Екінші саты – жалпы және арнайы білім беретін орта мектептерде жүзеге асады. Мұнда бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты әдістер мен стандартты мәселелерді шешуге алгоритмі бар қарапайым модельдерді пайдалану білігіне негіз болады. Оқыту элементтерін, компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жаңа оқу пәндерін енгізу қолданыстағы оқу жаспарлары мен бағдарламаларды қайта қарап қысқартулар жасауды қажет етеді.
Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше бағытты жасауды қажет етеді. Олар:
Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастырудағы білімі мен біліктілігі шешуші роль атқарады.
Биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері оқу жоспарларын, техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне, зоопаркке, табиғат аясына топсеруендер ұйымдастырады. Сондықтан, мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, тіршілікке деген пікірін қалыптастырады.
Қоршаған орта жайында білім беру - сол ортаның күйін және онымен байланысты проблемаларға жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау процесі. Ол үшін күнделікті туындайтын проблемаларды шешетіндей білім және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.
Бұл міндеттерді және табиғат қорғаудан жан-жақты әзірлігі бар мұғалімдер ғана атқара алады. Сондықтан эколог мұғалімдерді әзірлеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға біріншіден, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Екіншіден, мұғалімдер қоршаған ортаның проблемаларын сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс. Үшіншіден, табиғат қорғау мәселелері мен экологиядан сабақ беретін мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институттары арқылы арнайы курстарды өткізу. Төртіншіден, қазіргі техникалық құралдар, оқытуды компьютерлендіру және оқытудың жаңартылған әдістерін өмірге енгізуді қамтамасыз ету. Тәжірибе оқу - құралдары және оқу материалдарының алмасуы үшін ақпарат жинақтау орны керек.
Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалімдері үшін жасалған халықаралық бағдарламаларды мынадай мәселелер ескерілуде.
Болашақ мұғалімдер үшін қоршаған орта туралы білім аса қажет. Олар білім беру әдістерінің, әсіресе оқушыларды қоршаған табиғи ортаның негізгі заңдылықтарын түсініп бағалай білетіндей болуы керек. Биологтар, экологтар және барлық пән мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдарды оның проблемалары мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.
Мұғалімдер оқыту процесінде психолого - педагогикалық білімді игеріп, қолдана білуі, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін, және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсерін және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектептің өзара байланысы, білім берудің тенденциялары мен қоршаған ортаның шешу проблемаларын түсінуі, құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі керек.
Қоршаған орта саласындағы экологиялық білім табиғатта жұмыс істеу арқылы беріліп отырады. Мұғалім қоршаған орта туралы берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, оқыту әдістері мен амалдарын, ақпарат көздері оқу жоспарын және мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.
Экологиялық білім беруді жүзеге асыруды оның ең негізгі міндеттеріне көңіл бөлу керек. Атап айтқанда:
экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу;
экология саласындағы білім жетістіктері мен нормативтік құжаттарды білу.
Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін, формаларын және әдіснамаларын қолдану керек. Олар:
1.Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, әңгімелесу, диспуттар, КВН, викторина т.б. ).
2.Оқушының творчествалық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын-ала ойлау мен біліктілігін арттыру (табиғаттағы өзгерістерге талдау жасай білу, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау және болжау).
3.Іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау және өз беттерінше білімін көтеру (оқу және оқыту барысында шешім қабылдау).
4.Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін дағдыландыру (туған өлкесінің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру, экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жоспарсыз пайдалануға жол бермеу, экологиялық білімді үгіттеу – лекция, көгілдір экранды, газет-журнал басылымдары т.б.).
Жоғары саты кіріктіру принциптері мен пәнаралық байланыстарға негізделеді және іргелі ғылыми білімге сүйенеді. Бұл сатыда жекелеп оқыту, икемді оқу жоспарлары және арнайы бағдарламалары мен оқыту қолданылады.
Экологиялық білім берудің жоғары сатысы тұрғысынан жоғары оқу орындары бес категорияға бөлінеді:
Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға тікелей әсер етуімен байланысты емес жоғары оқу орындары (гуманитарлық саланың мамандары, өнер қайраткерлері және т.б.). Бұларға экологиялық сауаттылық беріледі.
Көп салалы мамандар, солардың ішінде мұғалімдер даярлайтын университеттер. Бұлар оқушыларға табиғат қорғау жөнінде білім беретіндей әзірлік алады.
Бітірушілерінің қызметі табиғи ортаға немесе адам денсаулығына тікелей әсер ететін жоғары оқу орындары (технологтар, жобалаушылар, жоспарлаушылар, құрылысшылар, тау-кен инженерлері, агрономдар, орманшылар, дәрігерлер және т.б.).
Ғылыми және практикалық мекемелер үшін экологиядан, табиғат қорғаудан және табиғатты тиімді пайдаланудан мамандар даярлайтын оқу орындары.
Жоғары білімді адамдардан айналадағы ортаны қорғайтын мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары.
Жоғары оқу орындарының бәріне қойылатын ортақ талап – студенттерге қоршаған орта туралы білім, олардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты тиімді пайдаланудағы әлеуметтік пікірін қалыптастыруға, экологиялық немқұрайлылығын жоюға бағытталуы тиіс.
Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, адамгершілік, елжандылық, мемлекетаралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек. Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі принциптерін сақтау керек. Олар негізінен – ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |