Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері


§2. Сленгтің сөздік қорды байытатын тиімді жолдары



бет16/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері

§2. Сленгтің сөздік қорды байытатын тиімді жолдары.
Кез-келген тілдің сөздігі - оның мәдениет айнасы болып табылады. Табиғи тілдің сөздігі үнемі қозғалыста, өзгерісте болып, жаңа лексика –фразеология
лық тіркестермен байланысып отырады. Бұл ағылшын тілінің стандарттарына сай келмейтін сөздік қорына да (мысалы сленгтеріне) тән құбылыс болып табылады.
Стандарсыз лексиканың сөздері семантикалық жаңа сөздермен толықтырылады, нәтижесінде әдеби стандарттағы сөздердің стандартсыз тілде лексика - семантикалық нұсқалары пайда болып, мағыналары кеңейеді.
Бұл бөлімде метафра, метонимия, сисмили, евфемия арқылы сөздердің мағыналарының ауыспалығы, көп мағынаға ие болуы, әдеби жаман мағынадағы сөздердің сленгке жақсы мағына беруі немесе керісінше жақсы мағынадағы сөздердің сленгте жаман мағынада болуы сияқты ерекшеліктер қарастырылады. Біздің тілдің мұндай көркемдік тәсілдерін қарастырудағы мақсатымыз олардың стандартты сөздердің де, сленгтердің де сөздік қорын дамытудағы маңызы ерекше екенін амалдардың назарына ұсыну болып табылады.


§2.1.Сленгтік метафора.
Ағылшын қоғамының мәдени өмірінің өзгеруіне байланысты қалыптасқан заттарға, іс-әрекеттерге жаңа реңк кіргізу үшін, жаңа атаулар беру қажеттігі туады. Сол мақсатта әдеби ағылшын сөздерінен жаңа сленгтік тіркестерді жасайтын метафралардың рөлі де ерекше.
Сленгтік метафра дегеніміз не? Сленгтік метафора деп сөздің өз мағынасында емес, ауыспалы мағынасында жұмсалуын атаймыз. [Galperin, 67 б]. Мысалы «fleece» сөзі әдеби тілде қырқылған қойдың берісі деген зат есім мағынасын береді; ал сленг ретінде зат есімнең етістікке ауысып, «біреуді арбау-алдау, ұрлау» деген мағынаны білдіреді. Қойдың терісінен айырылуы және адманың бір жағынан айрылуында ортақ ұқсастық байқалады, алайда етістікке «арам жолмен» деген семантикалық мағынаның қосылуы етістікті алғашқы мағынасынан ауыстырып отыр. Сленгтік метафораны былай да қарастырсақ болады. Бір зат өз атымен емес, өзіне ұқсас не мағыналас атаумен келеді. Сонда салыстырылатын заттардың ортақ ұқсастықтары байқалады. Ол ұқсастықтар заттың пішініне, түсіне қимылдық іс-әрекетіне байланысты ұқсастықтар болуы мүмкін. Мысалы: «egg-plant» стандартты ағылшын тілінде «баклажан» дегенді білдіреді, ал сленг ретінде «қара нәсілдес адам» деген мағынада қолданылады. Бұл жерде баклажанның түсімен қара нәсілдес адамның сәйкес келуі яғни түстердің ұқсастығы ескеріліп отыр. Сол сияқты «coffin nail» тіркесін әдеби тілге тікелей аударсақ «coffin» «табыт», «nail» «mere» яғни табыттың шегесі деген мағынаны береді, ал сленг ретінде ол «темекі» деген мағынаны білдіріп, пішіндердің ұқсастығын көрсетуде. Ал ағылшын «cowboy» сөзі сленг болып «жол ережесін сақтамайтын жүргізуші» мағынасын беріп, оны тура мағынасындағы ковбоймен салыстырғанда жүйлердің ұқсастығын көрсетіп отыр.
Сөздің «метафралануында» яғни метафоралық жолмен мағынасының ауысуының нәтижесінде баршаға белгілі сөздердің жаңа мағыналары пайда болады. Сөздерде пайда болған жаңа мағына оларды жаңа қырынан көрсетеді. [Ю.Волошин]. Бұған көз жеткізу үшін төмендегі әдеби сөздердің метафралық ауыспалықтың нәтижесінде сленгтердің қатарын көбейткен эмоницалды - экспрессиаті сөздерді көруге болады. Мысалы: «bread» -»нан» сөзі метафралық ауыспалылықтың арқасында сленг ретінде ақша дегенді білдіреді. Сол сияқты «cat» - «мысық», сленг түрінде «жігіт, кісі» деген мағынаны береді; «head» - «бас», сленг болып «нашақор» мағынасында қолданылуы; «attic» - «шатыр», сленг ретінде «бас» деген мағынада, «pig» - «доңыз», сленгте «қомағай», «pork» - «доңыз еті», сленгте «полиция қызметкері»; «potato» - «картоп», сленгте «бас»; «package» -»пакет», сленгте: «үлкен көлемдегі ақша»; «rotten» - «шіріген», сленгте –»ішіп алған, мас», «sand» - «топырақ, құм» сленгте: «шекер, қант»: «sugar» «шекер, қант», сленгте «ақша»; «sauce» - «соус», сленгте «ішімдік», «stright» - «тіке, тура» сленгте «темекі»; «take a bath» - «шомылу, ванна қабылдау», сленгте - «қаржылай ұтылу»; «tea» - «шай», сленгте - «көңілді отырыс»; «today» - «дәл қазір»; «button» - «түйме сленгте»: «сөйлемеу»; «vegetable» -»көкөніс», сленгте - «сана сезімі не болмаса қимыл қозғалысы жағдайында артта қалған адам»; «walk» - «серуендеу»; сленгте - «оңай іс»; «wallet» -»бумажник», сленгте - «әке-шеше жағынан қаржылай жәрдем»; «wet» -»ылғауды»; сленгте - «ішіп алған»; «jam» - «джем», сленгте «қиын жағдайда болу», «old family» - тікелей аударсақ «ескі жанұя» сленгте - «бұрыннан келе жатқан таныстар» (бір жанұяның адамдары секілді) «frog» - «құрбақа», сленг ретінде - «француз»; «chick» - «балапан», сленгте «жас қыз не әйел», «fox» -»түлкі», сленгте - «көрікті қыз», «әйел» деген мағынада. Ендігі кезекте осы сленгтердің біразына көркем әдебиеттерден мысалдар келтірсек.
But in the meantime, if Olmert finds himself in a jam, he can probably call on Eitan. [Newsweek, 35].
«Бірақ сол уақытта егер Өлмерттің жағдайы қиындай түссе, ол Эйтанға жүгінеді».
«Most of our people are old families. We get very few newcomers» [Kathleen, 50].
«Біздің адамдардың көбісі ескі таныстар. Бізге жаңадан келген адамдар өте аз».
The final exams in this department of the university are a walk. [A.S, 270].
«Университеттің бұл кафедрасында болатын қорытынды емтихандары оңай болып келеді».
Сленгтік метафоралар күнделікті ауыз - екі сөйлеу тілінде өте жиі кездеседі. Оларды Американдықтардың барлығы дерлік қолданады, яғни сленгтік метафралар халыққа түсінікті, тиімжі сөздер болып табылады. Ендігі кезекте Американдықтардың күнделікті қолданатын біршама сленгтік тіркестерге тоқталсақ:
-»Басы жақсы істейтін адамды» - «He is brainy».
- «Жол болмайтын адамда» - «Не is lame».
- «Күмән келтіретін жағдайды» - «It's a fishy case».
- «Нашаның әсеріндегі адамды» - «He's on a trip».
- «Үлкен қызметтегі кісіні» - «He is a big cheese».
- «Қопал абайсыз адамды» - «He has two left feet».
- Біреудің «бары сол табысын» - «That his bread and butter».
- «Өте сараң адамды» -»He's a penny pincher».
- «Қомағай адамға» - «What a pig».
- «Ақымақ адамды» - «She has nothing upstairs».
- «Өте бақытты адамды» - «He is on a cloud nine».
- «Ақшасыз адамды» - «He's broke».
- «Арзан тұратын затты» - «It doesn't amount to a hill of beans».
- «Өз өзіне келеңсіздікті тілеп алу» - «He asked for a punch in the nose».
- «Дәурені кетті дегенді» - «He lost spring in his step».
- «Жағдайы қиындау дегенді» - «He finds himself in a jam».
Біз сленгтік метафораларды зерттей отырып, олардың синонимдік қатарын көбейтетін бірден-бір тиімді жол екенін байқаймыз. Әдеби стандарттағы сөздердің, стандарттан тысқары лексикада өте көп синонимдері кездесіп жатады. Мысалы: «money» «ақша» деген сөздің өзіне Фикснердің сөздігінде екі жүзден астам баламасын табуға болады: «ammo», «ballast», «bark», «beans», «bucks», «bones», «change», «dough», «feed», «jack», «mazuma», «moola», «ochre», «oday», «rhino», «find», «shekels», «tlac», «wampum», «loot», «bread», «cabbage», «sugar», «cratch».
Жоғарыда көрсетілген сөздердің біразы мысалы: ammo – итальян тілінен енген. Сол сияқты «mazuma», «moola», «tlac», «rhino» тағы басқалар өзге тілден енген кірме сөздер болып табылады.
«Die» деген етістіктің де сленгтік баламалары өте көп. Мысалы: «pop off», «snuff out», «check out», «drop the cue», «to kick the bucket», «to go wist», «sling one's hook», «slip one's hable», «peg out» тағы басқалар.
Ішімдік ішіп алған, мас болған адамға да қолданылатын сленгтік тіркестер де жетерлік. Мысалы: «trollied», «muntered», «klangered», «haze-racked», «kettled», «mashed», «hammered», «wombled», «blattered», «mullered», «set messy», «willied», «zonked», «wrecked», «wet», «well-oiled», «tipply», «stone blinf», «slew», «schicker», «rotten», «pummeled», «primed».
Әдемі, көрікті, сәнді деген болымды мағынадағы сын есімдердің де сленгте көптеген баламалары бар: «swinging», «swellegant», «swankly», «surf», «stoking», «slaming», «ritzy», «real», «gone», «rattling», «with it», «fresh», «switched on», «swing», «yummy», «way» «rad» тағы басқалар.
Керісінше болымсыз мағынадағы жағымсыз, дөрекі деген сөздер де жетерлік: «yazzihamper», «yard dog», «wart», «tacky», «sleeze», «skrungy», «rasty», «pound scum» тағы басқалар.
Әлсіз, өзіндік мақсаты жоқ адамды: «wet rag», «wet sock», «wimpy», «wuss», «sucky», «wishy-washy», «slimebag», «pussy whipped».
Ақылды, басы жақсы істейтін адамды: «brainy», «wise guy», «weisen heimer», «wise acre», «troll», «swift», «prep», «egg head», «pointy head», «smart cookie» тағы басқалар.
Сленг сөздерінің ішінде ең көп кездесетін «ақымақ» сөзі болып табылады. Оның алдыңғы бөлімде көрсеткен «head» сөзімен тіркесе келетін сөздерден басқа мынадай түрлер де кездеседі: «stupe», «low man», «lug», «yap», «retard», «yack», «touched», «in the head», «thick» тағы басқалар.
Ағылшын тілінде сонымен қатар не болды немесе не болып жатыр өзі деген сұрақтың да өте көп синонимдері кездеседі: «What's up?» 'What's buzzin cousin?», «What's cooking?», «What in the hell?», «What in the world?», «What the deuce?», «What's the deal?», «What the scam?», «What's your game?» тағы басқалар. Бұл тіркестер көркем әдебиеттерде де жиі кездеседі. Мысалы: «What's up?» asked Thomas suspiciously. [John Le Carre, 32]
«Томас не болды?» - деп күдіктене сұрады.
«Oh what the hell, I don't see what harm it would do to tell you?» [John Le Carre, 43].
«He болды сонша, саған оны айтқанда қандай зиян келетінін түсінбедім».
Why are you two arguing? What's the scam? [American slang, 278]
«Екеуің неге келісе алмай жатырсыңдар? Соншалық не болып қалды?»
Сленгтік метафралардың ерекшелігін зерттей келе, біз ағылшын жазушы Честертонның «Сленг ол метафра, ал әр метафра - ол поэзия» деген пікірін растап, сленгтердің шынында да тоқсан пайыздан метафралардан тұратынына және де осы метафралардың сленгтің сөздік - қорын байытатын ең үлкен қайнар көзі болып табылатынына көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет