Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері
Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері
|
Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу.
|
Табиғат аясына экскурсия
|
Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату
|
Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу.
|
Мектеп өміріне кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі үйірме. Үйірменің түрлері көп.
1. Пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б.
2. Драмалық үйірме: көркем саз, би, фотосурет, радио үйірмесі.
Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер:
сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;
оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.
Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.
Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.
1. Үйірме отырыстарында күнделікті өмірмен, табиғи ортамен тікелей байланыста жүзеге асыру.
2. Жерді тиімді пайдаланумен, оның сапасын сақтауға көңіл бөлу.
3. Ауаның тазалығын сақтауын дағдыландыру.
4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету.
Оқушыларға табиғат қорғауға баулу жұмыстары ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.
Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?
жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға;
табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;
табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;
табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.
Қазіргі уақытта біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелер беріп отыр[29,30].
Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық.(№4 –кесте)
Бағдарламасы
«Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары
№4-кесте
№
|
Күні, уақыты
|
Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері
|
1.
|
6.02.02
сағ. 14:00
|
Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері
|
2.
|
7.02.02
сағ. 14:00
|
«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу
|
3.
|
8.02.02
сағ. 14:00
|
«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері
|
4.
|
9.02.06
сағ. 14:00
|
«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту
|
5.
|
10.02.02
сағ. 14:00
|
«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады
|
6.
|
11.02.02
сағ. 14:00
|
«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:
1. Кеш қонақтарының пікірі
2. Озық нөмірлер жеңімпаздары
3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны
4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/
|
1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |