Бүнгі таңдағы ғылымда орта ғасырлардағы ғұламалар мен олардың көзқарастарына байланысты көзқарастарды зерттеу олардың мұраларын жаңғырту көкейкесті мәселелерден туындап отыр
Бүнгі таңдағы ғылымда орта ғасырлардағы ғұламалар мен олардың көзқарастарына байланысты көзқарастарды зерттеу олардың мұраларын жаңғырту көкейкесті мәселелерден туындап отыр.
Біз зерттеу жұмысы барысында зерттеген, Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина батыс ғылымында да мойындалып, Авиценнаатымен белгілі -ғалым, философ ,астроном болған еді. Ғалымның қалдырған деректеріне мән беретін болсақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектерпоэзиямен философиядан бастап,геологияжәнеа астрономияменаяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер,ғалымжәне фармацептретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жылөмірсүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Америкалық жазушы әрі тарихшы Джордж Сартон оны исламдық жерлердегі ең белгіілі ғалым деп тауып, исламдық өркениет араб күштерінің ирандық өркениет (Ибн Сина) ағашымен будандасуының нәтижесі деп санайды. Сартон Әбу Әли Синаны барлық ғасырлардың әйгілі ғалымы деп санайтын. Әрине, Әбу Әли Синаның исламдық өркениеттің құнды мұрасы және ирандықтардың өркениеттің дамуына қосқан үлесінің айқын үлгісі екенінде күмән жоқ. Ол тек ирандық және исламдық өркениетттің ғана емес, бәлкім бүкіл әлем өркениетінің тарихындағы үлкен ғалым саналады. Ибн Синаның әртүрлі ғалымдардағы білімі мен оның өзінен кейінгі ғалымдарына тигізген ықпалдарына көңіл бөле Ислам әлемі, Еуропа және Батыста оны ең әйгілі мұсылман ғалым деп еске алады.
Әбу Әли Синаны Фарабидің белгілі ізбасары және исламдық өркениеттің әйгілі өкілі деп санау жөн. Басқаша айтқанда, Ибн сина Фарабиден кейін өмір сүргенімен оны Фарабиден жоғары санауға болады. Өйткені ол жаратылыс пен жаратылған заттар туралы жаңа теорияларды ең жақсы түрде сипаттады, Фараби бұл мәселеге көңіл бөлмеген. Ибн Синадай ешбір мұсылман ғалым философияның барлық салаларын зерттей алмады. Ол бұл жұмысты іске асырған бірінші адам болды. Ибн Синаның көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясына ықпалын тигізді. Әбу Әли Синаның пікірлерінің бірі дене мен нәпсі туралы, олар Аристотель көзқарастарының ықпалын көрсетеді. Бірақ ол Аристотельге қайшы дене мен нәпсінің толық айырмашылығы бар екенін дәлелдеді.