қрамына енетін дыбыстармен шектелген әуенді лад дейміз»-дей отарап, Ибн-Сина оны кемел және кемеліне жетпеген екі түрге бөледі. Кемелденген ладқа екі шеткі дыбыстары екі октава көлемінен аспайтын, небәрі 14 интервалдан құралатын түрін жатқызады. Ал кемеліне жетпеген түріне екі шеткі дыбыс аралығы октава және квинта немесе одан да аз интервалдардан құралатын ладты жатқызады.
Трактаттың алтыншы бөлімінде ғалым ырғақтарға тоқталып, онда ырғақтың түрлеріне түсініктеме береді.
Ибн-Сина ырғақ деп екі үлестің арасындағы уақыт өлшемін атйтады. Әр үлестің шапшаңдығы ырғақтың жылдамдығын анықтайды.
Музыкалық ырғақтың түрлерін Ибн-Сина төртке бөледі: алғашқы үлестен тұратын жеңіл ырғақ (хафиф), екінші үлестен құралатын ауыр немесе жеңіл ырғақ (сакил әл хафиф), үшінші үлестен жасалатын жеңіл немесе ауыр ырғақ (хафиф ас сакил) және төртінші үлестен тұратын ауыр ырғақтар (сакил).
Сонымен қатар ғалым музыкалық ырғақтарды бөлек және байланысты деп екіге бөледі. Жоғарыда аталған ырғақтың төрт түрін ол байланысты ырғақтарға жатқызады.
Бөлек ырғақтарды да бірнеші түрге бөледі. Оның байланысты ырғақтан айырмашылығы, мұнда әр ырғақтың арасын бөліп тұратын уақыт кеңістігі (пауза) болады.
Белгілі бір әуеннің жүрісі мен қозғалысына арналған бөлімінде Ибн-Сина: «Музыкалық әун кемел немесе кемеліне жетпеген ладтар құрайтын дыбыстардан тұрады»-деп жазған. Одан әрі әуннің түрлі қозғалістарі мен жүрістеріне тоқталады. Жай, қарапайым жүрістерді саралай келіп, секірмелі және созылмалыдеп екіге бөледі. Оның алғашқы түріне қатар емес музыкалқы дыбыстардың бірінен-біріне ауысуын жатқызса, соңғысына қатарлас екі дыбыстың бір-біріне өтуін дәлел етеді. Бұлардың екеуі де төмен немесе жоғары бағытта жүріс жасауы мүмкін.
Ибн-Сина музыкалық әуен бірнеше басқыштар ғана емес, бір басқыштың немесе тонның әлденеше қайталанып келуі арқылы да жасалуы мүмкін деген тұжырымын өз дәуірінің музыкалық шығармаларына сүйеніп жасайды.
Күрделі жүрістер, немесе қозғалыстар ретінде музыкалық дыбыстардың секірмелі және бір қалыпты баяу түрлерінің араласып, бірде бірде жоғары, бірде төмен келуін айтады.
Еңбектің құнды әрі қызықты тарауларының бірі-музыкалқы аспаптар. Х-ХІ ғасырларда кең дамыған барбат (лютня), тамбур, шахруд, най сияқты музыкалқы апаптардың табиғатына шолу жасай отырып зерттеуші кейбір аспаптардың құрылысына да тоқталады. Бірақ, ол аспаптарға қатысты тарихи деректерді келтірмеген. [9].
Еңбектің соңғы бөлімінде Ибн-Сина музыкалық әуенді өрнектеп, көркемдеу тәсілдеріне жан-жақты түсінік  береді.
Музыкалық әуенді өрнектеу тәсілдерін ғалым ырғаққа да қолданады. Оның санатына сандық ұлғайту мен кемсітуді, сондай-ақ уақыттық өзгерістерді жатқызады. Ауыр ырғақтар тұсында үлестерді түрлендіріп отырудың тиімділігін айтады.
Ибн-Сина музыка теориясының өзекті мәселелерін өз еңбектеріне арқау еткен. Көп жайда ол әл-Фараби ілімін жалғастыра, дамыта түскен ізбасары ретінде көрінеді.
ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Европа теоретиктері музыка туралы ілімді дамыта отырып, негізінен әл-Фарабимен Ибн-Сина еңбектеріне сүйенген.
Әр ғалымның, әр мәдениеттің өз ошағы болады десек, Ибн-Синаның музыка теориясы туралы ойлары бізге жеткен үлкен мәдени, ғылыми және тарихи мұра.
Араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық антикалық философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дәуірге дейін латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
Филосфия араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени - әлеуметтік жағдай ислам діні оны таратушы басты саяси күш Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан-асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді.
Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) – Орта Азия атырабынан шыққан ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен тұлғалардың бірі.
Ол өзінің көзінің тірісінде-ақ ғалымдар арасында “Шайх – ар – Райс” - ғалымдар ғұламалары ағасы атанған. Әбу Әлиді кейде “Үшінші ұстаз” деп те атайды. Шығыс ғалымдары “Бірінші ұстаз” және “Екінші ұстаз” деген лақап атты Аристотель мен Фарабиға берген болатын. Бұл ғылым алыптарының ғылыми – философиялық мұралары арасында белгілі бір жалғастық, сабақтастық бар. Фараби Аристотель мұраларының мирасқоры болса, Әбу Әли Сина Фараби еңбектерінен тәлім алған.
Жалпы шығыс ғұламалары ішінен өмір жолы туралы мағлұматтар да, деректер де, шығармалары да неғұрлым толығырақ сақталған адам ибн Сина деп айтуға болады, өйткені ол жас шағы туралы өзі жазып қалдырған, ал ересек кезі мен өмірінің соңғы жылдары жөнінде шәкірті Журжани көп мәлімет келтіреді.
Ибн Синаның балалық және жастық шағы Бұқарада өтті. Бұл уақытта Бұқара Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Бұқараның жоғарғы сатыдағы мәдени өмірі Ибн Синаның көзқарасының қалыптасуына игілікті әсерін тигізді. Ол қаланың у-шу базарын аралап, көше қыдырып халық ортасында жүргенді ұнатқан. Әсіресе ибн Сина базардағы кітап қатарларын аралап, араб, түркі, дари, сирия тағы басқа тілдерде жазылған кітап - қолжазбаларға көп көңіл бөліп, оларды сатып алып отырған.
Ғалым сол кездің өзінде – ақ әсіресе медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей-ақ білгір, зерделі оқымысты атанады. Оның бізге жеткен өмірбаянында шәкірттік кездерін, ғылым негіздерін меңгеру жолындағы мехнаттарын баяндайтын қызғылықты мағлұматтар бар. Ибн Синаның басынан кешкен жәйттәр сол замандағы ғылым шыңына құлаш ұрған үлкен ғұламалардың барлығының дерлік басып өткен жолдары өткелдері болатын.
Ибн Синаның философиялық мұрасы [10].
Әл-Кинди мен Әл-Фарабидің ілімдерін одан әрі дамытушы, әрі жалғастырушы ибн Сина болды.
Ибн Сина (Авиценна) дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Әл-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет