Арал: сонда не істе дейсің?
Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!
Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!
Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.
Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!
Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.
Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.
Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай.
Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!
Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»
Сөзі: Ш. Сариевтікі
Апталықтың 3 күні:
«Ата-бабам айтқан сөзі
Бізге келіп жеткен сөзі» атты тақырыпта өтті. Онда 9 –шы сыныптан бір-бір бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды.
Мысалы,
«Жер тоймай, ел тоймайды»
«Жер – ана, ел – бала» деп айтып шықты.
Апталықтың соңғы күні:
1. апталықты қорытындылау:
Мектептің 9-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды.
Біріншіден, қазақ халқының бар өмірі, тіршілігі табиғатпен етене байланысты екендігіне көздері жетті.
Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды.
Үшіншіден, түрлі көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік сенімдері қалыптасты.
Сондықтан жас өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың болашақ ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып шығуына көмектеседі.
ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық)
Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық білім беру мүмкін емес. Экологиялық танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы.
Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету».
Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді.
Педагог-әдіскер мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше бағыт-бағдар ұсынылады:
1. Табиғатқа танымжорық жасау серуендеу емес, экологиялық білім берудің тиімді түрі екенін есте ұстау.
2. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен танысып, маршрутын құру.
3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу.
4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа атаулармен таныстырудың қажеті жоқ, олар көпшілік жағдайда ұмытып қалады.
5. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудара білу.
6.Оқушылардың шаршағанын уақытында байқап, танымжорықты дер кезінде аяқтай білген жөн.
Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға не көретін және қалай бақылау керек екені түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді бағдарлау үшін маршрут жобасын көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде нұсқа беріледі.
Мұғалім табиғат жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс.
Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерінде қазақ табиғаты толық және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік және жануарлардың мінез-құлқын шебер суреттейді.
Танымжорықта қазақ сазгерлерінің әндері мен шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны ерекше.
Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық түсініктерге сипаттама берілді.
Өзен жағасына бақылау жасау барысында оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді.
Оқушылар өзен жағасын бақылап, көргендерін айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін түсінуге үйренді.
Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы.
Қорыта айтқанда өткізілетін апталықтар мен кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |